«Кел балалар» балабақшасы
«Қош келдің Жаңа жыл!»
«Айгөлек» ересек тобы

Өткізген: Доскулова М.Ә.
Қазыбекова М.Қ.
2017жыл
Құтты болсын, Жаңа
жыл!»
Мақсаты: балаларға мерекелік
көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне,
балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне
назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту,
бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар:
Жүргізуші, Аязата, Ақшақар,
Қоян, Клоун, балалар, ата - аналар..
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек,
тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да
бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.
Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады,
жаңажылдық карнавал! Карнавалдвң иелерін қарсы алайық! (қол
шапалақтау, балалар екі - екіден
кіреді).
Сәлем достарым
Қош келдіңіздер қонақтар
Көңіл күйіміз қалай?
Жаңа жыл құтты болсын.
Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін
Ой,балалар біздің достарымыз қайда,апайларымыз қайда
Кеттік іздеп тауып алайық.
Музыкамен залға балалар кіреді.
Балалар:Жаңа жылдарыңызбен
С новым годом вас.
Happy New Year
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар,
ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді
киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Ал, бүгін балалар, қандай
мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші:
Жаңа
жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа
жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Балалар бүгін біз Жаңа жылды
қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп
ән салайық.
Ән: «Жаңа жыл»
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы шыршамыз тым көңілсіз.Қане бәріміз шыршаның шамдарын жағайықшы.Ол үшін сиқырлы сөзді айтайық.
Бірге:
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат (шырша жанбайды)
-Енді қайттік қане бәріміз Ақшақарды көмекке шақырайық?
Мыстан кемпір: Сәлеметсіздер ме, қыздар мен ұлдар!
Бұзақылар мен мақтаншақтар!
Жалқаулар мен салақтар!
Балабақшаға кешігіп келетіндер!
Түлкі: Ұқыпсыздар мен сотқарлар,
Олақтар мен Өтірікшілер!
-Мыстан кемпір оны әр сөзден кейін итеріп отырады.
Түлкі: Мен көңілді Аяз атамын,
Міне, сендерге зақпы әкелдім (зақпыны шығарады)
Сендерге сағызды да әкелдім , (үлкен қорап сағызды шығарады)
Темекіні де ала келдім!
(Мыстан кемпір оны қатты итереді)
Жүргізуші: Ата! Саған не болды?
Өз-өзіне ұқсамайсын!
Сен зұлым, қу, жауыз,
Нағыз су перісіне ұқсайсын!
Мыстан кемпір: Сен, не деп тұрсың!
Мұқият қарасаңшы!
Бұл нағыз Аяз ата ғой!
Қалпағы да, мұрыны да бар.
Жүргізуші: Ал, сіз кім боласыз?
Мыстан кемпір: Мен ба? Ақшақар- сымбатты тұлғамын,
Ұзын бұрым, қара кірпік.
Балабақшаға күнде барамын,
Балалармен достасып.
Жүргізуші: Ой, Аяз атаға мүлдем ұқсамайсыз ғой! Солай ғой балалар? Мыстан кемпір, сіз де Ақшақарға ұқсамайсыз!
Мыстан кемпір: Ойбай, кешігіп қалдық!
Түлкі: Айттым ғой саған, тезірек киін деп, енді кешігіп қалдық! Шынайы Ақшақар келіп қалатын болды!
Мыстан кемпір: Итерме мені! Енді өзімді ретке келтіруім керек еді , қалай болғанда да мен әйелмін ғой!
Жүргізуші: Мыстан әже Түлкі бикеш сіздер ұрыспай оданда біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар.біздің балалар тақпақтарды керемет айтады.
Тақпақтар:
Айәділ: Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Алихан: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Ит жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Мансур: Құтты болсын жаңа жыл,барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бәрімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Айшат:
Өкпе жоқ ескі жылға
денсаулықпен,
Жеткізген жаңа жылға
аман-есен.
Ескі жыл алып қал! -
ауырлықты,
Тілейік жаңа жылдан
жақсылықты.
Әділ:
Жаңа жыл алып келсін
бәрімізге,
Алдымен бірінші боп
денсаулықты.
Содан соң бірлік, тату,
тәттілікті,
Қайғысыз жақсы іс пен
сәттілікті.
Батырхан: Кел, жаңа жыл,төрле, төрле
жеріме,
Құт береке боп келгейсің
еліме
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығына бөлегейсің бізді де
Жүргізуші : Аяз Ата қайда екен?
Мыстан кемпір: Ол қалың орманда қалып қойды. Ол жерден шыға алмас, сондықтан оны күтпей, бұл жерден кете беріңдер!
Жүргізуші: Бірақ бұл мүмкін емес! Балалар мереке жиналды, оны асыға күтті, жақсы оқып, тырысты. Енді мереке болу керек қой!
Түлкі: Мыналарға ма мереке керек? Мыналар ма беске оқитындар?
Балаларға жақындап, бастарынан тарсылдатады. Бос ыдыстағы дыбыстың фонограммасы ойнайды.
Түлкі: Кемпір,сен дұрыс айтыпсың! Мыналардың бастары бос қой, менікі болса білімге толы!
Түлкі өз басынан тарсылдатады, бос дыбыстың дыбысы шығады.
Түлкі: Мыналар беске оқитындар емес, екіге оұитындар ғой!
Жүргізуші: Бұл өтірік!Біздің балалар барлығы да жақсы оқып, дос бола алады.
Мыстан кемпір: Ендеше, біз оларды тексеріп көрейік! Біз сандар мен әріптер жасырамыз!
Жүргізуші : Біз тіпті дауысты дауссыз дыбыстарды да ажырата аламыз.
Құрметті Мыстан Іже Түлкі бикеш біздің балалар білімді ғанп емес сонымен қатар өнерлі.
Би: Испан биі
Мыстан кемпір: Мынау балалар бізден қарағанда ақылдырақ, күштірек екен. Әттеген-ай, сендерге ашуланғаннан күшім тозып бара жатыр. (мыстан жерге құлайды)
Түлкі: Ойбай-ау, мыстан кемпір саған не болды?! Күте тқр қазір мен сені аяққа тұрғызамын. Қайда еді менің балғам? Мінеки, таптым!
(Балғаны алып, тізесінен ұрады, аяғы қымилдап, қатты сықыр естіледі )
Мыстан кемпір: Тууф, олардың мерекесін бұзуға шамамыз келмеді, аяз атада қазір келеді.
Аяз атаның аяғының тықыры естіледі.
(Музыка қосылады, Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Аяз ата: Мен жаңа жылға асығып, не көрмедім десеңіздерші! Балалар, білесіңдер ме, мен сендерді сағынып, асығып келе жатқан кезде, жолда Мыстан кемпір мен Түлкіні кездестірдім. Олар мені алдап, қамап қойды.Әрең құтылдым.
Аяз
Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа
жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Ақшақар.:- Сәлеметсіңдер ме,
балалар. Жаңа
жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші:Балалар Аяз ата мен Ақшақар келіп бір мәз болдық.Енді біздің көңілсіз шыршамыз да жарқырайтын болды.(шыршаны жағады).
Жүргізуші : Ендеше шырамызға арнап ән айтып берейік.
Тақпақтар.
Аян: Аяз ата тамаша,
Ақшақармен жараса.
Жаңа жылда келеді,
Сыйлық алып жаңаша.
Сыйлық алып қайтайық,
Тақпақ айтып таласа
Кетпес бұрын мың алғыс
Атамызға айтайық
Үстінде ақ тоны екен
Базарлығы мол екен
«Құтты болсын»- дейді ол,
«Жаңа жылың, мерекең!»
Нұрхан: Аппақ тоңға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келеді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.
Полина: Бар
баланың қонағы
Төрлет Ата
жоғары
Енді дала
алақай
Ақ күміске
толады
Жұрттың бәрі
атадай
Қашан жомарт
болады
Ақбілек:
Әлде қарлы
боранды
Тау басынан
түстіме?
Аяз-ата
оралды
Ақтон киіп
үстіне
Ақ қырауға
малынған
Сақалыда мұртыда
Аяз-ата
сағынған
Сәлем берді
жұртына.
Музыка ырғағымен Ескі жыл келеді.Тауық ортаға келеді.
Тауық:
Ауылдастарым, достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай артығырақ,
Қарсы алыңдар Ит жылын.
Ит:
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.
Жүргізуші
:Ендеше Ескі жылға әдемі би
билеп берейік жақсы көңіл-күймен шығарып
салайық.
Би:Аяз аталар
Тауық: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық,
бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! Ескі жыл
кетеді.
Тақпақтар:
Сұлухан:
Қалып едік
сағынып,
Kүтіп алдъқ
жабылып.
Жолын
қойдық жарық қып,
Шыршаларға
шам іліп
Безендіріп
шыршаны
Жыл қуантты
баршаны.
Той-маскарад
басталды,
Аяз оны
басқарды.
Арсен: Әкем таңдап
әкелді
Ең үлпілдек
шыршаны,
Иісі аңқыған
шыршаны,
Жарқыраған
шыршаны...
Жұпар иісі
аңқыды,
Апамды да мәз
қылды!
Ақмарал: Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер
Ауырмаңдар ешқашан.
Мықты болу өзіңнен.
Марғұлан:
Жайна шырша
жарқылдап
Бейнесіндей
сәбидің
Түрлене түс жасыл
бақ
Қыс пен жазға
бірдейсің.
Шыршамызды
әсемдеп,
Ән шырқаймыз
билейміз.
Өзімізде
күлімдеп
Жабырқауды
білмейміз.
Санжар: Қар жауып тұр себелеп,
Қалтыраған бауларға...
Бейне құйттай көбелек
Қонып жатыр талдарға.
Қонып алып құлаққа,
Қытықтайды керемет.
Көбелегім бірақ та
Ұстатпайды, не керек?!
Насреддин: Тағы да қыс түсті де,
Тон жамылды қырқалар.
Қайың, терек үстіне
Қона қалды ұлпа қар.
Адырға бар, жарға бар,
Алыпты қар бүркеніп.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жүр тоңып.
Қайсар: Аппақ дала келбеті,
Керемет қой қараша.
Ақ мамықпен зерлепті,
Ауладағы ағашты.
Қалқып жүрген ауада
Әдемі ғой әппақ қар.
Рахматулла: Жауып жатыр далама,
Ақ ұлпадай ақша қар.
Нағыз шебер ол мықты.
Терезесін әр үйдің
Безендіріп қойыпты.
Жаңа жыл ойын ойнатады.Ойын «Екі топай…»
Екі топай, екі хлопай-кірпілер, кірпілер
Байлап қойды, байлап қойды-қайшылар, қайшылар
Жүгіреміз, жүгіреміз-қояндар, қояндар
Қане бірге қыздара, қане бірге ұлдарай
Көрдіңдер ме, біздің балалар сендерден күштірек билейді!
Иә, иә келісеміз.
Ит: Ендеше ұлдарды ортаға биге шақырамын.
Флешмоб
Ит:Сендермен өте көңілді болды.Ал мен енді кетейін.Сау болыңдар балалар.
Ақшақар:Балалар Аяз ата екеуміз жаңа ойын ала келдік. Ойын «Сырғанаушылар» деп аталады.Ол үшін бізге ата-аналар да керек.
Аяз Ата:Қараша қыз сенің ойыныңа мен де қызығып кеттім.Мен барлық балаларды ортаға шақырамын.
Аяз ата: Неткен өнерлі балаларсыңдар.Менің сендердей ақылды балаларға арналған сыйлықтарым бар.Апайларың сендерге өзі таратып береді.Ақшақар екеуміздің жол жүретін уақытымыз келді.
Ақшақар: Сендермен өте көңілді болды.Сендерді
қимаймын .дегенмен біздің кететін уақытымыз болды.
Сау болыңдар балалар
Балалар :сау болыңыз
Тақпақтар:
Аружан: Біздің байтақ далада
Асқар тауда қалада
Биыл ғажап іс болды
Таңғажайып қыс болды
Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап
Ақылбек: Аула сырты, бақта да,
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айнала,
Ойнаймыз біз шаттана.
Аққала, аққала,
Сені жасап мақтанам.
Қорғауменен жүреміз,
Бұздырмастан басқаға.
Ернұр:
Ақ мамықты
ақтара
Қалайсың тынбай ақ
қала.
Отырып таудың
құзында,
Құлағын тосып
ызыңға.
Қыс сақалын
тарайды,
Қызыға саған
қарайды.
Қарайды да
күледі,
Үлпілдек қарды
үреді.
Қояды бір дем
ысқырып,
Қаласың сонда
түшкіріп.
Ән: Джингл белз
Жаңа 2018 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай
бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен
жетелеп отырады. Жаңа 2018 жыл
әрбір шаңыраққа құт,
береке, ырыс алып келсін!
Барша қазақстандықтарды жаңа 2018 жылдарымен
құттықтаймын! Жаңа 2018
жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз
аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген
сенім нық болсын!
Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс
пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа жылмен
құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты
болсын!
Осындай жақсы тілектерді өлең өрнегімен тобымыздағы Нұрперзентова .С мен Нұржанов.А ортаға шақырайық.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қош келдің Жаңа жыл" жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік

шағым қалдыра аласыз