Материалдар / «Қош келдің, алтын күз!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қош келдің, алтын күз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
бала - бақша тәрбиеленушілеріне қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2020
1337
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қош келдің алтын күз!»

Мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй қалыптасады, сахнада еркін сөйлейді, ән және ырғақ орындаушылыққа дағдыланады.

Атрибуттар: тақырыпқа сай безендірілген сахна, жемістер мен көкөністер, жапырақтар, шарлар т.б

Репертуар: 1. Ән: «Егінді жинаймыз» 2.Ойын : «Дәмінен ажырат» 3. Тақпақтар 4. Би: «Қолшатыр» 5. Ойын: Сәбіз жина 6. Ән: «Егінді жинаймыз» 7. Би: «Жапырақтар»


Сахна мерекеге сай безендіріледі. Көңілді музыканың ырғағымен балалар залға кіріп, жарты шеңбер құрып, ырғақты би қимылдарын жасайды.

Армысыздар, құрметті қонақтар және менің кішкентай өнерпаздарым, бүгінгі күз мерекесіне арналған «Қош келдің алтын күз!» атты ертеңгілігіміз бастауға рұқсат етіңіздер!


Жүргізуші:

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Судырап түседі.

Үстінде егінжай,

Салқын жел соғады.

Гүл, жапырақ, шөптер де,

Қуарып солады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауабы: (күзде)

Жүргізуші:

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Күзде жапырақтар сарғайып, жерге түсіп, айнала сары түске боялады. Көкөністер мен жемістер пісіп, береке орнайды. Олай болса ортамызға «Күз ханшайымын» шақырып алайық.

Залға сазды әуенімен «Күз ханшайымы» кіреді.

Күз ханшайымы:

Амансыңдар ма балалар!

Ерінбестен еңбек етіп келетін.

Еңбекшіге бар жемісін беретін,

Мен- Алтын күз, ынтымақты еліме

Берекелі ырыс болып енетін.

Жүргізуші:

Қош келдің Алтын күз! Балалар сізді асығып күтіп отыр. Сізге арнаған әндері бар қабыл алыңыз!

Күз ханшайымы:

-Рахмет балалар!

Жүргізуші:

Әсем әуен салдырған,

Сәбилерде алғыр жан.

Бал дәуреннің қызығы,

Есте қалар балдырған-деп кезегімізді балаларымыздың сізге арнаған әніне берейік.

Ән: «Егін жинаймыз»

Күз ханшайымы:

-Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын, өзіммен бірге піскен жемістерімді ала келдім. Күзде қандай жемістер піседі, білесіңдер ме? (алма, алмұрт, жүзім т.б).

-Балалар мен сендермен бірге «Дәмін ажырат» деген ойын ойнағым келіп тұр. Сендер ойын ойнағыларын келеді ме?

Балалардың жауабы:

-Иә, ойын ойнағымыз келеді.

Ойын: «Дәмін ажырат»

Шарты: жемістің дәмін татып көріп, қандай жеміс екенін, айтады.

Күз ханшайымы:

-Жарайсыңдар, балалар менің жемістерімді жақсы ажыратып бердіңдер. Жүргізуші:

Табиғат-Ана ғой,

Тағдыр ғой күз деген

Тыныштық бұзылма,

Үмітті үзбеген- деп кезекті балаларымыздың күз туралы өлең шмақтарына берсек.

Айлин:

Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Альфия:

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет тамаша,

Қандай әсем күз!

Иса:

Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Айзере:

Жемісті мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Жүргізуші:

-Жарайсыңдар балалар, тәтті тілдеріңмен «Күз ханшайымын» елжіретіп жібердіңдер. Күз ханшайымы:

-Иә, рахмет балалар!

Жүргізуші:

-Балалар, енді біз күз ханшайымға арнап біздің кішкентай қыздарымыздан би сұрасақ қайтеді.

Күз ханшайымы:

-Қандай керемет!

Би: «Қолшатыр»

Осы кезде залға қуыршақ келеді.

Қуыршақ:

-Сәлем балақайлар! Мұнда не болып жатыр? Айнала құлпырып кетіпті.

Жүргізуші:

-Иә, қуыршақ бүгін балалар күз мерекесін тойлап жатыр, саған арнап ән айтып берсін.

Ән: «Қуыршақ»

Қуыршақ:

-Рахмет балалар, бұл жер көңілді екен!

Жүргізуші:

-Балалар, қане бәріміз тыңдайықшы, бізге біреу келе жатқан сияқты.

Осы кезде қонаққа қолында үлкен сәбізі бар қоян келеді. Балалармен амандасады.

Қоян:

-Сәлем достар!

Ұзын құлақ қоянмын,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірдім.

Қарай қалсам артыма,

Қиығын салып көзімнін.

Тойлап жатқан мереке,

Достарым екен өзімнін.

-Сендердің дауыстарыңды естіп, бірден осы жаққа келдім. Менімен ойын ойнағыларын келеді ме? Қоян балаларға сәбіз жинау ойынын ойнатады.

Ойын: «Сәбіз жинау»

Шарты: жерде жатқан жемістердің ішінен, себетке тек қана сәбіздерді жинап салу керек.

-Жарайсыңдар балалар, өздерің шапшаң, епті екенсіндер.

Жүргізуші:

-Балалар енді біз қоянға өлең шумақтарын айтып берейік.

Інжу:

Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Мансұр:

Жапырақ ұшты,

Суықта түсті.

Сондада бізге,

Қызық көп бізге.

Кәусар:

Қайырымды күз келді,

Тартуы көп тиісті.

Шабдалы бар алқызыл,

Алмасы хош иісті.

Қоян:

-Рахмет балалар, өздерін өнерлі екенсіңдер, мен себетімді сәбізге толтырып алдым, енді қыстан қорықпаймын, енді мен қайтайын. Сендермен уақыт көңілді өтті.

Қуыршақ:

-Қоян мен саған көмектесейін, себетін ауыр сияқты. (қуыршақ пен қоян шығып кетеді)

Жүргізуші:

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналанын бәрі алтын-деп «Күз ханшайымы» сендерге алтын жапырақтарын ала келіпті.

Күз ханшайымы:

-Иә балалар мен сендермен жапырақтар биін билесем деп тұрмын. Би: «Күзгі жапырақтар»

Күз ханшайымы:

-Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!

Жүргізуші:

Күз ханшайымынын сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.

Құрметті қонақтар, бүгінгі «Қош келдің алтын күз!»-атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!