Еркинова Жанна
Еркиновна
музыка
пәнінің мұғалімі
«Балқаш
қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ
«Қош, келдің –
Наурыз!» музыкалық викториналық
сабақ
Сынып: 4 б
сынып
Тақырыбы:
Қош, келдің
–Наурыз!
Мақсаты:
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлай
отырып Наурыз тақырыбындағы
ән-жырлар, би арқылы
оқушыларға Наурыз мейрамының мән-мағынасын
түсіндіру;
Тәрбиелік
мәні: Топтық жұмыс жасай
отырып, Наурыз әндерін үйрету
арқылы
оқушыларды салт дәстүрді сүйе
білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
мәні: Оқушылардың ой-өрісін,
есте сақтау қабілетін,
шығармашылық
қабілетін дамыту және ән айту
дағдысын қалыптастыру;
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, талдау,сыни
тұрғыдан
стратегияларын
пайдалану;
Көрнекіліктер:
«Наурыз тойы» сурет галлереясы, домбыра,
кеспелер, маркерлер.
Сабақтың өту
барысы:
Оқушылардың
қызығушылығын ояту.
Оқушылармен «Сәлем,
тәжім» би қимылдары арқылы
амандасу.
Психологиялық
дайындық.
Ұйымдастыру:
Оқушыларды
түгелдеу.
Өткен сабақты топпен
қайталау.
Үй тапсырмасын сұрау, жекелей
бекіту.
Жаңа
сабақ: Күй ойналып тұрады.
Арнайы дайындалған парақшада «Айтыс», «Ән», «Күй», «Жыр» деген
жазулары бар кеспелер әр топтың алдына
беріледі.
Топ басын сайлап алу,
өңір белгілерін тағу.
1 тапсырма: Осы тірек
сөздері арқылы әңгіме құрастыру, өз болжамдарын жасау ұсынылады.
Әрбір топ мүшесі жазғандарын топпен талқылайды. (3
минут)
1 топ 2 топ 3 топ 4
топ
Наурыз ... Наурыз...
Мереке... Той....
Ұлыс күні... Думан...
Наурыз көже ...
Алтыбақан....
Айтыс... Терме... Ақ
әже... Жаңа күй....
Той... Дәстүр... Ән...
Ойын....
Мұғалім:
- Наурыз
тойында ұлттық ойындар ойналып, ең негізгісі наурыз көже асылып,
барлық халық мәре-сәре күйге еніп, бір-бірімен көрісіп жатады екен.
Атпен ойналатын ұлттық ойындар ойналады екен. Олай болса, кең
даланы әсем күймен суреттеген Құрманғазы Сағырбайұлының күйін
тыңдап көрейік.

2.
Музыка тыңдау: Құрманғазы «Көңілашар» күйін тыңдау,
талдау.
-
Күйді тыңдағанда қандай
сезімде болдың?
-
Күй қалай
орындалды?
-
Қандай аспапта
орындалды?
-
Күй тыңдағанда көз алдыңа
не елестеттің?
Мұғалім: Енді орнымыздан
тұрып сергіп жіберейік.
3. Сергіту
сәті: «Қара жорға» әуенімен
қазақ биінің қимылдарын көрсетіп
билеу.
4. Ән үйрету:
«Наурыз-көктем» әнін
үйрету, орындау.
1. Наурыз-көктем әкелді
таңнын шуағын
Наурыз-көктем әкелді таудың
бұлағын
Наурыз-көктем жайнайды далам
гүлдері
Наурыз-көктем алма ағаштары
гүлдеді
Қайырмасы:
Наурыз-көктем, шуағын төккен 2
рет
Әкелді байлық
еліме
Наурыз-көктем асығып
жеткен
Әкелді бақыт
жеріме
2. Наурыз-көктем
молшылық, байлық, береке
Наурыз-көктем асығып жеткен
мереке
Наурыз-көкте думанды тойда
қалайық
Наурыз-көктем қосылып әнге
салайық
Қайырмасы:
Наурыз-көктем, шуағын төккен 2
рет
Әкелді байлық
еліме
Наурыз-көктем асығып
жеткен
Әкелді бақыт
жеріме
Дәптермен
жұмыс:
Викториналық
сұрақтар:
р/с
|
Викториналық
сұрақтар
|
Иә
|
Жоқ
|
1
|
Наурыз көженің құрамы
жеті және одан көп қоспадан тұра
ма?
|
+
|
|
2
|
Наурыз мейрамын қазақ
ұлты ғана тойлай ма?
|
|
+
|
3
|
Наурыз күні күн мен түн
теңеседі ме?
|
+
|
|
4
|
Құрт, қазы- қарта,
бауырсақ, талқан, шұбат, қымыз қазақ ұлтының тағамы
ма?
|
+
|
|
5
|
Асық ойыны, теңге алу,
жамбы ату, қыз қуу, көкпар, арқан тартыс, алтыбақан, ақ сүйек
қазақтың ұлттық ойындары ма?
|
+
|
|
6
|
Домбыра үрмелі аспаптарға
жатады ма?
|
|
+
|
7
|
«Қара жорға» биі буын
биіне жатады ма?
|
+
|
|
Ой-толғаныс:
«Галереяға саяхат» стратегиясы
қолданылады.
Галереяға саяхаттаудың
мақсаты: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, суреттеу,
қорытындылау.
Арнайы дайындалған
плакаттарға Наурыз туралы алған білімдерін суреттеп салады немесе
жапсырма қағаздарға өз пікірлерін жазады. Әр топтан бір оқушы шығып
жасаған жұмыстарын тақтаға іліп
талқылайды.
Жаңа сабақты
қортындылау:
Бүгінгі сабақта біз
ұлттық Наурыз мейрамымыз туралы көптеген мағұлматтар
алдық.
Бұл күні адамдар
бір-біріне жақсы тілектер айтылатынын білдік. «Наурыз құтты
болсын!», «Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсын!» дей келе сабағымызды
аяқтаймыз.
Оқушыларды
бағалау.
Үйге
тапсырма: «Наурызым – көктем» әнінің сөзін
жатату.
Наурыз тойы тақырыбына шағын
эссе жазып келу.