жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Қош келдің, Наурыз!» атты ашық тәрбие сағаты
«М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ АКТАУ КӨЛІК КОЛЕДЖІ» ЖШС
«БЕКІТЕМІН»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Кезбаева Роза Тажигуловна
________________________
«____» ____________ 2019ж.
____
1 Наурыз алғыс күніне және 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған
«Қош келдің, Наурыз!»
атты ашық тәрбие сағаты
Оқытушының аты – жөні:
Алиева Гүлзипа Габдуллаевна
Тобы: АТС – 9/17-01
АҚТАУ – 2019
ЖОСПАР
1. Анаға арнау. I бөлім
2. Топ студенті Байғанаев Досқанның орындауында Жеңіс күйі.
3.
«Ана біз үшін кім?» айдары. Студенттер «Ана» сөзін естігендегі ассоциясын бір сөзбен айтады.
«Ізгі тілек» айдары.
Студенттер алғыс айтқысы келетин адамдарына алғысын стикерлерге жазып, тақта жапсырады.
4. Анаға арнау. II бөлім
5. Топ студенті Байғанаев Досқанның орындауында Балбырауын күйі.
6. Топ студенттерінің орындаундағы Флеш – моб
7. «Ана туралы жыр» әні хормен орындалады. Сөзі Ғафу Қайырбековтікі, Әні Шәмші Қалдаяковтікі.
I
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен студенттер! 1 Наурыз алғыс күніне және 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын! Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін. Жанарыңыз әрдайым нұр шашып, жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз көктемдей жайнасын.
Осы орайда топ студенттерінің ата - анасына деген жылы лебіздерін тыңдап өтсек.
1. Авдещ Бекзат
Арманыңды
ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға
сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
2.
Айдарбаев Рахман
Әлемнің
сұлулығы тең келмейді,
Анамның күліп тұрған бейнесіне
Ғаламнынң әтірлері татымайды
Әкемнің иісі сіңген жидесіне
Әке, ана, рахмет сіздерге!
3.
Айтқалиұлы
Ернар
Бойдағы
барын берген
Ақ
сүтін нәрін берген
Бақыттың
бәрін берген
Аяулы
ана!
4.
Аманжан Аян
Мен
өзінді теңдесі жоқ құдірет деп
түсінем,
Сендік қуат мың есе артық
жердің тарту күшінен.
5. Асанов Бекзат
Анам менің аялаған ақ гүлім
Анам менің бақытым мен шаттығым
6. Байғанаев Досқан
Анам менің өмірдегі тірегім
Анам менің кеудемдегі журегім
7. Бактығалиев Елдос
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалайғана жүремін
8. Джалмаганбетов Ермек
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
9. Доктирбаев Дулат
Өміріме нәрін берді ақ сүтің
Кең құшағың аясындай гул бақтың
10. Ерғазиева Айнур
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жургенің
11. Жайлым Өтеміс
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін
Махабатың жүрегімде жүр менің
12.
Жарылқапов Қанат
Мен
өзінді теңдесі жоқ құдірет деп
түсінем,
Сендік қуат мың есе артық
жердің тарту күшінен.
II
2.
Құрманғазы,
Тәттімбет
Домбырамен
сайраған.
Жүректе
от жансын деп,
Елге
күйін арнаған, - дегендей топ
студенті Байғанаев Досқанның орындауында
Жеңіс күйін
тамашалаңыздар.
III
3. Жүргізуші: Келесі айдарымыз «Ана біз үшін кім?» деп аталады.
Бұл айдарда студенттер «Ана» сөзін естігенде есіне ең бірінші не түсетіні немесе қанадй эмоция сезінетінін айтып өтсе.
Ал ұстаздарымыздың есіне не түседі екен?
Келесі айдарымыз «Ізгі тілек» деп аталады.
Алғыс
- адамның адамға жасаған жақсылығы,
көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі,
сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне,
жасаған істеріне жоғары баға беру.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.
Студенттер алғыс айтқысы келетін адамдарына алғысын стикерлерге жазып, тақтаға жапсырады. Мүмкін ол анасы болар, мүмкін Отаны, мүмкін топтастары, достары және тағы басқалары.
Өзінің алғысын оқып бергісі келетін студент бар ма екен?
Студенттер, сезім - лебіздеріңізбен бөліскеніңіз үшін рахмет! Сіздерге алғыс айтамыз!!!
IV
Жүргізуші: Мерекелік шарамызды топ студенттерінің ардақты да асыл аналарына арнаған жылы лебіз, арнауларымен жалғастырамыз.
13. Зәкірбай Фарух
Еркелесем,
бір өзіңе еркелеп,
жасқандым ба,
тек
өзіңнен жасқандым.
14. Калекеев Мұхтар
Менің анам ардақты,
Алтыннан
да салмақты
15. Калидулла Альбина
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Қамқоршы
менің анашым.
16.
Күрембай Марлен
Анашым асыл адам сен едің,
біздерді бесігіңмен тербедің.
17.
Қонарбай Абдурахим
Гүліндей алма ағаштың аппақ, аппақ
Үлгі етем пейіліңді көпке мақтап
Қасымда асыл анам өзің барда
Басымда
тұрады әркез бақ қонақтап.
18.
Мырзағұлов Қалнияз
Ақ сүтін берген анашым
Ақылды менің данашым.
19.
Нұран Жалғас
Сен үшін күн алаңдар, түн алаңдар
Бәріңнің жан аяулы бір анаң бар
Перзент боп ақтамасаң ана сүтін
Жер
басып жүрмей-ақ қой, ей адамдар
20. Сабақбай Бекзат
Әрқашан да жанымнан,
Табылатын менің анашым!
21. Сейтжанов Абдулазиз
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді
анашым
22.
Садуов Аманжол
Анашым аяулы адам сен едің,
Серігі болған біздердің.
23.
Тайшық Орынбек
Анамның ақ жаулығы аппақ, аппақ.
Айналдым пейіліңнен қардан аппақ
Анашым ақ батаңның арқасында
Басымда тұрады әркез бақ қонақтап.
24. Ізтұров Ілияс
Нұрын
шашқан күнімсің ғой жан анам,
бар
шуағын баласына арнаған.
V
Топ студенті Байғанаев Досқанның орындауында Балбырауын күйін тамашалаңыздар.
VI
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, топ студенттері Зәкірбай Фарух, Калекеев Мұхтар, Күрембай Марлен, Джалмағамбетов Ермектің орындаундағы Флеш – мобты қарсы алыңыздар.
VII
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем
ән мен тәтті күй
Көңілге
түрлі ой салар
Әнді
сүйсең, менше сүй - деп, келесі кезекті
ана туралы әнге берсек.
Хор
Ана туралы жыр
Сөзі Ғафу Қайырбековтікі
Әні Шәмші Қалдаяковтікі
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
Өтеуге борышың, анашым, жан сырым,
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай-күнін, қолыма түспеді.
Қайырмасы:
Ете гөр қанағат, әзірге берерім,
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза анашым, қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.
Жүргізуші:
1.
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2.
Әкеге – қорған болғаны үшін,
3.
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4.
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5.
Күнге – шуағы мен назары үшін,
6.
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы
үшін,
7.
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8.
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9.
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10.
Жерге – махаббаты мен бар болғаны
үшін,
11.
Отқа – жылулығы үшін..
Бірге:
Рахмет!
Жүргізуші:
Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап білімнің кәусар бұлағынан сусындататын асыл жандар - аяулы ұстаздар туралы қанша мақтау сөздер айтсақ та тауыса алмаспыз. Құрметті ұстаздар, көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.
Ұстаздар!
Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке
шыңдай биік алыпсыздар.
Жан
біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей
боп күлімдеген жарықсыздар, - деп, сөз
соңын құрметті қонақтарымызға береміз!
Ұран «Ұстаздарға алғысымыз шексіз!»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген