Материалдар / Қосымша білім беру жағдайындағы заманауи оқыту технологиялары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қосымша білім беру жағдайындағы заманауи оқыту технологиялары»

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қосымша білім беру жағдайындағы заманауи оқыту технологиялары» туралы білім беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2023
617
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

     Қосымша білім беру жағдайындағы заманауи оқыту технологиялары»



Қосымша білім беру ұйымының басты мақсаттарының бірі – балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру  барысында әр баланың бойындағы шығармашылық қабілетін оятып, еңбек етуге, өнерде алғашқы қадамдарын жасауға үйретуге ұмтылу. Қосымша білім беру педагогының маңызды міндеттерінің бірі – жеке шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Ертедегі гректер ішкі және сыртқы даму туралы ой қозғаған. Олардың айтуынша еркін адам  ең алдымен саясаттан хабары болуы керек, онсыз ол өз отанының патриоты бола алмайды. Екіншіден, көрікті және дені сау болуы үшін спортпен айналысуы керек. Үшіншіден, ол өнер адамы болуы керек.Әлемді танып – білуі үшін саяхатшы болуы керек. Балалық шақ-әр адамның алтын уақыты. Бұл уақыт дұрыс, түзу тұлға жасау үшін нағыз дұрыс кезең.   Қосымша білім беру ұйымы қызметінің жалпы білім беретін оқу орындарынан ерекшелігі мен артықшылығы оқыту мен тәрбиелеу, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, мектептен алған білімін толықтыру, бос уақытын ұйымдастыру, болашақтағы мамандығына кәсіби бағдар беру жұмыстарын бір үрдіске біріктіруге мүмкіндігі бар.

Қосымша білім беру жүйесінде  әр оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесі – баланың өзі таңдаған бағытына қызығып, бейімделуі,  сондықтан қосымша білім беру жүйесінде  оқу бағдарламасы әр балаға лайықты құрылады.

Қосымша білім беру жүйесінде  қатаң регламент  жоқ,  бірақ балалар мен  ересектер  арасындағы  еркін сыйластық қарым – қатынас ,шығармашылықпен айналысуға және жеке тұлға болып қалыптасуына жасалған жағдай  жеке тұлғаға бағытталған технологияларды іс жүзінде пайдалануға мүмкіншілік береді.

«Технология» деген сөз грек тілінен аударғанда «tehno»- өнер,шеберлік және  «logos» – ғылым, заң, яғни шеберлік туралы ғылым. Оқу технологиялары оқу қызметінің негіздеріне бөлінеді: олар репродуктивтік қызмет (дәстүрлі) және продуктивті (ізденістік).[1]

Репродуктивті қызмет.Дәстүрлі оқыту белгілері : оқушыға білім дайын күйінде ұсынылады; оқытушы мұғалім түсіндіреді, айтады; оқушылар білімді түйсікті игереді, оларды үғып, есте сақтайды.     Білімді бірнеше рет қайталау тәсілі   мықты ұғынуды қамтамасыз етеді.

Дәстүрлі әдістің басты ұтымдылығы – үнемділік. Мұғалімнің  қиналмай білім, біліктілік деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Адамның қызметі дәстүрлі, орындаушылық немесе шығармашылық болуы мүмкін.Дәстүрлі   іс – әрекет  шығармашылықтан бұрынғы әдіс. Сондықтан оны   ескерусіз қалдыруға болмайды, бірақ оған аса қатты сүйенуге де болмайды.

Дәстүрлі  оқыту басқа әдістермен үйлесуі тиіс.

Продуктивті, яғни өнімді,  ізденісті іс – әрекет  оқушылардың жаңа білімді өздігінен алуға  бағытталған. Бұл жерде педагог тек бағыт беруші болады.

Өнімді ( продуктивті) іс – әрекет  негізі тек өзіне тән белгілермен айқындалады: оқушыға білім «дайын» күйінде берілмейді, оны өз беттерімен табуы қажет. Мұғалім білімді хабарлап емес, әртүрлі тәсілдер арқылы жаңа білімдерді іздестіруді ұйымдастырады. [1]

Педагогтың басқаруымен оқушылар өз беттерімен бейтаныс тапсырмаларды, күрделі жағдайларды шешеді, талдап, салыстырады. шешім шығарады, нәтижесінде оларда айқындалған білім негізі қалыптасады.

Сонымен, осы тәсілдер мен әдістерге негізделген қазіргі кезеңдегі оқу технологияларын талдаймыз.  Қазіргі кезеңдегі оқу технологияларын мүлдем жаңа деп айта алмаймыз, бұл әдіс-тәсілдер тұтас болмаса да кейбір элементтері дәстүрлі әдістерде де көрінеді, яғни педагог өз қызметінде әр технологиялардың элементтерін қолданады. Мысалы: топтық жұмыс, жекелеген ізденіс жұмыстары, модульдік технологиялар, тірек сызбалары сияқты технология элементтері бұрыннан таныс. Қазіргі кезде  осы және басқа да технологиялар әсіресе қосымша білім беруді кеңінен қолданылып жүр. Сонымен, жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың мақсаты – баланың өз өміріндегі  тіршілігі, тәжірибесін пайдалану негізінде, оның жеке танымдық қабілеттерін барынша жоғары деңгейде дамыту. [3]

Осы технологияға сәйкес әр балаға жеке оқу бағдарламасы құрылады. Бұл бағдарламаның басқа оқу бағдарламасынан ерекшелігі, осы оқушыға тән мінездемелерге негізделген, оның мүмкіншілігіне, және даму динамикасына бейімделген ( мысалы дарынды балалармен, мүгедек балалармен жұмыс, оқу бағдарламасына жеке оқуды енгізуге болады.)

Жеке тұлғаға бағытталған оқу технологиясында барлық оқу жүйесінің орталығы – бала тұлғасының жеке ерекшелігі, сондықтан осы технологияның негізін дифференциация және   жеке оқыту  құрайды.

Дифференциация – латын тілінен аударғанда бүтін, тұтастың әр түрлі бөліктерге, түрлерге бөлінуін білдіреді.

Жеке оқыту  – балаларға қосымша білім берудің принциптік, қағидалық негіздемесі. Қосымша білімде пайдаланылатын жеке тұлғаға арналған іс – әрекеттер оның негізгі ерекшелігі  болып саналады.

Жеке оқыту технологиясы ( бейімдеу) – бұл әр баламен жеке  жұмыс жасау әдісі басқа әдістерге қарағанда басымдырақ әдіс болып табылады.         Балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің мүмкіншілігі және жеке қабілеттерін  анықтаудың бірнеше түрі қолданыла алады:

1.        біркелкі (жынысы, жасы, әлеуметтік деңгейі) бойынша оқу топтарын жинақтау.

2.        Бағыты бойынша толық топ жинақталмаған жағдайда топтың ішінде әр түрлі деңгейде оқыту үшін шағын топтарға бөлу ( дифференциалдық оқыту).

3.         Жоғарғы буын топтарында бастапқы кәсіптік және кәсіпке дейінгі дайындық, кәсіптік оқу(экономика, бейнелеу өнері, дизайн т.б).

Жеке оқытуда ең бастысы  – әр баланың  мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай оқу  мазмұнын, түрін, әдісін бейімдеуге болады. Оның жетістіктерін бақылап, қажетті түзетулер( коррекция) енгізуге  мүмкіндік туады. Оқушыға бұл уақыт үнемдеуге, өзінің шығындарын бақылауға, табысты болуына мүмкіндік береді.

Мектепте жеке оқыту сирек немесе аз деңгейде қолданылады.

Жеке оқыту технологиясы  негізінен дарынды балалармен жұмыс және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыста қолданылады.

Балалар мен жасөспірімдер сарайының «Жеке тұлғаны әлеуметтендіру және рухани – адамгершілік тәрбие беру» даму бағдарламасының аясында жасалған «Дарынды балалар» мақсатты бағдарламасы дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылығын дамыту, өзін – өзі анықтауға жол ашу, жеке тұлға   қалыптастыру мақсатында құрылған. Дарынды балалармен жұмыс арнайы жасалған оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асады. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялар нәтижесі  әр түрлі деңгейдегі сайыстар мен байқауларда, жеке көрмелерде көрінеді. Сарайда жыл соңында дәстүрлі түрде «Үздік үйірмеші» байқауы өтеді. Жекелеген дарынды оқушылар бұл жерде өз шеберлігін танытуға мүмкіндік алады.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс та жеке оқыту технологиясы арқылы жүзеге асады.Мұндай топтарда жалпыға арналған білім бағдарламасымен жұмыс істеу мүмкін емес екені белгілі.  Дифференциалды біркелкі жинақталған топтың өзінде  әр баламен жеке жұмыс қажеттілігі туындайды. Сондықтан мұндай топтарда баланың қабілетіне, мүмкіндігіне қарай топтың ішінде топтау болуы мүмкін. Балалар мен жасөспірімдер сарайы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Аялы алақан» орталығымен бірлесі жұмыс істейді. Бұл орталықта әр түрлі жастағы, әр түрлі жағдайдағы, әр түрлі қабілетті балалар жинақталған. Оларды бір топқа біріктіретін бір ғана белгі – ол мүгедектік. Сондықтан осы балалармен жұмыс істейтін педагогтар әр баламен әрқайсысының мүмкіндігіне қарай жеке жұмыс жасауға көңіл бөледі.

Топтық технологиялар біріккен іс – әрекеттерді, өзара байланысты ,қарым – қатынасты, өзара түсінушілікті, өзара көмекті, өзара түзетуді ұйымдастыруды болжайды. Қазіргі заманғы қосымша білім беруде   топтық технологиялар  іс жүзінде кең пайдаланылады. Топтағы ұжымдық қызмет деңгейін бөліп айқындауға болады: барлық топпен бір мезгілдегі жұмыс; жұптармен жұмыс; дифференциация қағидаларындағы топтық жұмыс

Топтық технология ерекшеліктері – берілген тапсырмаларды шешіп, орындау үшін топ шағын топтарға бөлінеді. Әр баланың   еңбегі көрінетіндей тапсырмалар  беріледі. Топтың құрамы мақсатына байланысты  өзгеруі мүмкін.

Топтық жұмыс уақытында педагог   бақылайды, сұрақтарға жауап береді, дауларды шешеді, көмек көрсетеді.

Оқыту динамикалық топтарда бір – бірімен қарым – қатынас жасау тәсілімен бір – бірін оқыту арқылы атқарылады. Жұптардың бір бірімен ауысып жұмыс істеуі   оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын және жан – жақпен қарым – қатынаста болуын дамытуға ықпал етеді.

Топтық технология  балаларға қосымша білім беруде кең тараған  технология. Кез – келген үйірме сабағында жүзеге асыруға болатын тиімді, қолжетімді әдістердің бірі. Ашық сабақтарда, танымдық сағаттар, диспуттар мен тренингтерде топтық технология кеңінен қолданылады.

Қосымша білім беру жүйесінде ұжымдық шығармашылық қызмет технологиясы табысты қолданылады. [4]

Бұл технология балалар мен ересектердің біріккен қызметін  ұйымдастыруды қарастырады, ұжымның барлық мүшелері әр істің жоспарлануына, атқарылуына және қолданылуына қатысады.

Нәтижелерді бағалау – бастамашылық үшін мақтау, жұмысты ақпараттандыру,көрме,марапаттау, атақ  беру т.б. Нәтижелерді бағалау үшін табыстар мен нәтижелер белгіленетін, арнайы шығармашылық кітаптар әзірленеді.

Ұжымдық шығармашылық қызмет   технологиясының  нақты түрлері көп: еңбек шабуылы, еңбек десанты, алыс достарға сыйлық, рейд, еңбек фабрикасы.т.б[4]

Еңбек ұжымдық істер технологиясын «Эко плюс» үйірмесінің жұмыстарынан көруге болады. Экологиялық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған экологиялық сенбіліктер, «Эко пакет», «Эко клумба» акцияларын айтуға болады.

Еңбек ұжымдық шығармашылық технологиясы сәндік – қолданбалы өнер бөлімінде де қолданылды. Қолданбалы қолөнер үйірмелерінің оқушылары жергілікті «Ютария» тігін фабрикасында болып, ондағы жұмыс үрдісімен, фабриканың тыныс – тіршілігімен танысты. Бұл экскурсия балалардың болашақ мамандық таңдауларына да көмегін тигізері сөзсіз.

Танымдық істер Ұжымдық шығармашылық қызмет   технологиясы: көңілді  кештер, (жиындар), көңілді шеберлер қаласы,саяхат, шешілген және шешілмеген құпиялар кеші, фантастикалық жобаларды қорғау, пресс-бой, пресс – конференция, әңгіме – эстафета, диспут – жиналыс, турнир – сауалнама, білгіштер турнирі, ауызша журнал.

Танымдық істер ұжымдық шығармашылық технологиясы аясында танымдық-зияткерлік ойындарды «Не?Қайда?Қашан?» интеллектуалды клубының жұмысынан, КТК ойындарынан көруге болады.

Көркемөнерлік – ұжымдық шығармашылық қызмет   шешімдері мысалдары:   «Концерт – есеп», « Театр студиясы», «Көркем – әдеби сайыстар», байқаулар. поэзия білгіштерінің турнирі.

Ұжымдық шығармашылық қызмет технологиясының қолданылуын «Шалқыма» , «StarDans» би ұжымдары, «Балауса» домбыра ансамблі , «Сорванец» театр студиясының жұмыстарынан көруге болады. Бұл ұжымдар қалалық, облыстық деңгейде нәтижелер беруде.Ұжымда жұмыс істеу, бір – бірін үнсіз түсіну, бір-бірін алмастыру, іс – қимылдарды бірлесе жасау – ұжымның басты қағидасы.

Спорттық – туристік ұжымдық шығармашылық технологиясы туристік бағыттағы үйірмелерде кеңінен қолданылады. Туристік сайыстар, чемпионаттар мен спартакиадалар барысында ұжымдық шығармашылық жұмыс өз нәтижесін береді. Бұл технологияның негізгі мақсаты да балаларды ұжымда жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз ара түсіністік, қарым-қатынас «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» қағидасын қалыптастырады. [5]

Оқу зерттеушілік технологиясында  педагогтың басқаруымен  мәселелік жағдаяттар құрылады, оны шешуге оқушылардың белсенділігі ұйымдастырылады. Нәтижесінде білімдік, біліктілік дағдылары меңгеріліп, оқу үрдісі жаңа танымды бағыттарды іздеу ретінде құрылады. [5]

 

Бұл тәсілдің ерекшелігі «ашу арқылы оқу» идеясын іске асыруда: бала көріністі, заңды, заңдылықты, қасиеттерді, мәселенің  шешу әдісін өзі ашуы, өзіне белгісіз сұраққа жауап табуы тиіс.  Және өзінің іс – әрекетінде ол танымдық құралдарға сүйене алады, гипотеза, ғылыми болжамдар құрастырып, оларды тексеріп, және дұрыс шешімге жол табады.

Оқу зерттеушілік технологиясы қосымша білім беруде кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі, әсіресе натуралистер мен экологтар бөліміне қарасты үйірмелер жұмыстарынан көрініс тапқан.

Мысалы, «Өсімдіктер экологиясы» үйірмесінде «Жезқазған аймағының дәрілік өсімдіктері» тақырыбында оқушылар    дәрілік өсімдіктердің түрлерін  қалауларынша  таңдап, педагогтың  бағдар беруімен   ізденіс жұмыстарын жүргізді.  Жұмыстары  қалалық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде өткізілетін оқу-зерттеу жұмыстары байқауында қорғалып,бағаланды.

«Гүл өсіру және фитодизайн» үйірмесінің  оқушылары жылыжайда  қазтамақ гүліне бақылау жүргізді. «Қазтамақ гүлін дәннен және қалемшелеу арқылы көбейту» тақырыбында  бақылау жүргізіп,  тиімді тәсілі  қалемшелеу арқылы көбейту деген қорытынды жасады.

Дамыта оқыту технологиясы  – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр тәрбиеленушінің өзін  – өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Бала сабақта өзінің өмірден көрген-білгендерін айтып, оны жолдастарымен бірге талқылап отырады. Қарама-қайшы білімдер ойды дамытады. Қосымша білім педагогының жұмыс стилі үйірмеде нақты жағдайға байланысты өзгереді. Қосымша білім педагогының сұрағы мен тапсырмалары біржақты жауаппен шектелмей,тәрбиеленушіні өз көзқарасын айтуға, өз бағасын беруге итермелейді[6]

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы – сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап, оның неге қатысты екенін зерттеп, оларды салыстыра отырып, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе- теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы жұмыс жасағанда оқушылар өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан- жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады, оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, ойын жеткізуге, оны дәлелдей алуға, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдауға, сол пікірлерді салыстыруға, басқалармен жұмыс істеуге, қасындағы досына құрметпен қарауға, зер салып тыңдауға, мәдениетті, батыл сөйлеуге, топпен ортақтасып бір тұжырымға келуге мүмкіндік алады.

Аталған оқыту технологиялары «Информатика» үйірмелерінің сабақтарында қолданылуда.

Ойын технологиялары – ең көп тараған, тиімді,  балалар іс – әрекетін белсендіретін және қарқын беретін әдіс. Олардың негізін қызметтің негізгі түрі ретінде қоғамдық тәжірибені меңгертуге бағытталған педагогикалық ойын құрайды. [2]

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бәйшешек» эстетикалық орталығындағы сабақтарда ойын технологияларының  танымдық, дене ойындық, шығармашылық, дамытушылық, ролдік түрлері қолданылады.

Ойын технологияларының ролдік,сюжеттік, шығармашылық түрлерін тілдік үйірме сабақтарынан көруге болады. Балалардың өзара шығармашылық  ойындары, ертегі кейіпкерлерін сомдау, сюжеттік әңгімелер құрау балалардың тілдік дамуына көп көмегін тигізеді.

Туристік – өлкетану үйірмелерінің сабақтарынан дене ойындық технологиямен оқытуды көруге болады. Топпен жұмыс істеу, оның ішінде ойын технологиясын қолдану бала шығармашылығын дамытуға тиімді жағдай.

Жобалық оқыту технологиясы – сыныптық-оқыту жүйесіне қарама – қарсы  балама технология. Мұнда дайын білімдер берілмейді, жеке жобалар  қорғау технологиясы пайдаланады. Жобалық оқыту технологиясында нәтиже ғана емес, үрдістің өзі маңызды және құнды. [2]

Қосымша білім беруде жобалық қызметтің қолдану нәтижесінде шығармашылық ой – өріс дамиды, педагогтің ролінің сапасы өзгереді,білім алу және тәжірибе жинақтау кезінде  оның  үстемдігі жойылады, педагог тек баланың оқуына  көмектесіп қана қоймай , баланың танымдық іс – әрекетіне бағыт береді, зерттеушілік қызмет элементтері енгізіледі, тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

Осыдан ұжымда жұмыс істеу біліктілігі, жауапкершілік алу, өзін команданың мүшесі ретінде сезіну – өзінің темпераментін, мінез – құлқын, уақытын, қызығушылығын жалпы іске бағындырады. Педагог куратор немесе консультантқа айналады,  мәлімет көзін іздеуге оқушыларға көмектеседі, хабар көзі педагогтың өзі болады, оқушыларды қолдайды және мадақтайды, бүкіл үрдісті үйлестіреді және түзейді, үзіліссіз  кері байланысты қолдайды.

Балалар мен жасөспірімдер сарайының қосымша білім педагогтарының  5 пайызы жобалау технологиясымен жұмыс істейді. Жобалау технологиясы  қосымша білімнің қай саласын алып қарасаң да барлығында тиімді әдіс.

Жобалық қызмет қорытындылары – бұл ең алдымен қызметтің барысы (қызметтің өзі),  ал өнім болса( ойыншық-жастық, ойыншық кілемше) ниетті іске асыру, нақты түрде көрсету, бұл жоба мәселесі шешімінің ойластырған ниетін түсінуге көмектеседі.

Қорытынды:  Қосымша білім беру жағдайында ойын, еңбек, танымдық қызметінде бала дамиды, сондықтар инновациялық технологиларды енгізу мақсаты – белсенді шығармашылыққа тарту арқылы оларға оқу  еңбегінің  қуанышын сезінуді білгізу, жүректерінде өздерінің осы еңбектеріне лайықтылығын сезіну, әр оқушының қабілеттерін дамытудың әлеуметтік мәселесін шешу.

Балаларға арналған қосымша білім беру мекемесіндегі жұмыста қазіргі кезеңдегі технологиялар отандық және шетелдік тәжірибеде, отбасылық және халық педагогикасында жинақталған барлық құндылықпен үйлесіп, балалар қызметін ұйымдастыруда нәтижелі тәсілдер және әдістерді таңдауға, олардың белсенділігіне, өзін – өзі дамытуға мүмкіншілік береді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!