400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қос сөздер.47-51 жаттығу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қос сөздер.47-51 жаттығу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі

Бөлім

Мамандықтар әлемі

Педагогтің аты-жөні

Л.Бектасова

Күні:

13.12.2024ж

Сынып:4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№57 Қос сөздер 47-51 жаттығулар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.1.4.1 - тірексөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау;

4.4.2.1* - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)

Сабақтың мақсаты/критерийі

Тірексөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрады

Қос сөздердің түрлерін ажырата алады

Құндылыққа баулу

Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін.Құндылық: бірлік және ынтымақ бірлескен жетістіктерге ұмтылу және ұжымдық күш жігерді ынталандыру

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін ширату жаттығуларын жасату.

Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі, әрі нәзік, жарық мейірімді

Болып кетер сонда менің жан-жағым!

Үй тапсырмасын сұрау

40-жаттығу Берілген қос сөздердің суреттегі қай мамандық иесіне қатысты екенін тап.

Киім-кешек, көйлек-көншек, тіге-тіге, құрал-сайман, ыдыс-аяқ, жеміс-жидек.

Тігінші: киім-кешек, көйлек-көншек, тіге-тіге.

Дәрігер: құрал-сайман.

Аспаз: ыдыс-аяқ, жеміс-жидек.

Өз отбасы мүшелеріңнің мамандықтары туралы әңгімеле.

Мұғалімнің тапсырмасын орындайды.










ҚБ «Білім тамшысы»



Дескриптор:тапсырманы орындайды 1 балл







компьютер, модем, теледидар, ұялы телефон суреттері

Сабақтың ортасы

15 мин



ФС 47,48 – тапсырма Жұптық жұмыс

«Мен білемін!» әдісі

ОДД:білу,түсіну,қолдану

Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін.Құндылық: бірлік және ынтымақ бірлескен жетістіктерге ұмтылу және ұжымдық күш жігерді ынталандыру

Нұсқау Берілген мәтінді оқы. Оның түрін анықта. Ойыңды дәлелде.

Қарамен жазылған ата-ана, жап-жақсы, қайта-қайта сөздерінің емлесін есіңе сақта. Олардың жасалу жолдарын салыстырыңдар.

Ата-ана (екі сыңарының да мағынасы бар қос сөздер)

Жап-жақсы(бірінші сыңары күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер)

Қайта-қайта(бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер)

Оқушы күнделігіндегі жағдаятқа сәйкес шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыр. Осы сұрақтарды парталасыңа қой. Оның қойған сұрақтарына жауап бер.

Оқушының шешімі дұрыс па? Неге олай ойлайсың?

1."Қобалжу" дегенді қалай түсінесің?

2. Қобалжудың қандай пайдасы бар?

3. Қобалжу қасиеті адамның жауапкершілігін көрсете ме?

Оқушының шешімі дұрыс емес. Себебі, сау адамды ауру деуге болмайды. Анамыздың денсаулығы жақсы болсын деп тілеуіміз керек.

Әрқашан да шындықты айтудан қорықпау керек. Қобалжу кез-келген адамда болады. Ол сенің жауапкершілігіңнің жоғары екенін көрсетеді. Төмендегі сөздерді кестеге орналастыр.

Ата-баба, кезек-кезек, тау-тас, күте-күте, тап-таза, қырқа-қырқа, іркес-тіркес, тып-тыныш, салдыр-гүлдір, үп-үлкен.

Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер: кезек-кезек, күте-күте, қырқа-қырқа.

Екі сөздің қосарлануынан жасалған қос сөздер: ата-баба, тау-тас, іркес-тіркес, салдыр-гүлдір.

Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, тып-тыныш, үп-үлкен.

Осы сөздермен 4-5сөйлем құрастырып жаз.

Ол үнемі тап-таза болып жүреді. Домбыра ата-бабамыздан қалған мұра. Ботаның көздері үп-үлкен екен. Олардың жүріп өткен жолдары қырқа-қырқа болып шықты. Біз әжемізге кезек-кезек қарадық.

Берілген мәтінді оқиды. Оның түрін анықтайды. Ойын дәлелдейді.

Қарамен жазылған ата-ана, жап-жақсы, қайта-қайта сөздерінің емлесін есіне сақтайды. Олардың жасалу жолдарын салыстырады.

Төмендегі сөздерді кестеге орналастырады.

Осы сөздермен 4-5сөйлем құрастырып жазады.


Дескриптор:

Берілген мәтінді оқиды. Оның түрін анықтайды. Ойын дәлелдейді.1балл

Қарамен жазылған ата-ана, жап-жақсы, қайта-қайта сөздерінің емлесін есіне сақтайды. Олардың жасалу жолдарын салыстырады.1балл

Төмендегі сөздерді кестеге орналастырады.1балл

Осы сөздермен 4-5сөйлем құрастырып жазады.1 балл


Оқулық, дәптер




5мин

Сергіту сәті


Балалар бірге орындайды

Жарайсыңдар


15 мин









ҚБ 49 -тапсырма Жұптық жұмыс

«Көшіріп жаз» әдісі

ОДД:білу.түсіну

Диалогке тән тыныс белгілерін қой.

Екеуара сұхбат құраңдар.Күрделі сөздерді тауып, түрлеріне ажыратыңдар.

"Тоқымқағар","базарлық" сөздері айтылған сөйлемдерді теріп жаз.

Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.(Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын басқосу).

Оны "базарлық" деп атайды. (Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі.)

Күрделі сөздер: ойын-сауық, өлең-жыр, ірілі-ұсақты.

Диалогтің мазмұны бойынша екі сұрақ құра. Парталасыңның сұрақтарына жауап бер.

1. Тоқымқағар дегеніміз не?

2. Базарлық дегенді қалай түсінесің?


Диалогке тән тыныс белгілерін қояды. Екеуара сұхбат құрайды. Күрделі сөздерді тауып, түрлеріне ажыратады.

"Тоқымқағар","базарлық" сөздері айтылған сөйлемдерді теріп жазады.


Бағалау критерийі Тірексөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрады

Дескриптор

Диалогке тән тыныс белгілерін қояды. 1балл Екеуара сұхбат құрайды. Күрделі сөздерді тауып, түрлеріне ажыратады.1балл

"Тоқымқағар","базарлық" сөздері айтылған сөйлемдерді теріп жазады.1балл

Диалогтің мазмұны бойынша екі сұрақ құрайды. 1балл Парталасының сұрақтарына жауап береді.

1балл

оқулық







Сабақ

тың соңы

5 мин


-Бүгін қандай тақырып өттіңдер?

-Сабақтың мақсаты қалай?

Рефлексия: «Білім құтысы»

Үй тапсырмасы 49 жаттығу


Сабаққа кері байланыс жасайды.

Жинаған балдары бойынша рефлексия жасайды.

Үй тапсырмасын жазып алады













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі