Материалдар / Қозғалыс дағдылары мен ептілігін қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қозғалыс дағдылары мен ептілігін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша педагогтарына қажет деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
863
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жаппарова Жанар Әбдурахимовна

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасының ІІ санатты тәрбиешісі.

Түркістан облысы. Ордабасы ауданы. Қарақұм елді мекені.


Тақырыбы: Қозғалыс дағдылары мен ептілігін қалыптастыру.

Адам – табиғат, ажырамас байланыс. Сол себептіде адам ағзасына әсіресе өсіп келе жатқан ұрпақ денсаулығы өте маңызды. Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуы оның жүйке жүйесіне, тыныс алу, қан айналу, асқортуына белгілі бір әсерін тигізеді. Адамдардың күнделікті орындалатын қимыл-қозғалыстарына да, дене бұлшықеттеріне де әсер етеді. Табиғаттың осындай ауысуы заңдылықтарын жақсы біліп, оған қарай бейімдеу керек. Ол үшін денені шынықтыруға қажетті жаттығулар мен спорт түрлерін жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай таңдап ала білген дұрыс. Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау және спорт түрлерімен шұғылдану қозғалыс қабілетін жетілдіріп, баланың ой ұшқырлығын дамытады, ұжымда жұмыс жасауға дағдыландырады, жолдастарына сенім артуға көмектеседі, жеңіске ұмтылдырады, мақсат қою, алдағы іс әрекетіне жоспар жасауды үйретеді. Қимыл-қозғалыс жаттығулары мен спорт түрлері адамның денсаулығын жақсартады. Маслоудың қажеттіліктер иреархиясындағы негізгі қажеттілік денсаулық, дені сау, күшті, төзімді тұлғада оқуға деген ынта, жігер, қуат жоғары денгейде болмақ. «Ел боламын десен бесігінді түзе» демекші дені сау, қуатты ұрпақ еліміздің келешегі.

Қимыл-қозғалыс ойындарының бұлшықет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл ағзаның дамуына қолайлы ықпал жасайды. Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары балалардың ептілік дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар балаларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттық ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы пайдаланылады. Балалар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз, ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып ойнала беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес мақсатқа жетуге аударады. Балалар ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Қимыл-қозғалыс ойынында бала назар аудару бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайлардың өзгеруіне қарап, бағдар белгілеу, сыни тұрғыда ойлауға, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі. Қимыл-қозғалыс ойындарының саңғырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет саласын туғызады. Қысқы ойындар оқушылардың денсаулығын жақсартуға, әсіресе тыныс алу жолдарын шынықтыру, төзімділікке баулиды. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимылы дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді. Спорттық ойындар нышандары бар қимыл-қозғалыс ойындарына қарағанда балалардың жинақтылықты, ұйымшылдықты, бақылағыштықты, айқын қолайлы қимыл техникасын ұшқыр қимыл сезімін көбірек талап етеді. Мысалы, «Ақ серек, көк серек», «Соқыр теке», «Жаяу жарыс», «Арқан тарту», «Ұшты ұшты» спорттық ойындар нышандары бар ойындар қатарына жатады. Балалардың денсаулық жағдайын, дене бітімінің дамуы мен қозғалыс әрекетін ескере отырып, оларға жеке көңіл бөліп, дене тәрбиесі сабағына қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады.


Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және ерекшеліктері.

Ойын - маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай - қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Қызығу - танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Баланың қызығуы жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие болады.

Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалар зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:

1.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек

2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.

3.Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасызетуі керек.

4. Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Тәрбиешілер мен балалардың ойын мен тәжірибе сабақтарына қызығушылығы балалар үшін әсерлі де тартымды ойын тәсілі болса,бала үшін бұл оқу үрдісін түрлендіру. Ойын түрінде өтетін сабақтар балаларды бала-бақшадан шыққаннан кейінгі өмірге дайындайды. Олар үшін тек қандай да бір жағдайда не істеу керектігін жаттап, есіне сақтаудан гөрі іс жүзінде көріп, өзін рөлге қойып, шешім қабылдау әлдеқайда қызық.

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын - оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. "Ойын " ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдык тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

  • Ойын сауық;

  • Комумуникативтік немесе қарым - қатынастық;

  • Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану);

  • Коррекциялық (өзін - өзі түзету);

  • Әлеуметтендіру.

Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімділігін арттырады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде қимыл-қозғалыс ойыны. Ойынның негізін-әртүрлі қимыл-қозғалыс әрекеттері шығармашылықпен құрылып, дәлелді мазмұны, тақырыбы, идеясы бар, ережелері, көбінесе қарапайым ойындар құрайды.

Қимыл-қозғалыс ойындары – мектепке дейінгі жастағы баланың сүйікті де пайдалы іс-әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын күшейтеді.

Ойын ежелден келе жатқан адам өмірінің маңызды бөлігі екені сөзсіз. «Бала ойынмен өседі» - демекші, қимыл-қозғалыс ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол – сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ойын жігерлікке,шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Сондай-ақ тез арада ойлау қабілеттерін дамытады.

Қимыл-қозғалыс ойындары спорт ойындарынан айырмашылығы ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды және уақыт регламентін талғамайды.

Осы ойындар ішінен қысқы ойындарға тоқталып кетсек. Қысқы күндері қар үстінде, айдында, мұз және қар жал төбелерінде көптеген қызықты ойындар ұйымдастыруға болады.

Қыс кезінде ауа-райы ауыспалы келеді. Жылы кезде қар жабысқақ болады. Осы күндері балалар қардан қалашық, қорған, аққала жасайды. Ал егер қарды мұз басып қалса, онда шанамен және конькимен көптеген ойын түрлерін өткізуге болады. Қысқы ойындары желсіз күні, ауа-райының көрсеткіші минус 10 градусқа дейін мөлшерді көрсеткен кезде жүргізілу қажет. Ойыншылардың киімдері жылы әрі қозғалуға ыңғайлы болуы керек.



3 жастағы балаларға арналған қимылдық ойындарды ұйымдастыруға ұсыныс.

Сәбилердің бірінші тобында қимылды ойындарды күн сайын өткізу ұсынылады. Олардың ұзақтығы орта мөлшермен 6-8 минуттан аз болуы тиіс. Ол ойын әрекеттері сипатына, ойнайтындардың санына, олардың көңіл күйіне, ойынды өткізу шарттарына байланысты.

Қимылды ойындарды серуен кезінде таза ауада өткізген анағұрлым тиімді. Әрбір баланың тәрбиеші ұйымдастырған қимылды ойынға күні бойы қатысқаны жақсы. Ойын бүкіл топ болып та, шағын топтармен де өткізіледі. Ойындарды серуеннің әр кезінде өткізуге болады. Егер бүкіл топ қатысса, онда балалар серуен жасап келгеннен кейін біраз уақыт өткен соң немесе оның басында ұйымдастыру тиімді. Балалардың шағын тобымен және жеке-дара өткізілетін ойындарды тәрбиеші бүкіл серуен бойына жүргізеді. Мұнда тәрбиешінің бір немесе бірнеше баламен ұймдастырған ойыны бүкіл топ ойынына өте жиі айналып отыратынын естен шығармау керек, өйткені үш жасқа аяқ басқан балалар коллективті қимылдық әрекеттерге белсенді араласып кетеді.

Бұл жастағы топта ойындық жаттығулар үлкен орын алады. Мұндай ойындарда сюжет болмайды, бұл ойындарға қарапайым қимыл жасалатын тапсырмалар кірістіріледі: жалаушаны әкелу, қоңырауды соғу, допты қуып жету т.б.

Мұндай ойындардағы балалар қимылының сюжеттері, мазмұны, әуені бүтіндей тәрбиешінің ойдан шығаруы мен творчествосына байланысты. Сабақтарда үйренген ойын қимылдарын қайталау олардың жетіле түсуін қамтамасыз етеді. Ойын жақсы өткізілуі үшін, тәрбиеші оның өтілуіне ұқыпты түрде дайындалуы қажет және ойынның мазмұнын, барысын, жетектеуші сөздерді жақсы білуге тиіс.

Тәрбиешіге ойынға басшылық етуді ондағы жауапты рольді орындау мен жиі ұштастыруға тура келеді, өйткені 2-3 жастағы балалар бұл міндеттерді жақсы орындап шыға алмайды. Тәрбиеші ойынға қатыса отырып, дұрыс қимылдардың үлгісін көрсетуі, ойынның ойналу барысын айтып отыруы өте маңызды.

Ойынды тәрбиешінің түсіндіруі – ойын барысына ықпал ететін жауапты кез. Балдылғандарға ойынды эмоциялы, түсінікті, әрбір кейіпкердің өзіне тән белгілерін дауыс екпінімен баса көрсете түсіндіруі керек.

«Мысық пен тышқан», «Аю мен аралар», «Сиыр мен шөп», т.б. қимыл қозғалыс ойындары ойналады.

Мектеп жасына дейінгі балалармен ойналатын қимыл қозғалыс ойындары

Қимыл қозғалыс ойындариның көңілді әрі пандалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Қимыл қозғалыс ойындары көңіл көтеруге, жил дамдық пен ептілікті арттыруға жағдай туғызады, әр түрлі қимыл –қозғалыс машықтары мен дағдыларын қалыптастырады. Сонымен бірге бір-бірімен байланыс жасап,тіл табысуға көп көмегін тигізеді Міндеттері: 1. Қажетті дене қозғалыс дағдыларын, тайнымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру; 2. Қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру; 3. Денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту; 4. Қызығушылығын қалыптастырып, дамыту.Мектеп жасына дейінгі балалармен ойналтын қимыл қозғалыс ойындары. Зерттеу зеты: Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: ойын олар үшін- оқу, ойын олар үшін- еңбек, ойын олар үшін-тәрбиенің елеулі форматы. Қимыл-қозғалыс ойындариның мазмұнына баланың ой-өрісін кеңейтетін және оның түсінігін нақтылай түсетін көптеген тайным материалдары енгізілген. Сюжетті ойындардың тақырыбын адам өміріндегі кейбір оқиғалар, табиғат құбылысы, жануарларға еліктеу құрайды. Бұлардың бәрін балалар өзіндік шартты ойындар форматында бейнелейді. Қимыл қозғалыс ойындариның тәрбиелік мәні педагогтың нысаналы басшылығымен қаматамасыз етеді, ол өз кезегінде, ойын материалдарын еркін меңгерумен, балалардың бойында эмоциялы өрлеу туғызетын сан алуан әдістерді пандаланумен айқындалады. Балаларды дамытуда ойын іс-шаралары ұйымдастырылады, ойын арқылы баланың психикасында запалы өзгерістер туады (баланың зейіні, ойлауы, қиялдау қабілеті). Ойын арқылы баланың шығармашылық ойлау қабілеті бағаланады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және ерекшеліктері жастан -2 жасқа дейінгі балалармен ойналтын қимыл қозғалыс ойындары жастан - 3 жасқа дейінгі балалармен ойналтын қимыл қозғалыс ойындары жастан - 4 жасқа дейінгі балалармен ойналтын қимыл қозғалыс ойындары жастан - 5 жасқа дейінгі балалармен ойналтын қимыл қозғалыс ойындары. II Тәжірибелік бөлім жастан -2 жасқа дейінгі балалармен ойналтын қимыл қозғалыс ойындариның мазмұны жастан - 3 жасқа дейінгі балалармен ойналтын қимыл қозғалыс ойындариның мазмұны жастан - 4 жасқа дейінгі балалармен ойналтын қимыл қозғалыс ойындариның мазмұны жастан - 5 жасқа дейінгі балалармен ойналтын қимыл қозғалыс ойындарының мазмұны.

Қимылдық ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді. В.В.Гориневскийдің дәлелдеуі бойынша жас бүлдіршіндердің тезірек бұғанасының бекіп, ағзасының қалыпты дамуына және оның тез жинақталып, қимыл іс-әрекетті шапшаң орындауда қозғалмалы ойындардың алтын орны ерекше. Сонымен қатар қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шуттық қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде қимыл-қозғалыс ойындарына жетекші рөл беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие,білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.Ол бала денесінің дамуына және сауығуына жан-жақты ықпал жасайттттды.Ойын процесінде балалардың қозғалтқыштық ширақтылығы бүкіл ағзаға жігерлілік жағдай туғызады,алмасу процестерін күшейтеді,өмірлік тонусын арттырады. Қимыл қозғалыс ойынында бала назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренеді:ойынның қалыптасқан жағдайға байланысты ол қимылды тынығумен кезектестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге,қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап,бағдар белгілеу болып табылады. Қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу,тез шешім қабылдап,оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, белсенділік,мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі. Қимыл қозғалыс ойындариның маңыздылығы ойынның тақырыбы мен мазмұнына мұқият талдау жасауды және осыған сәйкес балалар үшін іріктеп алуды талап етеді. Қимыл қозғалыс ойындариның мазмұнына баланың ой өрісін кеңейтетін және оның түсінігін нақтылай түсетін көптеген таным материалдары енгізілген. Балалар үшін ойындарды іріктеп алукезінде олардың мазмұнына мұқият талдау жасау қажет. Сюжетсіз және белгілі бір ойналтын ойындарға ғана құрылған ойындарда да баланың сезіммен байланысты өрісін, оның ойлау, бағдарлау қабілетін дамытуға көмектесетін танып білуге қажетті материалдар көп.

Қорыта келгенде тәуелсіз елімізге білімді, саналы, парасатты тұлғаны тәрбиелеу үшін ұшқыр ойлы, тәні таза, денсаулығы мықты, адал, білімді бала тәрбиелеу. Дұрыс ұйымдастырылып өткізілген қимыл –қозғалыс ойындары баланың дене бұлшық етін дамытып, қан айналу, тыныс алу жүйелерінің жұмысын жақсаркады, баланың табан еттері дамып, дене бітімі түзу, әдемі болып өсуіне септігін тигізеді.





ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру.

  2. Мектепке дейінгі педагогика. «Мектеп», «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты.

  3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандарты.

  4. Республикалық педагогикалық журнал «Бала мен балабақша».

  5. Бейсембаева А. “Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің мүмкіндіктері”. // Қазақстан мектебі. № 4. 2001 ж.

  6. Б.М. Камзина. “Жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің педагогикалық шарттары”//Валеология.№ 3. 2006 ж.

  7. Арысбаева З. “Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері”. // Қазақстан мектебі. № 1. 2007

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!