Қ.ҚОШМАМБЕТОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қ.ҚОШМАМБЕТОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Отандық тарихтың ең күрделі тұстарының бірі ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ ұлтының болашағы жолындағы күреске толы кезеңдерде өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастырған қазақтың біртуар ұлдары, зиялылары көшбасшы ретінде тұрды. Ресейдің езгісінен езілген елдің санасын оятып, азаттыққа үндеп, төңкеріс уақытында, азамат соғысы жылдарында шыңдалып, Кеңес өкіметін орнатуда қазақ ұлтының қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуына аянбай қызмет еткен тұлғалардың бірі – Тұрар Рысқұловтың Әулиеата уезіндегі сенімді серігі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қарымбай Қошмамбетов. Ұлтжанды қайраткердің қысқа ғұмырындағы қоғамдық – саяси қызметі қазақ ұлтының әлеуметтік жағдайын жаңадан орнаған Кеңес үкіметі тұсында көтеруге арналды. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен одан кейінгі саяси оқиғалар Қарымбай Қошмамбетовты демократиялық интеллигенцияның алдындағы шоғырынан өсіп шыққан революционер ретінде қалыптастырды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қ.ҚОШМАМБЕТОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ҚЫЗМЕТІ.


Мұстафа Асылай Ғалымжанқызы, ББ «Тарих» 4 курс

Жетекшісі: Биназарова Назым Нурлановна


Отандық тарихтың ең күрделі тұстарының бірі ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ ұлтының болашағы жолындағы күреске толы кезеңдерде өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастырған қазақтың біртуар ұлдары, зиялылары көшбасшы ретінде тұрды. Ресейдің езгісінен езілген елдің санасын оятып, азаттыққа үндеп, төңкеріс уақытында, азамат соғысы жылдарында шыңдалып, Кеңес өкіметін орнатуда қазақ ұлтының қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуына аянбай қызмет еткен тұлғалардың бірі – Тұрар Рысқұловтың Әулиеата уезіндегі сенімді серігі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қарымбай Қошмамбетов. Ұлтжанды қайраткердің қысқа ғұмырындағы қоғамдық – саяси қызметі қазақ ұлтының әлеуметтік жағдайын жаңадан орнаған Кеңес үкіметі тұсында көтеруге арналды.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен одан кейінгі саяси оқиғалар Қарымбай Қошмамбетовты демократиялық интеллигенцияның алдындағы шоғырынан өсіп шыққан революционер ретінде қалыптастырды.

1917 жылы ақпанда патша үкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл елде жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері және де басқа қоғамдық саяси ұйымдар құрыла бастады. Осындай жағдайда 1916 жылғы көтеріліс кезінде құрылған қазақ жастарының ұйымы 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін қазақ жастарының революциялық одағы етіп, қайта құрылған болатын.

«Қазақ жастарының революциялық одағы» - Қ.Қошмамбетов үшін саяси шыңдалу мектебі болды. Оның большевиктік бағыттағы саяси  ағымға қосылуына басты себеп: бұл идеяға сеніп, бостандыққа жеткізе алатын бірден-бір саяси күш ретінде қабылдауы болатын, әрі өзі шыққан әлеуметтік орта оны осы бағытты қабылдауға итермелейді. Алғашқыда Құрылған пролетарлық үкіметтің құрамына жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі кіргізілмеді. Патша заманында жергілікті халықтар өкілдерінің үкімет құрамына өтуіне «бұратана» болғандығы сылтау болса, енді кеңес үкіметінің құрамына енгізілмеуіне «пролетар» еместігі желеу болды. Бұл жағдай ұлттардың теңдігі мен өзін-өзі басқару құқығы туралы большевиктердің саяси ұрандарының мән-мағынасын жоққа шығарып, жергілікті халықтардың ортасынан шыққан большевиктерді саяси дағдарыс жағдайына түсірді. 1917 жылдың «бейбіт жолмен» 6 қарашасында Әулиеатада Кеңес өкіметінің орнауын отаршылдық бұғаудың күйреуі ретінде танып қарсы алды. Ол белсенді түрде жаңа өкіметтің дамуына атсалысты. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Әулиеата уезінде атқарушы комитетінің төрағасы қызметін жасайды.

Ұзақ уақыт бойы уездік кеңестің негізгі қызметінің ауқымы қала мен уездің европалық тұрғындары мекендеген болыстарды ғана қамтиды. Ал, уездің мұсылман халқының өмір салты, тіршілігі олар үшін жат, түсініксіз күйінде қалып, негізгі қарым-қатынас тек қарудың күшімен ғана жүргізіле берді. Қалыптасқан саяси жағдайда уезде Т.Рысқұлов басқарған топ жергілікті халықтардың  саяси-әлеуметтік жағдайын жеңілдетіп, мүдделерін қорғау үшін бірден-бір тактикалық дұрыс жолды таңдай білді. Т.Рысқұлов басқарған саяси қайраткерлердің ішінде Қ. Қошмамбетов сынды жастар болды.

Жеңіске жеткен большевиктер партиясы кең-байтақ империя аумағының басым көпшілігінде соның ішінде Қазақстанда да социалистік революцияға қарсы күштерге 1917 жылғы қазанның соңы мен 1918 жылғы көктемге дейін тойтарыс бере отырып, Кеңес өкіметін нығайту жолына түсті. Осы кезеңдерде Кеңес үкіметі шаруашылық пен мәдени құрылыстағы өзінің алғашқы қадамдарын жасады.

Қ.Қошмамбетовтың белсенді қоғамдық-саяси қызметі 1917 жылдан басталды. Ол Түркістан Компартиясы депутаттарының ұсынуымен 1918 жылы 10 мамырда партия мүшелігіне алынады. Әр заманда әр тұлға өз заманының тарихи мүмкіндігі шеңберінде ұлтының тәуелсіздігі үшін жанқиярлық күрес жүргізеді. Қарымбай Қошмамбетов – сондай тұлға. Қалай десек те, оның жүрегі «халқым, жұртым, ұлтым», - деп соққан.

Қ.Қошмамбетовтың Әулиеата уезінде Кеңес өкіметін нығайту жолында мынадай негізгі бағыттарды қамтыды:

- уезде кеңес өкіметін нығайтып, жергілікті халықтардың төл өкіметіне айналдыру үшін күрес;

- жергілікті халықтарды саяси-әлеуметтік және экономикалық істерге топтастыру;

- Әулиеата уезіндегі революциялық қазақ жастарының одағына мүше ретінде насихат жұмыстарын жасау;

- көшпелі халықты қамтыған сұрапыл ашаршылықпен күрес;

- уездің контрреволюциямен күресу комиссиясында, яғни Төтенше комиссияда қызмет ету;

- уездің халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендету бағытында атқарылған шаралар және т.б.

Қарымбай Қошмамбетовтың Әулиеата уезіндегі атқарған саяси қызметі бүгінгі таңда Жамбыл облыстық мемлекеттік музейінің №50,308 қорларында сақталған.

Соныменен, 1918 жылы 30 сәуірде Түркістан өлкесі Кеңестерінің V-cъезінің шешімімен автономиялық Түркістан Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. 1918 жылдың мамыр айында Әулие ата уезі оның құрамына енді. 1918 жылдың 17 шілдесіндегі мәлімет бойынша Әулие ата уезінде 54 болыстық болды. Олардың 11-орыс, 43-і қазақ болыстығы еді [1,15 б.]. Архив құжаттарындағы мәліметтер бойынша 1920 жылдары Әулиеата уезінің халқы 200 мың адам болған. Олардың арасында – қазақтар 131 975, орыстар – 40200, сарттар – 16662, немістер – 2189, шала қазақтар немесе метистер – 1117, дүнгендер – 817, татарлар – 800, басқа этнос өкілдері 500 адамды құраған [ 2].

1920 жылғы 24 тамызда В.И. Ленин Қырғыз (Қазақ) АКСР-ын құру туралы Декретке қол қойып, елде жарияланды. Сырдария облысына қарайтын Әулие ата уезі Қазақ АССР-і құрамына енді.

1920 жылы ҚазАССР-ның құрылуына байланысты, ішкі істер халық комиссариаты құрылды. 1921 жылжың 6 маусымында Гурьев уездік милиция қызметкерлерінің 1-ші сьезі болып өтті. Съезде ІІО қызметіне байланысты көптеген түйінді мәселелер қаралды. Кеңестік милиция қызметін нығайтудың алдағы бағыттары белгіленді.

1921 жылы Милиция кадрларын даярлайтын мектептер Семейде, Ақмолада, Қостанайда қызмет жасады. 1920 жылдың тамыз айында Қазақ АССР-інің милиция Бас басқармасы құрылды.

Жамбыл облыстық архивіндегі №50 істегі деректерге қарасақ 1919 жылдың қаңтар айында Әулиеата Әкімшілік бөлімінде милиция кадры құрылған. Алғашқыда Әулиеата уезіндегі милиция органдары Түркістан Республикасының халық депутаттары Кеңесінің Комиссариатына бағынады.

1. Қалалық милиция, орталығы – Әулиеата қаласы

Осы кезеңде Әулиеата уездік-қалалық милиция бөлімдері бастапқы кезде бес милициялық бөлімшелерден тұрды:

2. Меркелік милиция бөлімі, орталығы – Мерке селосы.

3. Шу аудандық милиция бөлімшесі, орталығы – Гуляевка селосы (кейінгі Новотроицк).

4. Таулы (Горный) аудандық милиция бөлімшесі, орталығы – Дмитриевка селосы (бүгінде бұл аудан Қырғызстан Республикасына өткен, қазіргі Талас облысы).

5. Аса аудандық милиция бөлімшесі, орталығы – Аса селосы.

Әулиеата уездік милиция бөлімдерін құрылғаннан бастап, негізгі кадрлары (жасақтары) жергілікті жұмысшылар, шаруалар, солдаттар тұрған.

Архивтік деректер бойынша, 1920-21 жылдары Әулиеата уездік-қалалық милиция бастығы болып Әбубәкіров тағайындалған.

1922 жылдың 19 шілдесінен бастап Әулиеата атқарушы комитеті Кеңесінің президиумы Қарымбай Қошмамбетовты уездік-қалалық милицияның басшысы етіп тағайындайды. Өйткені сол кезеңде бұл жауапты да күрделі қызметке тек тәжірибесі бар жауапты да жігерлі Қошмамбетовтай сенімді азаматтар талап етілді. Оның қарулы қақтығыстарға қатысып ержүректігілімен көзге түсіп, осы қызмет саласында тәжірибе жинаған уақыты, 1918 жылы құрылған Төтенше комиссия құрамында Чекада 3 жыл қызмет етуімен байланысты еді. Қарымбай Қошмамбетов 1922-1923 жылдары милиция басшысы қызметін атқарған Қарымбай Қошмамбетов алдымен милиция құрамындағы кадр мәселесін, екінші уездегі тәртіп мәселесін, үшінші маңызды аймақтардың күзетін күшейтуді қолға алады.

1923 жылдың 31 мамырынан бастап Қарымбай Қошмамбетовты келесі қызметке Әулиеата уезінің қалалық атқарушы комитетінің төрағасына тағайындалады. Бұл қызметті атқару барысында ол халықтық азық-түлікті қатаң бақылауға алу, ашыққандарға көмек қоры ретінде құрылған  қоғамдық тамақтандыру орнындарын құру және оларды тексеру, ашыққандарға бөлінген азық-түлікті талан-таражға түсірмеу, балалар үйлері мен интернаттардың жағдайын бақылау, халықты білімді дамыту, қазақ тілінде іс жүргізу және т.б. жұмыстарды атқарады. Бұл жұмыстарды атқару барысында оның беделі тек уезде ғана емес облыс деңгейінде көтерілді.

1924 жылдың қазан айында Орта Азиядағы республикалардың мәртебесін көтеруге орай, ұлттық-аумақтық межелеу өтті. Сонымен, 1924 жылдың 12 желтоқсанынан 1928 жылдың 17 қаңтарына дейін Сырдария облысына қарайтын Әулие ата уезі Қазақ АССР-і құрамына енді.

1925 жылы Әулие ата уезінің жер аумағы 17120 шаршы км., тұрғындарының саны 213863 халық болған. Бұл 1920 жылмен салыстырғанда уез халқы санының 13863-ке көбейгендігін көрсетеді. Ауыл тұрғындары 92,1 % құраса, қалалықтар 7,9 % жеткен. Оның ішінде қазақтар – 157380, орыстар – 38922, өзбектер – 12985, немістер – 2268, татарлар – 1155, басқалары – 1225 болды. Уезде 38 болыс, оның 25-і көшпелі ел, 13-і тұрғылықты болыстар еді. Халық саны 1920 жылдары уезде төмендеп кетті, мысалы 1914 жылдары Әулиеата уезіндегі жалпы адам саны 276 169 болса, ал, 1920 жылы 200000 адамға жеткен. Бұдан байқайтынымыз, уез халқында демографиялық өсім орнына 76 169 адамға кеміген. Оның себебі жергілікті 19-53 жас аралығындағы ер азаматтарды 1914 жылғы Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкету, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісте және Кеңес өкіметі кезіндегі қарулы қақтығыстарда қаза тапқандар есебінен халық саны азайған. Онымен қоса, 1920-21 жылдардардағы аштықтан республика көлемінде 1,2 млн қазақ қайтыс болды. Бұл аштық Әулиеата уезінің қазақтарын да айналып өтпеді.

Осындай қиын қыстау кезеңдерде 1924-25 жылдары Қарымбай Қошмамбетов Әулие-ата уезінің атқарушы комитетінің төрағасы етіп сайланады. Осы қызметпен қоса ол республиканың Халық Шаруашылығы Орталық кеңесінің ревизиялық комиссиясы құрамында жұмыстар атқарады. Өлкедегі Кеңес өкіметін нығайту бойынша әкімшілік қызметтерді күшейту, кадрлар мәселесі, азық-түлік, ауыл шаруашылығы және т. б. істерді белсене күресіп атқарды.

Бұл жұмыстар тек Әулиеата уезі төңірегінде ғана емес, Орталық Азия мен Қазақстанның барлық аймақтарын тексеру, әсіресе Самарқан мен Ферғана облыстарындағы қызметтік іс-сапаралары бойынша атқарған ерен еңбегі оны беделін арттыра түсті.

1924-25 жылдары Қарымбай Қошмамбетов Әулие-ата уезінің атқарушы комитетінің төрағасы етіп сайланады. Осы қызметпен қоса ол республиканың Халық Шаруашылығы Орталық кеңесінің ревизиялық комиссиясы құрамында жұмыстар атқарады. Өлкедегі Кеңес өкіметін нығайту бойынша әкімшілік қызметтерді күшейту, кадрлар мәселесі, ағартушылық саласы, азық-түлік, ауыл шаруашылығы және т. б. істердің қалтқысыз орындалуына бар күш жігерін салып, күресіп, белсене атқарды.

Бұл жұмыстар тек Әулиеата уезі төңірегінде ғана емес, Орталық Азия мен Қазақстанның барлық аймақтарын тексеру, әсіресе Самарқан мен Ферғана облыстарындағы қызметтік іс-сапаралары бойынша атқарған ерен еңбегі оны беделін арттыра түсті.

1920 жылғы 24 тамызда В.И. Ленин Қырғыз (Қазақ) АКСР-ын құру туралы Декретке қол қойып, жариялады. Декрет қабылданғаннан кейін БОАК-тің және Халық Комиссарлар Кеңесі декретті дамыту барысында №354-ші қаулысын қабылдады. Қаулы бойынша Қазақ Автономиясының құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, Астрахань губерниясынан Синемор болысы, Бөкей ордасы және тағы біраз жерлер өтті. Ал, Түркістан құрамындағы қазақ жерлерінің тағдыры ондағы халықтың қалауы бойынша шешілсін деген тарау енгізілді. Осы Декрет бойынша, бұрындары Сибревкоммен талас болған даулы аймақтардың барлығы Қазақ Автономиясының қарауына өтуі тиіс еді. 1924 жылдың қазан айында Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеу өтіп, республикалардың мәртебесін көтеруге орай, 1924 жылдың қараша айында Сырдария облысына қарайтын Әулиеата уезі Қазақ АССР-і құрамына енді [3,225 б.].

Сонымен, 1924 жылдың 12 желтоқсанынан 1928 жылдың 17 қаңтарына дейін Әулиеата уезі Сырдария губерниясының құрамында болды. 1925 жылы Әулиеата уезінің жер аумағы 17120 шаршы шақырым, тұрғындарының саны 213863 адам еді. Ауыл тұрғындары 92,1 % құраса, қалалықтар 7,9 % жеткен. Оның ішінде қазақтар – 157380, орыстар – 38922, өзбектер – 12985, немістер – 2268, татарлар – 1155, басқалары – 1225 болды. 1920 жылғы Әулиеатада жоғарыда берілген құжат бойынша 200000 мың адам орын алса, бұл көрсеткіш 1925 жылы байқағанымыздай 213863 адамға жеткен. Сонда бес жыл ішінде жергілікті халық саны демографиялық тұрғыдан бар – жоғы 13863 адамға өскен. 1925 жылы әкімшілік басқару жүйесімен біріктіру үрдісі өтіп, уезде 38 болыс болды. Оның 25-і көшпелі ел, 13-і тұрғылықты болыстар еді [4, с.189 ].

1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы өтіп, мәлімет бойынша Қазақстанда 6198467 адам тұрып, оның 3.627,6-сы жергілікті қазақтарды құрады. Бұл 1920 жылғы статистикалық мәліметтермен салыстырғанда елде халық санының 800 мыңға, яғни 14,8% - ға өскендігін көрсетеді. Бұл көрсеткіш – өзге ұлт өкілдері негізінде берілген өсім. Қазақстан жылдан-жылға көп ұлтты елге айнала бастады. 1926 жылы Қазақстанда 86 этностар мен этникалық топтардың өкілдері тұрды. 1926 жылдың өзінде өңірге сырттан келген көші-қон үрдісінің қарқынды жүруінен, аймақтағы түрлі ұлт өкілдерінің жаңа ара салмағы қалыптасып үлгерді. Бұл өзгерістердің негізгісі – аймақтағы қазақтардың үлес салмағы жалпы алғанда күрт төмендеді. Әулиеата уезінде 1926 жылы қазақтар 81,5 % болды.

1927 жылдың 13-20 тамыз аралығында Әулиеата уездік конференциясы өтіп, онда оқу-ағарту ісі қаралған. Оған уездегі мұғалімдерден 113 адам қатысқан. Мәжіліс барысында қала және ауыл мектептерінің саны мен ұлттық ерекшелігіне тоқталған. 1927 жылы Әулиеата қаласында 2 – аралас мектеп, 3 – қазақ, 4 – орыс, 1 – өзбек, 1 – аз ұлттың мектептері болған. Ал, уездің ауылдық елді мекендерінде аралас – 3, қазақ – 31, орыс – 27, өзбек – 2, аз ұлттардың мектептері – 1, барлығы – 53 мектеп жұмыс жасаған. Қалалық мектептерда – 9443, уездің ауылдық мектептерінде – 3780 оқушы білім алған. ХХ ғасырдың 20 жылдары облыста полиэтностық жүйенің дамығандығын қалыптасқан ұлттық ерекшелікпен білім беретін мектептерден анық байқаймыз.

1928 жылдың 17 қаңтарында Әулиеата уезі таратылып, оның 12 болыстығынан Сырдария округіне қарасты 6 ауданнан тұратын орталық – Әулиеата ауданы қалыптасты. Жаңадан құрылған ауданға Әулиеата, Жуалы, Мерке, Сарысу, Талас және Шу аймақтары енді. Ал, 1930 жылы 17 желтоқсанда Сырдария округінің жерінде іріленген Шымкент, Жуалы, Мақтаарал, Арыс, Келес, Шу, Созақ, Түркістан, Талас, Сайрам, Әулиеата, Қаратас, Қызылқұм, Мерке аудандары бірігеді.

1930 жылы мемлекетке астық тапсыру науқанын ұйымдастыру кезінде күзгі қатты суыққа ұрынған Қарымбай Қошмамбетов сол жылы күзде қараша айының 9 күні Алматы ауруханасында дүние салған. Ол небәрі 33 жаста еді. Оны республика жұртшылығы, Мәскеуден арнайы келген Тұрар Рысқұлов, туған-туысқандары ақырғы сапарға зор құрметпен шығарып салғаны туралы 1930 жылғы 9 қаңтарда «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті ресми хабарлар, қазанама материалдар жариялады.

Қарымбай Қошмамбетов жас ғұмырын өзі негізін қаласқан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған жаңа қоғамды құруға атсалысты. «Тұлға халық басына күн түсіп, қиын – қыстау замана туғанда ғана өзінің өзгеден ерекше ісімен, құдіретті күшімен, ақылдылығымен танылады, - деп жазды академик М.Қ.Қозыбаев, - өйткені тұлға – табиғат сиының туы. Тұлғаны ақ алмастай замана шыңдайды, ақ алмас Мұхтар Омарханұлы айтқандай, қаттыны жарады, жұмсақты тіледі, замана талабы туған кезде оттан шығып, жалын құшқан ақ алмас қынабынан жарқ етіп қадір – қасиетімен халқына танылады, «тарих» деген дарияны еркін өтіп, өз тұғырына, ұлылық тұғырына қонады. Мұндай тұлғалар тарихта күнде тумайды, табиғат адам баласына анда – санда сыйлайды.

Президент Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында ХХ ғасырдағы зиялылар тағдыры турасында: «ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда, ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ», - деп жазған еді.

Тарих - үздіксіз даму мен сабақтастықты қажет ететін ғылым екендігі баршамызға аян. Дегенмен, тарлан тарихтың талай тылсым сырды қойнына тығып, өз кезегін ұзақ күтетін кездері де болады. «Мәңгілік Ел» идеясы контекстінде тұлғаның патриоттық тәрбиесін қалыптастыру мақсатында ұлы, танымал адамдардың үлгісінде тәрбиелеу негізгі мәселелердің бірі болып табылады.

1957 жылдың басында Әбдіқадыр Жүргенов, Рахым Емқұлов, Көкіш Рысбаев басқарған топ Қарымбай Қошмамбетовтың атқарған қызметтерін архив құжаттарынан ақтара жүріп қала партия, Кеңес ұйымдарының қаулылары облыстық партия комитетінің бюросында талқылап, мақұлдатып Қарымбай Қошмамбетовке ескерткіш орнатуды қолға алады. Қаулы Қазақстан компартиясы Орталық Комитеті мен Министрлер Кеңесінде мақұлданып, гипстен ескерткіш жасалады.

Ұлы Қазан төңкерісінің 40 жылдығы қарсаңында 1957 жылы 4 қарашада Қарымбай Қошмамбетовтің ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Оған қала халқы ғана емес, Қарымбайдың туыстары, жерлестері де шақырылып, салтанатты жиын артынан қонағасы беріледі.

Осы ескерткіш 1962 жылы тағы сол Әбдіқадыр Жүргеновтің мәселе көтеруімен Қордай гранитінен қайта жасалып, қойылады.

Олай болса, Т.Рысқұловтың сенімді серігі халқының жарқын болашағы үшін азаттық жолындағы күресте қызмет еткен Қарымбай Қошмамбетовтың 33 жас жасаған қысқа ғұмырындағы күрделі кезеңдерде жасаған ерен істері мен өмірі өзінен кейінгі ұрпаққа қашанда үлгі өнеге. Қарымбай Қошмамбетовтай ұлы бабаларымыздың атқарған қызметтерін жастарға насихаттап, патриотизмге тәрбиелеу жаңадан қалыптасып келе жатқан жасжеткіншектердің өз еліне, өзінің ұлы тарихына, ұлы адамдарына деген мақтаныш сезімін қалыптастырады. Сол себепті, Қазақстан тарихында ұлы тұлғалардың өмірлік іс-әрекет тарихы Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру факторларының бірі болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер.


  1. Тараз. Жамбыл облысы: Энциклопедия /бас редактор. Б. Ғ. Аяған – Алматы: 2003. – 550 бет

  2. Рысдаулет М. Жамбыл облысы 75. Жылнама-шежіре. Алматы. Тайман . – 544 б.

  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том.-Алматы: Атамұра, 2010. – 752 бет.

  4. ЖОМА. 50-қор, 1-тізбе, 28-іс, 2 -бума.


3


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2025
120
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі