400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қос сөздер.40-46 жаттығу.Қазақ тілі 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қос сөздер.40-46 жаттығу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

     

Қазақ тілі 56-сабақ


Мектеп

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі

Бөлім

Мамандықтар әлемі

Педагогтің аты-жөні

Л.Бектасова

Күні:

11.12.2024ж

Сынып:4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№56 Қос сөздер 40-46 жаттығулар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.1.4.1 - тірексөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау;

4.4.2.1* - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)

Сабақтың мақсаты/критерийі

Тірексөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрады

Қос сөздердің түрлерін ажырата алады

Құндылыққа баулу

Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін.Құндылық: бірлік және ынтымақ бірлескен жетістіктерге ұмтылу және ұжымдық күш жігерді ынталандыру

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін ширату жаттығуларын жасату.

Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі, әрі нәзік, жарық мейірімді

Болып кетер сонда менің жан-жағым!

Үй тапсырмасын сұрау

39-жаттығу."Біріккен сөздер" кестесін толықтырып айт.

Өзіңе ұнаған біріккен сөз туралы ақпарат жина.

Ол сөз неліктен солай аталатынына жауап іздеп, хабарлама дайында.


Мұғалімнің тапсырмасын орындайды.










ҚБ «Білім тамшысы»



Дескриптор:тапсырманы орындайды 1 балл







компьютер, модем, теледидар, ұялы телефон суреттері

Сабақтың ортасы

15 мин



ФС 40,41 – тапсырма Жұптық жұмыс

«Мен білемін!» әдісі

ОДД:білу,түсіну,қолдану

Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін.Құндылық: бірлік және ынтымақ бірлескен жетістіктерге ұмтылу және ұжымдық күш жігерді ынталандыру

Нұсқау Мәтінді мұқият тыңда.Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыр. Сұрақтарға жауап беріп көр. Сұрақ құрастыруда «Қалай ойлайсың?», «Сенің ойыңша,...», «Неліктен?», «Не себепті?» сұрақтары мен тіркестерді пайдалан.

1. Қалай ойлайсың, бір отарда неше қой бар?

2. Сенің ойыңша, бір отардағы қой қанша литр су ішеді?

3.Бала не себепті қауға тартты?

Әңгімедегі бала санауды қалай үйренді? Оның әке-шешесі кім?

Әңгімедегі бала санауды қауға тарту арқылы үйренді. Оның әке-шешесі –қойшы.

Мәтіннен күрделі сөздері бар сөйлемдерді теріп жаз. Күрделі сөйлемдердің астын сыз.

Әке-шешем қойшы болды. Айдалада ақ боз үй. Сексеуіл, жусанды дала. Құдықтың басындағы айналмалы ағаш шығыр арқылы түйеге арқан байлап, қауға тартамын.

Өлеңді оқы.

Қора-қора қой жатыр,

Қарын-қарын май жатыр,

Түйе-түйе жүн жатыр,

Ауыл-ауыл ел жатыр.

Күрделі сөздерді тап. Олардың қалай жасалып тұрғанын байқа. Мағынасын түсіндір.

Күрделі сөздер екі сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер.

Күрделі сөздің бір сыңарын алып тастап айтып көр. Сонда нені байқадың?

Мәтінді мұқият тыңдайды.

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады.

Мәтіннен күрделі сөздері бар сөйлемдерді теріп жазады. Күрделі сөйлемдердің астын сызады.




Дескриптор:

Мәтінді мұқият тыңдайды.1 балл

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады. 1балл

Мәтіннен күрделі сөздері бар сөйлемдерді теріп жазады. Күрделі сөйлемдердің астын сызады.1балл

Өлеңді оқиды 1 балл

Күрделі сөздерді табады 1 балл


Оқулық, дәптер




2мин

Сергіту сәті


Балалар бірге орындайды

Жарайсыңдар


10 мин









ҚБ 42-тапсырма Жұптық жұмыс

«Жатқа жаз» әдісі

ОДД:білу.түсіну

Мақалды оқып, жатқа жаз.

Көре-көре көсем боларсың,

Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.

Қос сөздердің астын сыз.

Қос сөздің бір сыңарын алыс тастаса, сөйлем мағынасында қандай өзгеріс болады?

Кестеге қара және түсіндір.



Мақалды оқып, жатқа жазады.

Қос сөздердің астын сызады.




Бағалау критерийі Қос сөздердің түрлерін ажырата алады

Дескриптор

Мақалды оқып, жатқа жазады. 1 балл

Қос сөздердің астын сызады.1балл




оқулық







10 мин

ҚБ 43,45–тапсырма

ОДД:білу.түсіну

«Ойлан,жұптас,талқыла» әдісі

Қос сөздерді оқып шығып, көшіріп жаз.

Биік-биік, ыдыс-аяқ, кіп-кішкене, көйлек-көншек, анда-санда, қарқ-қарқ, жап –жасыл.

Қос сөздердің құрамындағы сөздерге назар аудар.

Өзің таңдаған қос сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құра.

Мен анама ыдыс-аяқ жууға көмектестім.

Сырттан біреулердің қарқ-қарқ күлген дауыстары шықты.

Айдостың әдемі кіп-кішкене күшігі бар екен.

Балалар қардан аққала жасап ойнап жүр. Үсті-бастары қар-қар. Биік-биік таулар алыстан көз тартады. Айгүлдің шашы желмен желп-желп етті. Жанат бұған қуана-қауна келісті.

-Қос сөз сөйлемге қандай мағына үстегенін байқа.

-Қос сөзді құрап тұрған сыңарларды салыстыр.


Біріккен сөзді пайдаланып, сурет бойынша сөйлемдер құрап жазады.Жүсіпбек сөзінің айтылуы мен жазылуын салыстырады. Жүсіпбек сөзінің қандай сөздерден құралғанын айтады

Олардың дыбыстық құрамында болған өзгерісті түсіндіреді.


Бағалау критерийі

Тірексөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрады Дескриптор:Қос сөздерді оқып шығып, көшіріп жазады.1балл

Өзі таңдаған қос сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрайды.1балл




Суреттер

Сабақ

тың соңы

3 мин


-Бүгін қандай тақырып өттіңдер?

-Сабақтың мақсаты қалай?

Рефлексия: «Білім құтысы»

Үй тапсырмасы 44 жаттығу


Сабаққа кері байланыс жасайды.

Жинаған балдары бойынша рефлексия жасайды.

Үй тапсырмасын жазып алады











Тексерілді:-------------------Г.Меймашева

Менің ақымды жемеңіз!!!!Сатып алып, өз еңбек ақыңызды адалымен алыңыз!Әркімнің еңбегінің төлемін төлеп қолдану керек!!!!

Тегін таратуға болмайды !!!! Алла ұлық бүгінгі күнді ғана ойламаңыз!!!!!



87016094001 Aldina.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
262
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі