жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Құм патшалығына саяхат"
Әбдіғаниева Талшын Нұрғалиқызы
МКҚК №18 «Ертөстік» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
Құм патшалығына саяхат Мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял көрнекі-бейнелік ойлауды көрнекі іс-әрекеттік ойлауды шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуін, құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білуін, табиғат сырын ұғынып, оны қорғай білуін,құмға тәжірибе жасап,зерттеуін, қасиеттерін, қол, саусақ моторикаларын,дағдысын танымдық деңгейлерін дамыту.Табиғатты қаншалықты, қалай, қабылдайтынын зерттеу.
Міндеттері: 1) Балалар зертхана жұмыс орнымен танысу. 2) Керекті құрал-жабдық көрнекіліктермен танысу. 3) Құммен жұмыс жасауда тәртіп ережелерімен танысу.
Көрнекіліктер: Құрғақ құм-(сухой песок),сулы құм-(сырой песок)екі түсті тарелке,екі сатақан, таяқша-(палочка),ұлғайтқыш-( лупа) таразы-(весы),қасық,(ложка),сулы қағаз -(влажный салфетка)сұйық құйғыш,(варонка) түтікше(трубочка) және су.
Оқу қызметінің барысы: Шаттық шеңбері: Қуанамын менде, қуанасың сенде. Қуанамыз бәріміз,арайлап атқан күнге. Всем,всем добрый день! Здравствуй,солнце золотое! Здравствуй, матушка земля! Здравствуй,гости дорогие!
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Ауа-райы қандай? Балалар: Қазір жылдың көктем мезгілі,күн жылы. Тәрбиеші:Осындай көктем мезгілінің жайма шуақ күндерінде бүгін бәріміз саяхатқа шығамыз,сендер дайынсыңдарма? Балалар: Дайынбыз: Тәрбиеші: Балалар бүгін біздер «Құм патшалығына саяхат» жасаймыз. Бірақ, өте алыста болғандықтан біздер жаяу бармаймыз, паравозға отырып барамыз. Мен сендерге билет алып қойғанмын.Осы билет бойынша паровозға отырамыз.Паровоздың әр вагондарында геометриялық пішін көрсетілген, билеттегі пішіндерге сәйкес,өз орнымызды тауып отырамыз.
«Паровоз» (музыка әуенімен айтылады). Қане, кімнің бойы ұзын, Паровоз ол пойыздың. Қатар-қатар тұрайық, Пойызды біз құрайық. /////////////////////////////////// Ал, паровоз баста алға, Бәрімізді басқарда, Пш-пш-пш-пш-біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. /////////////////////////////////// Гу-гу-гу-гу-гуілде, Қалып қойма біріңде, Пш-пш-пш-пш-біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. ////////////////////////////////// Мінекей балалар біздер «құм патшалығына» да келіп жеттік. Осы кезде алдымыздан құм ханшайымы кездесіп амандасады. Құм ханшайымы: Сәлеметсіңдерме; балалар,құм патшалығына қош келдіңдер. Балалар: Сәлеметсізбе! Мен сендердің келетіндеріңді біліп, әдемі зертхана бөлмесін ашып қойдым. Маған келген балалар құмға тәжірибе жасамай кетпейді.Олай болса сендерде тәжірибе жасап,көріңдер. Тәрбиеші: Құм ханшайымы: көмегіңе көп-көп рахмет айтамыз. Ал,балалар құммен жұмыс жасамас бұрын біз қауіпсіздік ережесін сақтауымыз керек. Балалар:
1)Құмды ауызға салуға болмайды. 2)Шашып ойнауға болмайды. 3)Бір-біріне кедергі жасамау. 4)Құмға керекті заттарды ұқыпты қолдану. 5)Қолды сулы қағазбен сүртіп отыру.
Тәрбиеші: Құмға тәжірибе жасауға керекті заттармен таныстырайын. -Таразы: -Сұйық құйғыш: -Ұлғайтқыш: -Түтікше: -Таяқша: -Екі стақан: -Қасық: -Мүсін жасауға керекті ойыншық пішіндер: -Тәрелкеде құрғақ және сулы құм салынған: -Алжапқыш:
I-тәжірибе:Алақанымызды құрғақ құмға қоямыз. Құмды алақанымыздың ішкі жағымен, содан кейін, сыртқы жағымен сипап көрейік. -Құм қандай?,-не сездіңдер? Балалар: Құрғақ құм жұмсақ,әрі жылы,шашыраңқы. Тәрбиеші:Енді алақанымызды сулы құмға қоямыз. Құмды алақанымыздың ішкі жағымен,содан кейін, сыртқы жағымен сипап көрейік. -Құм қандай? –не сездіңдер? Балалар: Сулы құм кедір-бұдыр,әрі суық.
II-тәжірибе:(ұлғайтқышпен) Тәрбиеші: Құрғақ және сулы құмды ұлғайтқышпен қараймыз. -Құм неден тұрады? -Құрғақ құмның түсі қандай? -Сулы құмның түсі қандай? Балалар:Құм майда тастардан тұрады. -Құрғақ құмның түсі-ашық. -Сулы құмның түсі-қанық.
III-тәжірибе:(сұйық құйғышпен) Тәрбиеші: Сұйық құйғыштан, құрғақ құмды қасықпен стақанға саламыз,екінші стақанға сұйық құйғыштан қасықпен сулы құмды саламыз. -Қандай ерекшелігін байқадыңдар? Балалар:-Құрғақ құм сұйық құйғыштан оңай өтеді,өйткені құрғақ,әрі шашыраңқы, және сусымалы. -Ал, сулы құм сұйық құйғыштан өтпейді өйткені қою,әрі ауыр.
IV-тәжірибе:(сумен) Тәрбиеші:-Стақандағы құрғақ құмға сұйық құйғыштан су құямыз, таяқшамен араластырамыз. -Екінші стақандағы сулы құмға сұйық құйғыштан су құямыз таяқшамен араластырамыз. -Қандай өзгерістерін байқадыңдар? Балалар:-Құрғақ құм суда ерімейді,түссіз ашық.ал, сулы құмда суда ерімейді,түсі қанық.
V-тәжірибе:(ойыншық пішінмен) Тәрбиеші:-Құрғақ құмға ойыншық пішінді қойып,мүсін жасаймыз, енді сулы құмға ойыншық пішінді қойып мүсін жасаймыз. -Қандай себебі бар? Балалар:-Себебі құрғақ құмнан мүсін шықпайды, өйткені құрғақ құммен сурет салуға болады, ал,сулы құмнан мүсін шығады, өйткені құм бір-бірімен жабысады,бастары бірігеді.
VI-тәжірибе(түтікшемен) Тәрбиеші:-Қолдарыңа түтікшені алып, құрғақ құмды үрлейміз,енді түтікшемен сулы құмды үрлейміз. -Қандай айырмашылығын білдіңдер? Балалар:Құрғақ құм ауада ұшады, өйткені ол жеңіл,сусымалы. Сулы құм ауада ұшпайды,өйткені ол ауыр,сулы.
VII-тәжірибе:(таразымен) Тәрбиеші:-Таразының бір жағына құрғақ құмды,екінші жағына сулы құмды саламыз. -Қайсы құм ауыр, қайсы құм жеңіл? Балалар: -Құрғақ құм жеңіл, сулы құм ауыр. VIII-тәжірибе:(иісін сезіну) Тәрбиеші:- Енді тағыда байқап көрейік, қай құмның иісі бар,қай құмның иісі жоқ? Балалар:Құрғақ құмның иісі жоқ, сулы құмның иісі бар. Тәрбиеші: Жарайсыңдар,енді қорытынды барысында осы құрғақ құмға және сулы құмға сурет арқылы шолу жасайық. (фото) Құм ханшайымы: -Ал, балалар бүгін сендер құмға жақсы іс-тәжірибе жасадыңдар, сендерге көп-көп рахмет айтамын, менің сендерге дайындаған сыйлықтарым бар соны қабыл алыңдар. (сыйлықтар таратады). Тәрбиеші: -Рахмет, Құм ханшайымы. Бізде ертерек балабақшамызға жетіп алайық. Мен сендерге балабақшаға қайтуға билет алып қойғанмын,қанекей бәріміз паровозға отырып, орнымызға жайғасайық.Қазір көктем мезгілінің әдемі құбылыстарына арнап, сұраққа жауап бере отырып, көңілді ән айтайық. Ән:«Айтыңдар ол не»? Жауабы: (күн),(бұлт),(ай),(жұлдыз),(жаңбыр),(кемпірқосақ). -Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды сау –саламатта болыңыздар!
Тақырыбы: «Саусақтарға пайда, тапсырмалар қайда?»
Мақсаты: Баланың қоршаған табиғатты қаншалықты, қалай, қабылдайтынын байқау. Көптеген саусақ маторикасын дамытатын ойындар арқылы баланың ой-өрісін дамыту. Сенсорика түстерін ажырату.Балаларды ептілікке, икемділікке баулу.Берілген тапсырмаларды түсініп,мұқият қарап,ойланып жасауға үйрету. «Үлкен, кіші, кішкентай» ұғымдарын білу.Кеңістікте бағдарлау: «Оң жақта», « сол жақта», «ортасында», және зейінді дамыту. Құммен ойнауды үйрету,құммен ойнаудың ережелерімен таныстыру.
Көрнекіліктер: Үстел-үсті саусақ маторикасын дамытатын үлестірмелі заттар, материалдар. Құм салғыш түрлі-түсті құмдар.
Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін біздің балабақшамызға көптеген қонақтар келген екен, қане амандасып алайық. Шаттық шеңбері: Армысыздар қонақтар! Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сәлем бердік баршаға!
Балалар сендер сыйқырлы құм алаңына саяхаттап барғыларың келема? Балалар: Ия - Балалар біз қазір сиқырлы құм алаңына бармас бұрын сендер бірнеше дидактикалық ойындар ойнайсыңдар. 1) Үстел-үсті дидактикалық ойын: «Кім епті» Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ептілікке үйрету.Құмдарды ұстап,судың көмегімен бастарын біріктіру,және мүсін жасауға баулу. 2) Үстел-үсті дидактикалық ойын: «Түсіне қарап, көлемін ажырат» Мақсаты: Балаларға үлкен-кіші және кішкентай ұғымын түсіндіру, Саусақ маторикасын дамыту,заттарды рет-ретімен бірінің ішіне бірін салып жинауға үйрету. 3) Үстел-үсті дидактикалық ойын: «Ұяшығын тап» Мақсаты:Балалар түстерін танып,таяқшаларды ұяшығына қою және санау. Қызығушылығын арттыру,саусақ маторикасын дамыту, ойлау қабілетін жүзеге асыру. Артық,кем ұғымын түсіну. 4) Үстел-үсті дидактикалық ойын: «Кім жүйрік» Мақсаты:Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,құмның ішіндегі ойыншықтарды тауып, қандай жануарлар екенін танып атын атау. Тәрбиеші: мінекей балалар сендер барлық тапсырмаларды орындадыңдар,енді құм алаңына саяхаттап баруға жолымыз ашық. Ол үшін ең алдымен әр түрлі құмдармен сендерді таныстырып өтейін. Мынау құрғақ құм бұл құммен саусақтарыңмен сурет салуға болады. Мысалы: бізге жылуын беретін,шуағын шашатын күннің бейнесін салып көрсетейін.Ал, мынау стақанға құмды салып отырып кемпірқосақты шығаруға болады екен.Енді мына құм бұл даладағы ойнайтын құмымыз бұлда өте құрғақ егер су құйсаң бірігеді ойнай аласың. Олай болса бәріміз паравоз болып жүріп, орнымызды табайық. Фартухтарымызды тағайық. Тәрбиеші: Балалар әуелі саусақтарымызбен амандасып алайық. Сәлем бас бармақ, Сәлем балан үйрек. Сәлем ортан терек, Сәлем шылдыр шүмек, Сәлем кішкентай бөбек! Өте жақсы амандастыңдар саусақтарыңмен.
Ал, қараңдаршы алдарыңда құмсалғышта құм тұр.
Қане құммен амандасып алайық. Екі қолымызды құмның үстіне қойып,
құммен іштей амандасамыз. Енді құм бізбен амандаспақшы. -Салем
саусақ, салем саусақ. Енді балалар екі қолымызды құмның үстіне
қояйық, не сезіп тұрсыңдар. Құм қандай? Салқын ба, әлде жылы ма? Ал
енді қолдарыңмен ұстап көріңдерші құм қандай құрғақ па әлде
дымқылма? Қолымызбен сипап көрейік, құм қандай тегіс пе әлде кедір
ме? Енді үш саусағымызбен құмның бетін басайық, ненің ізі тусті?
Екі қолымыздың жұдырығын басайық, ненің ізі
түсті? Тәрбиеші:балалар құмның бірнеше түрлері болады
екен.Ал, енді мына құмды ұстап көріңдерші. -Балалар ұстап
көреді,бұл құрғақ құм екен. Құрғақ құммен сурет салуға болады,оның
әр түрлі түстері бар. Тәрбиеші құрғақ құммен сурет салып көрсетеді.
Сонымен қатар далада ойнайтын құм бар, ол құмға су құйсаң
бірігеді.Құмға су құйып көрсетеді. Ал, алдарыңдағы құмды суға
салсақ ол ыдырап кетпейді. Енді құмдарда әр түрлі болады.
Кинетикалық құм, косметикалық құм және радужной құм.Осы құмдардың
ішіндегі ең жақсысы ол кинетикалық құм
екен. Дидактикалық
ойын: «Су
ішіндегі моншақтар»
Олай болса бәріміз құмды домалақтап суға
саламыз. - Құмнан жасалған моншақтарың сендерге
ұнадыма? Балалардың
жауабы: Ия
Тәрбиеші:
Қараңдаршы балалар құм суда бұзылмай тұрады
екен. Жақсы жасаған моншақтарымызды тағыда соңында бақылаймыз. Олай
болса біздер «Бауырсақ» ертегісін білеміз рөльдерде ойнағанбыз.
Бауырсаққа қандай жануарлар
кездеседі? Балалардың
жауабы: Қоян,қасқыр,аю,түлкі.
Тәрбиеші:
Бұл жануарлар қайда өмір
сүреді? Балалардың
жауабы: Орманда
Сергіту
сәті: Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді
қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ жол
салсақ. Тәрбиеші:
Жақсы ендеше осы жануарларға құмнан «
Бауырсақ» жасап берейікші. Барлығын ренжітпей бауырсақты төртке
бөліп берейік,және бөліктерін әрбір жануардың алдарына қойып
шығайық. Мінекей балалар сендер жануарларға өте жақсы
көмектестіңдер, достастырдыңдар сендерге рахмет айтып жатыр, қол
соғып қошемет көрсетіп қояйық. -Айтыңдаршы қояннан кейін қандай
жануар тұр? Балалардың
жауабы: Қояннан кейін қасқыр тұр,ал Түлкі соңында
тұр. Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар,енді осындай Бауырсақты
үйде кім пісіріп береді.
Балалардың
жауабы: Әжеміз,
Анамыз. Тәрбиеші:
олай болса өздерің Әжелеріңе, Аналарыңа
арнап, мынандай әдемі гүлдердің және жүрекшелердің көмегімен құмнан
жасап көрсетейік. Мінекей балалар сендер бүгін көп нәрсені
көрдіңдер, жасадыңдар,сендерге құммен ойнағандарың ұнадыма?
Барлықтарыңа рахмет.Саусақтарыңа пайдалы тапсырмаларды орындап
шықтыңдар. Ендеше қонақтарымызбен қоштасайық. Сау-саламатта
болыңыздар. Қорытынды:
Балаларды мақтау, мадақтау жақсы қатысқандары
үшін сыйлықтар тарату.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген