Қоршаған ортадағы заттардың орналасуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоршаған ортадағы заттардың орналасуы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика Мектеп: Б. Исадилов атындағы ЖОББМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А бөлім - Сандар мен цифрлар

Бөлімшесі: 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:22.08.17 Қатысқандар саны: 24

Сынып: 1 Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Қоршаған ортадағы заттардың орналасуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):

1.3.2.5 заттардың кеңістікте (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында) орналасуын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: заттардың кеңістікте орналасуын анықтайды.

Көптеген оқушылар: Дереккөздерге сүйене отырып заттардың кеңістікте орналасуы бойынша өздігінен сұрақтар қояды. Заттардың кеңістікте (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында) орналасуын салыстырады, суреттейді, мысалдар келістіреді.

Кейбір оқушылар: Заттар ішінен олардың кеңістікте орналасуына байланысты артық затты тауып атайды, жауабын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Жоғарыда және төменде болатын заттарды бөліп жазу.

  • Сол жақта, оң жақта, жоғары, төмен, алдында, артында, арасында, үстінде, кеңістік

  • Сыныпта қандай заттарды көріп тұрсыңдар?

  • Ол заттар қалай орналасқан?

  • Заттың кеңстікте орналасуын қалай таптыңыздар?

  • Тақта кітап сөресінің қай жағында тұр?

  • Неге осылай екенін айта аласыз ба?

Құндылықтарды дарыту

заттардың кеңістікте орналасуы туралы білуге қызығушылығын арттыру

АКТ пайдалануы

Электрондық оқулық арқылы берілген тапсырмаларды орындау(орналастыру)

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек: заттардың кеңістікте орналасуы туралы коллаж құрастыру, берілген вагондарды бояу.

Бастапқы білім

Заттар және қоршаған орта туралы ұғым, заттарды көру және атау дағдысы, заттарды тура – кері санау

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ширату

«Айырмашылығы

неде?» жаттығуы

Барысы:

Оқушыларға екі түрлі сурет көрсетіледі. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.


« Айырмашылығы

неде?» жаттығуы арқылы жаңа тақырыпты табу, мақсатын хабарлау

Стикерлер арқылы оқушыларды топтастыру




Сабақтың ортасы


(МК)Заттардың қасиеті туралы видео көрсету. Слайдтың көмегімен заттардың кеңістікте, яғни оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында орналасуы туралы ақпарат беру. (Оқушылар мысал келтіреді)

- Балалар, «Бізді қоршаған әлем» тақырыбын еске түсіріңдер, қоршаған заттарды атайықшы? (Заттарды (машина, қуыршақ, доп) көрсетіп, орналасуын бағытын өзгертеді);

- Балалар, нәтижесінде нені байқадыңдар?

- Сынып бөлмесіндегі заттарға назар аударайықшы? Оларды қалай орналасқан?

  • Ендеше балалар, қазір біз сендермен сынып бөлмесіндегі заттарды 1-топ жоғарыдағы, 2-топ төмендегі, 3-топ оң жақтағы, 4-топ сол жақтағы заттарды жазыңдар.

*Барлық заттар аталды ма?

*Біз қалай тексере аламыз?


(Ө) Тапсырма

«Артығын тап» ойыны

1. Торғай, ұшақ, бұлт, машина.

2. Гүл, үй, үстел, күн

3. Тақта, оқулық, оқушы, терезе

4. Ернар, киімілгіш, шкафтар, мұғалім

5. Назерке, Алуа, Жұлдыз, Дария

Заттар ішінен олардың кеңістікте орналасуына байланысты артық затты тауып атайды.


ҚБ: «Стикермен бағалау»



(Т)Тапсырма:

Балалар қазір біз сендермен Ноқат қыздың тапсырмаларын орындаймыз.

1 топ: 1-тапсырма: Оң жақтағы бағанаға қызыл түсті заттарды апар!

2 топ: 2-тапсырма: Сол жақтағы бағанаға үш бұрыш пішінді заттарды апар.

3 топ: 3-тапсырма: Жоғарғы қатарға көкөністерді апар.

4 топ: 4-тапсырма: Төменгі қатарға көкөністерді апар.


Әр топ тапсырманы орындап болғаннан кейін дереккөздерге сүйене отырып заттардың кеңістікте орналасуы бойынша «Серпілген сауал» арқылы кері байланыс жасап өздігінен сұрақтар қояды.

ҚБ «Смайликпен бағалау»


Сергіту сәті: «Қонжық»

(Ө)Тапсырма

Пойыздың вагондарынның жоғарғы жағын қызыл түспен, артқы жағындағы вагонын сары түспен, ал алдыңғы екі вагонын көк түспен, ортаңғы вагонын жасыл түспен, төменгі жақтарын қара түспен боя. Вагонның ең биік мұржасын сары түспен, ал ең аласа мұржаны жасыл түспен бояңыз.


Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Заттардың орнын «алды, арты, ортасы, жоғары, төмен, аласа, биік» терминдерінің негізінде анықтайды.


Дескриптор:

Білім алушы

- сипаттауы бойынша вагондардың орнын дұрыс анықтады және бояды;

- көлемі бойынша вагондардың мұржасын анықтады және бояды.


Кейбір оқушылармен жұмыс

Берілген суреттердің Қоршаған ортадағы заттардың оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында сияқты орналасуын коллаж құрастыру арқылы салыстырады, суреттейді, мысалдар келістіреді.


ҚБ: «Графикалық бағалау»

Көпбұрыш пішіні – тапсырманы сәтті орындағанда;

Үшбұрыш пішіні - 1-2 қате кеткенде

Дөңгелек пішіні – тапсырманы орташа орындағанда

Электрондық оқулық

Математика, 1сынып






















































































Сабақтың соңы





  • Балалар, сабақтың мақсатына жеттік пе?

  • Сыныпта қандай заттарды көріп тұрсыңдар?

  • Ол заттар қалай орналасқан?

  • Заттың кеңстікте орналасуын қалай таптыңыздар?

  • Тақта кітап сөресінің қай жағында тұр?

  • Неге осылай екенін айта аласыз ба?

Кері байланыс «Блоб» ағашы.

  • Егерде сабақты толықтай түсінген жағдайда өзіңізді Жоғарғы жағынан белгілейсіз.

  • Егерде сұрақтарыңыз болса өзіңізді ортаңғы бөлігіндегілердің біреуін белгілейсіз.

  • Егерде сабақты түсінбеген жағдайда өзіңізді ағаштың төменгі жағындағылардың біреуін белгілейсіз.


Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін

Қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушылармен заттардың кеңістікте оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында орналасуын салыстырады, суреттейді, мысалдар келістіреді. Заттар ішінен олардың кеңістікте орналасуына байланысты артық затты тауып атайды

Оқушылар бірінші тапсырманы орындағанда топтық жұмысты бағалауда ҚБ: «Стикермен бағалау»


Оқушылар АКТ қолдануда топтық тапсырманы орындап болғаннан кейін дереккөздерге сүйене отырып заттардың кеңістікте орналасуы бойынша «Серпілген сауал» арқылы кері байланыс жасап өздігінен сұрақтар қояды. «Смайликпен» бағаланады



Заттардың орнын «алды, арты, ортасы, жоғары, төмен, аласа, биік» терминдерінің негізінде анықтауда, кейбір оқушылармен жұмыста графикалық түрде бағалайды (Көп бұрыш, үшбұрыш, дөңгелек)


АКТ – интерактивті тақтаны қолдану


Сергіту сәтінде

Сабақ бойынша рефлексия




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2018
510
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі