

Жалпы білім беретін орта мектебі

Орындаған:
Жетекшісі:



-
Бейбітшілік
жыршысы
-
Егемен күн ақ тілегі –
көгершін
-
Бозторғайым
-
Қарлығашым - қанатты
досым.
-
Махаббаттың
символы
-
Мендік көңіл өздеріңді қияр
ма?!


оқу
жылы


Бейбітшілік жыршысы
Ақ көгершін,
көгершін,
Қуанышқа бөлер
шын.
Адамзатқа арай
мен
Шапағыңды
төгерсін.
Бейбітшілік
құсымсың,
Өмір сендер үшін
сын.
Ақ пейілді жандар
да
Ақ тілегін
ұсынсын!
Көгершінім
шарласын,
Өмір-өзен арнасын
Биіктерге самғай
ұш,
Қанаттарың
талмасын!
Егемен күн ақ тілегі –
көгершін!
Егемен күн ақ тілегі –
көгершін,
Бақыт құсы екеніне сенесін.
Ақ тілекті арқалаған өзіңмен,
Қазақстан гүлдей берсін,
көгерсін!
Бар әлемге жариялап теңдікті,
Таныта бер шындық пенен өрлікті
Қаруланған сан дұшпанның
қасында,
Пәк тілекті адал құсым, сен
мықты!
Самға, самға қанатын еш
талмасын,
Бейбіт құсы мәңгі биік
самғасын.
Аппақ пейіл, армандаған ниетін,
Жер бетінде енді соғыс
болмасын!


Бозторғайым
Бозторғайым, әндетші маған
үніңмен,
Тыңдаймын сені өзімнің
жан-тәніммен.
Дауысыңды аңсадым мен талай күн
Әсем сазды ұмытқандай күнімен.
Ғажап әнді тыңдаймын мен
көңілмен,
Тасқын судай мөлдіреген күнімен
Алтын саздан күй төгіліп,
тербеліп,
Жайланамын сол мезетте өзіммен.
Бозторғайым шырылдаған үніңнен,
Тамсанады бүкіл әлем тек
сенен
Таңқалады табиғат та тербеліп,
Асыл әлем жанданғандай жерінен
Қарлығашым – қанатты
досым
Су
себелеп қанатымен әрдайым,
Қарлығаш боп барша жанды
қорғайын
Зұлымдықтан айырылсын қанатым,
Жақсылық деп жан ұшырып
тонбайын.
Жүрегі пәк, сырты қара болса
да,
Мейірім бар кеудесінде қаншама,
Масалардың әшкерелеп тірлігін,
Әділдікті паш етеді жар сала.
Не болар еді қарлығашым
болмаса,
Жауыздыққа тосқауылын қоймаса,
Жердің бетін айдахарлар
басқарып,
Сәбилерді жалмар еді сол маса.
Тектен текке жаралған зат жоқ
екен,
Жақсылығын жақсылардың жар
етем.
Біз білмейтін кіп-кішкентай бұл
құстың,
Өнегелік әрекеті көп екен...

Мендік көңіл өздеріңді
қияр ма?!
Күні кеше келіп ең ғой әндетіп,
Ал
бүгін күз, тұрғандай бір мән кетіп,
Сендерменен самғап ұшқан
құстарым,
Кең
даламнан бара жатыр сән кетіп.
Мендік көңіл өздеріңді қияр ма,
Сағынышым көкірегіме сияр ма?!
Қанаттарын талмай қағып әрдайым
Армандарға жетелейсің, қиялға.
Еске алумен жүрген кезде
өткенді,
Тарқата алмай реніш пен
өкпемді.
Сендер үшін бар айнала
жанданып,
Қуанышпен қарсы алармыз
көктемді...

Махаббаттың символы
Тазалық пен сұлулықтың белгісі,
Аққу құсым – махаббаттың киесі.
Ақындардың жырларына шабыт боп,
Аты
аңызға айналған құс төресі.
Иір
мойын, тәкәппар қанатты құс,
Аққуға айтылған да аңыз да көп.
Көк
аспанға тербеле самғағанда,
Аққудың келбетіне таң қаласыз.
Көл
бетінде жүзеді сән келтіріп,
Бір
өзінде шынайы әдемілік
Махаббаттың дәлелі аққу құсты,
Аялайық, өмірге мән келтіріп...
