№ 8 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ
Тақырыбы:
«Қоянды жәрмеңкесі»
(Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен туристік бағыттары )
Орындаушы: Сәкенова Аяулым 8 «Ә» сынып оқушысы
Жетекшісі: Каримбаева Бекзат Билмагамбетовна
тарих пәнінің мұғалімі
2017-2018 оқу жылы
Кіріспе
1848 жылы Қарқаралы қазақ станциясынан 52 шақырым Қоянды деген жерде айырбас сауда орталығы ашылды. Жәрмеңкенің негізін қалаушы ялуторлық көпес (Тобыл губерниясындағы Ялутор қаласының тұрғыны) В. Ботов болды. Жәрмеңке жыл сайын маусымның 15-інен шілденің 15-іне дейін өткізіліп тұрды. Алғашқыда оның аумағы 2 шаршы шақырым ғана еді. Кейіннен осындағы Талды даласы түгелдей қайнаған қызу сауда алаңына айналып кетті. Жәрмеңке ұзындығы 11 шақырым, ені 5 шақырым алқапты алып жатты.
1890 жылы мұнда 1 шіркеу, 199 сауда нүктесі, 42 тұрғын үй және 707 киіз үй болды. Жәрмеңкеде павлодарлық көпес Деровтың үлкен жеке дүкені ашылды. Қоянды пошта бекетінің ғимараты да, поштателеграф бөлімшесінің үйі де, мұсылмандардың намаз оқитын ғибадатханасы да осында орналасты. Жәрмеңкеге келушілер қымызханалардың қызметіне ерекше риза болды. Қазақтар жәрмеңкеге қымызды ағыл-тегіл, көл-көсір етіп жеткізіп тұрды. Қымыз үлкен ыдыста бес биенің сабасында сақталынды. Ресейдің қаржы министрлігі Қоянды жәрмеңкесінде Мемлекеттік банк бөлімшесінің ғимаратын салдырды.
Сауда қатарларының аяқ жағында «шенеуніктер орыны» деп аталатын квартал орналасты. Онда Мемлекеттік банк бөлімшесі, пошта-телеграф кеңсесі салынды. Қарқаралы уезі бастығына, бітістіруші судьяға, мал дәрігерлері мен адам дәрігерлеріне, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне арналған қонақ үйлер де осы жерде еді.
Жәрмеңкедегі сауданың жылдық айналымы 2—3 миллион сомға дейін жететін.
Жәрмеңкеде қазақтардың болыстары бас қосып, жиын өткізіп тұратын. Сондай-ақ билердің төтенше болыстық съездері де осында өткізілетін. Алым-салық жинаушылар да осында бас қосатын. Қоянды жәрмеңкесі 1924 жылға дейін жыл сайын өткізіліп келді. Оның қазақ даласындағы сауданы дамытуда орасан зор маңызы болды
Мақсаты: Қоянды жәрмеңкесінің тарихтағы алатын орнын көрсету.
Міндеттері
1.Әдебиеттермен және тарихи деректермен оқып танысу.
2. Қоянды жәрмеңкесінің сауда айналымы және мәдени байланысындағы маңызын анықтау.
1. Сарыарқадағы Қоянды жәрмеңкесі
Сарыарқадағы Қоянды жәрмеңкесін ел тарихы шежіресінен алатын орны ерекше. Жыл сайын өткізіліп тұрған, Орталық Қазақстандағы ең ірі сауда орны. Қоянды жәрмеңкесінде Қазақстанның барлық өңірінен, Орта Азиядан Сібір мен Ресейден, Қытай, Үндістан, Монғолия сияқты шығыс елдерінен саудагерлер келіп бау-бақша өнімдерін, өнеркәсіп тауаларын және тұрмыстық өмірге қажетті заттарды саудаға салатын.
Ялуторов көпесі Варнава Ботов 1848 жылы Талды өзенінің Қарасор көліне құяр сағысында яғни, Қарқаралы қаласынан 50 шақырым жерде Қоянды-Ботов жәрмеңкесінің негізін қалады. Жәрмеңкеніңдәл осы жерде ашылуына оның негізінен Қытайдан Петропавлға баратын копестердің жолы болғандығы әсер етті. Ботов Қоянды аңғарында жергілікті мал өсіруші шаруалармен бірінші рет сауда-саттық жасайды. Келесі жылдан бастап Ресей мен Орта Азиядан саудагерлер келе бастады. Алғашқы кезде жәрмеңке 25 мамырдан-25 маусым айларына дейінгі аралықтарында сауда саттық жасады.
Патша өкіметінің көршілес елдерімен сауда қатынас дамыту үшін жасаған шаралары да Қазақстандағы сауданың дамуына ықпал етті. Оның үстіне Ресейдің Сібір линиясындағы салықты жоюы Сібірге келген Азия көпестеріне өз тауарларын сауда куәлігінсіз сатуға мүмкіндік берді. 1852 жылы алғашқыдан 5 жылға, ал 1857 жылы одан әрі ұзартылуы Қоянды жәрмеңкесінің де дамуына әсер етті...
2.Қоянды жәрмеңкесіндегі сауда айналымы
Қоянды жәрмеңкесіндегі сауданың дамуында қазақтардың көшпелі тұрмысы ықпал етті. Ол кезде отырықшы шаруашылықтар мүлде болған емес, көп ауылдар жыл бойы өздерінің натуралды шаруасын жүргізіп, көшіп жүрген. Мұндай жағдайда көшпелі мал өсіруші сатып, не сатып алмаған. Сондықтан, қазақтар жазды асыға күтіп, мал мен мал өнімдерін Ресейдің орталық аймақтарынан әкелінетін астық дақылдарына, қолөнер мен фабрика бұйымдарына айырбастап отырды. Сауданың дені айырбас үрінде дамып, балама ретінде бағасы күміс ақшамен 1-2 сом тұратын қой, 80 тиын тұратын серкеш алынды.
Қоянды жәрмеңкесі арқылы Ресейге жергілікті қазақ матасы – шекпен, көптеген жүн мата, тері мен былғары, Ресейден – қылшық жүнді шұға, сәтен, бөз, Қытай матасы – қазан, таған, балты, пышақтар және қарапайым ауыл-шаруашылық құралдары жөнетіліп тұрды. Қазақтар жәрмеңкеге бір айда мұнда 500 мыңға дейін қой, 200 мыңға дейін сиыр мен жылқы әкелінген.
1869 жылы Қарқаралы уездік әкімшілігі Қоянды сауда орнын Ресей жәрмеңке ретінде тану жөнінде өтініш жолдап, нәтижесінде «Ботовтың құрметіне аталсын» деген нұсқаумен Батыс Сібір бас басқармасы тарапынан бекітілді. Ботов жәрмеңкесінің негізгі мақсаты Қазақстаннын басқа да жәрмеңкелерінің мақсаттары сияқты – жаз барысында Дала өлкесінен мал жинап алу және оны Батыс Сібір рыноктарына жіберу болды. Қоянды, Тайынша жәрмеңкелерінде Семей, Ақмола Жетісу аймақтарынан әкелінген мал сатылды. 1890 жылғы жазылған мына дерек Қояндының маңызын аша түседі: «единственный пунктом сбыта баранов, как самого главного предмета торговли кочевника, а так же лошадей, быков, шерсти есть Куянды в Каркаралинском уезде, где бывают в июне ярмарка. Отправляя туда все свои предметы сбыта, уезд, свою очередь, получают все не обходимый для торговли степи товары (1,72 б).
1868 жылы жәрмеңке айналымы 500 000 сомға теңестірілсе, 1899 жылы ол 1 73 1708 сомға деін өсті (2,52 б).
Қоянды жәрмеңкесі жылдан жылға күшейе түсіп, жәрмеңкеге әкелінетін малдың саны маусым сайын мыңдап өсіп отырған. Осыған орай 1871 жылы Батыс Сібір генералгубернаторының жарлығымен жәрмеңкеге әкелінген малды бағып-жаю үшін 55 шаршы шақырым жер бөлінеді.
ХІХ ғасырдың орта шенінде Орта жүз территориясында 122 млннан астам мал болса, 1880 жылғы есеп бойынша бүкіл батыс Сібірден 11 млн . 250 мың бас малдың 9 млн. 604 мыңға жуығы қазақ жерінің солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігіне тиесілі. Англияның отары болған, өскелен мал шаруашылығымен айналысуша Австралияда осы кезден 10 млн. бас мал ғана болған екен, ал сапасына қарайтын бослақ, Орта жүз жеріндегі қазақ малын И. Завалишин: «Қазақ малы орыс малына қарағанда ірірек, оның еті де нәзік және дәмді болып келе» - деп жазған. Осыған қарап қазақ жерінің ауыл шаруашылығы өнімдері тек Ресейде ғана емес, еуропада да бағаланса керек. Тек Батыс Сібірдің өзінен 1899 жылы 300 мың пұт май, 1897 жылы 3 млн. 630 мың пұт, ал 1910 жылы 4 млн. 63 мың пұт май алынған. Бұған қарап мал өнімдерінің жылдан жылға өскенін көреміз.
Сол жылдары Қазақстаннан апарылған әртүрлі мал майының сапасынан жоғары болғаны соншалық Дания, Жаңа Зеландия майын Лондон юазарынан ығыстырып шығарып, ол АҚШ-қа да жете бастады деген деректер бар (3,75 б.)
Жәрмеңкеке мал және мал өнімдерінен басқа Ресейден келген мануфактуралық тауарлар: шай. Қант, өнделген тері, мата, темір, тері, шойын және фарфордан жасалынған шаруашылық заттары да саудаға түседі. Дерек бойынша 1899 жылы Қоянды жәрмеңкесіне Ресейден Орта Азияда, 1 029 966 сомға тауар әкелініп оның 858 154 сомдық бөлігі сатылады. Осы Қонды жәрмеңкесіде тауар айналымы ақша шаққанда 1 731 708 сомға жеткен.
ХІХ ғасырдың аяғындағы Қоянды жәрмеңкенің даму дәрежесі оның табыстары төмендегі кестеден байқауға болады. (2,52 б.)
|
Жылдар |
Айналым сомасы (сом) |
Жылдар |
Айналым сомасы (сом) |
|
1869 |
500.000 |
1888 |
1 217.692 |
|
1870 |
516.425 |
1889 |
1 781.700 |
|
1875 |
1 226.297 |
1890 |
830.730 |
|
1880 |
1 368.016 |
1892 |
1 193.210 |
|
1882 |
1 785.114 |
1898 |
1 358.885 |
|
1885 |
597.214 |
1894 |
1 713.358 |
|
1887 |
892.278 |
1893 |
1 586.842 |
Далалы областардағы жәрмеңкенің күшеюі мен ондағы әкелінген тауарлардың құны да өсе түседі. Көпестер қазақтардан жылқыны 7-10 сомға, ірі қараны 5-8 сомға, қойды 70 тиын-1 смоға сатып алып, жәрмеңкелерде 22 есе қымбат бағамен сатып байыған.
3.Сауданың негізгі нысаны - мал
Мал негізі сауда нысаны болып қала берді. Тек 1910 жылдың өзінде осы жәрмеңкеде 159 855 бас мал сатылды, ал 1910-1913 жылға дейін барлығын қоса алғанда 567 920 бас төрт түлік мал сатылды. Жәрмеңкеде аса үлкен көлемде төрт түлік түрлері ғана емес, сонымен қатар мал шаруашылығының өнімдер де сатылды. Ресейдің орталық губернияларында мал шаруашылығынан алынған шикі заттарды сатып алып, оны көтерме сауда бағасымен қайта сатты. Қарқаралы теліміндегі салық инспекторының деректері бойынша, 1905 жылы жәрмеңкеде аса ірі клемде шикізаттар сатып алумен 14 адам айналысқан. Олар жүн, былғары, ешкі түбітін,киіз, жылқының қылын, терісін сатып алды. Қояндыда сатып алынған шикізаттар, лайықталып салынған қойма тектес орындарда жинақталып, содан әрі Петропавл, Казан, Нижний Новгородқа жөнелтіліп, ол жерден әрі қарай шетелдік рыноктарына кетті.
Тіпті, ХІХ ғасырдың аяғында қазақ өлкелеріне кеткен сиыр және ешкі терілері Парижде де сатылды. Мысалы, петропавлдық саудагер, мещанин Ахметжан Абдул Вагапов 1904 жылы 4 мың пұт жабағы жүн, 2 мың пұт түйе жүнін, 700 аршын киіз, ал 1905 жылы 4264 пұт жабағы жүн, 127 мың пұт ешкі түбітін, 29 жылқы терісін сатып алды. 1904жылы оның ацналымы – 30950 сомды, 1905 жылы – 20295 сомды құрады. Сатып алушы Мухаммед Гариф Бурнашев сатып алған ал өнімдері шикізаттарын Петропавлға 40 кремен, Нижний Новгородқа 13 кремен (сататын тауар) жөнелтті. Сатып алушы Луи Зальцманның 1905 жылы сауда айналымы 27120 сомды құрады. Қояндыдағы оның меншікті үйінде өз қоймасы болды, ал шикізаттарды сұрыптау және шетелге сату үшін Нижний Новгородқа және Казанға жөнелтті (4,380-381 б). 1910 жылы жәрмеңкеде 120837 дана тері, сонда й-ақ 63048 пұт әртүрлі түлік түрлерінің жүні сатып алынды. Ал 1910-1913жылға дейінгі аралықта барлығы 627188 дана тері мен 300789 пұт жүн сатып алынған болатын.
Жәрмеңкеде мал және мал өнімдерінен өзге мануфактуралық, бакалея тауарлары, астық, Ресей зауыттары өнімдері – темір, мыс, шойыннанжасалған бұйымдар сатылды. Көпестік сауда көрсеткіштері бойынш, жәрмеңкеде жыл сайын 200 мың пұт мануфактура, 50 мың пұт шай, 10 мың пұт қант және т.б сатылды (5,165 б). 1910-1913 жылдар аралығындағы Қоянды жәрмеңкесінің айналымы мен тауарлардың ассортиментін төменде келтірілген кестеден көреміз (2,61 б).
|
|
|
1910 ж |
1911 |
1912 |
1913 |
|
1 |
Фабрика тауарлары |
2.242.000 |
2.195.191 |
2.350.000 |
2.500.000 |
|
2 |
Галантерея тауарлар |
69.650 |
77.325 |
85.000 |
85.000 |
|
3 |
Бакалея тауарлары |
12.000 |
15.500 |
23.250 |
35.000 |
|
4 |
Азия тауарлары |
82.550 |
90.250 |
101.525 |
100.000 |
|
5 |
Тері а)ірі қара малдың |
60.000 |
50.000 |
83.000 |
78.000 |
|
6 |
б)жылқының |
50.000 |
37.000 |
110.650 |
88.000 |
|
7 |
в)түйенің |
5.000 |
4.000 |
4.300 |
5.700 |
|
8 |
г)ешкінің |
25.000 |
20.000 |
53.500 |
65.000 |
|
9 |
д)қойдың |
70.000 |
50.000 |
90.000 |
125.496 |
|
10 |
Былғары |
80.000 |
87.500 |
105.886 |
115.800 |
|
11 |
Жүн а) қойдың |
270.000 |
300.700 |
297.300 |
311.849 |
|
12 |
Б)түйенің |
42.000 |
32.500 |
50.000 |
94.926 |
|
13 |
В)ешкінің |
35.500 |
34.300 |
31.000 |
45.435 |
|
14 |
Аттың қылы |
34.760 |
58.800 |
148.000 |
62.000 |
|
15 |
Киіз |
32.000 |
40.000 |
50.000 |
45.000 |
|
16 |
Құстың қауырсыны |
8.800 |
8.250 |
8.750 |
8.000 |
|
17 |
Аң терісі мен елтері |
25.500 |
27.900 |
31.400 |
32.600 |
|
18 |
Шай мен қант |
680.000 |
760.000 |
800.000 |
780.000 |
|
19 |
Ыдыс-аяқ |
6.000 |
7.200 |
8.000 |
12.000 |
|
20 |
Москатель тауарлары (бояулар , желім ,т,б химия заттары ) |
12.000 |
15.800 |
19.200 |
23.000 |
|
21 |
Аяқ киім |
5.600 |
6.200 |
7.000 |
15.000 |
|
22 |
Жібек |
20.000 |
25.000 |
30.000 |
42.000 |
|
23 |
Темірден жасалған бұйымдар |
30.000 |
35.000 |
41.409 |
48.500 |
|
24 |
Шойын бұйымдар |
50.100 |
65.000 |
80.000 |
82.000 |
|
25 |
Бас киім |
4.000 |
5.000 |
6.500 |
5.300 |
|
26 |
Сандықтар |
25.000 |
33.500 |
38.000 |
35.500 |
|
27 |
Қайыс бұйымдар |
2.000 |
2.400 |
2.800 |
4.500 |
|
28 |
Тігін машиналары |
4.500 |
5.000 |
5.556 |
13.000 |
|
29 |
Күміс пен алтын |
1.500 |
1.800 |
2.000 |
2.500 |
|
30 |
Ұсақ –түйек тауарлар |
35.100 |
30.200 |
37.318 |
40.000 |
|
31 |
Астық |
- |
- |
- |
40.000 |
|
32 |
Темекі мен сіріңке |
- |
- |
- |
12.000 |
|
34 |
Барлығы |
4.020.060 |
4.123.116 |
4.701.021 |
4.953.100 |
Жәрмеңкеде орыстардың тауарлары мен өзбектердің өрік-мейізінен басқа, Сібір бұлғыны, қытайдың жібегі, қазақтың киіз үй жабдықтары, көкше кедейлері әкелген ағаш төсектер, қырғыздың күміс жалатқан ер тәрізді күнделікті өмірде пайдаланатын бұйымдардың бәрі болған.
4. Сауда ғимараттарын салу
Қоянды жәрмеңкесіндегі сауданың дамуы нәтижесінде, 1872 жылдан бастап сауда ғимараттарын жоспарсыз салу қолға алынды. 1876 жылы 16 парақ (балаған), 120 киіз үй болса, 1883 жылы олардың саны 110 барақ, 205 киіз үйге жеткен. Ал 1896 жылы 30 дүкен, 276 барақ, 707 киіз үй 42 тұрғын үйге жетті. Ұзақ жылдарың өрісінде жәрмеңке ұзыннан төрт қатар болып сауда орындарын сап түзеді. Ішкі қатарды орыс көпестері мен Сібір саулагерлері, олардың сытында Қытайлар мен өзбектер сауда жасаса, шеттегі киіз үйлерде қазақтар қымыз сатты. Қоянды жәрмеңкесіндегі сауда тұрақты дүңгіршектер мен балағандарды, көпшілігі киіз үйлердің ішінде жүрді. Қоянды жәрмеңкесінің бір жақ бөлігінде нана дүкендері, моншалар, қымызханалар мен шайханалар, ал «ақсүйектер кварталында» кеңселер, мейрамханалар, адам емдеу, мал дәрігерлк, полиция учаскелері ашылды. Сонымен қатар жалға берілетін киіз үйлер де болды. Киіз үйді жалға алу құны, көлеміне қарай 5-тен 15 сомға дейін жетті (6,379 б).
Қазақстанның және оңтүстік батыс Сібірдің шаруашылық өміріндегі Қоянды Ботов жәрмеңкесінің алатын орны аса маңызды болды. «С ней считается торговы лют и рынки Семиречья, прогарничного с ним Китая, Ташкента, Акмолинской области, Томской и Тобольской губернии...» - деп жазды. 1900 ж. 9 шілдесінде «Сибирская жизнь» газеті.
Төмендегі кесте Қоянды жәрмеңкесінің даму дәрежесін және ХХ-ғасырдың басындағы табыстарын көрсетеді. (2,52 б)
|
Жылдар |
Айналым сомасы (сом) |
Жылдар |
Айналым сомасы (сом) |
|
1900 |
1.644.894 |
1907 |
2.722.505 |
|
1901 |
2.103.945 |
1908 |
2.135.688 |
|
1902 |
2.694.088 |
1910 |
4.020.060 |
|
1903 |
2.210.479 |
1911 |
4.123.116 |
|
1904 |
3.151.000 |
1912 |
4.701.024 |
|
1905 |
2.292.646 |
1913 |
4.953.106 |
Жалпы сауда айналымының 60 пайызын мал және мал өнісі қамтыды.
Қоянды жәрмеңкесінде 1905 жылғы жылқы 22 сом 50 тиынна, 1907 жылы 35 сомға, ірі қара 23 сом 50 тиыннан 33 сомға, қой 3 сом40 тиыннан 5 сомға дейін өскен. Қоянды жәрмеңкесіне басқа да елдерден: Қытайдан, 4770 бас қой, 1225 бас ірі қара, Жетісу облысының Лепсі уезінен 24636 қой, 5383 сиыр, Капал уезінен 12483 қой, 6145 сиыр, 380 жылқы, Жаркент уезінен 53118 қой, 2804 сиыр, 55 жылқы, 154 түйе, Семей уезінен 4341 сиыр, Өскемен 335 сиыр әкелінген.
Жәрмеңкелік сауда қазақ ауылының өркендеуіне көп әсер етті. Оның ішінде – Қоянды жәрмеңкесі Шығыс пен Батысты жалғастырған негізгі орталық болып табылады. 1882 жылы аша айналымы 1 785 114 сом болса, 1902 жылы оның көлемі 2,6 млн.сомға жетеді. Жәрмеңкенің Қарқаралы маңына орналасауы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен ықпал шасады. Мәселен 1885 жылы пошта бөлімшесі, 1889 жылы телеграф жүйесі, 1894 жылы мемелекеттік банк іске қосылды.
1 мамырдан – 1 тамызга дейін өтетін Қоянды мемлекеттік банкісінің айналымын төмендегі кестеден (мемелекеттік банктің есеп құжаттарының қорытындысы бойынша жасалған) көруге болады.
Мың сом
|
Жыл |
Векселдің есебі |
Операцияның түрлері |
|
|
|
|
|
Берілген |
Түскені нақты |
Есебі |
Ішкі өнім |
Таза өнім |
||
|
1901 |
243 |
690 |
560 |
899 |
12 |
9 |
|
1902 |
314 |
372 |
550 |
880 |
15 |
11 |
|
1903 |
320 |
792 |
655 |
668 |
16 |
12 |
|
1904 |
364 |
894 |
664 |
569 |
16 |
10 |
|
1905 |
274 |
909 |
910 |
800 |
16 |
12 |
|
1906 |
243 |
1156 |
1277 |
1135 |
16 |
11 |
|
1907 |
433 |
1252 |
1370 |
1169 |
23 |
18 |
|
1908 |
354 |
964 |
1100 |
799 |
17 |
12 |
|
1909 |
349 |
1144 |
1054 |
1089 |
17 |
10 |
|
1910 |
377 |
1504 |
1293 |
1540 |
19 |
13 |
|
1911 |
412 |
1758 |
1533 |
1754 |
20 |
13 |
|
1912 |
528 |
1553 |
1393 |
1559 |
26 |
20 |
|
1913 |
513 |
1781 |
1423 |
1646 |
27 |
21 |
|
1914 |
722 |
2246 |
1811 |
1912 |
37 |
29 |
Осындай жазғы далалық жәрмеңкеде айырбаспен қатар ақшалай сауда жасауда дамыды. Орыс және Ортаазиялық ақша өлшем бірлігі болып табылды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамының тарапынан ақшалай сауда жасауға үлкен қызығушылық туғандығын Батыс Сіір басқармасын Орта жүз қазақтары жайлы былай деген: «Уже знакомы с нашей звонкой монетой и начинают понимать и брать кредитные билеты».1860 жылдардағы құжатта мынадай мәлімет бар: «год от году простая обмена товара на товар отступает место степи правильной продажи и оценке деньги. Киргизы уже знают толк не только о монете, но в кредитных билетах и редкого из них торговца оплетет русский» (4,375 б).
5.Жәрмеңке – халық өнерін насихаттау орталығы
Қоянды жәрмеңкесінде тек сауда-саттық ісінде ғана емес, көршілес елдермен тұрақты байланыс жасауда, халықтың өнері мен мәдениетін дамытуда аса маңызды орын алды. Қалың қазақ қауымының бас қосатын, халық өнерін насихаттаудың орталығы болды деуге болады. Арқа өмірінің небір тарландары жиылып, өнер сайысын ұйымдастытып жәрмеңкені қыздыра түскен. Жалғыз өзіміздің жерден ғана емес әншілер, палуандар, цирк әртістері Қытай, Ресей, Жапониядан да келген.
Қоянды жәрмеңкесін ұлтымыздың өнер саңлақтары түлеп ұшқан өнер мектебі десе де болады. Мысалы, қазақ халқының атақты әншісі, сырнайшы, сазгері Майра Уәлиқызының халыққа танымал болуына осы жәрмеңке себепкер. Қарқаралылық сқаққой әнші Кәлибек Қуанышбаев көп күнге созылған қызу жәрмеңкенің талай кештерде даусын бірде бала, бірде кемпір, бірде шал қылып құбылтып, талай қызы ойындар көрсетіп, атын бүкіл қазаққа әйгілі етеді. Әсіресе, Қоянды жәрмеңкесі кейін қазақ өнерінің шоқ жұлдыздары атанған Мәди, Әміре, Ғаббас, Зәрубай, Қали, Иса, Қажымұқан, Балуан Шолақ мияқты атақтыларды халыққа танытты.
Қалың жұрт жиналатын жәрмеңкелерде әр халықтың, әр ұлттың мәдениеті мен өнері бір-бірімен толығып, тоғысып, қазақ халқының өнері кеңейіп, кемелдене түсуіне, дамуына өз әсерін тигізеді.
ХІХ ғасырда Қазақстан жерінде қалыптасқан жәрмеңкелер елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне зор үлес қосып қана қоймай, халықтың мәдени гүлденуіне де үлкен үлес қосты. Арқа төсінде түрілдеген Қоянды жәрмеңкесі 1930 жылы біржолата жабылды.
Қорытынды
Қоянды-Ботов жәрмеңкесі жыл сайын жаз айларында өткізіліп тұрған Орталық Қазақстандағы ең ірі сауда орны болған. Ол Қоянды станциясының қасында Қарқаралыдан 52км жерде орналасқан.
Қоянды жәрменкесінің пайда болуын копес Варнава Ботовтың есімімен байланыстырады. Ол Қоянды аңғарындағы жергілікті қазақтармен бірінші рет 1848ж. жаңа сауда саттық жасайды.
1869 жылы жәрмеңкі ресми түрде ашылып, оның мезгілі 25 мамырдан 25 маусымға дейін деп белгіленді.
Жәрмеңкеге Талды өзенінің аңғарындағы жер белгіленді. ұзындығы 11 шақырым, ені 5 шақырым – бұл аумақ жәрменкеге келген малға жайлы жайылым болды.
Сауда орындары ұзынынан-ұзақ орналасқан.Екі негізгі қатарларда мануфактура, шәй дүкендері, тауар лавкалары, контор, шіркеу, ал келесі қатарларда тігін машинкасы «Зингер 4», мешіт, нан дүкені, монша т.б. орналасты. Сауда қатарларының соңында «шенеунік кварталдары» болды: уақытша мемлекеттік банкі (1894ж. ашылған), пошта-телеграф конторы т.б.
Жәрмеңкелерде сауда-саттық жасалып қана қойған жоқ. Олар алуан түрлі рулар мен халықтардың өкілдері бас қосып, пікір алысатын, байланыс жасап тұратын орнына да айналды.
Қазақ және орыс халықтары өкілдерінің өзара тамыр-таныстығы да осындай жәрмеңкелерден басталатын. Жәрмеңкелерде ірі-ірі спорттық шаралар, ат жарыстары, ұлттық ойын түрлері өткізіліп тұратын. Қазақтардың әр түрлі руларының, кейде тіпті барлық жүздерінің өкілдері күш сынасатын жарыстар да өткізілетін. Жәрмеңкеге жиналғандар түрлі спорт ойындары мен жарыстарды тамашалайтын. Ақындар айтысқа түсіп, бақ сынасатын.
Ірі-ірі жәрмеңкелерде қазақтың бүкіл әлемге танылған атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсетті. Жәрмеңкелерде қазақтың Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Муса, Майра Шамсутдинова, Әсет Найманбайұлы, Әміре Қашаубайұлы сияқты көптеген сал-серілері мен ақындары да жиі-жиі болып тұрған.
Саяси өмірдегі оқиғалар шиеленісіп қыза түскен кездері жәрмеңкелер өкімет билігінің жоғары органына жазбаша шағым түрінде петициялар жолдайтын орын да болып табылды. Мәселен, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен атақты Қарқаралы петициясы жазылды.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Смағұлова, Г. Қ Қоянды жәрмеңкесінің тарихы мен даму ерекшеліктері - Алматы, 2008.
-
Қарқаралы Қазақстан, 2016.
-
Адильбаев, А. М. Қоянды жәрмеңкесіндегі сауда айналымы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қоянды жәрмеңкесі

шағым қалдыра аласыз