"Қош бол балабақшам!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қош бол балабақшам!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Армысыздар құрметті қонақтар! Бүгінгі «Ақжелкен» тобының балабақшамен қоштасу кешіне Хош келдіңіздер!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әсем безендірілген зал.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Бүгінгі «Ақжелкен» тобының балабақшамен қоштасу кешіне Хош келдіңіздер!

Аңсар: Құрметті қонақтар, армысыздар,

Бәріңізде есен сау бармысыздар.

Қоштасатын кез келді бақшаменен,

Апайларға айтатын алғысым бар!

Қоштасу кешінің ақ пердесін ашайық та,

Тебіреніп бұл кеште біз тосайық та.

Тәрбиелеп тәлім берген апайларым,

Сіздерге арнап жырдан шашу шашайықта.

Бүгін, міне қоштасады бақшаменен балбұлақ,

Әні менен жырына ұстаздарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне балбұлақ,

Лаулап жанар болашағы шамшырақ.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық,

Бүгінгі түлектерді ортамызға.

Вальс. Балалар кіреді.

Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік.

Аңсар: Балабақша бесігім,

Тағы бір той жасайық.

Ашып мектеп есігін,

Өзіңменен қоштасайық.

Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше.

Бақшамызбен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше.

Аңсар: Анар Матығұлқызы! Бүгінгі керемет мерекеге біздің ата- аналарымыз келіп отыр. Сол кісілерге біз өз білімімізді көрсетсек қайтеді?

Анар: Әрине, біз білім кемесіне мініп, білім беру саласының бес аралына саяхатқа шығайық.

Аңсар: Кеменің капитаны болу керек қой.

Саят: Мен дайынмын!

Аңсар: Олай болса, жолға шығайық!

Хор: «Әліппе» әні.

Ән: «Алматым». Орындайтын Романов Жасұлан.

«Денсаулық» саласы. Саят. Біз балабақшаға келгелі бері «Денсаулық» саласы бойынша таңғы жаттығу және әртүрлі ойындар ойнаймыз. Міне, сол жаттығулар арқасында дене бітіміміз түзу, сымбатты болып өсіп келеміз.

Би: «Ла-ла». Билейтіндер: Айсұлу, Әнел, Т.Жанель, Асылжан, Сымбат, Жансая.

Хор: «Учить в школе».

«Таным» саласы. Ералхан. Ал, « Таным» саласы бойынша біздер 1-ден 10-ға дейінгі сандармен толық таныстық. Тура және кері санай аламыз. Кеңістікті бағдарлап, уақытты білеміз. Құрастырғыштардан әр түрлі бейнені құрастыруды меңгердік.

Ән: «Аналар күні» Орындайтын: Даңбаева Көркем.

Би: «Ойыншықтар».

Хор: «Біріншіге барамын».

Балалар тақпақтары:

Сымбат: Сыңғыр, сыңғыр қоңырау,

Қоңыраудың шақырған.

Тәтті әуені, ән думан,

Білім алған бақшадан.

Біз көңілді балдырған,

Шақырады мектепке.

Білім алған бақшадан,

Біз көңілді балдырған

Шақырады мектепке,

Сыңғырлаған қоңырау.

Т.Жанель: Әлі есімде, бақшаға келгеніміз,

Келгеніміз тобымызға енгеніміз.

Жылаңқырап, жасқаншақтап тұрған шақта,

Өзің болдың тәрбиеші сенгеніміз.

Ұқсаттыңба сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып едік біз сізді анамызға.

Жақын тартып, біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнатып арамызда.

Айсұлу: Кеп-кешегі тосырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің бе, аяулы жүрегің бе,

Жан дүнйесін баланың жаулап алған.

Балабақшам сүйікті,

Шаңырағы шаттықтың.

Балабақшам, сүйікті,

Балғын сәби шаттықтың.

Т: Әлишер: Парасат пен ізгілік бойымызда,

Ата баба өсиеті бойымызда.

Бахыт құсы самғасын көгімізде,

Ұшырған бүгінгі қуанышты тойымызда.

Әнел: Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді.

Білім жиып өсемін,

Төгіп адал терімді.

Мен мектепке барамын.

Жасұлан: Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын.

Туған тілге тазамын,

Батаңды бер, қазағым.

Мен мектепке барамын.

Көркем: Таудай биік талабым,

Оттай лаулап жанамын.

Салт- санасын сақтаймын,

Дала менен қаланың.

Мен мектепке барамын.

Нұрперзент: Өсіп ой мен санамыз,

Өмірге жол саламыз.

Білім қуған баламыз,

Біз оқушы боламыз.

Ералхан: Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып бақшаменен,

Біріншіге барамыз.

Әнуар: Балабақшам қош енді,

Әр кез аман бол деймін.

Әкем менен шешемді,

Ертіп енді келмеймін.

Ақтолқын: Біріншіге ертең барамыз,

Оқимыз, сауық құрамыз.

Қашық емес арамыз,

Сіздерге келіп тұрамыз.

Асхат: Оқимыз білім аламыз,

Ынтымақты боламыз.

Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

К.Жанель: Тәрбиешілерді мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын.

«Ақеркедей» бақшаны,

Әлем шарлап таппаймын.

Асылжан: Талай- талай баспалдақты аттармыз,

Ата- ананың үмітінде артармыз.

Тәрбиеші апайлар, сізден алған ақылды,

Есімізде өмір бойы сақтаймыз.

Жансая: Жадыраған, жаздай жылы, жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

Қадірлі ұстаздар, гүлмен бірге жолдаған,

Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

Эльонора: Адам етіп баптаған,

Ардақтап бізді мақтаған.

Ұстаздарымыз, сіздерге,

Таза сәби жүректен,

Арнаймын осы жырымды.

Балабақшам бесігім,

Қайсысын айтып берейін.

Қабыл алшы әнімді,

Сыйлап саған кетейін.

Айсұлу: «Әлеуметтік орта» саласында еліміздің, отбасы тарихы мен дәстүрлерімен, жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттерін, қоршаған ортада өзімізді ұстай білу дағдылары жайында толық мағлұмат алдық.

Ән: «Сәби тілегі». Орындайтын: Ильясов Саят.

Би: «Моряк». Билейтіндер: Ералхан, Әнуар, Асхат, Эльонора, Ақтолқын , Көркем.

Хор: «До свидания детский сад».

Балалардың орысша тақпақтары:

Эльонора: Сегодня мы- выпусники,

Прощай, наш детский сад!

Нам мамы купят дневники,

Учебники, тетради.

Асылжан: Портфели новые возьмем,

И с яркими цветами.

Впервые в школу мы пойдем,

А с нами- наши мамы.

Темірбай Алишер: Ах, какой сегодня день,

Грустный и веселый.

До свиданья, детский сад!

Здравствуй, школа!

Қайнарбек Әлішер: Сегодня мы- выпусники,

Уже не дошколята.

Наш ждут веселые звонки,

И новые ребята.

Жансая: Мы на прощание споем-

Всем дарим эту песню.

Пусть эта песня майским днем,

Летом по белу свету.

Дильназ: До свидания, наш садик,

Воспитатели, друзья.

Все за нас сегодня рады,

А у мамы блестят глаза.

Әнел: «Шығармашылық» саласы бойынша 3 негізгі түрде заттық, сюжеттік, сәндік сурет салуды, мүсіндеуді, жапсыруды меңгердік. Ертеңгіліктерде ән айтып, би билеуді үйрендік.

Ән: «Менің әжем». Орындайтын: Жумабекова Эльонора.

Аңсар: Анар Матығұлқызы! Біз қыздармен топта ойнаған кезде кеісіп, келіспей қаламыз. Бірақ ертең олар мектепке кетсе сағынамыз-ау.

Анар: Иә, дұрыс айтасың, Аңсар! Бізде солай болғанбыз.

Аңсар: олай болса қыздармен әзілдесіп көрсек қайтеді?

«Әзіл би» қабыл алыңыздар.

Жансая: «Қатынас» саласы бойынша ертегілерді рөлге бөліп ойнап, әріптермен таныстық. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата алатын болдық. Сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасай аламыз.

Аманат табыстау.

Эльонора: Құрметті қонақтар, апайлар! Балабақшамыздың туын өзімізден кейінгі топқа аманат етіп қалдырамыз.

Ануар: балабақшамыздың туын биікке көтере беріңдер!

Ән: «Қуыршағым». Орындайтын: Алпысбай Жансая.

Жасұлан: Бақшамыздың тірегі,

Ұлы-қызы оны сүйеді.

Қарсы алады келгенде,

Қарсы алады келгенде,

Жылы жүзбен күледі.

Меңгеруші анамыз,

Лаура Қуанышқызына,

Мың алғыс айтып қоштасарда,

Қимайды сізді ұл- қызың.

ХОРМЕН: Гүл сыйладың, жыр сыйладың,

Құрметтейміз сіздерді.

Әсем әуен ән сыйлаймыз,

Ұмытпаңдар біздерді.



Хор. «Хош балабақша.

Анар: Бітіруші түлектер! Біз сендерге сәттілік тілейміз. Сабақтарыңды 5-ке оқып, еліміздің елеулу азаматы болуларыңа тілектеспіз. Әрқашан биіктен көрініңіздер! Біз сендермен мақтанайық. Ақ жол, сәт сапар!

Анар: Осымен балабақшамен қоштасу кешіміз аяқталуға жақын. Құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Лаура Қуанышқызына береміз.

Мектептен келген мұғалімге сөз.

Анар: Ендігі сөз кезегін ата- аналарға береміз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2018
506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі