ЖШС«БалДәуренШақ» балабақшасы
Мерекелік іс-шара
Тақырыбы:
«Қош
келдің, Жаңа жыл!»
Тәрбиеші: Усайнова
А.С
Алматы қаласы, 2020-2021 оқу
жылы
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Балапан» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып
кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(қол соғып киінген ата - аналар кіреді)
Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала
неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері
бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп
жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы
таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын
жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол
соғады)
Жүргізуші:
Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді
шырқайық.
Ән: «Шырша
жыры»
Жүргізуші:
Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
1 Бала: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
2 Бала: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа
жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші:
Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 -
рет
Аю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып
ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ
сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп,
осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы
көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.
(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)
Маша. – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю
шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп
кетіп бара жатады)
Жүргізуші:
Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге
болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)
Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік...
(деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш
шығады)
Күлдіргіш:
Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені
ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап
- қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа
жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар
ойнайыншы.
(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.
Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз
ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты
болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші:
Қош
келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Аяз
Ата»
3 Бала.
Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып.
4 Бала.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Ақшақардың
сұрақтары:
Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз..
«Ұлпақарлар» биі
Аяз ата:
Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Жүргізуші:
Иә,
ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Шаттық:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.
Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің
қоштасатын тышқан жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған
жоқсың ба? Балалар, доңыз қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді
ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы
алайық.
(жылтыр сандық ішінен доңыз билеп шығады)
Би: жылан - Елшат
- Ау, тышқанжан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың
ризашылықтарын тыңда.
(Ата - аналармен сұхбат.)
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
Ойын:
«Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол
аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші
жету қажет.
(алдымен ата - аналар, содан соң балалар)
Аяз ата: мына ата - аналар да мықты екен. Енді мен дем
алсам деймін.
Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда биші ата - аналарымыз да
бар. Тамашалайық!
Би: «Үнді
биі»
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс
жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да
ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің
сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да
балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,
өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын
бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа
жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет
өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың
алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын,
отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!