Қош, бол, бастауыш сыныбым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қош, бол, бастауыш сыныбым

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныппен қоштасуға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Мұғалім: Қайырлы күн,құрметті ата-аналар,ұстаздар және балалар! Бастауыш әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бірі,асыға күткен күн бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер! Алдарыңызда тұрған балалар №37 мектеп-лицейі сыныбының бастауыш сатысын аяқтап,орта буынға аттағалы тұрған оқушылар. 5 жыл бойы біз сіздермен бірге білім сатысымен қадам басып алға қарай көтерілдік.Осы жыл бойы алған білім мен өнерімізді ортаға салып,есеп берейік. «Рақмет саған,бастауыш мектеп» атты мерекелік шараны ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші:

Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңызда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2-жүргізуші:

Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай болашағын мәпелер. Бүгін міне,бастауышпен қоштасады, Азамат боп кешегі сәби еркелер.



1-жүргізуші:

Сап түзедік бәріміз, Он ұл менен он бір қыз. Мектеп қамқор анамыз, Оқып білім аламыз.

2- жүргізуші: Ортаға бастауыш сыныппен қоштасқалы отырған сыныптастарымызды шақырамыз.

Би: «Ұстазым» .Вальс.

2- жүргізуші: Бүгін біз сауатымызды ашып білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен,алғаш қолымызға қалам ұстатып,оңымыз бен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

1-жүргізуші:

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ, Әніменен,жырына,тарландарым сал құлақ. Кешегі сәби,бүгін міне,жас ұлан, Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

Хор: «Бастауыш мектеппен қоштасу»



Мұғалім:

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым, Орындалсын арман тілек талаптарың. Ақ парақтай келдіңдер сәби болып, Ұғындым, әрбіріңді парақтадым. Өткіздік талай күнді, талай айды, Уақыт сырғып артқы жаққа қарамайды. 5 жыл бойы сендермен бірге болдым, Өткіздік талай қызық, талай жайды. Ірге-тасын қаладым, білім бердім, Саналы ұл-қыздарым, бүгін менің. Келесі сөз кезегін шәкірттеріме берейін.

Наргиз: -Біз, бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

Аякөз: -Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Рахымжан: -Біз, мектепте білім ала отырып, «мектеп», «ұстаз», «әке», «ана», «дос», «Отан» жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол-мұғалімнің еңбегі.

Ұлдана: -Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!

Диас: -Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Мен мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етемін!

Ән: «Мектебім» орындайтындар Меруерт,Аида, Гүлнұр, Аягөз.

1-жүргізуші: Ендігі кезекті оқушыларға береміз.

Әділет:

Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаны, Айқара есік ашып тастағаны. Бір мереке думан болып осы маңда, Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны. Енді міне,сағымдай боп өте шықты, 5 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті. Ұстаз-ана жасады мына бізден, Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Нұржігіт: Кемшілікті кезінде, Кесіп айтар өзіне. Өнеге мол өзінде, Өсиет көп сөзінде. Көңілінің хошын-ай, Көп шәкірттің досындай, Жұмакүл апай осындай.

Гүлнұр: Үйренеміз жалықпай, Орыс тілін шарықтай. Тіл сындырып,ән айтып, Шаттанамыз қалықтай, Бағлан апай мен Мөлдір апай тәлімі, Сәулесін шашақан жарықтай.

Ән: «Қазақ қыздары» орынд. Рахымжан,Аян

Меруерт: Сөз сөйлесе жарқын-ақ, Күніміздей жарқылдап. Қызық өтіп сабағы, Өсіреді ой-сананы, Біздермен ойнап-күледі, Сырымызды біледі, Жанар апай қашанда , Қамқор болып жүреді.

Найымгүл: Баулыған әрбір өренді, Рима апай өнерлі, Өз ісінің шебері, Әрбір сөзі мәнерлі, Қызықтырып өмірге, Ән үйретіп келеді. Мінезі сондай сабырлы, Рима апай сізге ұқсағым келеді.

Ән: «Әдемі» орынд.Найымгүл,Жансұлу,Наргиз

Т.Рамазан: Мінезі жайлы,жайдарлы қызығасың, Кейде ашусыз мінезіне табынасың. Күліп жүрер үнемі Камшат апайдан, Бейнелеудің қыр-сырын ұғынарсың.

Думан: Білімнің байыбына барып терең, Кенже апай бастап еді әліппеден. Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс, Бастаған тәрбиесін алып келем, Көрмеген артық күліп, артық жүріп, Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып. Қоштасамыз біз бүгін өзіңізбен, Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

Данияр: Оқытты ұстаз- анамыз, Өсті білім санамыз. Білгіш ер боп өсетін, Біз бақытты баламыз. Бойымызда бұлан күш , Еркін өскен ұланбыз. Оқу-білім үйреткен, Ұстаздарға мың алғыс!

Хор: «Ардақты ұстаздар»

Ән: «Аналардың тілегі» орынд. Ұлдана,Толғанай

Б.Мөлдір: Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма? Мектебімде айтылмаған сыр бар ма? Мектебімде алаулаған жас жалын, Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға. Мектеп,мектеп- ашық жарқын көңілім, Мектеп,мектеп- шаттық толы өмірім. Мектеп,мектеп әнім болып төгілдің, Мектеп,мектеп жан анам боп көріндің.

Хор: «Мектебім аяулы мектебім»

Рамазан Тойбазаров: Өткіздім мұнда балғын жасымды мен, Жаныма сіңді сенің асыл киең. Сарқылмас бастауысың ұлылықтың, Мектебім саған мәңгі басымды ием. Өзіңсің балауса көктемім, Мен сенен нәр алдым,көктедім. Өмірде алғашқы өткенім, Рақмет саған,бастауыш мектебім!

Аян: Армысың алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағын, Мектебіме арналады бұл әнім.

Ән: «Аяулы әнім мектебім» қыздардың орындауында

2-жүргізуші: «Ұстаз!».Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»-деген Ы.Алтынсарин атамыз.

1- жүргізуші: Жүрексіз өмір болмаса,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі,небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!

2-жүргізуші: Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш,сондықтан да ұстаздың еңбегі-ұлы еңбек.

Хор: «Ұстаз-ана»

Көрініс: «Пәндер айтысы».

1- жүргізуші: Осы біздің жылдан-жылға ер жетіп,марқайып келе жатқанымызға себепкер,бізбен бірге қиналып,қуанған кім?

2-жүргізуші: Әрине, ол ата-аналарымыз.Біздің жамандығымызды жасырып,жақсылығымызды асырып жүрген әке-шешеміз. 1- жүргізуші: Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасына да шын ықылас-пейілмен баланың көкірегінен орын тебеді.Қазақ отбасында әуелі әке,содан кейін шеше,бұлар-жанұя мектебінің ұстаздары болады.Әке мен ананың баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері-баланың «әдепті бала» болып өсуі.Қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол,тәрбиесіздік етпе,көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. 2-жүргізуші: Дәстүрлі қоғамда ата-әжелер тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған.Ата-әжелер жыр,дастан,ертегі айтып немере,шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. 1- жүргізуші: Қиындықта әркез бізбен бірге болатын да ата-ана. 2-жүргізуші: Бұл өмірде бәріміз ата-анаға қарыздармыз. 1- жүргізуші: «Анаңды меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген нақыл сөз бар. 2-жүргізуші: Сондықтан да ата-анамыздың еңбегін бағалай білгенге не жетсін. 1- жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Келесі жыр шашуымыз сіздерге арналады.Қабыл алыңыздар! Ән: «Өнерге ғашық баламын» орындайтындар Нұрасыл,Әділет,Нұржігіт,Рамазан



Барлық сынып оқушыларының орындауында «Флешмоб» биі

Аида: Маған ақыл беретін, Әжем менің асыл жан. Сипап жақсы көретін, «Құлыным» деп басымнан. Жақсылыққа үйретіп, Жамандықтан шектейді. Ертегі айтып беретін, Әжеме ешкім жетпейді. Өзіңнің ерке балаң бұл, Арнайды бүгін сізге жыр. Жақсылық тілеп жолыма, Әрқашан әже аман жүр. Толғанай: Атам менің әманда, Ақыл сөзі санамда. Алдын орап кісінің, Жөніменен кішінің Кішіпейіл бол деген. Мақтанбауды жөн көрем, Кесіп өтпей көлденең, Әдеппенен қол берем.





Жансұлу: Кеудемнен сезім сері ақтарылсын, Болармын күні ертең-ақ мақтанышың. Білім алып,тер төгем,еңбек етем, Жан ана сеніміңді ақтау үшін. Ән: «Аяулы анашым» орындайтындар Мөлдір мен Мөлдір

Нұрасыл: Әкешім тілеуіңді тілеп жүрген, Аумайсың жарығы мол ашық күннен. Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін, Ақылды балаларың оны білген. Бәрі: Аналарды сүйеміз, Ақылын ойға түйеміз. Әкені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз.

Ән: «Мен елімнің ертеңі» орындайтындар Думан,Данияр,Рамазан

Ұлдардың орындауында Флешмоб биі





1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар, Жақсы шәкірт азамат атанады. Халқынан,ата-анадан бата алады, Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін, Ортаға шақырайық ата-ананы-деп,---------------------------------------------------------------- сөз береміз. Ән: «Ана мен бала» орындайтындар Мөлдір анасы Рима апаймен Мұғалім: Қырандарымыздың білім қуған қанаттары талмасын, Тек биікке самғасын. Әріптерді танып алып тұрсыңдар, Естеріңде болсын алда бір сын бар. Бес жыл менен білім алып шыққанмен, Келешекте жазылатын жырсыңдар. Жеті жылда өтер зулап сынаптай, Бақыттымын маған тұрса сын айтпай.

1-жүргізуші: Болашаққа ұмтылған жолымыз бар, Жарқын өмір тұтқасы қолымызда. Осыменен аяқталады мерекеміз, Көріскенше, аман-сау, болыңыздар!

Хор: «Бастауыш мектеппен қоштасу әні» (армандастар)





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2018
772
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі