Материалдар / Құдайы қонақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құдайы қонақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі зор.Жаңартылған білім мазмұны бойынша өткізілген ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
862
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: әдебиеттік оқу Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: Аян Нысаналин Құдайы қонақ Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылар мәтінді оқып, мазмұнымен танысу арқылы , мәтіннің негізгі идеясын аша отырып қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі, ерлігі жөнінде түсінік беру, қонақ түрлері, қонаққа сый құрмет көрсету жөнінде түсініктерін кеңейту 2.Мәтінде кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғу арқылы ойлау өабілетін, өз ойларын, пікірлерін еркін жеткізуге машықтандыра отырып сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

3.Адамгершілік, ұлттық салт- дәстүр тәрбисінің ұлылығын сезіндіре отырып, ізеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.

Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес Методикалық әдіс: мәнерлеп оқу, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ жауап

Көрнекілігі: слайд, Қажымұқан Мұңайтпасұлының суреті, суреттер, карточкалар

Пән аралық байланыс: Музыка, дене шынықтыру, өзін- өзі тану.

І. Ұйымдастыру Психолгиялық дайындық

(Музыка ойналып , қонақ күту рәсімі орындалады)

Кәмпит қағаздарының түсіне қарай үш топқа бөліп отырғызу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұхбаттасу кезеңі:

-Ауыл ақсақалы ауылдастарын жиып алып нені табыс етті?

-Ақсақал ауыл адамдарына неге ашуланды?

-Ауыл адамдарының тұрмыс тіршілігі қандай күйге түсті?

Ойлан тап.

-Мәтін ішінен нақыл сөздерді тап, мағынасын түсіндір.

-Ақ күріштің атасы -Ыбырай жөнінде не білеміз?. Ыбырай Жақаев – дән патшасы, ақ күріштің атасы, ол өзінің өшпес тарихын кетпенмен, термен жазған, бірнеше ғасырда дүниеге бір-ақ келетін адам. Ұлы Отан соғысындағы жеңістен кейінгі үш жыл қатарынан Ыбекең әлем жұртшылығының еріксіз таңдайын қаққызды. 1945 жылы күріштің әр гектарынан 156 центнерден, 1946 жылы 160, 1947 жылы 171 центнерден өнім жинап, дүниежүзілік рекорд жасады. Ақтөбе облысынан Шығанақ Берсиев тары дақылынан сондай әлемдік ірі көрсеткішке қол жеткізді.

Картамен жұмыс. Қызылорда қаласын картадан көрсету.

-Мәтін кім туралы? -Мақсұт Нұрылдаевтың арманы не еді?

ІІІ. Негізгі бөлім.

Берілген сөздерді аяқта.

1.Қазақ хандығы ... жылы құрылды.

қ

о

н

а

қ

2.Сүйінбай ақынды есіне алған ... ақын.

3.Қабанбай батырдың шын аты - ...

4.Абылай- ... қазақтың. 5. Ыбырай Жақаевтың ізбасары - ...

ІІІ. Негізгі бөлім.

Артық болмас білгенің

-Балалар берілген сұрақтарға жауап бере отырып қандай сөз шығардық?

-Қалай ойлайсындар неге қонақ деген сөзді шығарып отырмыз?

-Қонақ деп кімді айтамыз?

-Қонақтың түрлерін атайық.

Біздің халқымыз үйге кірген жыланның басына да ақ құйып шығарады.Бұл –үйіңе қонақ болып дұшпаның келсе де, одан бараңды аяма деген  ұғым шығар, өйткені қазақ халқына жомарттық, кеңдік тән. Қонақжайлық –қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін халқымыздың қанына сіңген дәстүрлі әдебі. Адамдардың арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрмет пен қамқорлықты білдіретін, үй иесінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын ұлттық салт-дәстүріміз – қонақжайлылықтың негізгі белгілері бар. Олар: адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, құрметпен қарсы алып, достық ықылас көрсету, адал ас-дәмін ұсыну. Қазақ халқының қонақ-жайлылық қасиеті мен дәстүрі қай заманда да шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды қатты таңқалдырғаны тарихта жазылып қалған ақиқат

Аян Нысаналин - 1942 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек (бұрынғы Шаян) ауданы, Жетімтау ауылында туған. Аян Нысаналин – ақын. Жекелеген шығармалары: «Дала данышпандары», «Қажьі-мүқан қағанаты» т.б

Түркі ғалымы Махмұд Қашқари : «Қонақ келсе, ер жігіт құт келді деп ұғады»сөзін қалай түсінесің?

Оқулықпен жұмыс:

Мәтінді оқу, мазмұнын әңгімелеу.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ- жауап:

Қонақтарға шай ұсыну:

І топ:Бала құдайы қонақты қалай қарсы алды?

ІІ топ:Асылмұрат пен Қажымұқанның қалай танысты?

ІІІтоп: Асылмұрат Қажымұқаннан неге үрейленді?

Қонақтарға тамақ ұсыну:

І топ: Асылмұраттың құдайы қонақты қарсы алу кезеңін суреттеген жолдарды мәтіннен тауып оқы.

ІІ топ: Мәтіннен құдайы қонақтың поптретін тауып оқы.

ІІІтоп:Құдайы қонақ кім еді, ол жөнінде не білесің?

Қажымұқан өмірі жөнінде түсінік беру.



Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948 жж.) — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған.

Қызықты мәліметтер 1944 жылы осындай шоулармен жиналған 100 мың сомды — Қажымұқан осы қаржыға ұшақ сатып алып, оны Амангелді Иманов атымен атауды өтініп, Жеңіс қорына аударды. 29 қазанда мынадай жеделхат келді: «Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданы, Ақтөбе кол-зы, Мұңайтпасовқа. Қызыл Армияның Әскери күштеріне көрсеткен қамқорлығыңыз үшін менен сәлем және Қызыл Армиядан ризашылық қабылдаңыз, жолдас Қажымұқан. Сіздің тілегіңіз орындалады. Сталин».

Қажымұқан жерге жатқанда, оған денесінің үстіне тақтайлар орнатылып, сол тақтайлардың үстімен адамдар лық толтырылған жүк машинасы жүріп өтететін. Орнынын тұрған Қажымұқан ақсақал жүк машинасындағы адамдарды иығына отырғызып, жан-жағынан жармасып-жабысып мініп алған адамдармен оранып алған Алып құрметтеушліредің алдында әрлі-берлі жүретін

Жергілікті жермен байланыстыру.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тұрғыны Мейрамбек Айнағұлов. Қажымұқан атамыздың жолын қуған балуан, әлем чемпионы.

Бата қайтару.

Сергіту сәті: Тамақтан соң қол жуу, сүрткішпен қол сүрту.(қимылмен көрсету )

Қонақ кәде: Дәптермен жұмыс.

І топ:Құдай қонақты көрген сәттен бастап баланы қандай сезімдер биледі?

ІІтоп: Қонақ асы, ет асату, құдайы қонақ сөздеріне анықтама жаз.

ІІІтоп:Мәтінді оқып, мазмұнымен танысу барысында сені не қызықтырды?

ІV. Сабақты бекіту

Мен саған, сен маған Пікір алысу.

І топ: Үйге қонақ келсе өзің қалай қарсы аласың, мәтін мазмұнынан не ұқтың?

ІІ топ: Менің қонаққа ешқандай қатысым жоқ. Ол үлкендердің ісі. Деген ойға көзқарасың қандай?

ІІІтоп:Мен олай деп ойламаймын.

V. Қорытындылау

Кейін Асылмұрат кім болып шықты деп ойлайсың?

Асылмұраттың өмір жолына, болашағына құдайы қонақтың келуі қалай әсер етті?

VІ. Үйге тапсырма : Мәтінді оқу, мазмұнын әңгімелеу.

Ойтолғау жазу: «Менің үлгі тұтар адамым»

VІІ. Бағалау





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!