Материалдар / Қош, балалар бақшасы

Қош, балалар бақшасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал Бақшамен қоштасу ертеңгілігінт өткізетін топ тәрбиешісіне қажет.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Құттықтау.

1-Жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар!

Бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.

2-Жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді.

Сәбилерім жүздеріңе нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып, есейіп,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге Сәтті сапар тілейік.


Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Кезегімен балаларды таныстырып, төрге шығару.

Би: Қоштасу вальсі.

Камила: Балабақша құт бесік,

Көп нәрсені үйретті.

Таныстырып әріптерді,

Тақылдатып сөйлетті.

Арон: Алтын бесік ақ сарай,

Балабақша есігі.

Бейбітшілік тілегі,

Балалардың жүрегі.

Дінмұхммед: Біз мектепкебарамыз,

Оқып білім аламыз.

Келешекте бәріміз,

Ғалым болып шығамыз.

Альбина: Еске сөзді сақтаймыз.

Еңбегіңді ақтаймыз

Бақша біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ән: «Қоштасу»

Нұрай: Балабақша үйіміз,

Қимай сені барамыз.

Оқып, билеп, ән салып,

Үйрендік біз барлығын.

Нурислам: Қадіріңді білермін,

Сол қалпында ұмытпай.

Қайда жүрсем жүрермін,

Есіміңді ұмытпай.

Мағжан: 6 жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-ананы,

Мектепке кетіп барамыз.

Серікболсын: Балабақшам –балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып.

Рахметімді жаудырамын.


Жалқаубекті досы сүйреп ертіп кіреді.(қолында рюгзак)

Досы: -- Жалқаубек, жүр мектепке барамыз,сен оқып білім алуың керек.

Жалқаубек:-- Жооқ, мен бармаймын, мектепке, оқығым келмейді, Менің қарным аш, нан жеймін.

Досы:--Нан жей бересің бе, жүр мектепке, мына балаларға қарашы мектепке барады екен, сен де солармен меектепке барып, білім алып, жалқаулықты тастап, жақсы адам болуың керек.

Жалқаубек:--Ей, қойшы менің ұйқым қанбады, қарным ашты, тәті бәліш жегім келеді. А онда ттәті бәліш барма? Мен ол жерде ұйықтай аламын ба?

Досы:--Қайдағы тәті бәліш? Ол жақта мектеп құралдары бар: кітап, дәптер, қалам тағы басқалары дегендей.

Сенің ана дорбаңда не бар?

Жалқаубек:--Дорбамда су бар, тәтті бәліш, нан, алма бар.

Досы:--Ой, мұның жарамайды, мұнда білім алуға қажетті заттары салайық. Өзіңнің түріңе қарашы кір-кір, шашың ұйпа-тұйпа, киімің жыртық бұлай жүруге болмайды ғой, ұялмайсыңба.

Жалқаубек:--Ұялмаймын, мен осылай жүргенді ұнатамын. Ештеңе істемейсің, тек нан жеймін, ұйықтаймын.

Досы:--Жооқ, сенің мұның болмайды, қарашы мына балаларға қандай әдемі, тап-таза, ұқыпты, осылар сияқты әдеиі болғың келмей ме?

Жалқаубек:--Ия, болғым келеді, менде де осындай әдемі киімдер бола ма? Осындай киім әпере ме?

Досы:--Әрине, сен жалқаулығыңды қойып, мектепке барсаң осындай әдемі киім, сөмке, оқу құралдарын әпереді.

Жалқаубек:--Жақсы, онда менде жалқаулықты қойып мектепке барам, менде де әдеиі киім болады,жүр менде әдемі киімдерімді дайындайық.

Тәрбиеші:-- Келіңдер, балалармен ойын ойнаңдар.


Ойын: Сөмке жинау.

Балалармен қоштасып екеуі шығып кетеді.

Қазына: Ойыншығым қаларсың,

Берем енді ініме.

Дейін бе әлде аларсың,

Қыркүйектің бірінде.

Нұрайша: Ойыншықты жинаймыз.

Бөбектерге сыйлаймыз.

Үлкен болып өссек те

Бақшамызды қимаймыз.

Нұрсұлтан: Қош, балалар бақшасы,

Толған күлкі толған күй.

Ойнап күліп жүрген соң,

Бізге туған болған үй.

Нурислам: Қадіріңді білермін,

Сол қалпында ұмытпай.

Қайда жүрсем жүрермін,

Есіміңді ұмытпай.

Ән: Оқуда озат боламын.

Шыңғыс: Бұл екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз осы үйдің гүліміз,

Біз осы үйдің сәніміз.

Әділхан: Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшаменен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

Әсел: Балабақшам –балқұрағым,

Лаулап жансын, шам-шырағың.

Өзің берген білімнен,

Самғап ұшты тау қыраның.

Аяна: Сезімді туған баламыз,

Оянды ақыл санамыз.

Адамдықтың бастауын,

Өзіңнен алып барамыз.


Би: «Өзбек биі»


Ән: «Ұстазым менің»

Жансұлу: Биыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер қаламым.

Алихан: Мынау есеп кітабым,

Мынау менің әліппем.

Бәрін жинап алып мен,

Тұрмын түгел тапып мен.

Бегзат: Біздер алты жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырады,

Қош бол әсем бақшамыз.

Мадина: Балабақша есігін,

Сәби болып ашқанбыз.

Балапандай мәпелеп,

Өсіреді бақшамыз.


Би: «Ламбада»

Құттықтаулар:

Альбина: Жарқын жүзді кеңпейіл Гүлмира апай

Ер тұлғалы басшысыз, үлгі алатын

Сынығындай асылдың дара апай

Мақтан тұтыпөзіңізді құрметтейміз.

Қазына: Әдіскері бақшаның Мақпал апай

Әдісімен тексерер біліміңді.

Сипап тұрып басыңнан айналғанда,

Баласындай тартады бауырына.

Әлихан: Ақ халатты абзал жан, Райса апай,

Ауырмайтын ем іздеп, еңбек етті.

Жана берсін еңбегің бағаланып,

Рахметті айтамыз, біз, сізге

Жансұлу:Тамақ беріп қарайтын,

Таза етіп төсекті.

Шаң жуытпай бөлмеге,

Күнде сүртіп жүретін,

Анамыздай қамқоршы,

Қалипа апай мың алғыс.


Ән: «Досвидания детский сад»

Тақпақтар: орыс, ағылшын тілінде.

Шыңғыс: День сегодня не обычный,

Замечательный, отличный!

Причина этому одна,

Понятна каждому она,

Очень скоро, очень скоро

Мы пойдем учиться в школу.

Әділхан: В школе мы учиться будем,

Прочитаем много книг.

И всегда мы помнит будем,

Воспитателей своих.

Нұрай: Скоро в школу в первый раз,

Скоро в школу в первыйкласс.

Называть все будут скоро,

Школьниками нас!

Арон: А унас сегодня праздник,

Радосный веселый.

До свиданья детский сад,

Здравствуй, школа!

Серікболсын: Ауа фейверейт тичез

А френдли энд кайнд

Зейэ пасшон энд жоб

Ту експенд еври иайнд

Димаш: Пескул из е плейс

Уейе ю лон соу мени сиң.

Е тиче уил тел ю

Уай бөрдз хав уиндз

Камила: Спотс, клабз энд әктивитиз

Әт еври сиңгл төн

Сөу мач ту ду

Стади энд лон



Жалпы би

13 Желтоқсан 2018
435
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі