Қортынды есеп "Тәжірибедегі рефлексия"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қортынды есеп "Тәжірибедегі рефлексия"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арнларған есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәжірбиедегі рефлексия» жалпы білім беретін

мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму

бағдарламасының қорытынды есебі.

Жиырма бірінші  ғасыр –жоғары технологиялар, жаһанды өзгерістер, білім ғасыры. Осы заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болу үшін  қандай да салада білімді, жаңалыққа дайын, құзыретті мамандар қажет.Осы жаңалықтардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, сонымен қатар олар бір- бірімен тығыз байланысты. Жеті модульге негіз болған идеялар үш негізгі тарауға бөлінеді: ойлау жолдары, әдістер мен тәсілдер, жұмыс құралдары . Мектепке тәжірибеге келген кезімде мен жаңа идеяларға толы, білім қорым кеңейген, зерттеуге, іс –әрекетке құштарлығы, қызығушылығы  мол мұғалім болып келдім. Мектеп қабырғасында жиырма  жылдай қызмет етіп, жаңа бағдарламаның әдістемесін меңгергеннен кейін, мен өзімнің өткен іс – тәжірибеме талдау жасай отырып, өзгеруім керек екенін ұғындым. Осыған дейін біздің өткізген дәстүрлі сабақтарымыз оқушылардың ойлау, даму деңгейін ескермей, оқушының ой- пікірімен санаспай  «орташа» оқушыға бағытталған сабақ болды. Оның  мақсаттары  оқушыға емес, мұғалімге  арналып жазылды. Әр сабақта  « Қандай  нәтижеге  қол жетеміз?» -  деген сұрақтар туындаған  жоқ. Сабақ барысында мұғалім өзі баяндаушы, өзі бақылаушы, өзі бағалаушы болды. Қазіргі таңда енгізілген өзгерістер: сабаққа  жаңа тұрғыдан мақсат қою мен оқу нәтижелерін анықтау; қойылған  мақсатқа және оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін  оқытудың жаңа әдістерін қолдану; оқушы және мұғалім рөлін өзгерту. Мeндe өз бiлiмiмдi apттыpу мaқcaтындa мектептегі К. тренердің «Тәжірибедегі рефлексия» деп аталатын куpcында болдым. Тобымыздa әp түpлi пән мұғaлiмдepi болды.Тpeнepiмiз бiздi жылы шыpaймeн қapcы aлды. Aлғaшқы күннeн бacтaп, бiздepдiң түpлi cepгiту cәттepi apқылы көңiл-күйлepiмiздi көтepiп, жaңa әдicтepмeн топтapғa бөлiп, қызықты caбaқтap өткiздi. Pecуpcтapмeн жұмыc жacaудa бiздi бipнeшe топтapғa бөлiп, тaпcыpмaлap бойыншa жeкe ойлaнып, жұппeн ой бөлiciп, өз пiкipлepiмiздi оpтaғa caлып дәлeлдep apқылы қоpғaуғa үйpeттi. Мeн бұл apқылы өз ойымды толық жeткiзугe үйpeндiм. Бiз бip-бipлepiмiздi мaдaқтaу apқылы қолдaп, пiкipлepiмiздi толықтыpып отыpдық. Оcылaйшa бiздep бip отбacының бaлaлapы cияқты болып кeттiк. Куpcтың бipiншi бeтпe-бeт кeзeңiндe оқытуды жaқcapтудың жaңa әдic-тәciлдepiн үйpeндiк, жeтi модульдi өз caбaқтapымыздa ықпaлдacтыpу кepeктiгiн мeңгepiп, жaңa aқпapaттap aлдық. Мaғaн оcы aлғaн тeоpиялық бiлiмдepiмiздi топтық жұмыc жacaп, ой бөлiciп, пiкip aлмacып, cepгiту cәттepiн жacaп, тaпcыpмaлapды бipлeciп, бeлceндi оpындaп пpaктикaлық түpдe өзiмiздi оқушы peтiндe ceзiнгeнiмiз жәнe оcы ceзiмдepдiң бapлығын өз бойымыздaн өткiзгeнiмiз қaтты ұнaды. Нұсқaулықтaғы мәлiмeттepдiң мeн үшiн пaйдacы өтe мол болды. ХХІ ғасыр талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруда өз үлесін қосатынын айта келді. «Өзгеріс енгізу үшін не істеуің керек?» деген сұраққа мен ең алдымен перспективалық жоспар керектігін, белгілі бір нәтижеге, жетістікке жету үшін, сабақ барысында өз іс- тәжірибесінде қолдану керектігін, кездескен кемшіліктермен жұмыс жасау керек екенін айтып өттім әріптесіме.

   Eндiгi мaқcaтым жaңa әдic-тәciлдepдi қолдaнa отыpып, жaңa бaғыттa бiлiм бepу. Оcы мaқcaтпeн өзімнің бастауыш 1 Ә сыныбыма сауат ашу, математика және жаратылыстану пәндерінен ашық сабақтар өткіздім. Қыcқa мepзiмдi жоcпapды дa жeтi модульдi кipiктipe отыpып, жaңa әдiс-тәсiлдepдi пaйдaлaнa жacaдым. Осы жоспapдaғы әдiс-тәсiлдepiм, «оқушылap бойындaғы қaбiлeттepдiң aшылуынa, олapдың өзгepуiнe оң әсep eтe aлa мa eкeн?» дeгeн ой толғaныстapы миымнaн кeтпeй қойды. Бұл мeнiң жaңaшa оқытудaғы өзгepгeн iс-әpeкeттepiмнiң бacтaпқы қaдaмдapы eдi. Cынып оқушылapынa eндi caбaқтapғa өзгepicтep eнeтiнiн, пapтaлapдың оpнaлacуындa дa өзгepicтep болaтынын aйттым. Бaлaлapды өздiгiнeн бiлiм aлулapынa үйpeту үшiн жaғдaй жacaдым. Өзiмнiң caбaқтaғы дәcтүpлi caбaқтapдaғыдaй тeк мұғaлiм cөйлeуi кepeк дeгeн пiкipiмнeн apылып, бaғыттaушы pөлiнe eнуiм үшiн жeтi модульдi нeгiзгe aлa отыpып, жұмыc жacaу кepeк eкeнiн түciндiм.

Күтілетін нәтиженің оқушыларды қалай оқу керектігін үйрету болса, мен өзім оқушы бойынан ынталы, сенімді, сыни көзқарасы дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын қасиеттер көремін және іс- тәжірибемнің бәрінде ойлаған ойымның бәрі, жұмысты жақсартуға ықпал етеді деген үміт пен сенім жарқ ете түсті.

Осы курс барысында өз тәжірибемде үлкен, айқын өзгерістерге қадам бастым, әрине, ол өзгерістер жеті модуль идеяларына қатысты. Тек тәжірибем ғана емес, көзқарасым, ұстанымым, құндылықтарым, жалпы өзім өзгердім.     Менің ойым бірнеше жылдар бойы ұстаздық етіп  қалыптасқан, нақтыланған, жан-жақты зерттелген деген нық сенімді оймен қолданып келген дәстүрлі әдісіміз маған тиімді де, ешқашан  өзгермейтін сабақ үлгісіндей болып кеткен еді. Ешқашан мен осы ойымды өзгертем деп ойланып көрмеппін. Сол кездегі тиімді деп  өткізіп келген дәстүрлі сабақ берудің үлгісін, қазіргі оқып жатқан курстың негізінде құрылған сабақтың үлгісімен  салыстырсам айырмашылықтары айқын  көрініп отырғандығы байқалады. Дәстүрлі әдіс бойынша  сабақ бойы өзім сөйлеп, өзім іс-әрекет жасап, барымды салып түсіндіріп, түсінбеген жерін бірнеше рет қайталап,   суреттер, кесте арқылы көрсететін тұстарым болатын. Өзім сабақ беретін  сыныбында қалай оқитындығы,қай оқушының берген білімді қандай дәрежеде қалай   қабылдайтынын білгендіктен әр оқушыға берілген тапрсырмалар да баланың ойлау қабылеттерін ескере отырып беруге тырысатынмын. Осы курс барысында  7 модуль идеясын алғаш тыңдағанда менде үлкен қарама-қайшы пікірлер туындады, бұларды біз бұрыннан да білеміз, қолданып жүрміз деген секілді. Ал әрбір модулді жеке-жеке саралап талдаған кезде, менің пікіріме түбегейлі өзгеріс енді.Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың  бұрынғы алған білімдері  мен немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы  әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен  әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Сонымен қатар, менің оқытудың екінші кезеңінде, оқу Бағдарламасындағы жеті модульді қамтитындай сабақтар ұйымдастыру керек еді. Сонда  модульдердің біразын осы топтық жұмыстар арқылы оқыту  тиімді болып келді.


Picture 1 Picture 10

Атап айтсам, талантты және дарынды балалармен жұмыс жасау барысында, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін тану барысында, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау  модулімен жұмыс жасау кезінде осы топтық жұмыстар арқылы осы модульдермен жұмыс жасау оңайға түсті. Жалпы осы кезеңде, яғни  екінші   оқытудың  кезеңінде, барлық сабақтарымды топтық оқыту әдісімен жүргізідім, бірақ араларында оқушыларыдың өздігенен  орындайтын, сонымен қатар жұппен орындайтын тапсырмалар болды. Сабақтарымда мұндай әдісті пайдалану кезінде, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянғанын байқадым, кейбір оқушылар, әсіресе, тұйық мінезді оқушылар, тапсырмаларды сыныптастарымен бірлесіп істеу кезінде, өздерін басқа қырынан ашты. Ал бұрынғы сабақтарда баяулық танытатын Айзере, Азиза, Асылхан есімді оқушыларда  топтық тапсырмаларға қызығушылықпен қатысып отырды.

Қазіргі уақытта 1Ә сынып оқушылары өз бетімен жұмыс жасауға қалыптасып келуде. Бұдан байқағаным мұғалім тек ұйымдастырушы әрі бақылаушы, ал оқушы оқу үдерісінің негізгі субъектісіне айналады. Білім беру бағдарламасын жаңарту аясында бірінші сынып оқушылары қазіргі таңда аудиотыңдалым арқылы мәтінді тыңдап, айтып беру дағдылары қалыптасуда. Алдағы уақыттарда осы Бағдарлама бойынша жұмысымды жалғастырар болсам, оқушылармен болған кедергілерді түгел жоюға болады деп ойлаймын. Өйткені қашанда үздіксіз берілген білім нәтижелі болады. Сонымен қатар, топтық жұмыстардың арқасында сыныптың ішінде ынтымақтастық атмосферасы болды, оқушылар бірлестікте жұмыс жасауға және де бір-бірін тыңдауға, өз ойын білдіруге, жасаған жұмыстарына қорытынды шығара білуге үйренді. Қорыта айтар болсам, топтық оқыту әдісін пайдаланып, сабақтарды жүргізу үшін, алдымен, бұл әдісті  пайдаланудың  мақсатын анықтап алу керек. Сонымен қатар бұл әдіс  болсын, жалпы басқа әдістер болсын, сабақтың тиімдіілігін арттыру керек деп ойлаймын. Мен өз тарапыма келер болсам, топтық оқу әдісін пайдаланып өткізу барысында:

    - оқушылардың пәнге деген қызығушылқтырын арттырдым.

    - сыныптың ынтыамақтастық атмосферасын нығайттым.

    - оқу Бағдарламасындағы жеті модульді іске асырдым.

    - оқушылардың бойындағы қабілеттерін танытуға мүмкіндік бердім.


— сабақтарымның тиімділігін арттырды. Осы стратегияны қолдағанда мен өзімді тек бағыттаушы ретінде сезіндім.

Picture 2 Picture 1

    Топпен жұмыс істеуде оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдап, бірлесе жазуға, өз ойларын ортаға салуға үйренді. Әр бала өздерінің пікірлерінің бағаланатынын сезіне алды. Сонымен бірге олар бір-бірімен пікір алмастырғанда балалар бірінің білмейтінін екіншісі толықтырып отырды және өзіне сенімі аздау балалар өзге балалардың айтқандарын есіне сақтауға, олармен қосылып кішкентай болса да жазғандарын оқып беруге ынталанды. Топпен жұмыс кезінде бір баланың ойына келесі баланың ойы қосылады да, ол кеңейтілген түрде жауап болады және оның айтқан жауабын өзге оқушылар тыңдап, өз ойларын қосуға мүмкіндік алады. Бұрын тәжіриебемде көрініс таппаған   топтық, жұптық жұмыс кезінде балалардың  бір-бірімен қарым-қатынасында диалогтық әдістің тағы бір пайдалы тұсын анық көре білдім. Баланың ойын дамыта отырып, өзімнің де ойымның дамығанын осы модул негізімен түсіндіріп бере аламын. Сонымен бірге, оқытудың үшінші «Бетпе бет» кезеңіне келгенде сабақтарда өткізген топтық жұмыстарымызды талқыға салып, бір-біріміздің жұмыстарымызбен салыстырып, жасаған жұмыстарымызға пікірлерімізді білдік. Сонда байқағаным, барлығымыздың жұмыстарымызда  ұқсастықтар мен осы әдісті пайдаланудағы  тәжірибемізге тигізген әсері бірдей болды.  Сол себептен, әлі де болашақта, осы бағытта жұмыс істеймін деп жоспарлап отырмын. Қорытындылай келе, топтық жұмыс кезінде балалар өз ойларын ашық айтуға, бір-бірін тыңдап, сыйлай бастады, белсенділіктері артты. Топ мүшелері барлығының пікірінің құнды екенін ескерді. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта «Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім» деп айтылған . Сыни ойлауға қалыптасып, өзін-өзі реттеуге үйренді. Алдағы сабақтарымда бағдарламаның аталған әдістерін кеңінен енгізетін және әріптестеріме ұсынамын деп ойлаймын.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету  әр сабағымда тиімді де ұтымды пайдалана білдім, себебі балалардың да пәнге деген қызығушылығымен қатар  сын көзбен қарай білгені еді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету тапсырмаларды орындау негізінде баланың ойының ұшқырлығын, ойын ашық айта алуын, болжам жасай алатындығын  анық көзімді жеткізе алдым.   Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелеуші сұрақтар қою арқылы зейіндерін сабаққа бағыттай білдім.Бізді қоршап тұрған не? Адам ауаны неге ластамау керек? Жауаптарында  оқушылар бұрыннан білетін білімдерін зерделеп ұтымды пікірлерін айтып жатты. Сыни ойлауға мүмкіндік беретін сұрақтарды қою мақсатым, сыни көзқараспен сыни тұрғыдан ойлауға үйрету және өз бетімен ізденуге, өз бетімен түйін шығарып, дағдылануға үйрету еді.        Бұл модуль менің тәжірибемде баланың ойын еркін айт алуына, сыни тұрғыдан ойлауға тапсырмаларды бере отырып баланы сыни ойлаттыруға мүмкіндік беруіме, соның нәтижесінде  сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді бола алды, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдай алды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолдана алды; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып,   жаңашыл идеялар мен келешегі жарқын  ашық бола алды. Тәжірибемдегі осындай өзгерістердің негізінде, мұғалім бірінші өзі сыни тұрғыдан ойлай алса, оқушыларына да сыни тұрғыдан ойлаттыруға мүмкіндік береді .     Осы модульді басшылыққа алып, оқу үдерісіне енгізген жағдайымда сынып оқушыларымның оқуда белсенділігі артып, қызығушылығы оянып, ең соңында  тұлға ретінде дамуына септігін тигізеді . Picture 4 Picture 3


Сынып оқушыларының  өзгеруі,  мектеп өміріне де өзгерістер енгізеді деп үміттенемін, себебі осы оқушылар мектептің қоғамдық жұмыстарына  белсенді аралысады, зияткерлік сайыстар мен ойындарға қатысып мектеп мәртебесін одан әрі арттырады. Әрине, бір айлық практика аралығында  үлкен   нәтижелерге  қол жету мүмкін емес. Бірақ та осы жетістіктерге жету жолында алғашқы қадамдар жасалып, іс-әрекеттер басталуда.     Менің ойымша, оқушылардың білім алу әрекеті ой қозғаудан басталады. Ойлану барысында адам әр нәрсеге өзінің көзқарасын білдіреді.  Сабақ барысында оқушылар орындаған тапсырмалардың әдеттегі тапсырмалардан айырмашылығы  — оқушылардың сабақ үдерісіне белсенді қатысуы. Жаңа білімді өз бетінше игеріп, ойларын  құрбы-құрдастармен талқылап, қорытынды шығарып, оны қорғап дәлелдейді. Оқушы рөлі орындаушыдан баяндаушы, бақылаушы және де бағалаушыға ауысып отырады. Сабақ оқушылардан тәртіптілік пен таңдауды талап етеді. Я.А.Коменский «Тәртібі жоқ мектеп суы жоқ диірменмен бірдей” деп айтқан. Тәртіпті сақтауда оқу материалын қызықты және байыпты мазмұндаудың маңызы зор. К.Д.Ушинский „сабақта күлкі мен әзіл болуы керек, бірақ сабақты әзілге айналдыруға болмайды” деп ескертті. Сәбиді тәртіпті болуға бастауыш сыныптарда алғашқы сабақтардан бастап үйретудің маңызы зор.Сабақ беру барысында мұғалім оқушымен бірге ізденіп, көп жұмыстар жасалу керек.


Picture 5 Picture 9

Жаңа әдістеме бойынша жүргізілген сабақтарда  жаңа  ресурстар қолдандым, олар А3 форматындағы қағаздар, маркерлер, кері байланыс парақтары. Бұл ресурстарды пайдаланған себебім, бірінші  «Бетпе-бет» кезенінде осы ресурстарды өзіміз қолданып  жұмыс жасадық. Олардың маңыздылығын түсініп, өзімнің тәжірибеме енгіздім. Слайдтар, флипчарттар, сондай-ақ интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану оқушылардың қызығушылығын оятады, және мұғалімдердің көрнекілік мәселесін шешіп берді. Бұдан басқа, сабаққа қажетті кестелер, дидактикалық материалдар, топтық бағалау, критериалды бағалау парақтары, рефлексия жазғызу парақтары жай сөзбен емес, электронды жазылған түрінде беріліп отырды.Іс-әрекетті зерттеу аясындығы өткізген сабақтарымның барлығын бейнежазбаға түсірдім. Бейнежазбаларда топ ішіндегі жұмыс, зерттеуге алынған оқушылардың іс-әрекеті, сыныппен жалпы жұмыс жазылып алынды.Әр сабақта оқушылар топтарына барып визуалды түрде бақылау жүргіздім, олардың ойларын тыңдап, бағыт бердім. Балалардың білім алғандығын анықтау үшін «ыстық орындық », «сұрақ-жауап», «дұрыс немесе бұрыс » стратегиясын қолдандым. Осындай қызуы да қызықты жұмысымызды басқарып, қазіргі оқу үрдісінің жүрісін талдап, таптаурын болған әдіс-тәсілдерге күмәнмен қаратып, сапалы оқытуды қалай ұйымдастыру қажеттігін ұғындыру барысында бізге жаңа құлшыныс пен тың идеяларды ұсынып тамаша көшбасшы бола білген К.тренирге  көрсетер құрметіміз шексіз.Міне біз күннен- күнге бағдарламаны оқи отырып, оның идеясын бойымызға сіңіре бастадық.

 Picture 6 Picture 11

Оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес білім беру және оқу модулі бойынша  сабақ беретін сыныптарым жас ерекшеліктері ескерілген, сондықтан білім беруде және кері байланыс арқылы  қиындық туындамайды. Жалпы 1-сыныптың сауат ашу  пәнінің оқытылуы стандартқа сәйкесті Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі бекіткен оқулық бойынша жүзеге асады. Оқулық мазмұны 1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескеріле отырып құрастырылған. Сондықтан бағдарлама да, сабақ құрылымы да, оқушымен жасалатын іс-әрекет те, барлығы жас ерекшелікке сәйкесті болуы шарт. Бұрында жас ерекшеліктері туралы ескермесем, енді ол туралы ойланып, оның нәтижелі білім берудегі рөлі жайындағы көзқарасымды өзгерттім.Жұмыс тәжірибемде орын алған оң өзгерістерді болашақта да жүйелі түрде тәжірибеме енгіземін. Бойыма жинаған білімді және аз да болса да, бірақ құнды тәжірибемді   менімен бірге қызмет ететін мектептегі және аудан аумағындағы  әріптестермен бөлісемін деп ойлаймын.




Бастауыш сынып мұғалімі: Ташимова Қарлыға Амангелдіқызы






















« № 13 жалпы білім беретін орта мектебі » КММ









«Тәжірбиедегі рефлексия»

жалпы білім беретін

мектептердегі педагогика

кадрларының кәсіби даму

бағдарламасының қорытынды есебі

Picture 2




Дайындаған: Ташимова Қарлыға Амангелдіқызы

Сыныбы: 1Ә


2017-2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
1044
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі