Материалдар / Қош бол, жаз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қош бол, жаз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы балаларды жаз мезгілімен қоштасу ертеңгілігіне ат салыса отырып, жаз мезгілінің ерекшеліктерін атап айтып, қандай тақпақтар, ән-би үйрендік соларды паш ету. Жаздың соңғы мерекесі Конституция күнімен таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2020
932
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Балабақша ауласы жаз мерекесіне сай безендірілген: шарлар, әртүрлі жалаушалар, гүлдер.

Әдемі әуенмен сахнаға жүргізуші жаз шығады.


Жүргізуші:

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн біліп қой.

Жазғы бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

-Армысыздар, құрметті қонақтар, балалар, ұстаздар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Жайдарлы жаздай жадырап ертеңгілігімізді тамашалаңыздар!

Жүргізуші: Балалар, мен жұмбақ жасырайын, ал сендер шешімін табыңдаршы.

Жұмбақ:

Мінезі ашық данадай,

Пейілі кең анадай.

Оған барлық тіршілік

Еркелейді баладай. (Жаз)



-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Жаз)

-Жаз мезгілі сендерге ұнайды ма? (Ұнайды)

-Жазда ата-әжелеріңе қыдырып бардыңдар ма? (Бардық)

-Иә, балалар жазда ауылға барғанды ұнатады. Біздің Жанерке жылда ауылға барып тұрады екен, онда өзінің Қошақаны бар екен. Сол туралы бізге ән айтып бермекші, бәріміз тыңдап, тамашалап отырайық.


Ән: «Қошақаным қайда екен»


Жүргізуші:

Келші, келші, жарқын Жаз!

Келші, келші, жасыл Жаз!

Мерекені жалғастырып,

Ойнап-күлші, жайдарлы жаз!

Гүл келеді

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Гүл! Неге көңіл күйің жоқ

Гүл: Өйткені күн суытады,мен таза ауада демалмаймын,мені тек бөлмелерде көретін боласыңдар!

Жүргізуші: Ой Гүл ханшайымы жылама сені таза ауада демалдырып отыратын боламыз. Сенің көңіліңді көтеру үшін біздің әдемі гүлдерімізбен би биле,сонда көңілің көтеріліп қалады.


Жүргізуші:

Олай болса, балалар, бәріміз әдемі гүлдердің билерін тамашалайық.


Би: «Гүлдер» биі


Жүргізуші:

Рахмет, сендерге әдемі гүлдер, билерің де өздірің сияқты әдемі екен.

Жүргізуші: Гүл ханшайымы жоғары шық көңілің түспесін менде бүгін балалармен осы күнді көңілді өткізіп,келер жылға жететіндей көтеріңкі көңіл күймен қайтқым келіп,келдім осы балаларға!


Балалардың жазға арналған жаттауларын тыңдайық!

Күншуақ тобы:

1-бала:

Жаздыгүні шілдеде

Жеміс пісіп толады

Қызыл, жасыл гүлдерге

Көбелектер қонады.


Жайқалып жапырақ

Құлпырып қызғалдақ

Тұратын көз тартып

Жаз келді күн шуақ


Гүл Ханшайымы: -Балалар, мен сендерге ойын алып келдім, ойнағыларың келе ме?

Балалар: Иә, ойнағымыз келеді.


Ойын: «Гүл дестелері»



Әдемі әуен естіліп, сахнаға Көбелек келеді.


Жүргізуші: -Балалар, бізге қонаққа кім келді? Бұл кімдер екен?

Сәлеметсіңдер ме! Қош келдің Көбелек!

Көбелек: -Сәлеметсіздер ме! Жаз аяқталып менде жылы жаққа ұшып бара жатырмын. Сендердің дауыстарыңды естіп осында бұрылдым!


Гүл Ханшайымы:Көбелек қош келдің менде жаз бітіп қайтып бара жатыр едім балаларды көріп осында келгенмін,менің көңілім түсіп кетіп еді, балалар көңілімді көтеріп жіберді, бәрі шетінен өнерлі екен.. Мүмкін сендер де балаларға сый тартатын шығарсыңдар.

Көбелек: жоқ менің де көңіл күйім жоқ.

Жүргізуші: Ой көбеле жан көңілің түспесін Біздің балалардың саған арналған әндері бар соны тыңдап көңілің көтерілер!

Ән: «Көбелек»

Көбелек: Ой жарайсыңдар балалар әндерің маған ұнады, енді сендермен бір Ойын ойнағым келіп тұр!

Ойын: «Ұшты-ұшты»




Жүргізуші: Кезекті тақпақтарға берейік!

Тақпақтар: «Тұлпар» тобы

Жүргізуші: Көбелек біздің әсем қыздарымыз көбелек биін билеп береміз дейді сенде бірге биле!

Би: «Көбелек»

Гүл Ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар. Недеген шетінен өнерлі едіңдер. Сендерге көп рахмет. Күн суытып барады, менің кетуім керек.

Мен қайтайын, балалар,

Аман есен болыңдар!

Еңбек етіп, ойнап, күліп, шырқап әнге салыңдар!


Көбелек:Тоқтай тұр Гүл ханшайымы Менде сенімен бірге кетейін күн суытса мен ұшалмай қаламын! Сау болыңдар Балалар!


Жүргізуші: Гүл Ханшайымы кқбелек, келесі жылы кездескенше қош сау болыңыздар!


Балалар Жаз бітті енді осы жаз мезгілінің соңғы күндері бізге қандай мереке болады


Балалар: конституция күні

Жүргізуші: Ата заң күні иә!


- Арайлаған танды сүйетін кім?Біз

- Алтын сәулені сүйетін кім? Біз

- Жарқын даланы сүйетін кім?Біз

- Туған жерді сүйетін кім?Біз

- Ата-ананы сүйетін кім? Біз

- Досын сүйетін кім?Біз

- Еліміздің болашағы кімдер?Біздер!

Жүргізуші: - Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 - тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды.

Елдігімнің – реңі,

Тендігімнің – тірегі,

Мүддесінен халықтың

Ажырамас бір елі.

Алтын заңым – арай таңым!


Жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендерде, балалар да-мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс. Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.

- Балалар, біз қай елде, қай Республикада тұрамыз?

- Қазақстанның елордасы қай қала?

- Елбасымыз кім?

- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе? - Балалар сендер рәміздер туралы білесіндер ме? Жүргізуші:Қатар шапқан қос тұлпар, Ай үстінде қазақ үй Қалықтаған жас сұнқар. Шарықтаған таза күн. Бұл танбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Жүргізуші:Отан туы желбіреп,

Көз тартады құбыла.

Біз қараймыз елжіреп,

Туған жердің туына.

Жүргізуші:Әнұраным-жан ұраным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі-бақи шырқалады,

Республика әнұраны. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.



Жүргізуші: Балалар тыңдаңдаршы Сырқы есікті біреу қағып тұрған сияқты!

Музыка әуенімен Конституция Кітабы Келеді!

Кітап: Сәлеметсіңдерме балалар Мені таныдыңдарма?

Жүргізуші: Кел төрлет Ата заң кітабы! Мінкей балалар осы кітапта біздің Ата заңымыз жазылған! Заң кітабында түрлі заңдар бар! Кітапты оқысаңдар білімді,ақылды,озбырт болып өсесіңдер! Кітап оқу үшін ең алдымен жақсы бала болып,балабақшада оқуды,әріптерді үйреніп алайық келісесіңдерме?

Балалар: Иә!

Жүргізуші: Осы Ата заң күніне қандай тақпақтарың бар Балалар?

Тақпақтар: «Қошақан мен Күншуақ топтары»

Жүргізуші: Балалар сендер Отан туралы ән білесіңдерме? Иә

ӘН: «Отан Ана»


Тақпақтар: «Тұлпар мен Бәйтерек»топтары

Жүргізуші: Бүгін қызық бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Әнге салып, би билер

Жалғастырар ойды ой.

Би: «Қазақстан жалауы»


Жүргізуші: Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып «Конституция күні» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!