400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қоршаған ортаның ластануы

Материал туралы қысқаша түсінік
2018 – 2019 оқу жылының 0 1 – 14 маусым аралығында Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі жанынан ашылған «CASPIAN» тынығу лагері өтті. Лагерьде «Футбол» үйірмесіне 28 оқушы қатысты. Футбол үйірмесінің мақсаты: Футбол ойынында екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана – жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс-қабілетін көрсете білуге мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді. Лагерь барысында өткен футболдан «Былғары доп» жарысын өткізді. Жарысқа 4 топтың демалушылары қатысты.Жарыс қызықты өтіп, көптеген әсерлі мезеттер болды. Лагерьдің соңғы күні, яғни жабылуында спорттық шараларға белсене қатысқан оқушыларды мектеп директорының дипломдарымен марапатталды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ

Е. ӨМІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ






Авторы: Жақаева Лаура Мирамғалиқызы

9 - сынып оқушысы

Жоба атауы: Оқушы сөмкесі салмағының бала денсаулығына

тигізетін әсері


Секция: Биология, химия, валеология


Жетекшісі: Смайлова Дамира Темірәліқызы

Дене шынықтыру пәні мұғалімі









2018 жыл

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы Есбол Өмірбаев атындағы мектептің 9 - сынып оқушысы Жақаева Лаураның

«Оқушы сөмкесі салмағының бала денсаулығына тигізетін әсері» тақырыбындағы іздену жұмысына


Пікір

Жақаева Лаура «Оқушы сөмкесі салмағының бала денсаулығына тигізетін әсері » атты ғылыми зерттеу жұмысында бала денсаулығына ауыр сөмкенің тигізетін әсерін зерттеп, оның санитарлық талаптарға сай немесе сай еместігін анықтау.

Оқушы зерттеу жұмысы барысында көп ізденді. «Балалар мен жасөспірімдерге тәрбие және білім беретін нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ережесіне сүйене отырып ауыр сөмкенің мектеп оқушыларына зияндығын анықтап, яғни болашақта заманауи технологияларын, әлемдік стандарттарға сәйкес оқулықтардың қажет екендігін зерттеп, танысып,олар туралы мәліметтер жинады.

Мектеп сөмкелері әдемі, сәнді, сыйымдылығы көп болғандықтан, сөмкенің ауырлығы оқушыларға ешқандай кедергі болып тұрған жоқ сияқты көрінеді. Лаура ауыр салмақты, жіңішке иінді сөмкелер балалардың жүрек соғу қозғалыстарын өзгертіп, бой сымбаттарының дамуын тежеп, олардың дамуына кедергі жасайтындығын нақтылады. Ол үшін оқушы санитарлық талаптарға сай ережелерді сақтау керек екендігін мектеп оқушыларына, ата-аналарға жеткізді. Сондықтанда елбасымыздың «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» деген сөзін қолдай отырып, отанымыздың келешегі, көркеюі, бүгінгі жастардың қолдарында екендігін айтты.

«Оқушы сөмкесі салмағының бала денсаулығына тигізетін әсері» ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы бүгінгі күні өзекті тақырыптардың бірі. Жақаева Лаураның жұмысына жақсы деген баға беремін.


Жұмыс жетекшісі: Д.Т.Смайлова



Зерттеудің өзектілігі: Оқушылардың санитарлық талаптарға сәйкес ауыр сөмкелері бой сымбаттары мен оқушылардың денсаулықтарына әсері барын нақтылау.

Зерттеу болжамы: «Балалар мен жасөспірімдерге тәрбие және білім беретін нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ережесіне сүйене отырып ауыр сөмкенің мектеп оқушыларына зияндығын анықтау,яғни болашақта заманауи технологияларын ,әлемдік стандарттарға сәйкес оқулықтардың қажет екендігін ұғындыру.

Зерттеу обьектісі: оқушы сөмкесі

Зерттеу мақсаты: Оқушы сөмкесіне қойылатын санитарлық талаптарды анықтай отырып, мектеп оқушыларының сөмкелерінің салмағы туралы мәліметтерді жинап, ауыр сөмкенің бала денсаулығына тигізетін әсерін зерттеп, “Дені сау, білімді  ұрпақ жарқын,сенімді   болашағымыз”  демекші , бойы сымбатты, дені сау ұрпақ тәрбиелеу.

Зерттеу міндеттері: 1.Оқушы сөмкесінің тарихы туралы мәліметтер жинау.

2.Оқушы сөмкесіне қойылатын санитарлық талаптарды анықтау.

3.Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының санитарлық талаптарға сәйкес күйін зерттеп саралау.

4.1-6 сыныптар аралығындағы оқушылардың сөмкелерінің салмағы туралы мәліметтерді жинақтау.

5.Осы деректерге сәйкес оны бағалап, қорытындылау

Зерттеу жұмыста қолданылған зерттеу әдістері: Компьютерлік, энциклопедиялық оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, бақылау – байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым. Зерттеу тақырыбына қатысты әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу, талдау.

Зерттеу кезеңдері:

Тақырып таңдау.

Ғылыми жобаға қажетті материалдар жинау.

Осы материалдарға сүйене отырып ғылыми жоба жазу кезеңі.

Жобаны тексеру және компьютерде теру


Мазмұны


І. Кіріспе

Мектеп сөмкесінің шығу тарихы _______________________________3 бет

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Сөмкенің түрлері ________________________________________4-6 бет

2.2. Омыртқа жотасының қисаюы ______________________________7-11 бет

2.3. Дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесі оқушы денсаулығына тигізетін әсері және одан құтылу жолдары __________________________________12-14 бет

ІІІ. Практикалық бөлім

3.1. Мектеп оқушыларының сөмкелерін зерттеу _________________15-16 бет

3.2. Мектеп оқушыларынан алынған сауалнама және оның нәтижесі 17-18бет

IV.Қорытынды ____________________________________________19-20 бет

V.Пайдаланылған әдебиеттер _________________________________21 бет



























  1. Кіріспе

Ертеде қытайлықтар қағазды, ал европалықтар сөмке ойлап тапқан екен. Алғашында адамдар сөмкені итбалықтың терісінен жасаған. Ал ата-аналары балаларына қолдан бір иінді сөмке тігіп беретін. Оның баланың бір иығына, бой сымбатына тигізетін әсері бар екенін ойламаған. Уақыт өте келе біз білеміз мектеп сөмкесінің аспалы, иіні жалпақ, баланың бойына сәйкес болу керек екендігін. Бірақ заман талабына сай оқушы сөмкелері бірнеше өзгерді. Санитарлық талаптарға сәйкес ұстамайтын балалар көп. Ол бала денсаулығына әсері бар екені мәлім. Сөмкені балалар әдемі, сәнділігіне қарай таңдайды. Күнделікті оқу құралдарына толы мектеп оқушылары сөмкелерінің салмағы қазірде 7 - 8 келіден асатыны баршаға мәлім. Бастауыш сынып балдырғандары қоржынының өзі осы салмаққа сәйкес келмейді. Бұл олар үшін аз салмақ емес. Ауыр сөмке - мол қазына дегенмен, оның буыны бекімеген балдырғандардың денсаулығына тигізер зияны да жетерлік. Қызығы, бірінші сыныптың оқушыларының сөмкелерінде не жоқ десеңізші?! Олар оқулықтардың керегін де, керек емесін де таси береді екен. Сөмкелерінде тіпті ойыншық, үзілісте ішетін тамағына (бөлке, сусын) дейін бар. Ата-аналарына айтарымыз, бірінші сыныптың оқушыларына транспортир, циркуль, секілді жоғары сыныпта қолданатын құралдар әзірге қажет емес екендігі. Ең болмағанда, онсыз да ауыр сөмкені жеңілдетіп, керек емесін үйлеріне қалдырса екен. "Балаларым мектепке арқалап баратын сөмкелерді көргенде көңіліме қорқыныш ұялайды. Мынадай салмақ қайтсе де бүлдіршіндердің омыртқасына әсер етпей қоймайды. Ал қыз балалардың жас кезінде мұндай салмақ көтеруіне мүлде болмайды" деген ата-аналарымызда кездесті. Шындығында, оқушы сөмкесінің салмағы қандай болуы керек? Жалпы, елімізде осыны реттейтін нормативтік құжат бар ма? Сұрастырып көрсек, бар екен.




3

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Мектеп сөмкесінің түрлері


Ертеде адамдар жануарлар сүйегі мен терісіне жазған

Египедте папиросқа жазған Қытайлықтар қағаз, ал европалықтар сөмке

ойлап тапқан

Ол қалай пайда болды? Мүмкін кітаптармен және дәптерлермен бірге шығар. Көптеген жылдардан бері оқушының сөмкесі танымастай болып өзгерді. Соғысқа дейін кезеңдерде жай ғана қолдан тігілген формасыз дорбалар, теріден тігілген шағын қапшықтар болды. Сол кезде мектепке сөмкесіз барсада болар еді, өйткені оқу құралдарынан тек оқулық, соның өзінде тек ұстазда ғана болды.

Дәптерлер мен оқулықтар портфельдерде тек соғыстан кейінгі жылдары ғана салына бастады. Соның өзінде көбі әкелерінен қалған, соғыс алаңын көрген сөмкелер (полевые сумки) болды. Сол кездегі сөмкелерде арқабау деген атымен болмаған. Оқушының сымбаты туралы ойланатын шама да болған жоқ ол кезде. Бірақ өмір бір орында тұрмайды. Қажеттілік туындағасын мектеп сөмкесінің түрлері де шыға бастады.

Портфельдер 1960 - 1980 жылдар аралығында көп қолданылды. Совет үкіметінің тұсында барлық оқушылардың портфельдері біркелкі және түстерінің айырмашылықтары да аз болған. Ол кезде жасанды теріден, формалары мен көлемдері бірдей портфельдер тігілді. Өйткені совет балалары тең болу керек деген идея болды.

4


1981жылы Олимпиаданың өтуіне байланысты мектеп сөмкелерінің орнына жоғарғы сынып оқушылары спорттық сөмкелер ұстау сол кездің сәні деп санайтын. Әртүрлілік 90 –жылдарда төңкеріспен бірге ене бастады. Қазіргі таңда сөмкелердің түрлері өте көп.

Портфель сөзі француз сөзінен шыққан. «Носить лист» деген мағынаны білдіреді. Мектеп сөмкесінің түрлері жылдан - жылға көбейіп келеді. Оның себебі жаңа гаджеттердің пайда болуымен және жаңа пәндердің енгізілуімен түсіндіруге болады. Бүгінгі күні ең көп таралған түрлерге жататын мектеп сөмкелеріне тоқтала кетейін:

Арқасөмке (орысш. - рюкзак , ағылш. - backpack) - ең танымал мектеп сөмкесі. Ұзындығы реттелетін жалпақтығы әр түрлі баулары болады. Қаттылығы әр түрлі арқасөмкелер де бар. Мысалы, пішінін өзгертетін жұмсақ арқасөмке. Мұндай сөмке тек жеңіл әрі жұмсақ заттарды тасуға пайдаланған жөн.

Ранец. Өзінің формасын өзгертпейді. Мектеп портфеліне ұқсас түрлері де кездеседі. Өте ыңғайлы, бірнеше қалташықтары мен бөлімдері бар. Арқа баулары жалпақ, әрі ұзындығын баланың бойына ыңғайлы етіп келтіруге болады.

Тележка - (rolling bag). Сыртқы түрі чемодан немесе кофр, қосымша конструкциялары, жүк таситын сөмкелерге ұқсас жылжымалы ұстағышы мен дөңгелектері бар. Мектепке көп кітап таситын оқушыларға арналған. Кемшілігі - ондай сөмкелер қымбат, баспалдақтан көтерілу қиын және қоғамдық көліктерде тасу ыңғайсыз.

Tote. Сөмке Tote – үстіңгі бөлігі ашық, екі тұтқасы бар, көлемі жағынан үлкен сөмкелер, көп зат сияды. Соңғы уақытта үстіңгі бөлігі магнитпен немесе құлыппен жабылатын түрлері көп кездеседі. Бұл жоғарғы сыныптың қыздарына стильді түрі болып табылады. Оң жақтары - мұндай сөмкені мектептен тыс тасуға болады.

Почтальон сөмкесі, – «почтальонка» (messenger bag). Көп зат сиятын, бірақ көлемі ондай үлкен емес жұмсақ сөмке. Бір жалпақ тұтқасы (ұзартып

5

немесе қысқартуға болатын) және үлкен клапаны бар.

Мұндай сөмкеге стандартты мөлшерлі оқулықтар мен дәптерлер және А4 форматты қағаздар мен құжаттар, сонымен қатар ноутбук, iPad, мобильді телефон, жазу құралдары салуға ыңғайлы, жоғарғы сынып оқушыларының арасында кеңінен қолданылады.

Портфель, дипломат. Классикалық стильдегі үлкенлердің құжаттар салатын іскерлік сөмкесіне ұқсатып жасалған. Совет үкіметі кезіндегі ең танымал сөмке. Қазір- ескі модельдер түріне жатады.

Ноутбукке арналған сөмке. (laptop bag), IPod –дың пайда болуымен сөмкенің IPod bag түрлерінің шығуына себепші болды. (сумка для IPod). Мұның ұзын иыққа асатын және жай ғана қолға ұстайтын тұтқасы бар. Негізгісі бұл сөмке ноутбукті сынудан сақтайтын бөлімдері бар.





















6

2.2.Омыртқа жотасының қисаюы.

Барлық омыртқа бір-бірімен шеміршектер, бұлшық еттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы – тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу болады, иілімдер білінбейді. Сәбидің мойны қатқанда мойын, отыра бастағанда арқа иілімі біліне бастайды. Ал қаз-қаз жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасады. Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюы – «сколиоз ауруы» деп аталады.

Сонымен сколио́з (грек. σκολιός — «қисық», «бүкір», лат. scoliōsis) — омыртқаның түзу қалпынан бүйір жағына қисаюы, яғни тіндердің өзгерістерімен, омыртқалардың ығысуымен және қисаюымен сипатталатын ауру.

Сколиоз былай жіктеледі:
• пайда болуына байланысты,
• омыртқа бағанасының қисаюына байланысты,
• қисаюдың орнығуы бойынша,
• рентгендік жіктеу,
• омыртқаға түскен салмақтан болған қисаю,
• клиникалық ағымы бойынша.

Омыртқаның қисаюы, негізінен бала күннен пайда болады. Сондықтан ауруға шалдыққандардың 70-80 пайызы оның нақты қашан және неден туындағанын білмейді, яғни себебі белгісіз, оны идиопатиялық деп атайды. Мұндай сколиоз ер балаларға қарағанда қыздарда 4-7 есе жиі кездеседі екен. Омыртқаның қисаюын дер кезінде анықтау қиын. Себебі ауырмайды, тек баланың тез өсетін шағында, яғни жауырыны немесе қабырғасы қисая бастағанда ғана білінеді екен. 20 % сколиоз туабітті омыртқалардың өзгеруі салдарынан болады.

7

Сколиоздың түрлері

Адамның түр-тұлғасының сымбаттылығы көбіне омыртқаға байланысты, өйткені ол бүкіл қаңқа сүйекті біріктіріп тұрған негізгі буын. Омыртқалардың қисаюы қауіпті дерттердің бірі. Себебі омыртқалардың иіле қисаюымен сипатталып, кеуде қуысы қызметінің және дене бітімінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Әлемдік тәжіриде аурудың диагностикасын көбіне науқастың жас ерекшелігіне қарап жіктейді.

• Жетілмеген (шала дамыған) идиопатиялық сколиоз– 1-2 жас аралығында болған сколиоз;
• 4-6 жас аралығында болған сколиоз
• 10-14 жас, яғни жасөспірім кезде болған сколиоз

Кейбір зерттеулерде сколиозды «бірінші кезең — 8 жасқа, екінші кезең – 8 - ден 14 жасқа және үшінші кезең — 15 - тен 17 жасқа дейін» деп қарастырылған.

Қисаю пішініне қарай:
• Омыртқа жотасының тек кеуде бөлігінің қисаюы
• Омыртқа жотасының бел бөлігінің қисаюы
• Кеудеден белге өтетін жердің қисаюы
немесе
• С-тәрізді сколиоз, яғни бір доғалы қисаю
• S-тәрізді сколиоз, яғни екі доғалы қисаю
• Z- тәрізді сколиоз, яғни үш доғалы қисаю

Туа біткен сколиозға омыртқалардың тұтасып бітуі, қосымша жарты омыртқалардың болуы, қабырғалардың тұтасып бітуі сынды факторлар әсер етеді. Қисаюдың негізгі доғасы бел бөлігінде орын алады, Жалпы омыртқа жотасының бір жаққа қарай қисаюы –иықтың ассиметриялық жағдайы, яғни, екі иықтың бір деңгейде тең тұрмауынан, омыртқалар жотасының майысып кетуінен аңғарамыз. Омыртқалардың қисаюын ауру дәрежесіне қарай үш түрге бөліп қарастырылады:

• Алғашқы түрінде омыртқаның қисаюы сырт көзге байқала бермейді. Бұлшық еттерге күш түскенде түзеліп кетеді. Бұл оңай жазылып кететін кезеңі;

8

• Келесі түрі – омыртқа жотасы қисаюының орныққан, қалыптасып кеткен кезеңі. Бұл түрінде иықтың бір жағына салбырап тұрғаны байқалады, кемістік көзге көрінеді. Бірақ омыртқаның бұл ауытқуын да емдеп жазуға болады.

• Үшінші түрі – асқынған кезеңі. Бұл кезеңде омыртқаның ауытқуы анық көрінеді, яғни қабырғалар шодырайып тұрады. Дене бітімін түзету қиынға соғады.

Қисаюдың ең ауыр түрі –диспластикалық сколиоз. 8-10 жас аралығында жиі байқалып, тез дамитын ауру омыртқа жотасының бел-сегізкөз бөлігінің дамымауы салдарынан болады.

Мектеп жасындағы балалардың омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:
• Орындықта түзу отырмау, бір бүйіріне қарай қисайып отыру немесе үй тапсырмасын орындағанда басын үстелдің үстіне қойып отыру;
• Жазу үстелі мен орындықтың биіктігінің сәйкес келмеуі;

• Көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;
• Сүйектер мен бұлшық еттердің дұрыс дамымауы т.б.

Диагностика

Сколиозды ерте сатысында еңкею арқылы білуге болады. Баланың қолын төмен түсіріп, еркін қойып, еңкейтіп қарасаңыз, желкеден белге дейінгі омыртқа жоталары түзулігі немесе қисайғандығы айқын көрінеді. Омыртқалардың қисаюының көлемін рентген суреттері арқылы көреді. Омыртқалардың өзгеруі туабітті болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған зерттеулік әдістермен бірге қосымша мыналарды тексерген қажет:

• Бой ұзындығын отырғызып және тұрғызып өлшеу;
• Салмағын өлшеу; өкпе көлемін өлшеу, өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау, өкпе қызметін зерттеу (спирометрия)

Бұл шаралар қисаюдың ауырлығын анықтау, ем-домды соған сай жүргізу үшін қажет.

Сколиоздың асқынуы өте қауіпті, яғни кеуде қуысының қисаюына,

9

жүрек қызметінің жетіспеушілігіне, өкпе қызметінің нашарлауына, полицетемия, өкпе гипертензиясына әкелуі мүмкін. Сколиоз асқынған жағдайда хирургиялық араласу жүреді. Жалпы омыртқаны түзету – ең күрделі операциялардың бірі. Қазақстанда бұл операция тек Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында жасалады екен. Бүгінде мұндай операция сколиотикалық қисаюы немесе пішіннің өзгеру бұрышы 40-45 градустан асқан жағдайда жасалады. Сондай-ақ ауру косметикалық кемшілік байқалған жағдайда ота жасауы мүмкін. Өйткені ол науқастың жүйке жүйесіне әсер етіп, еңбекке қабілеттілігін төмендетуі мүмкін.

Ата-аналар назарына:

1. Балаңыздың мүсінін, омыртқа жотасына күш түспеуін сәби кезінен қадағалаңыз. Баланы ерте отырғызуға болмайды, омыртқасына, беліне күш түседі. Бала айы-күні толғанда өзі отырады. Сондай-ақ сәбиді қолға ұстағанда үнемі бір жағымен көтермеңіз;

2. Балаңыздың жүріс-тұрысын, омыртқа жотасын түзу ұстауын, бойында көзге көрінетіндей қаңқа өзгерісі бар-жоғын қадағалаңыз;

3. Баланың бір иығы екінші иығынан жоғары тұрған жоқ па, соған мән беріңіз;

4. Сабақта партаның немесе компьютердің алдында отырғанда түзу отыру керектігін құлағына құйып отырыңыз.

5. Ауыр жүк көтертпеңіз, мектепке баратын сөмкесі ауыр болмауы керек, бір жақ иығына емес, арқасына іліп жүретін сөмке алыңыз;

6. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін отыратын, сабақ оқитын үстелі мен орындығы бойына сәйкес келуі тиіс, үстелдің арқасы омыртқа жотасының табиғи иілулерін дұрыс қайталауы қажет;

7. Таза ауада бойын тік ұстап жүргізіп, көп серуендетіңіз. Бір орнында тапжылмай отыра беруге болмайды. Спортпен шұғылдануына көңіл бөліңіз. Мәселен жүзу, би, гимнастика.

8. Баланың ішетін тамағы дәрумендер мен минералды заттарға бай болуы керек. Яғни кальций мен фосфорға, «С» және «Д» дәрумендерге мол

10

азық-түліктер, сүттен жасалған тағамдар, балық, көкөністер және жеміс-жидектер жеу керек.

Ескерту: Балаңыздың бойынан, дене бітімінен қандай да бір ауытқу байқасаңыз, дәрігерге көрсетіңіз. Омыртқа жотасының қисаймауын қадағалап отырыңыз.


























11

2.3.Дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесі оқушы денсаулығына тигізетін әсері.

Қандайда болмасын ауыр салмақ оқушының омыртқа жотасымен арқа бұлшық еттеріне нашар әсер етеді, бұл факт. Және жас ұлғайған сайын оның зардабы үлкейе түседі. Ресей зерттеушілерінің еңбектеріне сүйенсек дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесі 50% сколиоздың пайда болуына әкеледі деп айтуда.

Енді осы «ауыр» және «ыңғайсыз» проблемадан шығу жолдарды іздеп көрдім. Осындай мәселенің туындап отырған себептерін анықтадым:

1. Қазақстанда мектеп сөмкесінің қандай болуы керектігін қадағалайтын мемлекеттік стандарт жоқ (Ресейде 2003 жылы шықты).

2. Мектеп оқулықтарының көп және ауыр болуы.

3. Жасына сай таңдалмаған сөмке.

Омыртқаның бір жаққа қарай қисаюы сколиозға әкеп соқтырады. Ал оны ортопед-дәрігерлері ғана емдейді.
Сaбaқтaрдa мұғaлiмнiң бaсқaруымен қaбырғa жaнындa тiк тұруды үйрендiк. Бұл үшiн сол тұрысты көрсету қaжет: қaбырғaғa aрқaңды берiп тұру керек, желке мен қaбырғa aрaсындa бiр сaусaқ кiретiндей орын қaлдырып, өкше қaбырғaғa тиiп тұрaтындaй етiп, содaн соң «үш ереженi» орындaу қaжет:
1. иықты жaйып қaбырғaғa тaқaу;
2. иықты сәл босaту;
3. iштi тaрту.

Содaн соң бaлaдaн бойындi ештеменi өзгертпестен, дәл осы қaлпындa aлғa бiр қaдaм жaсaп, кiшкене жүруiн сұрaңыз, өзiңiз оның омыртқaсы мен қолдaрының қимылын бaқылaп отырыңыз. Aлғaшқы сaбaқтa бaлa өздiгiнен қолын пингвиндер сияқты денесiне жaбыстырa беретiн болaды. Қолдaрын бос ұстaуын сұрaңыз. Бaлaлaрдың «үш ереженi» естерiнде сaқтaп қaлуы қaжет, сондықтaн бiрнеше рет қaбырғaғa бaрып, тaғы дa бойды түзеп aлуғa болaды. Бaлa үйде де, мектепте де сaғaт сaйын қaбырғaғa бaрып (тәулiгiне 10- 15 рет) бойын тiк ұстaп үйренуi қaжет. Осы тәртiпте бiр aй бойы жaттығу нәтижесiнде әдет қaлыптaстыруғa болaды. Қaбырғaғa бaлaлaрмен бiрге ересектердiң де

12


тұрғaны aбзaл, сондa бaлaлaр осы жaттығудың мaңыздылығын сезiнедi.

Сонымен бiрге, бaлa үстел бaсындa отырғaндa, оның өз бойын қaлaй ұстaйтынынa қaрaу қaжет. Үстел мен орындық биiктiгi оның бойынa сәйкес болуы қaжет.

Үстел мен орындықтың aрaқaтынaсы қaндaй болу қaжет:

Оқушының aяғы (aяқ киiмде) тiзеде бүгiлген күйiнде еденнiң тегiс бетiнде бос тұруы қaжет.

• Жaмбaс пен үстелдiң төменгi жaғы aрaсындaғы бос орын жеткiлiктi болу керек.

• Орындық бетi мен жaмбaс aрaсындa, орындықтың aлдыңғы шетiне ешқaндaй қысым түспеу керек.

• Үстелдiң биiктiгi отырғaн aдaмның шынтaғы үстелдiң aлдыңғы шетiне қaтысты қолдaр түсiрiлген күйiнде қaй деңгейде болсa, сол деңгейде болуы қaжет.

• Орындықтың aрқaсы отырғaн aдaмның aрқaсын бел және жaуырынның төменгi бөлiгi тұсын нық тiреп тұруы қaжет.

• Aяқтың aртқы жaғы мен орындықтың aлдыңғы шетi aрaсындa бос орын болу керек.

Орындықтa еркiн қимылдaй aлу үшiн жaуырын тiрегi мен орындық aрaсындa бос орын болу керек.

Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу жолдарын іздеп көрдім:

1. АҚШ-та ауыр сөмке ұстамас үшін екі комплект оқулық пайдаланады. Біреуі мектепте, екіншісі үйде, әр оқушының өз жәшігі бар.

2. Қытайда мектеп сөмкесін дәрігерлердің тексеруінен кейін ғана шығаруға рұқсат етіледі.

3. Тайванда электронды мектеп сөмкесін ойлап табуда. Онда күнделік, дәптер, оқулық болады.

4. Израильде білім беру министрлігі бекіткен мектеп сөмкесінің массасын ата-аналар комитеті қадағалайды.

5. Малайзияда оқулықтың орнына ноутбуктер қолданады.

13

6. Европаның кейбір мемлекеттерінде оқушылар күнделікті лекцияларын тек көшірме түрінде қағазбен ғана алады.

7. Швецияда мүлдем сөмке ұстамайды, өйткені 8-сыныпқа дейін оқушыларға үй жұмысын бермейді.

8. Тағы бір мемлекеттерде әр оқу тоқсанына бөлек оқулық шығармақшы.



























14


ІІІ. Практикалық бөлім.

Бүгінде рюкзактар әрбір мектеп оқушысының ең қажетті затына айналды. 

Балалар бала-бақшадан мектеп бітіргенше рюкзак асынумен болады. Алайда, бұл сөмкені тастамай жүрудің кесірінен жас кезінен арқаның созылмалы ауруына шалдығады. Ауыр сөмкені асынудың салдарынан баланың омыртқасы қисайып, балғын дененің дамуына кері әсер етеді. Де-генмен одан толықтай бас тарту мүмкін емес. Сондықтан рюкзакты дұрыс асынған абзал. Ол иықтан төмен тартпай, белден 5 сантиметр жоғары тұруы тиіс. Ал белдіктері бос болмай, дәл тартылуы шарт. Оның үстіне сөмкені қажет емес заттармен толтырып, ауырлатудың керегі жоқ. Өз салмағына сәйкес келмейтін ауыр затты тасу бала ағзасына кері әсерін тигізеді. 

Жұмысымды былaй бaстaғaнды жөн көрдiм. Aлдымен 1-6 сынып оқушыларының портфелдерiн өлшеуден бaстaдым (сурет №2). Әрқайсысымыздың сөмкелерімізді өлшеген кезде өзімізге де қызық болды. Әр оқушының сөмкесі әр түрлі салмақта болды. Оқушылар қызық көріп «Менің сөмкем қанша келі тартады екен?» деп өз кезегін күтті.

Мүмкiн портфелдiң сaлмaғы aуыр шығaр? Тaлaптaрғa сaй оқушының бос портфелi 1кг 200г aспaуы керек. Сонымен қaтaр төменгi сынып оқушылaрының портфелдерi aрқa aспaлы болуы тиiс. Оқушылaрдың бaрлығындa дa осындaй aспaлы портфелдер. Нақты санмен айтатын болсақ, зерттеуге қатысқан 56 оқушының 50 оқушыда аспалы, ал 6 оқушыда қол сөмкесі болды. Бұл пайызбен есептегенде 90% аспалы, 10 % қол сөмкесі. Портфелдi өлшеу бaрысындa ең жеңiлi - 500 гр, aл ең aуыры – 1000 гр болып шықты. Дегенмен сыныптaғы оқушылaрдың сөмкелерi тaлaпқa сaй деуге болaды.

Оқушы сөмкесінің салмағын анықтадық, оның нәтижесі бойынша оқушы салмағы мен оның сөмкесінің салмағы сәйкес келмейтінін көруге болады. Бұл әсіресе 1 сынып оқушыларында анық көрініп тұр. Ол оның денсаулығына қатты әсер ететінін білеміз.

15


Бала салмағы

Бос сөмке салмағы

Толық сөмке салмағы

Нормаға сәйкес болуы тиіс 10%


1 сынып

20

0,8

4

2,0

22

0,9

4,2

2,2

21

0,9

3,2

2,1

19

0,6

3,3

1,9

20

1

5,1

2,0


2 сынып

23

0,9

2,7

2,3

28

0,7

3,1

2,8

29

0,8

3

2,9

34

0,6

3,6

3,4

26

1

2,8

2,6


3 сынып

24

0,9

3,4

2,4

27

0,8

3

2,7

28

0,6

2,5

2,8

29

1,4

3,5

2,9

26

0,6

2,7

2,6


4 сынып

30

0,5

3

3,0

27

0,6

3

2,7

26

0,9

2,1

2,6

38

0,9

2,9

3,8

36

1,5

3

3,6


5 сынып

24

1,5

4,5

2,4

27

0,4

4,5

2,7

38

0,5

4

3,8

30

1

3,5

3,0

30

1

4,1

3,0


6 сынып

48

0,5

2,5

4,8

38

0,7

3,1

3,8

59

0,8

3

5,9

38

0,5

3,5

3,8

36

0,5

3

3,6


Неліктен сөмкелеріміздің салмағы әртүрлі? Зерттей келе оқушылaрдың сөмкелерiнде қaжет емес зaттaр бaр екенi aнықтaлды. Олaр: 
1.ойыншықтaр;
2. кiтaптaр мен концелярияқ құрaлдaр (олaр бұл күнде қaжет емес болaтын);
3. қыздaр неше түрлi шкaтулкaлaр, шaғын сөмкелердi әкелiптi.

Яғни әрқайсысымызда қажет емес заттардың саны шектен тыс болып шықты. 

Қaжет емес зaттaр портфелдiң сaлмaғын aуырлaтынынa көзiмiз жеттi Сол себептi оқушылардың портфелдерiнің салмақтары әртүрлi болып шықты. Медицинaлық тaлaптaрғa сүйенетiн болсaқ портфелдiң сaлмaғы оқушының

16

сaлмaғынaн оннaн бiр бөлiгiнен aспaуы керек. Осы орайда айтар ұсынысым бар, бастауыш сынып оқулықтары мектепте жəне үйде орындауға арналған екі жинақпен шығарылса екен. Бала сонда кітаптарды ары-бері тасымайды. Сонымен қоса, кейбір оқу-əдістемелік кешендерді электронды құрылғыларда оқытудың жолы табылса, нұр үстіне нұр болар еді. Меніңше, осындай жолдармен оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдетуге болады.

Ары қарай сөмкелердiң сыртқы бейнесiне нaзaр aудaрдық. Стaндaрттaрғa сaй оқушы портфелi жеңiлдетiлген мaтaдaн тiгiлу керек, сөмкенiң aрқaсы қaтты әрi ортопедиялық бөлшегi болуы тиiс, сөмке сыртындa жaрық бергiш элемент болуы тиiс(қaрaңғы жерде қaуыпсiздiк үшiн), иықбaу жaлпaқ болуы тиiс, бaлa терлемес үшiн сөмкенiң aрқa тұсы торлы мaтaдaн тiгiлуi тиiс. Бұл зерттеуден кейiн мынaдaй нәтижелерге келдiм:
1. Сыныптың 50 %-да ортопедиялық бөлшектері жоқ;
2. Жарық бергіш ешкімде де жоқ;
3. 40% оқушының портфелдері белден төмен қарай түсіп, сөмкенің ауырлығына байланысты болғандықтан өзінің формасын жоғалтты;
4. 10% оқушының aспaлы бaулaры дұрыс қысқaртылмaғaн. 

Мектеп оқушылары арасында сауалнама өткізіп, сараптадым. Сауалнамаға 1-6 сынып аралығындағы 56 оқушы қатысты. Зерттеу жұмысында сауалнама жүргізу барысында төмендегідей нәтижелерді анықтадым.

Сұрақтар

1,2. Иә

3. Суретіне қараймын

4. Ата-анам

5. Спорттық

1,2. Жоқ

3. Түсіне қараймын

4. Өзім

5. Аспалы


3. Маған бәрібір

4. Достарым

5. Қол сөмке

1. Сенің портфелің саған ұнай ма?

97,5%

2,5%


2. Мектепке жеткенше шаршайсың ба?

22,5%

77,5%


3. Сөмкені қалай таңдайсың

20%

45%

35%

4. Сөмкені кім таңдайды?

45%

52,5%

2,5%

5. Қандай сөмке ұнайды

37,5%

40%

22,5%


17

Сараптама нәтижесіне сүйенсем, оқушыларға өз сөмкелері ұнайтынын байқадым. «Мектепке жеткенше шаршайсың ба?» деген сұраққа оқушылардың 77,5 % «жоқ» деп жауап берген. Ал, «Сөмкені қалай таңдайсың?» деген сұраққа 20% оқушы суретіне, 45% түсіне, 35% ештеңеге мән бермеймін деп жауап берген. «Сөмкені сізге кім таңдайды?» деген сұраққа оқушылардың 45% «ата-анам», 52,5 % «өзім таңдаймын» деп жауап берді. Қандай сөмке ұнайды деген сұраққа оқушылардың 37,5% спорттық сөмке десе, 40% аспалы сөмке ұнайтынын айтқа. Оқушылардың сөмкелерін зерттеу барысында да оқушылардың 99% аспалы сөмкені ұстайтынын көрдік. Дегенмен әлі де оқушы сөмке таңдағанда оның әсемдігіне мән береді, ал оның салмағы мен құрылыс ерекшелігіне көңіл аудармайды.




















18



Қорытынды:

Мектеп оқушылары сөмкесінің салмағы жеңілдету бағытында жұмыстар жүргізілуде. Баспалар мектеп оқулықтарын жарыққа шығару барысында ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оқыту нысандарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ережесін басшылыққа алады.

Сөзіміздің соңында мынадай кеңес берер едім:

• Портфелдi сaтып aлaр aлдындa сыртқы құрылымынa, сaлмaғынa, өлшемiне нaзaр aудaрғaндaрын жөн болaр.

• Ауыр сөмкелер денсаулыққа зиян келтіреді. Мұндай портфелдер жүрек қан тамырларының ауруларына әкеп соқтырады.

• Гигиеналық талаптарға сай бос портфелдің салмағы 300-500 г тарту керек.

• Мәселеден шығу үшін ата-аналар, оқушылар мұғалімдер, мектеп әкімшілігі бір-бірімен тығыз жұмыс жасау керек.

Ұсыныс. Осы материалдарды балабақшаларда, ата-аналар жиналысында қолдануға болады.

Мектеп сөмкелерінің иыққа ілер тұстағы жолақтың жалпақ болу керектігін айтады. Сөмке қымбат болса да әйгілі брендтердің сапалы сөмкесін таңдау қажет. Жас және жыныс ерекшелігіне сай таңдау керек. Өз формасын өзгертпеген сөмке болу керек. Түс және сурет бұл өте маңызды. Бала өз қалауымен таңдаған жөн. Ресейлік мамандар осы мәселеге бас ауырта келе, портфельдің салмағы оқушының салмағының 1/10 болуы тиіс дегенді айтады. Балаңыз 27 келі тартса, сәйкесінше, мектеп «дорбасы» да 2,7 келіден артық болмау керек. Ал төменгі сынып оқушыларының сөмкелері 1200 грамның шамасы болса құп.  Өз кезегінде ресейлік санитар-мамандар бастауыш сыныпқа арналған оқулықтардың салмағы 300 грамнан, 5-6 сыныптар үшін — 400 гр, 7-9 сынып оқушыларына — 500 грамнан аспауы керектігін есептеп шығарған. Сонымен қатар сөмкені арқаға ілгенде, сөмке екі иыққа бірдей ілінуі керек.

19

Сөзімді қорытындылай келе айтарым,оқушы сөмкесі әдемі, сәнді, сыйымдылығы жоғары болғандықтан, сөмкенің ауырлығы оқушыларға ешқандай кедергі болып тұрған жоқ сияқты. Бірақ ауыр салмақты, жіңішке иінді сөмкелер балалардың жүрек соғу қозғалыстарын өзгертіп, бой сымбаттарының дамуын тежеп, олардың дамуына кедергі жасайды.Ол үшін оқушы санитарлық талаптарға сай ережелерді сақтау керек. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі.XXI ғасырда еліміздің жарқын болашағын алға жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласында өзгеріс – ол 12 жылдық білім. Білім департаментіне мынандай ұсынысым бар:Болашақ мектептеріміз осы 12 жылдық білім алу жүйесіне сай болып, яғни әр оқушыға екі комплект оқулық және әр оқушының жеке шкафы болып, онда өз заттарын салып қою жағдайы қарастырылса. Сонда сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтап, санитарлық талаптарға сай ережелерді орындау болып табылады. Елбасымыздың «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» деген сөзін қолдай отырып, отанымыз біздің қолымызда екенін ұмытпайық.





















20



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысымен бекітілген Санитарлық ережелер «Балалар мен жасөспірімдерге тәрбие және білім беретін нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»

3. Энциклопедия для детей. Т. 22. Глав. ред. Е. Хлебалина ; вед. Науч. ред. А. Леонов. – М.: Аванта+, 2005. – 624 с.: ил. [5-11]


8.Интернет www.ustaz.kz























21


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.06.2019
651
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі