400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қорқыт атаны білесіз, бірақ Қорқыт ата жайлы кесенені білесіз бе?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорқыт ата кесенесі тарихи жер. Бұл жерге туристер келуі керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Қорқыт атаны білесіз, бірақ Қорқыт ата кесенесі жайлы білесіз бе?»

Қорқыт ата - түркі дүниетанымындағы ең ерекше тұлғалардың бірі.
Қазақ халқы арасында Қорқыт ата туралы көптеген аңыз әңгімелер бар.
Қорқыт ата ерекше қасиетке ие адам. Ол түркілер арасында «Тәңірмен
жалғастырушы» болып саналған. Қорқыт ата кесенесін қазіргі таңда
көптеген адамдар біле бермейді. Құны мен мәртебесі төмендеп бара
жатыр десем де болады.



Қорқыт ата кесенесі - өте ерекше салынған сәулет өнері. Кесене
Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы, Жосалы кентініе 18 шақырым
жердегі Қорқыт станциясына жақын жерде орналасқан. Қобыздың үні
естілетін, Қорқыттың рухы сезілетін бұл мекенге барып көру керек.
Кесене қазақтың ұлттық аспабы, Қорқыттың туындысы қобыз пішіндес
салынған. Тағы бір ерекшелігі самал жел мен қобыз пішіндес кесене
үндесіп, қобыздың керемет үнін естуге болады.

Қорқыт ата күллі Орталық Азияға танымал түркі кезеңінің
абыз,жырауы. Сөйте тұра Қорқыт ата кесенесіне келетін туристер түгілі,
қазақ халқы жоқ. Кесенемізді, қобыз атты ұлтық аспабымыздың негізін
қалаушы тұлғамызды,жадымыздан шығарғанымыз бәрімізге аян. Осы
тұрғыда кесенемізге келушілердің санын арттырып, Қорқыт ата атын
қайта жаңғырту мақсатым. Ел арасында Қорқыт ата өзінің жүйрік
желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші,
өлімге қарсы жүруші данышпан ретінде танылған. Міне осындай
ақылгөй, данышпан, күйші, жырау тұлғамыздың рухын асқақтатып,
кесенесіне барып, қасиетін сезіну міндетіміз.

Рухани жаңғыру дегеніміз көне, естен шыққан қазыналарымызды
жаңғыртып, өзімізде руханиятымызды жаңғырту емес пе? Ендігі кезек
өз қолымызда, Қорқыт ата есімін қайта жаңғыртып, келушілерді
қызықтыратындай жағдай жасап, туризм бағытын жандандырайық.



Қорқыт ата түркі кезеңінің символы, тарихы түркілерге тығыз
байланысты елді мекендерге Қорқыт атаның кесенесіне келіп,оның
рухын сезінулеріне себеп болайық. Қорқыт ата есімін мәңгі жадымызда
сақтайық. Еліміздің қазынасын, жат жерліктердің көруіне себеп
болайық.


Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы,Тасбөгет кенті,
Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің оқушысы Әжіхан Ақниет.

azhihanakniet@gmail.com
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.05.2024
104
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі