ҚОШ КЕЛДІҢ,
НАУРЫЗ!
Сабақтың мақсаты: балалардың
ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі туралы білімдерін кеңейту.
Балаларды қазақ халқының дәстүрлерінің бірі-«Тұсау кесу» дәстүрімен
таныстыру. Балалардың дүниетанымын, сөздік қорын, есте сақтау
қабілеттерін дамыту. Қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыңдар,
халайық!
Бармысыңдар,
халайық!
Наурыз тойын жұп
жазбай,
Жылда қарсы
алайық!
Мереке Наурыз жыл
басы.
Наурыз тойы құтты
болсын!
Жауын жауып, жер бетіне көк
толсын!
Даламызға бұл жаңа жыл құт
болсын!
-Құрметті ата-аналар,
кішкентай бүлдіршіндер және қонақтар! Наурыз жыл басы құтты болсын!
Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін! Ақ мол болсын!
Еліміз тыныш болсын! Баршаңызға бақ
қонсын!
Қадірменді халайық, кішкентай
бүлдіршіндеріміздің де тілегіне құлақ салайық. Бүлдіршіндерімізді
қошеметпен қарсы алайық!
Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз
мейрамында ата-аналарымыз бен ата-әжелеріміз үй үйді аралап, наурыз
көжеден дәм татады, баталарын беріп, бірін-бірі жыл басымен
құттықтайды.
Ұлыстың ұлы күні бас қосып
отырмыз. Бір-бірімізден жөн сұрасып, төс қағыстырып, амандасып
алайық.
1-бала: Ассалаумағалеукум!
Ұлыс оң
болсын!
Ақ мол
болсын!
2-бала. Уағалейкумассалам!
Ұлыс оң
болсын!
Қайда барсаң жол
болсын!
( Екі бала төс қағыстырып
амандасады )
Жүргізуші:бүлдіршіндеріміздің
тілектеріне құлақ салайық.
3-бала: Келе жатыр
жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны
біз.
Халқы сүйген
мейрамды,
Қарсы алайық
Наурызды!
4-бала: Наурыз тойы-
береке,
Наурыз тойы- жыр
аңыз.
Қызып дулы
мереке
Қызық думан
құрамыз.
5-бала: Ата- бабам
тойлаған,
Наурызым,
армысың.
Қызығына
тоймаған,
Дала дархан, қарлы
шың.
6-бала: Уа халайық,
халайық,
Ақ сандықты
ашайық.
Бұл мереке бұл
тойдың,
Шашуларын
шашайық.
7-бала: Қуанайық,
халайық,
Келді міне жар
салып.
Жаңа жылмен
тойлайық,
Би билейік, ән
салып.
Жүргізуші: Қашанда құт-береке арнасын
деп,
Тойларда шашу шашу салты
елінің
Уа, халайық теріп ал
шашуыңды
Қабыл қылсын халқымның ақ
тілегін!
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға
келеді. Әжесі шашу шашады).
Әже: Наурызым құт әкелсін
елімізге,
Береке , ырыс кірсін
жерімізге.
Жаңа жыл елімізді
жарылқасын,
Қиналып әр отбасы
тарықпасын.
Шаттық кернеп ауласын
«Жасұланның»,
Сәбилердің күлкісі
арылмасын.
Жүргізуші: Қош келдіңіз, біздің
мерекемізге, төрлетіңіз!
Әже төрге жайғасып
отырады.
Наурыз
шығады:
Жайнатамын бар
гүлді,
Сайратамын
бұлбұлды.
Төгілтіп ән мен
жырды,
Мейрамдайық бұл
күнді.
Тіршіліктің
бастауы,
Наурыз айы – мен
болам.
Ән-шашу: «Наурыз біздің
жаңа жыл».
Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні- Наурызда
Қыдыр ата келіп, әр үйге, әр адамға жақсылық тілейді екен. Біздің
бүгінгі тойымызға да ақ- ниет батасымен Қыдыр ата
келді.
Қыдыр
ата: Армысыңдар,
халайық,
Армысыңдар,
балалар!
Сендерге арнап
көктемде,
«Бәйшешекті»
өсірдім.
Белгісі болсын
көктемнің
Берекесін берсін
өткеннің.
Наурыз бата
тілекпен,
Сендерге бүгін
жеткенмін.
Жүргізуші: Қыдыр ата,
төрлетіңіз!
8-бала: Армысың,
Наурыз!
Мереке, ырыс-
береке.
Қош келдің,
сені
Күтуде бүгін кең
өлке.
9-бала: Наурызды
халқымыз,
Жыл басы
санайды.
Көнермес
салтымыз,
Көктемдей
арайлы.
10-бала: Ұлы күні
ұлыстың,
Күн мен түн
теңелген.
Тәтті дәмін
ырыстың
Таттық Наурыз
көжеден.
11-бала: Арпа,бидай,тары
бар,
Қатық,малта тағы
бар.
Ішілетін,
жейтінің
Бұл көжеде бәрі
бар.
Жүргізуші: Наурыз күні
той-думан,
Ортамызды
ашайық.
Ән мен жырды
төгілтіп,
Биден шашу
шашайық.
«Жылқышы»
биі.
Наурыз мейрамында халық
қуанып, ұлттық ойындар ойнап көңіл
көтерген.
Ұлттық ойын
ойнайық.
Ұлттық
ойын: «Арқан
тартыс».
Жүргізуші: Халқымыздың ежелден келе
жатқан дәстүрінің бірі- тұсау кесу. Бұл бала қаз тұрып, тәй-тәй
басып жүре бастаған кезде жасалатын дәстүр. Тұсау кесу дәстүрінің
негізгі жабдықтары ала жіп немесе тоқ ішек, өткір қайшы немесе
пышақ, әдетте халқымыз баланың тұсауын ала жіппен, тоқ ішекпен
немесе көк шөппен кескен. Ала жіппен кесетін себебі-ешкімнің ала
жібін аттамасын дегені. Тоқ ішекпен кесетін себебі- тоқшылықта өмір
сүрсін дегені. Ал шөппен кескені -көктей өсіп- өркендесін дегені.
Ендеше тұсау кесу рәсімін тамашалайық.
( тұсау кесу салты жасалады
).
Әже: Қаз-қаз балам, қаз
балам
Қадам бассаң мәз
болам.
Күрмеуіңді
шешейін,
Тұсауыңды кесейін- деп әже
немересінің тұсауын кеседі.
( әже немересінің қаз-қаз
басқанына қуанып, шашу шашады).
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі мейрамға
бізге келген Қыдыр атамыздан бата сұрайық.
Қыдыр
ата:
Әумин десең, міне,
бата.
Дарысын Қыдыр
ата.
Ұлыс бақты
болсын,
Төрт түлік ақты
болсын.
Ұлыс береке
берсін,
Бәле- жала жерге
енсін.
Бақ
берсін,
Бас
берсін,
Өміріңе ұзақ жас
берсін.
Өркенді
болыңдар,
Өмірлі
болыңдар,
Әумин!
Жүргізуші: Әумин, Қыдыр ата батаңыз қабыл
болсын.
Наурыз құтты
болсын!
Дендеріміз сау, мықты
болсын!
Науыз тойы келе
берсін!
« Наурыз» әнімен ертеңгілік
аяқталады.
II-кіші : «Мөлдір»тобының
тәрбиешісі: Байбекова Жанна Несипбаевна.
Ұлыс оң
болсын!
Ақ мол
болсын!
Уағалейкумассалам,
Ұлыс оң
болсын
Пәле-жала жерге
енсін!
Ән: Наурыз біздің жаңа
жыл.
Ұлы күні
ұлыстың,
Күн мен түн
теңелген.
Тәтті дәмін
ырыстың
Таттық Наурыз
көжеден.
Арпа,бидай,тары
бар,
Қатық,малта тағы
бар.
Ішілетін,
жейтінің
Бұл көжеде бәрі
бар.
Бауырсақ ертегісін
сахналау.
Ұлы күні
кәрі-жас,
Құшақтасып
көріскен.
Жаңа ағытқан
қозыдай,
Жамырасып
өріскен.
Наурыз той құтты
болсын!
:
Ұлы күні
ұлыстың,
Күн мен түн
теңелген.
Тәтті дәмін
ырыстың
Таттық Наурыз
көжеден.