Материалдар / “Қош келдің, Жаңа жыл!” ертеңгілігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

“Қош келдің, Жаңа жыл!” ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін Бәрімізге мына жыл арайлы! Құтты болсын ағайын! Жаңа жылың тағы да Қол соғып қарсы алайық Шақырайық ортаға Ертеңгілік басталсын «Жұлдызша» тобында! (балалар келіп шыршаны айналып тұрады) Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық. Ән: «Шырша жыры» Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға арналған тақпақтарымызды айтайық. Саят: Тамаша, тамаша Шыршамыз тұр жараса Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса Димаш: Ақ жапты даланы Ақ жамылды айнала Жарқыратып шамдарын, Шырша келді ортаға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2023
210
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«
Жұлдызша» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші:
Ендеше, шыршамызға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Саят: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

Димаш: Ақ жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.



Азиза: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне, сұлу шыршамыз, ,.

Көптен күтіп сағынған.


Рабина: Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз бәрінде

Әкемізді, анамызды,

Құттықтаймыз бәрінде.



Әмина Ш. Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.


Досжан: Жаңа жыл, жаңа жыл, Данияр: Қараңдар мынау шыршаға, Жаңа жылды жаңа жыр. Неткен әсем көрікті,. Жасыл шырша жанында, Жаңа жылдық думанға, Билеп барлық бала жүр. Аяз ата келіпті.


Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жа
уабы) Аяз Ата.
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
Аю: - Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді..
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: - Иә, Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.
Жүргізуші: Ортаға кишкентай кожықтарымызды шақырайық. «Қонжықтар биі»
Жүргізуші: Балалар қайтадан Ачзатаны шақырайық кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Аяз Ата: Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші:
Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.

Балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Ән: «Аяз Ата»
Жүргізуші:
Ендеше Ачзатаға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Хадиша: Жылдың әнін бастайтын

Аяз –ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Ибрахим:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Гүлім:
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.
Жүргізуші: «Шыршалар» биі
Аяз ата:
Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.

Ойын:
Қоян
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Жүргізуші: «Гномиктар» биі,

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!



















































































2 «Жұлдызша» тобының ата – ана үштігі

Ата – ана комитет төрайымы: Қайратовна Айдана

Мүшесі: Окасова Фариза Достановна

Салықжан Мира





Тәрбиеші: Жумалиева. А











КМҚК «Әсем – бөбекжай» бақшасы

Ортаңғы №2 «Жұлдызша» тобының ата – аналар жиналысының хаттамасы.

Хаттама №1

Қатысқаны – 16

Қатыспағаны – 10

Күні: 20.09.2022

Күн тәртібіндегі мәселелер:

1. Топтағы ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.

2. Баяндама: « Менің отбасым және ондағы менің орыным»

3. Ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлау.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша шағын орталық әдіскері сөз алды. Әдіскер Зипатхан Низамдуновна топтағы ата-аналарды бір-бірімен, сонымен қатар топ тәрбиешілерімен Мадина Маликқызы және Ақмарал Ысқақбекқызымен таныстырды.Ендігі кезекте ұйыдастырылған оқу қызыметінің тәрбие жұмыстарын жүргізетінін айтты.

Екінші мәселе бойынша топ тәрбиешісі Мадина Маликқызы «Менің отбасым және ондағы менің орыным» атты баяндаманы оқыды. Жарыс сөзге шыққан ата-аналар Исаева Айгуль мен Мусина Клара баяндама мазмұнының дұрыс айтылғанын айттып өз пікірлерін білдірді.

Үшінші мәселе бойынша топ тәрбиешісі балалар тізімін таныстырып ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлауға шақырды.Ата-аналар бір ауыздан комитеттің төрайымы Кашаганова Эльмира деп шешті.

Қаулы:

1. Ата-аналар мен тәрбиеші өздеріне қойылған талаптарды өз деңгейінде орындасын.

2. Баяндама оқылды.

3. Ата-аналар комитетінің төрайымы Кашаганова Эльмира болып бекітілсін.

Төрайымы : З.Н.Тохтиямова

Хатшы: М.М.Ибадатова





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!