Қорғаныш газдар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қорғаныш газдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәнекерлеу ісі мамандығына
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Қорғаныш газдар

Қорғаныш газдар пісіру кезінде доғаны жəне пісіру ваннасын қоршаған
ортаның зиянды əсерінен қорғайды. Бұл қорғау пісіру орнынан газ
ағынымен ауаның физикалық ығысуы арқылы ж үзеге асырылады.
Қорғаныш газдар ретінде инертті жəне активті газдар, сондай-ақ олардың
қоспалары қолданылады. Пісіру кезінде инертті газдардан аргон жəне
гелийді пайдаланады. Бұл қатты жəне сұйық металдармен реакцияға
түспейтін ж əне олардың көпшілігінде іс жүзінде ерімейтін бір атомды
газдар.
Аргон (Ат) ең көп таралған. Оны атмосфералық ауадан алады.
Инертті газдарды химиялық белсенді металдарды (титан, алюминий,
магний жəне т.б.) пісіру үшін, сондай-ақ негізгі жəне қоспа металмен құрамы
бойынша біртекті пісірілген жіктерді алуға қажет болғанда қоспаланған
болаттарды пісіру үшін қолданады. Инертті газдар пісіру кезінде оған
металлургиялық əсерді тигізбей металдың қорғауын қамтамасыз етеді. 10157-
79 МемСТ сəйкес аргон екі сұрыпта шығарылады: жоғары (Ar кемінде 99,992
%) жəне бірінші (Ar кемінде 99,987%). Аргонды 15 МПа қысымдағы
сыйымдылығы 40 л болат баллондарда сақтайды жəне тасымалдайды. Гелийді
(He) өндірілетін табиғи газдардан алады. Ол ауадан айтарлықтай оңай жəне
аргоннан он есе жеңіл, сондықтан пісіру кезінде аргонмен салыстырғанда
оның жоғары шығыны қажет. Сондай-ақ, гелийдің құны аргон құнынан
шамамен 5 есе артық. Гелий екі сұрыпта шығарылады: ерекше жəне жоғары
таза. Пісіру үшін инертті газдардың, мысалы, 70% аргоннан жəне 30%
гелийден тұратын (көлемі бойынша), қоспасын жиі пайдаланады. Аргон
сияқты гелий, қоңыр түске боялған баллондарда сақталады жəне
тасымалданады.

Активті қорғаныш газдар пісіру аймағын ауадан қорғайды, бірақ сонымен
бірге пісірілетін металмен химиялық өзара əрекеттеседі немесе онда еруі
мүмкін. Пісіру үшін активті газдардан негізінен көмір қышқыл газы
қолданады. Басқа активті газдард (оттегі, сутегі, азот) қорғаныш газ
қоспаларын құрастыру үшін пайдаланады.
Көмірқышқыл газын ( СО 2) 8050 -76 МемСТ бойынша үш маркада
шығарады. Пісіру үшін СО2 тазалығы 99,5% кем емес пісіру газын
пайдаланады. Оны 6...7 МПа қысымдағы сыйымдылығы 40 л болат
баллондарда сұйық түрінде сақтайды жəне тасымалдайды. Баллондар қара
түске боялады. Көмірқышқыл газ қышқыл газдарға жатады, сондықтан оны
негізінен төменкөміртекті жəне төмен қоспаланған болаттарды пісіру үшін
пайдаланады. Оның мақсаты ауаның азотынан өзара əрекеттесуден
балқытылған металды қорғау болып табылады.
Қорғау орталары үшін сондай-ақ, аргонның азотпен, көмірқышқыл
газымен, сутегімен жəне оттегімен қоспаларын қолданады. Бірқатар
жағдайларда осындай қоспалар жеке газдарға қарағанда үздік технологиялық
қасиеттерге ие болады. Мысалы, көмірқышқыл газының оттегімен (20% дейін)
қоспасы электрод металдың ұсақ тамшылы тасымалдауына, шашыратудың
аздығына, терең балқытуына жəне жік қалыптасуының жақсартуына ықпал
етеді. Аргон мен 10...30% азот қосылған қоспаны кейбір маркалы мыс жəне
аустенитті болаттардың пісіру кезінде қолданады. Азоттың қосуы доғаның
балқыту қабілетін жоғарылатады.


Page 2

Бақылау сұрақтары

1. Пісіру материалдарының анықтамасын беріңіз.

2. Болаттарды жəне басқа құрамдас материалдарды пісіруге арналған
сымдардың топтамасы туралы айтып беріңіз.
3. Пісіру флюстері не үшін арналған?
4. Пісіру электродтар қалай топтастырылады?
5. Пісіру кезінде қорғаныш газдардың қолдану мақсаты қандай?
6. Ұнтақ сымның жабындысы бар электродтардан айырмашылығы қандай?

7. Қалай жəне неге пісіру материалдары түрлі металдарды пісіру кезінде
жіктердің сапасына əсерін тигізеді?

8. Пісіру материалдар арқылы пісіру кезінде қоспалаушы элементтерді
жікке қалай енгізуге болады?

9. Аз көміртекті болаттардың қол доғалық пісіруі кезінде жік металын
негізгі металдан берік алуға мүмкін бе?


Виноградов В.С.

В493 Электр доғалы пісіру: орта кəсіптік білім беру

ұйымдарының студенттеріне арналған оқулық / В.С. Виноградов. – 8-басылым, стер. – М.:
«Академия» баспа орталығы, 2015. – 320 б.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
03.06.2021
446
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі