І.
Бейнесюжет: «Наурыз күйбеңі»
ІІ. «Сүгірдің термесі» әуеніне
жазылған той бастар (Нұрдаулет)
-Кел, Наурыз, тарихымдай ғұрпым
асыл,
Ақтарып тереңдерден жыр
тумасын.
Ұлыстың Ұлы күні жыл басы
боп,
Қөңілдің құсын көкке
ұшырасың!
Наурызым, сәби үні
шаттығымсың
Өмірге нәр беретін
бақ-нұрысың
Ақсарбас шалып ылғи қарсы
алатын
Мақтанамын ұлтымның салты
үшін
Жүргізуші-1:
Еңбектің
мерекесі, Самарқанның көк тасы жібитін көктемнің шуақты шағымен
тұспа-тұс келетін мерейлі мереке, Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын,
халайық!
Бүгін
алты ай қыс ақ шапанын айқара жамылып жатқан сайын далада алғашқы
бәйшешек бүр жарып, көңіл көлін көктем самалы әлдилейтін күн. Бұл
күн уыздай ұйыған тыныштық пен бірліктің бастау
бұлағы.
ІІІ.
(9 а төс қағыстыру, сәлемдесу- Ержан, Азамат)
-
Ұлыс оң болсын!
-
Қайда жүрсең жол болсын!
-
Ақ мол болсын!
-
Әз-Наурыз жақсылық әкелсін!
-
Ылайым бірлік-береке арта берсін!
-
Шуақты күндеріміз көп болсын!
-
Еліміз дін аман, бауырымыз бүтін
болсын!
Жүргізуші-2:
Иә, Наурыз әр үйге ізгі
тілекпен келеді. Наурызда «Жақсылыққа жақсылық, әр адамның ісі,
жамандыққа жақсылық, нар адамның ісі», «Ұлыстың күні алдыңа келсе,
атаңның құнын кеш» деген нақылдарды жалау еткен ақсақалдар араға
жік түсіп, ренішті болған адамдарды, ағайын, дос-жарандарды бір
дастарханнан дәм таттырып татуластырып отырған.
Жүргізуші-1:
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз –
шарамызға келген өнерпаз Айдана аруымызды «Қазақтың
дәстүрлері-ай» әнімен
(ІҮ) ортамызға
шақырамыз!
Жүргізуші-2:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
Жүргізуші-1: Бұл күні Қызыр ата әр
шаңырақтың табалдырығын аттап, тәуелсіз елдің әр отбасына
береке-бірлік, таусылмас ырыс, шуақ шашқан шапағат пен қуатты
денсаулық тілеп мінәжат етері даусыз. Ата төрге
шығыңыз!
Жүргізуші-2:
Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан
ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
Ү. 10 сынып («Жарапазан»
салтын таныстыру)
Жүргізуші-1:
«Алаш! Алаш!» деп айбатын асырған ер қазақ,
«Абылайлап» ел шақырған өр қазақ, «Қара қазан, сары баланың қамы
үшін» деп ұран салған нар қазақ, кейінгі кеңес дәуірінде кетеуі
кетіп, бүкіл барынан да, нарынан да айырылып жадап-жүдеген, жарлы
қазақ енді қайтіп амалдаймын, аман қалам ба, қалмаймын ба, ел
қатарына қалай қосылсам, мені жарылқап жебейтін жарық әлемде кім
бар деп қамыққанда, талпынғанда қармаған талының бір бұтағы Ұлыстың
ұлы күні, тіршіліктің басы, исі түркі халықтарына ортақ әрі төл
мейрамымыз Наурыз болды емес пе? Ендеше ләңгі ойыны не үшін қажет?
Сыры неде? 10-сынып ұлдарына кезек береміз
ҮІ. «Ләңгі» ойыны
Жүргізуші-2:
Өлең өрлеп, жыр самғай,
Үйлесті әсем сәніміз.
Болады екен жыл сондай-
Қандай болса Наурыз!
Жан қалмасың жай тұрған,
Мәз болсын жас кәріміз.
Күй шертілсің, ән айтып,
Би билейік бәріміз. Бауырлас
ұйғыр халқы тойымызға үлес қосуда.
(ҮІІ. Ұйғыр биі 9 а –
Аружан, Камила)
Жүргізуші-1:
Ұршық деген не? Кім біледі? Ендеше
ежелгі салтты жаңғырту үшін ортаға 11 сыныпты
шақырамыз!
Жүргізуші-1: Ал, халайық, жүріңіздер,
естеріңізге сала кетейік, жаңа ғана басталып жатқан қызықтардың
ішінде арқан тартыс ойыны да бар. 11 сынып оқушыларын
шақырайық! ҮІІІ. Арқан тартыс – КТК-
«Әже» - бата
Жүргізуші-2: ІХ. «Жанды
микрофон»
не, соны айтып
берші?
алмай, қылаулап жауған жұқа
қар.
-
Екінші сауалым: «Отамалы» дегеніміз
не?
-
Отамалы – 15 наурызда кіріп, 17 наурызда шығатын
амал. Бұл амалдың
жақсылық пен жамандыққа
бағынуына қарай халқымыздың «Отамалы от
алғанша, керегенің басынан
шот алғанша», «Отамалы отамалыдан қалған
ата малы» деп берген мәтел
бар.
-
Үшінші сауалым: Үт дегеніміз не?
-
Үт – саңылау, тесіктен үйге
түскен күн сәулесінің тозаңдануын, қазақ үт
кірді деп
есептейді. «Үт кірді, үйге құт кірді» деген қазақ мәтелінде үлкен
мән бар.
Жүргізуші-1: Х. Бүгінгі дүбірлі
тойымызда Әз-Наурызды жырға қосқан Асель және Жанна да
ортамызда.
Бәйшешектей қар астынан
табылған
Бар халықты қуанттың сен
Наурыз
Келер күннен бар үміті
табылған
Көңілдерді жұбаттың сен
Наурыз
Тоғыз түрлі дәмнен жасап
көжесін
Оған баптап құрт қатады
әжелер
Мезгіл ғой бұл жинап алар ел
есін
Ырзық болар тұқымынды еге
бер
Даңқын жетсін болашаққа
зорайып
Береке мен құт әкелсін
Наурыз
Ағарғаным көл суындай
молайып
Қарық болсын халқың мынау
Наурыз!
Жүргізуші-1: Ұмыт қалып бара жатқан
салт-дәстүрлер туралы не білеміз? 9 ә сыныбын ортаға
шақырамыз. ХІ.
«Байғазы»
Жүргізуші-2: «Кім тапқыр? Біз тапқыр? Кім
зерек? Біз зерек?» - ендеше ортаға қызықты ойындар авторы Альбина
Саматқызын шақырамыз сөз тізгіні өзіңізде!
ХІІ-ХІІІ. Әріптер, суреттер
ХІІ.
Дабылшы (Ансар)
Тыңдаңыздар,
тыңдаңыздар!
Ұлыс тойы
басталды
Наурыз туын
көтеріп
Жар салайық
әлемге
Көрмегендер
көріңдер
Естімегендер
естіңдер
Шақырамыз
бәріңізді
Ұлыстың ұлы
күніне
Жиналыңдар алаңға
Кешігіп одан
қалмаңдар
Күміс көмей
әншілер
Мың бұралған
бишілер
Балтыры
жуан палуандар
Құралайды көзге атқан
мергендер
Жез таңдай
шешендер
Қара
қылды қақ жарған көсемдер
Он саусағы алтын
шеберлер
Бәрің де сынға
түсіңдер
Жүзден жүйрік, мыңнан
тұлпар
Озып шыққан
дүлдүлге
Үлкен-үлкен сый
бар!
ХІҮ. «Қазақстан барысы»
мультфильмі
Жүргізуші-1: Қол күресі басталды! Гір
тасынан кім сынға түседі? Жиналыңыздар!
ХҮ-ХҮІ. 11
сынып
ХҮІІ. Қошқар мен
теке
Жүргізуші-2: Айтыс басталды! Айтыс басталды!(ХҮІІІ.
Жаңылсын, Шынар)
1 - Бәйгеден келген жүйрік
жарар еді
Сүзілтіп жал-құйрығын тарар
еді
Жыл атын
биылғы жылғы айтып берсең
Көкейге қонып өшпей қалар
еді
2- Қонғаны ауылымның ой
болады
Мереке жылда ойындай той
болады
Түйіп ал көкейіңе
ұмытпастай
Биылғы
кірген жылың доңыз болады
-
Сіз боп, біз боп жалпымен
Қадірімен,
парқымен
Наурыз тойын
өткердік
Ата дәстүр
салтымен
2 – Ой қосылып
ойыңа
Бой қосылып
бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер наурыз
тойына
Бірге - Осымен бұл қызықты
тәмамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба, жаман
болсақ
Үйрендік білмегенді осы
жолы
Тағы да үйренеміз аман
болсақ!
Жүргізуші-1: «Әу» демейтін қазақ жоқ
демекші, келесі кезекті бәрімізге танымал өнерпаз Нұрдаулеттің
қоржынан «Арман-ай» әніне берейік
ХІХ.(Нұрдаулет)
1-жүргізуші: Дана халқымыз «Батамен ел,
жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге
айтпаған ғой. Қанеки, Қыдыр
атамыздан Наурыз тойының ақ батасын сұрасақ
Қош, келіпсің,
аманмын!
Арман тойы ананың
Қуанышы ғаламның
Құтты болсын
қадамың!
Ардақтаңдар атаны
Тойсаңдар тасып,
бөспеңдер
Ал, тыңдаңдар,
батамды
Топастық істі
кешпеңдер
Ананың сүтін
ақтаңдар
Ар-ұятты
сақтаңдар
Жалқаулық жаудан
жаманды
Аңқау қып бұзар
наданды
Жеңіңдер оны
күреспен
Жеңіске жетер
бірлескен
Кең пейіл, дархан
халқымыз
Кеңейсін
дәстүр-салтымыз!
Бәрі бірігіп: Мың жасаңыз Қыдыр
ата!-дейді.
2-жүргізуші:Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа
шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын! Қыдыр баба әрбір
Қазақстан отбасына құт береке, молшылық
әкелсін!