Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қосымша білім беру жағдайында дарындылық белгілері бар балалардың жеке даму жолын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Косымша билим беру мугалимдерине
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы.

Шымкент қалалық №2 балалар саз мектебі.









Баяндама

Қосымша білім беру жағдайында дарындылық белгілері бар балалардың жеке даму жолын қалыптастыру.





Шымкент қалалық №2 балалар саз мектебі.

Мұғалім: Жолдасбекова Ғазиза.









2020ж.




Кіріспе


Қосымша білім берудің мән мағынасының артуының балалар мен жасөспірімдердің қол бос жағдайында еріктілік негізінде шығармашылық және танымдық мотивациясын дамыту дербес талаптарын қанағаттандыру, өз еркіне сай мақсатты айналысуына, әсіресе кәсіп таңдауына жәрдемдесу, сөйтіп өмірге бейімдеу, салауатты өмір салтына тарту, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыруға қажетті жағдай жасауында. Қосымша білім беру ұйымдары білімнің адам өмірі мен қоғамдағы рөлін балаларға түсіндіру арқылы олардың білімге, өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын, ынтасын оятып, жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Ағылшын ғалымы Ж. Рензуллидің анықтамасы бойынша: «Дарындылық – бала бойындағы интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттің және табандылықтың болуы».

Психолог Н. С. Лейтестің зерттеуі бойынша осындай ерекшеліктер жүйке қызметінің туа бітті қызметіне байланысты екенін көрсетті. Дарынды балалар алғыр, зерек, жинақы келеді. Күрделі іс – әрекеттерді шығармашылықпен, зейін қоя беріліп атқарады. Дарындылықтың белгілері; Білімді игеруде қайырымдылық, белгілі бір салада (өнерде, ғылымда), жұмысты сапалы атқаруға бейімділік, не нәрсені болса да қызығушылықпен беріле істеуге өзіндік даралық қолтаңба, шығармашылық қуат, т. б. Баланың ерекше қабілетін дер кезінде байқап, жетілдіре түссе шынайы дарындылық иесіне – талантқа айналады. Ал, дұрыс бағдар беріп баулымаса, тәрбиелей алмаса, қабілеті өшіп, ерекше қасиет қарымын жоғалтуы мүмкін. Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында болғанда - ақ пайда болады.

Өздерінің дарындылығымен әлемге танылып, талайға үлгі болған өнер адамдары бар. Олар өздерінің табиғи дарындылығы мен үздіксіз еңбек етулерінің арқасында жастайынан ұлы өнер адамдары атанды.

Айталық, Дюрер 3 жасында өз портретін салған, 7 жасар Моцарт 4 соната жазып үлгерген. Лист, Шопен үлкен концерттерге қатысқан.

Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілдігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Әр баланың шығармашылық қабілетін арттыруға арналған жұмыстар оның ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне дейін жету керек. Күн өткен сайын ол деңгей биіктей береді де, жүйелі жұмыс нәтижесінде оның дамуы жоғары дәрежеге жетеді.









Негізгі бөлім.

Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. Ол жоқ жерде адам тірлігі де жоқ деп Ю. Фучек өте тауып айтқан. Балаға эстетикалық тәрбие беріп, музыкалық қабілетін шыңдауда, мәдениеттілікке тәрбиелеуде өнер мектептерінің орны ерекше.

Дарындылық дегеніміз ол сананың белгілі бір нысанаға бағытталып, сол нәрсеге шоғырлануы.

Дарындылық қуат пен серпін беретін сиқырлы күш.

Дарындылық – даналығымен даралану, ойлылығымен ерекшелену.

Дарындылар материалдық рухани жағына бай адамдар. Әлбетте дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан – ұрпаққа берілетіні сөзсіз.

Дарындылықты табиғаттан берілген ерекше қабілет деп түсіндіреді. Адами ойлау табиғаттың адамзатқа берген тамаша сиы. Дарындыларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет.

Дарынды балалар не нәрсені болмасын білуге құштар, қай салада болмасын бәрін зерттеп, белсенді болады.

Мектептердің ұлы мақсаты – оқушылардың бүгінгі ақпараттар ағынын сауатты игере алатын, сол игерген білімінің қай жерде нақты көмекке келетінін пайымдай алатын, қандай әлеуметтік топпен де қарым – қатынас жасай алатын, өз бетінше оқу, іздену арқылы кез – келген мәселенің шешімін таба алатын ұлт азаматтары дарынды да, қабілетті адамдардың даярлау мен қалыптастыру.

Дарындылық адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің, қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі, сонымен бірге, дарынды бала өз ісінен ләззат алуға бейім болғандықтан, есте сақтау және қайталау әдісі оны біріншіден тез жалықтырады, екіншіден, оның санасында білімді толық игеру, яғни сабақ өтілетін дидактикалық материалды толық білу елесі пайда болады, үшіншіден, ол мұғалімге тәуелділікке төзе алмайды. Нәтижесінде дарын сөнеді.

Дарындылық сөнбеуі үшін бала тұрақты түрде бақылауда болуы тиіс, тұрақты түрде шығармашыл деңгейде іс- әрекет жасауы қажет, мұғалімге тәуелді екенің сезінбеу керек. Әр оқушы өздерінің мұғалімінің зерттеу обьектісінде тұрғанын сыныптастары бірін – бірі білмеуі керек, бақылау табиғи түрде жүргізілу керек. Адам қабілетіндегі дарындылық мен талант, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл адамның ақыл – ойы мен іс – әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Дарынды адамның іс – әрекет нәтижелері адамның әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігі оның жақсаруына елеулі үлес қосып мәдени - рухани, саяси – экономикалық салаларында өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Әр түрлі іс – әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар, бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды.

Дарындылық әрбір адамның ақыл – сана, оқу, шығармашылық, көркем өнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарындылық дәрежесінің артуы кажетті білімдер мен ептілік дағдыларды игеріп, жетілдіріп, дамытуға тікелей тәуелді. Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу қобызға құмар, екінші домбыраға және біреулер ән айтуда лидер болуға өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс –әрекетте кейін дамыта түседі. Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас - қажырлылық таныта алады.

1. Дарынды баланы анықтаған кезде баланың жеке құжатттарын, мінездемесін, бала – бақшадағы түрлі байқауларда көрсеткен өнеріне сүйеніп зерттеу.

2. Балаларды түрлі ақуалдығы, іс – әрекетіне бақылау жасап, талдау жүргізу.

3. Әр - түрлі әдістерді пайдаланып, баланың даму көрсеткішін, білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек. Кез келеген мұғалім осындай жұмыстарды жан – жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, балалардың дарындылығын, қабілет шыңдау алады.


Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:


* Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.

* Пәнге терең қызығушылығын арттыру.

* Оқушының әсерлік сезімін қалыптастыру.

* Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.

* Жалпы білім – білік дағдыларын арттыра оқыту.

* Білімнің бағасын арттыру.


Дарындылық – адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамдардың бір немесе бірнеше іс – әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге мүмкіндігі.


Дарындылық кредосы:


1. Сен білуге міндеттісің дегеннің орнына, сенің қолыңнан келеді! ұстанымы.

2. Белгілі жағдайда белгісіздікке бетбұрыс жасау қағидасы.

3. Іс - әрекеттік нәтижесіне жету барысындағы қуаныш!

4. Баланың қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя біліге үйрету!

5. Болашаққа бейімдеу.

6. Дамыта оқыту.

7. Жеке ғана емес әлеуметтік ойлау қабілетін дамыту!

8. Мақсатының айқын болуы - 50%

9. Іс - әрекет 20%

10. Эмоция, көңіл – күйі жоғары 25%

11. Сәттілік 5%

Дарынды, қабілетті балаларды іздеу оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Себебі дарынды, талантты, қабілетті адам қоғамға көбірек пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. Біздің мақсатымыз жан – жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүргізілетін жұмысты дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістікерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі деп ойлаймын . Себебі дарынды және талантты балаларға тапсырмалар дайындаған кезде көп ойлануды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді.


Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары:

* Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу

* Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту

* Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

* Проблемалық оқыту әдісін пайдалана отырып оқыту.

Ізденіс жұмыстары, өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

* Мектепішілік және ауданаралық, облыстық жарыстарға, концерттерге, түрлі сайыстарға қатыстыру.

* Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту.


Көптеген ғалымдар әр баланың туа біткен шығармашылық мүмкіндікері бар, ол креативтілікті дамыту тек шығармашылық ірекетте жүзеге асады деген пікірде. Демек, шығармашылық даралықты қалыптастыру әлеуметтік орта шарттарына тәуелді.


Баланың шығармашылық дарынын дамыту бағдарламасының мазмұнын түрлі бөліктерге бөлуге болады.


1. Шығарманы өзіндік талдауына.

2. Өз шығармашылығын қолдану, импровизация жасауға.

3. Шығарманың ырғағын, мазмұнын, ойша талдауға

4. Музыка мен өнертапқыштық әрекетінің аралас тәсілдері арқылы

5. Көзбен көріп, кұлақпен естіп зерттеуге


«Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар.

Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі,

Зерделі ұл, зейінді қызды сынар.

Көңілдің тілейтін тек тазалығын

Аз емес арқалаған азабы.

Мол өсиет қалдырған ұрпағына

Қасиетінен айналдым қазағымның!» - деп М. Әлімбаев жырлағандай қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесімен өте ерте заманнан – ақ , өзінің жиып терген бай, асыл - қазынасы, мол тәжірибесімен тәрбиелеуге ерекше көңіл аударған. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеті дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу ерекше киын іс. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының өнегесін санасына сіңіре білу оларды шығармашылық, бағытта жан – жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.

Бала дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім алуда басқалардан аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің көрінуі деп түсінеміз.


Дарынды тұлғаны дамытудың әдіс - тәсілдер кешені:


Шығармашылық дарындылық Түрлі байқауларда өнер

көрсету.

Көркемдік дарындылық Шығармашылық сайыс,

көркемөнерпаз жарыстар.

Академиялық дарындылық Аспапта шебер ойнауын

шыңдау.

Техникалық дарындылык Аспапта ойнау жылдамдығын

арттыру.


Дарынды баламен жұмыс жасау барысында, түрлі аудиотаспаларды тыңдатып, видеотаспаларды көрсету арқылы баланың одан әрі дарының шыңдау басты мақсатымыз. Қазіргі кезде ырғақты музыканың дамыған заманында баланы тек күймен шектеу өте қате.

Қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра, қобыз арқылы халық күйлері мен композиторларының шығармаларын жас ұрпақтың бойына сіңіру қазақ өнерін зеттеуші педагог Ж. Еңсеповтың жасаған еңбегі орасан зор.

Ұлттық аспап домбыра,қобызды шет елдерге насихаттауда ДЭККО стилінің ерекшелігі өте зор. Қазақ композиторларының шығармаларын басқа елдерде заманауи бағытта паш ету бүкіл елді дүр сілкіндіріп, қазақ жастары мен басқа ұлт өкілдерінің домбыраға, қобызға деген қызығушылығын тудырды. 90 – жылдардың ортасында пайда болған ДЭККО стилі өз ерекшеліктерімен домбыраның қоңыр дауысымен өз үйлесімін тапты. Бұл стиль арқылы жас ұрпақ Қазақстандық этно – рок тобы «Ұлытау», «Бастау», А. Еңсепов сияқты өнер майталмандарының өнеріне қызығып, оқушылар қазақтың ұлттық өнерін құрметтей бастады және сол өнер иелеріне еліктеп, дарынды, талантты болуға ұмтыла бастады. Осы стиль арқылы қаншама қазақ балаларының домбыра, қобыз аспабына деген қызығушылығы артып, өз дарындарын одан әрі шыңдап келеді.

Қорытынды:

* Әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отырады.

* Дарынды балаларды мектепішілік, калалық, облыстык, республикалық іс – шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу.

* Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер бар.

* Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызады.

* Жас ерекшеліктерін ескере отырып, қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырса, келешек жастардын мемлекетімізге әкелер үлесі зор болады.

* Жыл соңында дарынды балалардың шығармашылық есебін беру.


Қорытындылай келгенде, дарынды балалармен жұмыс мазмұны адам ресурстарын дұрыс пайдалану, елдің интеллектуалдық күшін арттыруға қосқан мол үлес болары анық.

Дарынды бала – бұл болашақта кәсіби композитор, шебер домбырашы, күміскөмей әнші, таланатты музыкант, қайталанбас өнер иесі. Бұл еркіндікті сүйетін жауапты, рухы биік адам, бұл - ұлттық құндылық.

Елбасымыз Қасым - Жомарт Тоқаевтын биылғы тамыз конференциясындағы сөзінде: Білім беру саласының барлық деңгейі бәсекеге қабілетті олуы тиіс. Әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балалардың сапалы білім алу мәселесін шешу қажет. Отандық білім беру жүйесі ел игілігі үшін еңбек ететін, білімі озық, лайықты азаматтарды тәрбиелеуі тиіс деді.

Олай болса, әр мектеп мұғалімдері әрбір баланың талантын ашып, өз саласының дарынды маманы болуға тәрбиелеуде үлесі зор екені айқын.

Алдына мақсат қоя білген, талантты, дарынды бала қай кезде болмасын Қазақстанның өсіп – өркендеуіне үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Сонымен катар, дарынды жастарымыз қазақ елін шет мемлекеттерге ұлы өнерімізбен, ұлттық құндылығымыз домбыра аспабымен танытып, көк туымыздың әлем көгінде желбіреуіне әрбір қазақ баласының міндеті болуы тиіс.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
512
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12