құлыпқа арналған құлақша дайындау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

құлыпқа арналған құлақша дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаңылтырдан әртүрлі бұйымдарды жасау әдістерін үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы

Жаңашаруа қазақ орта мектебі














Сабақтың тақырыбы

Құлыпқа арналған құлақша дайындау .

7 – сынып












Дайындаған: бейнелеу өнері және технология пәнінің

мұғалімі Балмуханов Нурболат Қобланович















Сабақтың тақырыбы: Құлыпқа арналған құлақша дайындау .

Сабақтың мақсаты: Қаңылтырдан әртүрлі бұйымдарды жасау әдістерін үйрету.

Білімділік: Оқушыларға қаңылтырды кесу, егеу, бұрғылау әдістері арқылы бұйымдар жасау тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың еңбекке қызығушылығын арттырып, ой-қиялдарын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әсемдікке , төзімділікке, үнемділікке тәрбиелеу, кез-келген ісін аяқтауға үйрету.

Көрнекілігі: Қаңылтыр түрлері, сызғыш, қайшы, т.б.

Көрнекі құрал-жабдықтар: бұрғылау білдегі, әртүрлі диаметрлі қаңылтырлар, қайшы, балға.

Сабақтың әдісі: сарамандық, сұрақ-жауап.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Кезекшіден оқушылардың сабаққа дайындығын сұрау.

Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы еске түсіру.

Темірдің жиектерін қандай құралдармен өңдейміз? (Егеулер)

Металдар нешеге бөлінеді? (Екіге)

Қара металға қандай металдар жатады? (Шойын, болат)

Түсті металдарға қандай металдар жатады? (Мыс, алтын, күміс, алюминий, жез)


Тест сұрақтарына жауап беру.

1.Қара металл

а) жез ә) шойын б) қорғасын в) алюминий

2.Түсті металл

а) болат ә) темір б) мыс в) шойын

3.Араны қайрайтын егеу

а) төрт қырылы егеу ә) үш қырлы егеу б) жұмыр егеу в) жалпақ егеу

4.Металды қандай құралмен шабады ?

а) шапқы ә) балта б) ара в) қашау

5.Ток өткізбейтін материал

а) мыс ә) болат б) темір в) резеңке

Ой қозғау. Жұмбақ шешу.

1) Жалпақ желке, сопақ бетті,

Орманды отап кетті. ( Балта)


2) Басы жоқ, екі бетті,

Жүзі тісі бар.

Қақ бөлер бөренені

Өз күші бар. (Ара)


ІІ. Жаңа сабақ:

Бірінші керек материалдарды таңдап алу.

Металл түрлері:

а) жез

ә) темір

б) алюминий

в) қалайы

Екінші

а) Қаңылтырды қию әдістері

ә)Қайшымен қию технологиясы

Үшінші: Өлшенген қаңылтыр бетіне құлыпқа арналған құлақша салу жолдары:

а) Құлыпқа арналған құлақшаны бұрғылау білдегінде тесу жолдары


Сарамандық жұмыс:

Қаңылтырмен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.

  • Қаңылтырмен жұмыс істегенде міндетті түрде қолғап ки.

  • Қаңылтырдың шетін қиғанда үрлемей арнаулы сыпырғышпен сыпыр.

  • Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағымен сипама.

  • Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма.

  • Темір қайшымен жұмыс істегенде қайшы белдің деңгейінен төмен болсын.

Қаңылтырдан құлыпқа арналған құлақша жасау технологиясын дұрыс меңгеріп жұмыстану.

Әр оқушының жанына жеке - жеке тоқтап іс жүзінде жұмыстың орындалу ретіне көмек көрсету

Дайын бұйымдарды қабылдау


Сергіту сәті. Мақал – мәтелдердің қалып кеткен сөзін тауып екі тілде айту.

Қанша жуан болсада ,

Жалғыз ............. үй болмас. (Ағаш, дерево)

Жігітке жеті .......... де аз,

Жетпіс ........ көп емес. (Өнер, искусство)

Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің ........... алтын. (Сөзі, слово)

Мал жұтаса да ........ жұтамас. (Өнер, искусство)

Жеті рет өлше ...... рет кес. (Бір, один)


Сабақты бекіту : Тірек сызбасын пайдаланып дұрыс жауабын тап

1

Металды қию құралы

Шойын

2

Металды түзету құралы

Қайшы

3

Металды қандай құралмен теседі

Болат

4

Қандай металл морт сынады

Бұрғы

5

Құралдар қандай металдан жасалады

Балға


Қорытынды:

Әр оқушының жасаған бұйымын қабылдап, баға беріп, жіберілген қателерін қайта түсіндіру. Қаңылтырдан жасаған бұйым үйде өздеріне керек екенін түсіндіру.

Міне оқушылар темір қалдықтарының өзінен – ақ әсем бұйым жасауға болады. Қаңылтырды дұрыс өңдеп, небір әсем бұйым жасауға болатынына көздерің жетті. - Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін мына кестені толтырамыз. Инсерт әдісі.

Не білдім ?

Нені үйрендім ?

Нені білгім келеді ?




Үйге тапсырма: 79 – бет. §15

Бағалау.

Оқушылардың жұмысын бағалау.

Жұмыс орындарын жинау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2018
476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі