Материалдар / «Қош, келдің – Наурыз!» музыкалық викториналық сабақ жоспары

«Қош, келдің – Наурыз!» музыкалық викториналық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2018
1105
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Еркинова Жанна Еркиновнамузыка пәнінің мұғалімі«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ «Қош, келдің – Наурыз!» музыкалық викториналық сабақ

Сынып: 4 б сыныпТақырыбы: Қош, келдің –Наурыз!Мақсаты: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлай отырып Наурыз тақырыбындағы ән-жырлар, би арқылы оқушыларға Наурыз мейрамының мән-мағынасын түсіндіру;Тәрбиелік мәні: Топтық жұмыс жасай отырып, Наурыз әндерін үйрету арқылы оқушыларды салт дәстүрді сүйе білуге тәрбиелеу.Дамытушылық мәні: Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту және ән айту дағдысын қалыптастыру;Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, талдау,сыни тұрғыдан стратегияларын пайдалану;Көрнекіліктер: «Наурыз тойы» сурет галлереясы, домбыра, кеспелер, маркерлер.Сабақтың өту барысы: Оқушылардың қызығушылығын ояту.Оқушылармен «Сәлем, тәжім» би қимылдары арқылы амандасу.Психологиялық дайындық.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгелдеу. Өткен сабақты топпен қайталау. Үй тапсырмасын сұрау, жекелей бекіту.Жаңа сабақ: Күй ойналып тұрады. Арнайы дайындалған парақшада «Айтыс», «Ән», «Күй», «Жыр» деген жазулары бар кеспелер әр топтың алдына беріледі.Топ басын сайлап алу, өңір белгілерін тағу. 1 тапсырма: Осы тірек сөздері арқылы әңгіме құрастыру, өз болжамдарын жасау ұсынылады. Әрбір топ мүшесі жазғандарын топпен талқылайды. (3 минут) 1 топ 2 топ 3 топ 4 топНаурыз ... Наурыз... Мереке... Той....Ұлыс күні... Думан... Наурыз көже ... Алтыбақан....Айтыс... Терме... Ақ әже... Жаңа күй....Той... Дәстүр... Ән... Ойын.... Мұғалім:- Наурыз тойында ұлттық ойындар ойналып, ең негізгісі наурыз көже асылып, барлық халық мәре-сәре күйге еніп, бір-бірімен көрісіп жатады екен. Атпен ойналатын ұлттық ойындар ойналады екен. Олай болса, кең даланы әсем күймен суреттеген Құрманғазы Сағырбайұлының күйін тыңдап көрейік. 2. Музыка тыңдау: Құрманғазы «Көңілашар» күйін тыңдау, талдау.
  • Күйді тыңдағанда қандай сезімде болдың?
  • Күй қалай орындалды?
  • Қандай аспапта орындалды?
  • Күй тыңдағанда көз алдыңа не елестеттің?
Мұғалім: Енді орнымыздан тұрып сергіп жіберейік.3. Сергіту сәті: «Қара жорға» әуенімен қазақ биінің қимылдарын көрсетіп билеу.4. Ән үйрету: «Наурыз-көктем» әнін үйрету, орындау.1. Наурыз-көктем әкелді таңнын шуағын Наурыз-көктем әкелді таудың бұлағын Наурыз-көктем жайнайды далам гүлдері Наурыз-көктем алма ағаштары гүлдедіҚайырмасы: Наурыз-көктем, шуағын төккен 2 рет Әкелді байлық еліме Наурыз-көктем асығып жеткен Әкелді бақыт жеріме2. Наурыз-көктем молшылық, байлық, береке Наурыз-көктем асығып жеткен мереке Наурыз-көкте думанды тойда қалайық Наурыз-көктем қосылып әнге салайықҚайырмасы: Наурыз-көктем, шуағын төккен 2 рет Әкелді байлық еліме Наурыз-көктем асығып жеткен Әкелді бақыт жерімеДәптермен жұмыс:
  • Дәптерге әннің сөзін жазу;
  • Жеке жұмыс;
  • Топпен бекіту;
Викториналық сұрақтар:
р/сВикториналық сұрақтарИәЖоқ
1Наурыз көженің құрамы жеті және одан көп қоспадан тұра ма?+

2Наурыз мейрамын қазақ ұлты ғана тойлай ма?

+
3Наурыз күні күн мен түн теңеседі ме?+

4Құрт, қазы- қарта, бауырсақ, талқан, шұбат, қымыз қазақ ұлтының тағамы ма? +

5Асық ойыны, теңге алу, жамбы ату, қыз қуу, көкпар, арқан тартыс, алтыбақан, ақ сүйек қазақтың ұлттық ойындары ма?+

6Домбыра үрмелі аспаптарға жатады ма?

+
7«Қара жорға» биі буын биіне жатады ма?+



Ой-толғаныс: «Галереяға саяхат» стратегиясы қолданылады.Галереяға саяхаттаудың мақсаты: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, суреттеу, қорытындылау.Арнайы дайындалған плакаттарға Наурыз туралы алған білімдерін суреттеп салады немесе жапсырма қағаздарға өз пікірлерін жазады. Әр топтан бір оқушы шығып жасаған жұмыстарын тақтаға іліп талқылайды. Жаңа сабақты қортындылау: Бүгінгі сабақта біз ұлттық Наурыз мейрамымыз туралы көптеген мағұлматтар алдық.Бұл күні адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтылатынын білдік. «Наурыз құтты болсын!», «Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсын!» дей келе сабағымызды аяқтаймыз.Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма: «Наурызым – көктем» әнінің сөзін жатату. Наурыз тойы тақырыбына шағын эссе жазып келу.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ