Материалдар / "Қош келдің,Жаңа жыл!"

"Қош келдің,Жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып,өзөөздерін көпшілік ортада ұстау дәрежесін үйрету.Мерекелер туралы түсінік қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2023
154
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты:Баланың көңіл-күйін көтеру,әнге,биге деген қызығушылықтарын дамыту.бойындағы өнерлерін дамытуға жол ашу.Тіл байлықтарын ұлғайту.

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңд

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Ертеңгілік басталсын «Балапан» тобында!


Жүргізуші:Балалар сендер бүгін ерекше әдемі болып киініп алыпсыңдар!Қандай мереке балалар?

Балалар: Бүгін жаңа жыл мерекесі.

Жүргізуші:Жаңа жылдық ән шашуымызды қабыл алыңыздар!

Ән:Жаңа жыл

Жүргізуші:Олай болса жаңа жылға арналған мерекелік тақпақтарымызды айтайық.

Мүсілім

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Марғұлан

О,алақай тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Жаңа жылда бәріміз,

Ән айтамыз тамаша.

Раяна

Бізбен бірге ойнайды

Жаңа жылды тойлайды

Мұз болады қатады

Жып жылтыр болып жатады.

Абылай

Ақ қырауға малынған,

Сақалы да, мұртыда.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Ботагөз

Жаңадан тақпақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.

Медина

Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды санаса.

Даниял

Мерекеге келдік,

Тақпақ айтып бердік.

Ойыншықтар тізілген,

Шыршаны да көрдік.

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды екенсіңдер!

(Осы кезде есік ұрылған дыбыс естіледі)

Балалар қараңдаршы бізге қонақ келе жатқан секілді.

(музыкамен Сайқымазақ шыр айналып кіреді)

Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме қонақтар,сәлеметсіздер ме балалар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп – әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз.

Мен сендерге сыйлық әкелдім көргілерің келеді ме?Қолымдағы не екенін білесіңдерме?

Балалар: Шар дейді.

Сайқымазақ: Олай болса мен сендердмен бірге санағым келіп тұр,барлығымыз бірге санайық.

Жүргізуші:Сайқымазақ біздің балалар санайды ,әрі түстерін де айтып бере алады.

Балалармен бірге сайқымазақ жарысып шарларды санап, түстерін айтып береді.

Жүргізуші:Сайқымазақ біздің балалардың жаңа жылға деген жыр шашуы бар соны бірге шырқасаңыз қалай қарайсыз?

Сайқымазақ: Өзім де мына жерге келіп көңілденіп ән шырқағым келіп тұр еді.Олай болса мен бірге ән шырқайық.

Ән:Шырша жыры

Ғажайып сәт:Балалар бізге бір дыбыс естіледі.Осы бәлкім Аяз ата болар ,қане барлығымыз бірге қатты айқайлап Аяз атаны шақырайық.

Осы кезде Аяз ата музыка әуенімен кіріп келеді.

Аяз ата:

Балаларым балғыным

Өмір гүлім шалғыным

Тілегенім жыл бойы

Сендердің денсаулықтарың

Сәлеметсіңдерме балалар!

Жаңа жылдарың құтты болсын,дендерің сау болсын!

Ақшақар

Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіңдірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт – жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Аяз ата:Мен сендердің бақшаларыңды әрең таптым енді қартайып қалғанмын.Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шыршаның шамын жағайық!

Қуант, бізді, таңырқат ,шамдарыңды жарқырат! 3 рет (Шырша шамы жанады, алақайлап қол соғады)

Аяз ата: балалар мен алыс жолдан келдім.Мына шыршаны көріп билегім келіп кетті.Қане балалар билейсіңдерме менімен?

Жүргізуші:Аяз ата біздің балалар да сізбен билегісі келіп Аяз ата болып киініп дайындалып отыр.


Би: «Аяз ата» биі

(Марғұлан,Мансұр,Ернұр,Н.Ерасыл,Мүсілім,Тимур,

Димаш,Сайдихан зейін,Ахмад,Шыңғыс)

Жүргізуші:Ал енді балалар Аяз атамызға жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

Сайдихан Зейін

Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдық,

Бір жасқа енді.

Н.Ерасыл

Балаларды сағынып

Келді міне жаңа жыл.

Ақ көрпесін жамылып.

Ұйықтап жатыр дала нұр.

Ерасыл

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Қош келдің тағы да.

Дайындап жаңа жыр,

Біз күттік тағы да.

Мансұр

Аяз ата келді,

Бізге сәлем берді.

Қалтасында сыйлығы,

Оны бізге берді.

Тимур

Жаңадан тақпақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.

Ахмад

Қыс қызығы тамаша,

Ойнаймыз біз таласа.

Думанымыз жалғассын,

Жаңа жылға тамаша.

Айым

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Хадиша

Жаңа жыл мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле,төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Қасымхан

Мерекеге келдік

Тақпақ айтып бердік

Ойыншықтар тізілген

Шыршаны да көрдік.

Жүргізуші:

Аяз ата ақшақар біздің қыздарымыздың өнерін тамашалаңыздар!

Би: Шырша биі

Жүргізуші:Балалар енді жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақтар:

Заңғар

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл,

Ата-әже, Әке –ана,

Құтты болсын жаңа жыл.

Ернұр

Аспан жерге төгеді,

Ақ ұлпасын уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Айым Анарқұл

Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Айназым

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оранып.



Адина

Жаңам жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Шыңғыс

Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жасқайың,

Көтере алмай ақ қарды.

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер! Өз өнерімізді бимен жалғастырайық.

Би:Көңілді би

(таға бір тарсылдаған дауыс естіледі)

Аю: Сәлеметсіңдерме балалар!Бұл жер керемет барлығың сулуланып кетіпсіңдер!Мұнда не болып жатыр.

Аю:Сол сендердің қатты дауыстарыңнан оянып кеттім олай болса мен де онағым келіп тұр.Балалар мерекеғой бәріміз ойын ойнайық.

Ойын: Паровоз

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! “Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата – аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңыз аман болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ