қоян мен түлкі ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

қоян мен түлкі ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйымдарға арналған ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы : Қатынас

Бөлімі : Көркем әдебиет

Тақырыбы : Қоян мен түлкі ертегісі .

Мақсаты : Балаларға ертегіні әңгімелеп , сахналау. Балаларға оқиғаны эмоциональды қабылдауға ,кейіпкерлерге жанашырлық танытуға , шығарма бойынша суреттерден таныс шығармаларды тануға, сұрақтарға жауап беруге үйрету. Достыққа , адалдыққа, татулыққа тәрбиелеу

Балалар бүгінгі күнді жақсы көңіл күймен қарсы алайық, бүгінгі күн барлығымыз үшін сәтті болсын!

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Қыс мезгілі жайлы сұрақ қою.

Жабайы аңдар жайлы сұрақ қою

Жұмбақ

  1. Өзі айлакер , өзі қу,

Жүрген жері айқай шу. Түлкі

  1. Көзі тостақ, өзі қорқақ Қоян

  2. Тоғайда айғыр кісінейді,

Ауылға сірә келмейді.

/Қасқыр/.

 

 Жол бойында жортқан,

Сыбызғысын тартқан.

/Қасқыр/.

Тақтада жұмбақ шешу арқылы, суреттер ілінеді.

Балалар суретпен жұмыс жасайды.

Мнемокестемен жұмыс .

Ертегіні мазмұндау .

Түлкі мен қоян

Ерте ,ерте, ертеде түлкінің құйрығы жоқ еді. Қасқырмен тату тұрмаған соң, үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізін жасыра алмай қиналыпты.Сол үшін қасқыр түлкінің артынан еріп , аңдып жүріп оның ініне түсіпті. Түлкі болса інінің екінші тесігінен шығып кетіпті. Шығып кетпесе қасқыр түлкіні жеп қояр еді. Сөйтіп түлкі орманда қайғырып келе жатса ағаш түбінде отырған қоянды көреді. Ол кезде қояндардың құйрығы ұзын, жүгірулеріне кедергі келтіреді екен. Содан түлкі жүгіріп барып қоянды ұстап алыпты. Қоян қорыққаннан түлкішек мені жібере салшы, мен саған құйрығымды сыйлайын депті. Міне содан бері түлкінің құйрығы ұзын әдемі де, ал қоянның құйрығы қысқа екен.

Сұрақтар қою

Ертегі сендерге ұнады ма ?

Ертегіде нелер туралы айтылған?

Ертеде түлкінің құйрығы қалай болған?

Балалар суретпен жұмыс жасайды.

Мнемокестемен жұмыс .

Сергіту сәті : Ұзын құлақ сұр қоян.

Дидактикалық ойын ; Қай аң жасырынды?

Билинг компонент : қоян - заяц, түлкі – лиса , қасқыр – волк, аю- медведь.

Дидактикалық ойын ; Қайсы артық?

Ән : Мишка косолапый

Шығармашылық жұмыс : қоянға ақ тон кигіземіз.

Боямақтағы қоянға ақ мақтадан тон кигізу.

Қорытынды, балаларды марапаттау, бағалау .



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2021
370
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі