Материалдар / Қосымша білім беру ұйымының бүгінгі таңдағы ролі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қосымша білім беру ұйымының бүгінгі таңдағы ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қосымша білім беру ұйымының қызметкерлеріне арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Наурыз 2021
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қосымша білім беру ұйымының бүгінгі таңдағы рөлі

Бүгінгі таңда Қазақстанда іске асырылып жатқан реформалар барлық оқу орындары мен тәлім – тәрбие мекемелерінің тәрбие және білім беру мазмұнын жаңа сапалық тұрғыдан дамуы мен жетілуі үшін жасалуда.Өйткені дамудағы нарықтық қатынастарға еркін араласуға дайын бүгінгінің және болашақтың адамдарын тұлғалық интеллектуалдық және кәсіби сапалық жағынан әлемдік бәсекеге қабілетті етіп даярлап шығару,әсіресе осы білім мен тәрбие мазмұнының сапасына тікелей байланысты.Осыған орай қазіргі Қазақстан жағдайында қысқа тарихи уақыт аралығында барлық білім беру жүйесінде оң өзгерістер іске асырылуда және қосымша білім беруге арналған, оның негізгі субъектісі болып саналатын мектептен тыс мекемелер қызметін жаңа сапада қайтадан ұйымдастыру қолға алынуда. Бұл жүйе әр түрлі жастағы балалар мен жасөспірімдерге кез келген жағдайда да жаңа білім алуға, оны үнемі толықтырып өзін –өзі бағалауға,басқаруға, шығармашылық белсенділігі мен танымдық қабілеттерін дамытуға,қызығушылығы мен денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?! деп атап көрсетті. Ал Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында: Қосымша білімсіз балалардың әлеуетін толық ашу мүмкін емес. Сондықтан әр баланың сабақтан тыс үйірмелер мен секцияларға қатысу мүмкіндігі болуы маңызды. Елімізде мемлекеттік қосымша білім беру мекемелері біз қалағандай көп емес. Сондықтан балаларды қосымша біліммен қамту үшін тиісті жұмысты атқарудамыз. Осы ретте жағымды жаңалықпен бөліспекпін. Жақын арада балалардың мемлекеттік тапсырыс арқылы жекеменшік ұйымдарда да қосымша білім алуына жағдай жасалады, - деп жазуы қосымша білім беру педагогтарына ерекше күш – қуат берді.

Қосымша білім беру –  бұл ерекше бір әлем және өз істерінің кәсіби, хас шебері бола білген педагогтардың арқасында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Түркістан облысы Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Оқушылар үйі балалардың танымдық дамуын, шығармашылық белсенділігін арттыру, саналы еңбекке бейімдеу және ғылым мен мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелейтін бағытты көздейді. Осы мақсатта оқушылар үйінде шығармашыл, дені сау, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда 6 бағытта жұмыс жүргізіледі. Оқушылар үйінде 67 үйірмеде 201 топ бар, жалпы саны – 1965 оқушы қамтылған, олардан 15 оқушы мүмкіндігі шектеулі жалпы мектеп бағдарламасымен оқитын оқушылар. 67 үйірмеден 3-і ауыл және қала мектептерінің базасында орналасқан және онда қамтылған оқушылар саны - Оқушылар үйі 5 бағытта жұмыс жүргізуде:

1.Әдеби көркемдік бағытқа «Шешендік өнер», «Көркем сөз», «Сахна сыры», «Саз әлемі», «Занимательная грамматика», «Жас қалам» , «Ағылшын тілін үйренеміз». «Қуыршақ театры» т.б. үйірмелер

2.Сәндік –қолданбалы өнер бағытына «Шебер қолдар», «Тоқыма», «Дизайн», «Ұлттық қолданбалы сәндік өнер», «Бояулар сыры», «Жас шебер» үйірмелері

3.Экология-биология бағытына «Гүл өсіру», «Жас эколог», «Табиғат әлемі», «Жас бағбан» үйірмелері

4.Туристік –өлкетану бағытына «Өлкетану», «Тарих білгірлері», «Туған өлке табиғаты», «Шежіре» үйірмелері

5.Жаратылыстану бағытына «Жас химик», «Қызықты математика», « Ментальді арифметика», «Логика әлемі», «WEB бағдарлау», «Жас физик» үйірмелері

6.Спорт –салауаттандыру бағытына «Қол күресі», «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Денешынықтыру» үйірмелері топтастырылғын.

Әр бағыттағы педагогтар авторлық бағдарламалар бойынша қосымша білімді іске асыруда.Қазіргі қоғам жалпы ұстаз қауымына жаңа талаптар қойып отыр. Мұғалім - рухани дамыған, шығармашыл тұлға, кәсіби дағды мен педагогикалық шеберлік иесі, жаңалыққа құштар, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді әдістерін іздестіруші маман.  Мұғалім өз пәнін шебер меңгеруімен қатар, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала болжап, кемшіліктерін түзете білетін құзыретті тұлға болуы тиіс. Балаларға жеке тұлға құзыреттілігін қалыптастыруда дұрыс бағыт-бағдар беру,  жол сілтеу –қосымша білім беру педагогтарының  құзыретіндегі жұмыс.

Қазақ халқаның дәстүрлі өнерін насихаттауда «Қылқалам» үйірмесі ақынжанды жас таланттардың өнерін шыңдауға, шығармашылық қабілетін дамытуға, сөз құдіретінің мәнісін мәнерлі, мазмұнды жеткізуге баулып келеді. Ауданға танымал «Шартарап Шарайна», «Өскен өңір» газет беттерінде жас ақындарымыздың өлеңдер мен қызықты мақалалары ұдайы жарияланып тұрады.

Сахна өнері, сахна мәдениеті өзінше бір әлем. Өнерпаздың эстетикалық талғаммен орындаушылық қабілетін дамытуда,тыңдарман қауымға да әсер етуде «Қуыршақ театры» үйірмесінің орны ерекше. Үйірме оқушылары өздері сомдаған ертегілерін аудан көлеміндегі балабақшаларға қойып,олардың ыстық ықыластарына бөленді. Осы тұста оқушылар үйіндегі «Дизайн» үйірмесінің жұмысын ерекше атап өтуге болады. Түрлі киімдер мен сәнді киім үлгілерін тігуде үйірме оқушылары жақсы машықтанған. Білгер, он саусағынан өнер тамған педагог Ұ. Наханова мен А. Ешентаева барлық мәдени іс-шаралардың, байқаулардың киім үлгілерін оқушыларының көмегімен өздері дайындайды. Аудандық іс-шараларда тігілген киім үлгілерінен көрмелер, сән көрсетілімін көрсетеді.Көркем –эстетикалық бағытындағы үйірме жетекшілерінен А.Абдраманова, А.Артықбаева,Ұ.Аширбекова,Ж.Князбаева,Б.Шылмырзаева.Г.Қансейіт,Г.Жанкисеева Г.Озғанбаев секілді педагогтарымыздың шәкірттерімен дайындаған туындылары аудан, облыс көлеміндегі көрмелер мен байқаулардың жеңімпаздары атанған.

Экология –биология бағытындағы үйірмелер бөлме гүлдерін өсіру,күтіп баптау,көбейту жолдарын оқушыларға насихаттап қана қоймай, одан қалай пайда табуға болатындығын да үйрету мақсатында «Стартап» жобасы қолға алынған.Үйірмеге қатысушы оқушылар өздері гүл өсірудің толық қыр – сырларымен танысып, мекемені де гүлдермен безендіруді қолға алған. Педагогтардан Г.Қойланова.Э.Бөлекбаева, Н.Сахова, Ж. еңбектерін ерекше атап өтуге тұрарлық.

Мекеменің жұмыс бағытының бірі, оқушылар көптеп тартылған үйірмелер спорттық үйірмелер. Олар қол күрес және тоғызқұмалақ,шахмат,шашка,дене шынықтыру үйірмелері. Қол күресі үйірмесінің оқушылары үйірме ашылған уақыттардан бірі облыстық, республикалық турнирлер мен біріншіліктердің жеңімпаздары атануына ерекше ықпал етіп отырған жас педагог Б.Шынтаевтың әлі талай чемпиондарды тәрбиелейтіндігіне сеніміміз мол.

Саналы ұрпақ тәрбиелеу Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты критерийі саналады.Осы тұрғыда әрбір оқушы сапалы білім алып, елімізді бай,қуатты мемлекетке айналдыру үшін құқықтық және қаржылық сауатты болуы тиіс. «Туған жер»,«Дәстүр мен ғұрып». «Үнем-қоғам қуаты» жобасы аясында осы бағытта арнайы жоспар құрылып, түрлі іс-шаралар өткізіліп, Оқушылар үйінің Facebook парақшасында жарияланып отырылады. Оқушылар үйі аудан мектептерінің оқушылары үшін көпшілік іс-шаралар орталығы болғандықтан, жасөспірімдердің өнерін, талантын ашып, танытуда көптеген нәтижеге қол жеткізді. Мекеменің іс-қызмет бағдарламасына сәйкес көпшілік іс-шаралар аудандық және үйірмелер арасындағы шаралар бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Сондай іс-шаралардың бірі «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты облыстық өнер фестивалі Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкееевтің бастамасымен Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Оқушылар үйінің базасында аталып өтті.Өнер фестивалін Шардара аудан әкімін орынбасары Б.Қ.Шомпиев ашып берді. Фестивальдің тақырыбының аясында оқушылар мен ұстаздардың қолынан шыққан ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.Көрмеге қойылған бұйымдарды Түркістаннан келген арнайы комиссия мүшелері жоғары бағалады.

Қазіргі таңда елімізде оқушы жастардың кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатыны жасырын емес. Жалпы, оқушылар кітап оқымай ма, әлде мектеп оқушылары қызығып оқитын көркем әдебиеттер жоқ па деген сұрақтың да ойға оралатыны анық. Жас жеткіншектерді «кітап оқымайды» деп бекерге кінәлай бергенше олар қызығып оқитын кітаптарды көптеп шығарып, сол кітаптарды оқуға балалардың қызығушылығын арттырудың маңызы зор. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды

«Жалпы мектеп жасындағы балалардың кітап оқуға құмарлығын ояту үшін үлгілі мектептерде көптеген жұмыс атқарылуда. Оның ішінде «Оқу сағаты» деген жоба бар. Ол жоба бойынша, күн сайын мектепке келген оқушыға 20 минуттай кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұндай іс-шаралар бірқатар алдыңғы қатардағы мектептерде бар екені белгілі.Осы жобаны жалғастыру мақсатында тек қана мектептер емес,сонымен қатар мектептен тыс ұйымдар да атсалысуы тиіс деген ұйғарыммен Шардара аудандық Оқушылар үйінде де арнайы кабинет жасақталды.Оқу кабинетінде балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында олардың сұраныстарын қанағаттандыратындай кітаптармен толықтыру мақсатында «Book crossing» акциясы өтілді. Акцияға Оқушылар үйінің қызметкерлерімен қатар Шардара ауданы әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Бердалиева, осы бөлімнің бас маманы Д.Нұсқабаевалар қатысып. кітаптар сыйға тартты.

Шардара аудандық оқушылар үйі ағымдағы жөндеуден толық өткізілді. Оқушылардың қажеттілігіне байланысты мекеме интерактивті тақта, компьютерлер, проекторлармен, тігін машиналарымен,принтерлермен қамтамасыз етілді. АКТ залына жаңа үлгідегі орындықтар алынып, мекеменің материалдық-техникалық базасы толықтырылды.

Педагог мәртебесі туралы заңға сәйкес қосымша білім беру қызметкерлерінің де еңбекақысы жыл сайын өсуде және санаттар үшін қосымша ақылары ұлғайтылды. Сондықтан қосымша білім беруді дамытудың жаңа кезеңі басталды деп сеніммен айта аламыз.



Түркістан облысы Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Оқушылар үйі КҚММ-сінің директоры Жиенбаева Сапаркул Забиевна



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!