«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы қоңырау сценариі тәлімгерлерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қуағаш негізгі орта білім беретін мектебі











Тақырыбы:

«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
»





























Қарағаш,2018







Бекітемін

Мектеп директоры С.Темиргалиева.


Оқушылар! Түзел! Тік тұр!
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ата аналар ,аяулы ұстаздар қадірменді қонақтар, қымбатты оқушылар! «Құлақтан үнің кетпестей,Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынға жиналған қауым.
- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.

Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,

- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Жүргізуші :

Алдарыңызда 9 сынып оқушылары:

Сынып жетекшісі Жумагалиева Мирамгүл Қайыржановна

1.Амангелді Аяулым
2. Ермуханов Асет
3. Жантурсина Диана

4. Қыдырғалиева Бата

5. Рысқалиев Ерғазы

6. Магер Петр

Мектеп, Түзел!Тiк Тұр!

Қазақстан Республикасынын мемлекеттік Туы енгізілсін!

(Оқушылар туды еңгізеді)

(ҚР мемкететтік Әнұран орындалады)

Жүргізуші: Жауынгер интернационалист Д.Хамитов, «Азалы ана» ескерткіштеріне бастауыш саты бітірушілер Сагидуллиева Гаухартас пен Янтурсин Айдын негізгі сатыны бітірушілер атынан Магер Петр мен Амангелді Аяулымға гүл шоғын қою тапсырылсын.

Жүргізуші:

2017-2018 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған
«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.










Жүргізуші:

Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
1.Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Туремуратов Ержан Ғалымжанұлы

2 Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тұрғалиев Сағидолла Батырұлы

3.Аудандық білім бөлімінің әдіскері Уразов Тілеген Биралиевич

4.Қарағаш ауылдық округінің әкімі Тлемгенов Марат Жолдасқалиұлы

5. Аудандық маслихат депутаты Мухамбетов Жантлеш Жарылғасынұлына

6. Зейнеткер ұстаздарымыз

Баймукашева Жанылсын Адилгереевна

Янтурсина Куляш Боранбаевна

Жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,

- дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Темиргалиева Светлана Ашхатовнаға беріледі.

Жүргізуші:

2017-2018 оқу жылының аяқталуына арналған мектеп директорының бұйрығымен таныстыру үшін сөз кезегі директордың оқу ісінің орынбасары Дауленова Бақтылы Бекежановнаға беріледі.

Жүргізуші:

Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:

Сөз кезегі:

1.Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Туремуратов Ержан Ғалымжанұлы

2 Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тұрғалиев Сағидолла Батырұлы

3. .Аудандық білім бөлімінің әдіскері Уразов Тілеген Биралиевич

4.Қарағаш ауылдық округінің әкімі Тлемгенов Марат Жолдасқалиұлы

Жүргізуші:

Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Оқыған мектебі үшін жанын салған

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

Сөз кезегі өзіңізде ардақты адам - дей отыра сөз кезегін осы ауылда туған, осы мектеп түлегі, мектеп жанашыры,

Аудандық маслихат депутаты Мухамбетов Жантлеш Жарылғасынұлына

беріледі.


2-жүргізуші : Бүгінгі күн – алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас сәт! Осы сәтті пайдаланып, бітіруші түлектерімізге зейнеткер ұстазымыз өз лебізін жолдайды сөз кезегі Баймукашева Жанылсын Адилгереевнаға беріледі
Ән: «Мектеп»орындайтындар Таубаева Нұрай ,Минболат Мирамгүл

Жүргізуші:

Құрметті біздің үздік оқушылар, жақсы оқып мектебіміздің, ауылымыздың мәртебесін асқақтатып, еліміз үшін қызмет атқаратын азамат болыңыздар деп тілейміз. Құрметті қонақтар, үздік оқушыларымызға қол соғып қошемет көрсетіп қояйық!


2017-2018 оқу жылындағы үздік оқушыларды марапаттау

(Тізім бойынша оқылады)

2017-2018 оқу жылындағы оқу екпінділері

(Тізім бойынша оқылады)

Би «Флешмоб»

2017-2018 оқу жылындағы мұғалімдерді марапаттау

2017-2018 оқу жылындағы дарынды оқушыларды марапаттау

Жүргізуші:

Дарынды жастарымыз көбейіп, мектебіміздің мәртебесі асқақтай берсін! Мәңгілік еліміздің жас таланттары өздерің секілді озық ойлы үздік болсын!

Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Құттықтау сөз түлектердің ата-аналар атынан Гүлсім Шыңбайқызына беріледі.

1-жүргізуші:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз.

(Мектеп бітірушілерінің құттықтау сөзі, ән, би)

Жүргізуші

Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
Соңғы қоңырау соғу салтанаты 9 сынып оқушылары Рысқалиев Ерғазы, Жантурсина Дианаға тапсырылады. /Қоңырау соғылады/


Жүргізуші:

Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.

(Бітіруші 9 сынып түлектерін шығарып салу)


Мектеп, Түзел!Тiк Тұр!

ҚР мемлекеттік ту шығарылсын!


Жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе, Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!


Осымен 2017-2018 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.




















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2018
938
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі