жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қорытынды сабақ
Білім беру саласы: Қатынас, таным.
Бөлімі: Сауат ашу, математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Білімділер еліне сиқырлы, жолдармен даярлық тобына көтерілеміз»
Мақсаты: 1) Балаларға жыл бойы өтілген оқу іс – әрекеттеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып, білімі – білік дағдыларын сараптау.
2) Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру.
3) Ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: тазша бала білімгер, слайд, үнтаспа, текшелер, әріптер, сандар.
Сөздік жұмыс: хат
Іс - әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
|
Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру-шылық – ізденістік
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Шаттық шеңбері. Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден. Балалар стол үстіндегі суреттерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді. -Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс – әрекетіміздің тақырыбы: «Білімділер еліне сиқырлы, жолдармен даярлық тобына көтерілеміз» Сиқырлы сәт: интерактивті тақтадан тазша бала сөйлейді. -Армысыңдар болашақ балдырғандар. Болашақ білімпаздар. Мені таныдыңдарма? Мен баяғы тазша баламын. Бірақ қазір мен өзгердім. Мен цифрлы тазша баламын. Сендерді мектепке дайын деп естідім. Ендеше білімдеріңді тексерейік. Менің қоржыным толған тапсырма. Егер бәрін дұрыс орындасаңдар. Мен сендерге сиқырлы сандықтың кілтін беремін. Ендеше тапсырмаларымды жақсы етіп орындаңдар. Ал бастаймызба? Ендеше тапсырмаларымды жақсы етіп орындаңдар.
Тәрбиеші:- Бұл жай білімгер емес, «Білімділер еліне сиқырлы, жолдары сендерді даярлық тобына апарады.
-жыл мезгілдерін атап бер -көктем мезгілін сипатта, әңгіме құрастыр Жұмбақ: -Қар, мұз еріп, су көбейіп Сай-салада ағады, Бүршік шашып, жапырақ ашып, Гүл бәйшешек басады. Балаларым, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? -Көктемде неше ай бар? Атап беріңдер.
-Мына суретке қарап көктемнің ерекшеліктерін айтып беріңдер. -Жарайсыңдар! 1 қоржындағы тапсырма -дыбыс туралы айтып бер Үнтаспадан әртүрлі дыбыстар шығады. -Балалар бұл не? -Дыбыс деген не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыс қалай айтылады?
- Оларды қандай түспен белгілейміз?
-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз? -Жарайсыңдар! 2 қоржындағы тапсырма Дид/ойын «Кім зерек?» - айтылған дыбыстарды ажырату. (Ә, Қ,М,П,О, А, Б, Т, Ө, Р). 3 қоржындағы тапсырма -әріп туралы айтып бер -берілген әріпке сөз ойлап тап -Балалар, ал әріп деген не? Дид/ойын «Ойлан, тап» - көрсеткен әріпке сөз ойлап табу. (А, О, С, М) -Жарайсыңдар! 4 қоржындағы тапсырма Суретпен сөзжұмбақ. Шыққан сөздерді кеспе әріптерімен жазу. Шешуі: ана, қар, доп, шана.
Балалар ендеше келесі тапсырмаға назар аударайықшы. -берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса -сөздерді буынға бөл -Жарайсыңдар! Сергіту сәті: 5 қоржындағы тапсырма - апта күндеріне байланысты сұрақтақтарға жауап бер -Балалар, 1 аптада неше күн бар? апта күндерін атап беріңдерші. Кім санамақ айтады? -Ал енді уақытты бағдарлауға арналған жұмбақтар Ұйқымыздан тұрамыз, Беті – қолды жуамыз. Әкемізге ереміз, Бақшамызға келеміз. Бізтәртіпті баламыз, Сабақты да оқимыз. Серуенге шығамыз, қыдырамыз Бұл қай кез деп ойлайсың? Күн батады қызарып, Анамызды күтеміз. Бұл қай кез деп ойлайсың? «Үйлерде шамдар жанады, Дем алады бар әлем», Барлығы ұйқыға жатады , Бұл қай кез деп ойлайсың? -Жарайсыңдар! Тақтаға қараңдаршы! 6 қоржындағы тапсырма -1 – 10 дейін тура және кері санау -көрші сандарды табу (тақтада) -1 ден 10 дейінгі сандарды тақтада ретімен қойып шығуды ұсынады. -2, 5, 7, 9 сандарынын көршісін табуды айтады Қалған балалардан і тура және кері санауды ұсынады. -Керемет! 7 қоржындағы тапсырма -логикалық есептерді шығар (ауызша) Келесі логикалық есептерді шығаруын ұсынады: 1.-Қоянда үш сәбіз бар оған тағы екі сәбіз берді. Қоянда неше сәбіз? 2. Сенде бес алма бар, досыңа екі алманы бердің.Сенде неше алма қалды? Аулада төрт балапан жүр, оған тағы үш балапан қосылды. Барлығы неше балапан болды? Жарысқа алты көлік қатысты, оның екі көлігі кетіп қалды. Қанша көлік қалды? Сенде жеті конфет бар, оның үшеуін жеп қойдың. Қанша конфет қалды?
-Жарайсыңдар!
-Бізге бүгін қонаққа кім келді? -Қандай тапсырмалар орындадық? -Слайдтан не көрдіңдер? -Қай жыл мезгілі туралы әңгімелестік? |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып қайталайды.
Ия
-Көктем мезгілінде болады. -Көктемде үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр. Суретке қарап көктемнің ерекшеліктерін атайды. -Бұл дыбыстар. -Дыбысты біз естиміз. -Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар.
-Дауысты дыбыс әндетіп, созылып айтылады. -Қызыл түспен. -Дауыссыз дыбыс кедергіге ұшырайды.
-Көк түспен.
-Әріпті біз көреміз, оқимыз, жазамыз Көрсеткен әріпке б/ты балалар әртүрлі сөздер айтады.
ана, қар, доп, шана. Осы сөздерді кеспе әріптермен жазады. Тақтаға 4 бала шығып сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Хормен, шапалақпен буынға бөледі.
Балалар орнында тұрып ұайталайды.. Апта күндерін атайды. Балалардың жауаптары: Балалар 1ден 10 ға дейінгі білетін санамақтарын айтады.
-Таңертен келеміз.
-Күндіз. -Кешке .
-Түнде.
Тақтаға екі бала шығады: Бір бала – 1ден 10 дейінгі сандарды ретімен қойып шығады. Екі бала – санның көршісін табады.
Логикалық есептерді тыңдайды. Шешімін айтады: -5 сәбіз - үш алма -жеті балапан Төрт көлік қалды Төрт кәмпит
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: берілген тапсырмаларды орындайды
Түсінеді: ойын шарттарын түсінеді
Қолданады: жыл бойы алған білімдерін көрсете алады
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген