Материалдар / "Қош келдің жаңа жыл" ересек топта ертеңгілік.

"Қош келдің жаңа жыл" ересек топта ертеңгілік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға ертеңгілік ересек топтарға арналған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қош келдің Жаңа жыл!

СЦЕНАРИЙ БАЛАБАҚШАДА № 9 «Ақбота » ОРТА ТОП



Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.


Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар,тышқан,сиыр,қызыл телпек,қоян, аю, түлкі, мыстан кемпір, балалар.



(Әсем безендірілген залға балалар кіреді).


Жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын аталар,
Сергек ұрпақ өздеріңнен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Қара нарлар көтеріңдер жыл жүгін,
Соңдарыңнан ере берсін боталар

Армысыздар ардақты қонақтар! Сәлеметсіздер ме балалар!
Бүгінгі Жаңа Жыл мерекесіне
қош келдіңіздер!!!
Балалар,ортаға шығып «Жаңа Жыл» әнін орындап берейікші

Ән: «Жаңа Жыл»

(Ортаға бес бала жүгіріп шығады).

1 бала: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.

2 бала: Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.

3 бала: Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жыл да жаңа жыр.
Жасыл шырша жаныңда,
Жарқырап бар бала жүр.

4 бала: Қызық думан күн келді,
Жасыл шырша түрленді.
Аяз ата сүйіп терледі,
Үйге кірді төрледі.

Жүргізуші: Жамыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сол шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.

Бәрі бірге: Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл!

Би: «Көңілді би»

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы ортамызға ескі жыл - тышқан жыл келіпті

Тышқан жыл: Сәлеметсіздер ме балалар!
Балаларым, қарағым,
Күнім, нұрым, жанарым!
Орындалып ойларың,
Құтты болсын тойларын!
Балалар, міне сендермен қоштасатын кез келді. Жақсылап Жаңа Сиыр жылын қарсы алыңдар. Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылды қарсы аламыз ба?
Жүздеріне қуаныш нұрын төккен,
Балбұл жаңған беттерін аяз өпкен.
Айналайын, халайық, қарсы алыңдар,
Жаңа жылды асыға көптен күткен!

(Сиыр жылы кіреді)

Сиыр жылы: Армысыздар халайық
Бармысыздар, халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Сиыр жылымын. Мені шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет! Жаңа жылдарың құтты болсын!
Бүгін мен сендерге мына тұрған үйіміздің сиқырлы кілтін тапсыруға келдім.

Жүргізуші: Ал ол үйдің ішінде не бар екен?

Сиыр жылы: Оның ішінде көптеген балаларға арналған сыйлықтар бар.

(Жүргізушіге кілт тапсырады.)

Жүргізуші: Олай болса балалар шыршамызға іліп қояйық. Жаңа жыл кешінен кейін үйді ашамыз.

(Кілтті іліп қояды)

Сиыр жылы: Мен бүгін сендердің мерекелеріңді көріп тамашалайын,қандай өнерлерің бар екен?

Жүргізуші: Отырыңыз, сізге біздің балалар көптеген өнерлерін көрсетеді. Тамашалаңыз.

Балалар шеңбер жасап тұрады

Ән: «Келді, міне,Жаңа жыл!»



Келді, міне,Жаңа жыл!

Шаттық сыйлап әр үйге!

Жаңа бақыт, жаңа нұр,

Үлкен, кіші, сәбиге.


Жаңа жауған ақ ұлпа,

Қар жамылды даламыз.

Балаларды сағынта,

Келді Аяз атамыз.


Айдай ару Ақшақар,

Көмекшісі сол екен.

Аяз ата-ақсақал

Сыйлықтары мол екен!


Қандай сұлу шыршамыз,

Ортамызда тұр жайнап!

Жаңа жылда баршамыз,

Шаттанайық, кел, ойнап!

Жүргізуші: Өте жақсы балалар. Сендердің «Ертегілер еліне» барғыларың келе ме?

Балалар: Ия.

Жүргізуші: Балалар көзімізді жұмып 3-ке дейін санаймыз. Көзімізді ашамыз балалр қараңдаршы «Ертегілер елінің» іші тыныш, неткен керемет әдемілік!

(Осы кезде қызыл телпек кіреді)

Қызыл телпек: Сәлем балалар. Сендер мені таныдыңдар ма?

Балалар: Сәлеметсіз бе! Сіз ертегідегі Қызыл телпексіз.

Қызыл телпек: Балалар, біздің «Ертегілер еліне» қош келдіңіздер»! Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешіп көріңдер.

Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бір – ақ асады. Бұл не?

Балалар: Қоян

(Осы кезде қоян секіріп кіреді)

Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қай ертегідегі қоянмын? Қалай ойлайсындар?

Балалар: Бауырсақ ертегісіндегі қоянсың.

Қоян: Жарайсыңдар балалар,ал сендер қоян туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар бірге: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді.

Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Тағы бір жұмбақ жасырайын.

Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Бұл кім?

Балалар: Аю

(Қорбаңдап аю келеді.)

Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен қай ертегіден келдім?

Балалар: Сіз «Маша мен аю» ертегісіндегі аюсыз

Аю: Өте дұрыс. Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер. Ал аю туралы тақпақ білесіңдер ме?

Балалар: Алып батыр балпаңмын
Ақ ниетім дарханмын.
Басқа аңға тимеймін,
Балпаң, балпаң билеймін

Қызыл телпек: Қандай тамаша.Тағы жұмбақ шешесіңдер ме? Қай ертегі екенің таба білесіңдер ме? Ал «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақты кім жеп қояды?Өзі айлакер, қу.

Балалар: Түлкі

(Осы кезде майысып түлкі келеді.)

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен түлкімін. Жаңа жыл мерекесіне келдім. Маған арналған тақпақты айтып беріңдерші.

Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ол енді
Шырқатайық ән – жырды,
Шырқатайық өлеңді.

Би: «Аңдар биі»

Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Бәрі ертегілерді біледі екенсіңдер.Ал маған сендермен жаңа жылды қарсы алуға болады ма?

Балалар: Ия.

Жүргізуші: Отырңыз Қызыл телпек. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
Ақсақалды шал жылына
Бір – ақ рет келеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді. Ол кім?

Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

(Оның орнына сыпырғышпен Мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.)

Мыстан кемпір: Ой, қандай керемет шырша! Қандай әдемі, үйге алып кетейін бе?

(Шыршаны жұлмалай бастайды.)

Жүргізуші: Тиіспеңіз, бұл біздің шыршамыз. Бүгін Жаңа жыл мерекесі.

Мыстан кемпір:Ойланып. Жарайды шыршаға тиіспеймін. Бірақ сендер менің бір жұмбағымды шешіңдер. Балалар шеше ала ма екен?

(Қалтасынан кәмпиттерін алып шығады, оның ішінде жұмбақ жасырулы.)

Бірінші жұмбақта таппайды;

Екінші жұмбақта кәмпит табылады;
Үшінші жұмбақты балалар шешеді


(Мыстан кемпір ашуланып, шыршаның үстіндегі сиқырлы кілтті көріп қояды. Әрі – бері жұлмалап шыршадан кілтті алып, үйді ашпақшы болады.)

Мыстан кемпір: Кәне ашып көрейін, ішінде алтын бар шығар.

Жүргізуші: Балалар қане қатты үрлеп боран тұрғызайық.

(Балалар үрлейді.Әне – міне ашам дегенше далада боран соғып, мыстанды боран алып кетеді. Кілт қалып қояды.)

Би: «Шырша» биі.

Жүргізуші: Балалар, тағы да көрейік аяз атаны шақыруға.

(Балалар аяз атаны шақырады. Аяз ата кіреді.)

Аяз ата: Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,
Құттықтаймын бәріңді
Жасым келіп қартайған
Мен ақ шашты атамын.
Өздерің сияқты балалардың шат күлкілі думан тойын аралап келемін. Міне сендердің орталарыңа да жеттім.
Ау бүлдіршін қыздарым
Жас жеткіншек ұлдарым.
Қандай жақсы жүздерін,
Қуанышты силайын.

(Ортаға балалар шығып тақпақтарын айтады)

1 бала: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жалын қойдық жарық қып,
Шыршамызға шам іліп.

2 бала: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.

Жүргізуші: Шеңберге тұрып Аяз атаға әнімізді шырқайық

Ән: «Аяз ата»

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Өлең – жырларына көп рахмет.

Жүргізуші: Аяз ата мен сізге сиқырлы кілтті ұсынайын.
Жүргізуші кілтті ұсынады. Аяз ата үйді ашады. Қаптың ішінен сыйлық беретін кезде мыстан кемпір шығады.

Мыстан кемпір: Ку- кук. Мен мұндамын. Күтпедіңіздер ме?

Аяз ата: Мыстан кемпір не істеп жүр қапшықтың ішінде?

Сиқырлы таяқшасымен айналдырады

Аяз ата: Бір, екі, үш!!!
Сиқырлы таяқша
Бер қапшыққа күш!!!

(Осы кезде Мыстан кемпір Ақшақарға айналады.)

Жүргізуші: Қандай керемет! Сәлеметсіз бе Ақшақар

Ақшақар: Келді міне Жаңа жыл
Қуанышпен біздерге
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді!

Аяз ата: Қызым кәне шыршаны жағайық. Балалар сендердің көмектерін керек. Бәріміз бірге «Шырша шамы жарқыра» деп айтайық.

(Шырша жанады)

Аяз ата: Жаңа жылға арналған
Кімнің қандай әні бар?
Айналайық шыршаны,
Кімнің қандай сәні бар?

Ән: «Шырша»

1

шырша тауда туыпты

шырша тауда өсіпті

енді бізге қонаққа

жасыл болып келіпті


қайырмасы:

шырша, шырша шыршамыз

әнге қосылшы

шырша, шырша шыршамыз

биге қосылшы


2

ойыншықтар тізілген

шырша бізге қарап тұр

қандай жақсы керемет

мерекеміз жаңа жыл

Аяз ата: О...Қандай керемет. Рахмет сендерге. Ал балалар ойын ойнайық.

Ойын: «________________________»

Би: «Ақша қарлар»

(Сағат соғысы.)
Аяз ата, Ақша қар, Қызыл телпек, аңдар сыйлықтарды шанамен алып келеді.балаларға таратты.
Аяз ата: Бізге де қайтатын уақыт келді. Жаңа жыларын құтты болсын!!!Жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт, шаттық, қуаныш әкелсін. Қош – сау болыңыздар!!!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген баршаңызға мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!







08 Желтоқсан 2020
464
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі