Жаңаны ашу.
Оқулықтағы 3-тапсырманы жұптасып орындауды
ұсынады.
Балалар жердің моделін шар түрінде жасайды. Бұл
модельді
өлшеген кезде, шар 3 килограмдық кіртастан ауыр,
бірақ
дәл осындай екі кіртастан жеңіл болып шықты.
Шардың
массасын х кг деп белгілеп, былай теңсіздіктер
жаз.
х >3
х< 6
Шардың салмағы 3кг мен 6кг аралығында болады. 3
< х
және х < 6 теңсіздіктерінің орнына бір қос
теңсіздікті
3 < х < 6 жазуға болады.
Оны былай оқиды: «х белгісізі 3-тен артық және
6-дан кем».
Қос теңсіздік бір жолға жазылған екі
теңсіздіктен
тұрады.
Сен бұл теңсіздіктің шешімдер жиынын
сандық сәуледе көре
аласың
а)3<х<6
Оның шешімін барлық
шешімдердің жиыны түрінде жазуға болады: {4,
5}.
ә) 5 < x <
15
Олардың шешімін барлық
шешімдердің жиыны түрінде жазуға болады: {6, 7, 8, 9, 10, 11, 12,
13, 14}.
Түсіндіре отырып алғашқы
бекіту.
Оқушылар оқулықтағы
келесі 4-тапсырманы түсіндіре
Отырып орындайды. «Миға шабуыл» стратегиясы.
Қос
теңсіздіктерді жазады.
а)
4< t <9
ә)5
<к< 18
б)
10<m<25
в)
6<n<15
Жаңаны қолдану.
5-тапсырманы орындайды.
Теңсіздіктерді оқиды. Қос теңсіздікті жеке екі
теңсіздікке ауыстырады.
7 < a < 12,
a>7 және a <
12
15 < b < 96,
b>15 және b <
96
18
< c < 75, c>18 және c < 75
21
< d < 49, d>21және d < 49
130
< m < 182, m>130 және m < 182
274
< d < 280, d>274 және d < 280
6А
тапсырманы орындайды.
Оқушылар сан сәулесінде белгіленген сандар
жиынымен шешімдер жиыны сәйкес келетін қос теңсіздікті
жазады.
Алдымен қандай сандар белгіленгенін анықтайды (2,
3, 4,5. 5). Бұл сандар анықтау қажет қос теңсіздіктің шешімдер
жиыны: {2, 3, 4, 5}. Олар 1-ден артық және 6-дан кем, яғни х>1
және х<6. Бұл теңсіздіктерді бір қос теңсіздік түрінде
жазады.
1<х<6
|