Қош келдің,алтын күз!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қош келдің,алтын күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға күз мезгілі туралы мағлұмат беру,күз мезгілің берер мол сыйы туралы толығарақ түсіндіру.Балаларға мерекелік көңіл –күй сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жомарт күз сыйы

Мақсаты:Балаларға күз мезгілі туралы мағлұмат беру,күз мезгілің берер мол сыйы туралы толығарақ түсіндіру.Балаларға мерекелік көңіл –күй сыйлау.


Зал іші күз мерекесіне сай әсем безендірілген. Балалар музыка әнімен залға кіреді. (қонақтарға қарап тұрады)

ЖүргізушіАрмысыздар ата –аналар, әріптестер, балалар. Сәлеметсіздерме, қадірлі  қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған   «Жомарт күз сыйы» мерекемізді тамашалауға шақырамыз.

Әділ:     Көк аспанның мөлдіреген,

Алтын күзім елжіреген

Асыр салып жүре бер

Сары көйлегің елжіреп.

Анел:    Күздің салқын самалы,

Аймалайды маңдайдан,

Алып қашып барады,

Жапырақты сарғайған. 

Дәурен:      Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Нұрхат:  Мерейлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ризамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз

Қарақат:   Ағаштардан жамырап,

Ұшты көп жапырақ.

Алтын күз: Мені кім шақырып жатыр? Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Алтын күз: Мен Алтын күзбің, достарым сендерге жалын сәлем. Сендермен кездесуге баяғыда армандап жүрмін.  Ал сендер менімен бірге орманға саяхатқа барасыңдар ма?

(балалар Алтын күзді айналып тұрып, би билейді)

Би: «Алтын күз»

Жүргізуші: Қонаққа жаттап,

Сыйлаймыз тақпақ – деп ортаға Адия, Нұрзат, А. Айғаным, Нұрсултан, Кәусар, К. Аделя бүлдіршіндерді шақырамыз.

Адиля:  Ой, алақай, тамаша.

Шашу шашты жапырақ

Ал аунайық жатып ап.

Нұрхат: Көбейді құт – береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

 Дина: Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық – ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық – ау

Нұрислам: Сапырды дән алтын күз,

Сабан тойы салтымыз

Қайсар:  Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Қош келдің сары күз

Аделя:  Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау

Жүргізуші: ән: «Күз келді»

Жүргізуші: Алтын күз, саған біздің бүлдіршіндердің өнерлері ұнады ма?

Алтын күз: Иә, ұнады. Сондықтан мен сендермен «Сиқырлы орамал» ойынын ойнағым келіп тұр. Шартты: балалар шеңберге отырады, Алтын күз айналып жүріп, бір баланың басына орамал жабады. Қалған балалар көздерін ашып, қандай бала тығылып жатқаның айтады.

(ойын аяқтап келгенде, балалардың ортасына орманшы адам отырып, күле бастайды)

Жүргізуші: Мынау күліп жатқан кім екен?

Алтын күз: А ол менің досым Қызыл телпек қой. Қызыл телпек сен мұнда не істеп отырсың?.

Қызыл телпек: Мен әжеме мына тоқаштарды апарып жатыр едім, сендердің дауыстарын естіп, мына осында тұрмын. Сендерде мында не болып жатыр?Жүргізуші: Қызыл телпек, бізде мұнда Алтын күз мерекесі болып жатыр. Қанеки бізбен қосылып, балалардың өнерлерін тамашала. Ортаға Аделя, Мерлан, Анел, Дина, Дамира бүлдіршіндерді шақырамыз.

Аделя: Күздің  қазан  айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Мерлан: Күз  жомарт  қой  қашанда

Мол жемісін беретін,

Піскен қарбыз, тәтті алма

Балаларға керек қой.

Анел: Алтын, алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Дина:Көкөністі көп ектік,

Өссін, піссін деп ектік.

Дамира:   Көктемде еккен көкөніс,

Күзде берді көп жеміс.

Қызыл телпек: Қандай тамаша өлеңдер. Сендердің дауыстарын қандай нәзік екен. Балалар мен сендерге жай келген жоқпын. Өзімен бірге ойын ала келдім. Ойынның атауы: «Жейтін тағамдар және жемейтін нәрселер».  Шартты: мен сендерге жейтін тағамдарды сөзді айтсам, сендер «ням-ням» деп айтасыңдар, егер жемейтін нәрселерді айтсам, сендер аяқпен тарсылдатасыңдар.

1.Тәтті тоқаш

  1. Қолғап

  2. Қызыл алма

  3. Ойыншықтар

  4. Үлкен торт

  5. Орындық

  6. Піскен қарбыз

  7. Әдемі үй

Жүргізуші: Рахмет саған Қызыл телпек. Сенің ойын өте қызық екен. Солай емес пе, балалар? Ал енді балалар біз өз өнерлерімізбен қызыл телпекті таңғалдырайық.

 Би «Жапырақтар»

Жүргізуші: Өмірдің қызығы ойын – күлкі

Өнер десе жан салып.

Жалғастырайық ертеңгілігімізді – дей отырып ортаға Ерғали, Ерасыл, Жұлдыз, Дамира, Ерали, Амина бүлдіршіндерді шақырамыз.

Ерғали: Алтын суық күз келді,

Жел мен жаңбыр әкелді.

Құстар ұшып кетеді

Ән салмайды өтеді.

Ерасыл: Ел егінді жинайды,

Қырманға дала сыймайды

Жұлдыз:  Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Дамира: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді

Ерали: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз

Ерали: Біздің  дала  — бай дала

Алтын астық – айнала

Қызыл телпек: Балалар, ал сендер саңырауқұлақты жинауды жақсы көресіңдер ме?

Жүргізуші: Ендеше, балалар қанеки бәріміз бірге орманшы адамға саңырауқұлақты қалай тез жинайтынымызды көрсетейік.

Ойын: «Саңырауқұлақтарды жинау» (жинаған себетті көрінетін жерге қоямыз)

Би «Саңырауқұлақтар»

Ойынның атауы: «Күн мен жаңбыр». Шартты: күн дегенде сендер ойнайсыңдар, жаңбыр деген кезде сендер қолшатырдың астына тығылу керексіңдер.

Жүргізуші: Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер – дей келе «Жаңбыр» әнің қабыл алыңыздар.

Алтын күз: Сендермен қызық болды

Ән айтып та, биледік.

Сондықтан сендерге рахмет

(Алтын күз билеп айналып, тосын сый береді)

Жүргізуші: Алтын күздің сыйы жемістерінен дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық. Құрметті қонақтар, ата – аналар бүгінгі «Берекелі Жомарт күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсың дейміз. Сау болыңыздар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
641
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі