Жамбыл атындағы орта мектеп

Тақырыбы:

Дайындаған : Қ. Жұмабаева
Көшек батыр ауылы
Сыныбы: 4
Пәні: Еңбекке баулу
Тақырыбы: Сыныпты безендіру. Құмырадағы нарғызгүлді жасау - 2 сағатқа арналған
Мақсаты:
1. Оқушыларға гүлдер жайлы түсіндіре отырып, нарғызгүлі туралы және оның шығу тарихын баяндау.
2. Оқушылардың компьютерде Paint графикалық редакторын пайдалануда ой – қабілеттілігін дамыту.
3. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Жаңа технология: Paint графикалық бағдарламасы Сабақты байланыстыратын пән: Биология, Бейнелеу өнері. Т.б.
Көрнекілігі:
Слайд, компьютер, гүлдердің
түрлері.
Сабақтың
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-
Оқушыларды тексеру
-
Оқушыларды сабаққа даярлау
-
Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасы.
-
Киіз үйге байланысты реферат
-
Киіз үйдің сүйектерін ата?
-
Киіз үй құрылысының ерекшелігі неде?
-
Киіз үй қанша бөліктерден құралады?
-
Қанша қанатты үйлерді білесің?
-
Киіз үй жасайтын ұстаны не деп атайды?
-
Ағаш төсекті қандай ағаштан жасайды?
ІІІ. Жаңа сабақ. Сыныпты безендіру.
Құмырадағы нарғызгүлді жасау - 2 сағатқа арналған
Халқымыз табиғаттағы гүлдердің
әсемдігін,сұлулығын көре де,сезе де білуді үйрете отырып,
эстетекалық тәрбие берген.Табиғаттың сұлулығын қолөнер бұйымдарына
кесте, ою-өрнек, өнер арқылы бейнелеген. Қазақ халқы табиғатты
қорғауға ерекше мән берген.Оны біз халқымыздың “көкті жұлма”, “бір
тал-кессең, он тал–ек”, “гүлді жұлма”, “ағашты сындырма” деген
сияқты ескерту сөздерінен де білуге болады. Гүл әсемдіктің,
әдеміліктің символы. Сондықтан да қазақ халқы қыз баланы “Гүл өссе
жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі” деп гүлге теңеген,қыз баланы
“гүлім” деп еркелеткен, қыздарына “Гүлнұр”, “Айгүл”, “Гүлбаршын”,
“Раушан” деп гүлге ұқсастырып ат қойған. Гүл - өмірдің нұры. Ол
біздің өміріміздің байлығы мен қуанышын, адамның жақсылығын
арттырады.
Нарғызгүл туралы тақпақ ==
Маусымда жарғанмен гүлдерін,
Ол бірден керемет болмайды.
Жетіліп, көбейіп күнбе-күн,
Күз түсе құлпырып, жайнайды
Бау-бақшалық нарғызгүл Нарғызгүл бейнесі.
Нарғызгүл [1], георгин (Dahlіa) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын баданалы, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Оңтүстік Америкада өсетін 15 түрі белгілі. Қазақстанда қолдан өсіріледі. Гүл шорығында будандастырылған (негізінен құбылмалы нарғызгүлден алынған) 8 мыңнан астам сорты пайдаланылады. Биіктігі 20 – 200 см-дей, тамыры жуан, түйнекті болады, сабағының іші қуыс. Қауырсынды жапырақтарының шеті тілімденген, олар сабаққа қарама-қарсы орналасады. Гүлдерінің түсі алуан түрлі, гүлшоғыры – себет (оның диам. 35 см-дей). Нарғызгүлдер – жарық пен жылу сүйгіш өсімдіктер, құнарлы топырақты қажет етеді. Нарғызгүлдерді тұқымынан өсіру, бадана ұяларын бөліп алу жолымен қалемшелерінен көбейтеді. Өсімдіктің гүлшоғыры ірі болу үшін отырғызар алдында 2 – 3 мықты өркенді қалдырып, әлсіз өркендерді кесіп тастайды. Қыста жақсы сақтау үшін баданаларын суық түскенге дейін қазып алады. Кептірілген баданаларды құрғақ, қараңғы қоймаларда (темп-расы 4 – 5С) сақтайды.
Нарғызгүл – тамыртүйнекті, көпжылдық бақша өсімдігі. Отаны – Мексика және Колумбияның таулы аймақтары. Табиғатта нарғызгүлдің 24-ке жуық түрі болса, бүгінде гүлпаз мамандардың сұрыптауы нәтижесінде 15 мыңға жуық түрі қолданысқа енген. Нарғызгүлдің гүлі себет секілді, мол гүлдейтін өсімдік. Биіктігі 20-200 см аралығында болады. Түріне қарай бір түбі 10-25 данаға дейін гүл жарады. Тамыртүйнекті нарғызгүлдердің гүлдеу уақыты шілде айының соңынан бастап, күздің ортасына дейін жалғасады. Мол гүл жаруы үшін гүлдеп кеткен гүлдерінің басын қырқып отыру керек. Гүлдерінің көлемі үлкен, бойы биік болғандықтан, көбіне оны гүлзардың ортасына егеді. Нарғызгүлді қырқып алып, суға салып қойса, оншақты күнге дейін өңін жоғалтпайды. Осы ерекшелігіне орай оны гүлдестелер жасауға қолданады.
Күтімі
Кез-келген түрі ашық күн астында өскенді ұнатады. Тамыртүйнегі қысқы суыққа шыдамайтындықтан, қыркүйек айының соңына таман қазып алып, қағазға орап, жертөледе сақтайды. Сәуір айының екінші жартысында тұрақты орнына егіп, күтім жасау қажет. Биік түрлерінің сабағын байластырып қоймаса үлкен гүлінің салмағына шыдамай майысып немесе сынып кетуі мүмкін.
Қысы-жазы гүлдеп тұрар гүлзар бақ
Гөзел Құлжабаева – гүл өсіру мәдениетіне, көгалдандыру саласына ерекше үлес қосып келе жатқан жан. Алматы облысы, Кербұлақ ауданындағы Басши, Нұрым ауылдарына 30 мың түп ағаш егіп, жасыл аймаққа айналдырып отыр.Ұлыбританияның «Виктория ханым» сыйлығының иегері.
Агробанның кереметі
Нарғыз гүлі — гүлдері қатпарланып, шеңберленіп
орналасқан әдемі, көрікті гүлдердің бірі.. Ыстық және салқын ортаға
да төзімді гүлдердің бірі.
Нарғыз.
Гүлінің ұсақ қатпары,
Шеңберленген біркелкі.
Бұл да әсем гүл бақтағы,
Көз тартарлық түр, келбеті.
Мексикадан тараған,
Әлемге болып танымал.
Бұл күнде көк пе қарадан,
Басқа түстің бәрі бар.
Келсе қалма гүл ашпай
Тамыз бен қыркүйегі,
Ыстыққа да көңілі жай,
Салқынды да сүйеді.
Оразақын Асқар.
дәптермен
жұмыс
Оқушылар компьютерде Paint графикалық редакторымен жұмыс жасайды. Гүлдің суретін салады.
Т.Қ.Е еске түсіреді.
Сергіту сәті.
«Мақал-сөздің мәйегі»
Өнерді қызықпасаң көре алмайсың,
Таспаны үйренбесең өре алмайсың
«Өнерлі болу-зейнет, өнерсіз болу бейнет»
«Ердің атын еңбек шығарады »
«Жеті рет өлшеп, бір рет кес »
«Өнер іздеген өсер,
өсек іздеген өшер»
«Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер »
Тест сұрақтары
Ү. Бекіту
Бес жол өлең.
Гүлдер, гүлдер не түрлі,
Құлпырды да жетілді.
Барлық дала өртеніп,
Бара жатқан секілді.
Өрт дегенім — гүл екен,
Отқа ұқсап тұр екен.
Лүпіл қағып жүрегім
Үзіп алдым біреуін
Сыйлайын деп анама.
Т.Молдағалиев.
ҮІ. Бағалау. Оқушыларды бағалау.
ІҮ. Үйге тапсырма.
-
Гүлдерге байланысты мақал-мәтелдер жазып келу
-
Түрлі-түсті қағаздан гүл жасап келу.
Рейтинг@Mail.ru Гүлдер сыры
Табиғаттың бізге берген сыйы қаншама. Мөлдір
аспан, таза ауа, құнарлы жер, жасыл желек, алуан түрлі аң-құстар,
нулы орман, жазық дала, асқақ тау, тұп-тұнық көл, асау өзен, терең
теңіз бен ұшы қиырсыз мұхит, сыңғырлаған бұлақ, барлығын тарқатып
айта берсең сөз жетпестей. Не деген сый десеңізші. Осыншама сыйлық
алған біздер, адамдар, жер бетіндегі ең бақытты жаратылыспыз.
Табиғатқа қарап тұрып шаттана аламыз. Бізді ең көп шабыттандырып,
жақындық сыйлайтын, жүрегіңдегі сөзді жеткізе алатын табиғаттың
тағы бір сыйы бар, ол- әдемі де әсем гүл. Гүлге бей-жай қарау
мүмкін емес, көзің түскеннен ішкі әлеміңді сазға бөленіп, жүзіңе
еріксіз күлкі үйірілгенін байқамай да қаласыз. Рас, рас, гүл
қуаныштың күлкісін шақыра алады. Өзіңіз гүлге қарап жылаған жанды
көріп пе едіңіз, әрине, ол тек бір кездері жақын жаныңыз сыйлап
сақтап жүрген гүліңіз болмаса тек. Соның өзінде жылаудан соң әдемі,
жүректі жайлы қылатындай күлкі келері анық. Жүрекке жайлылық
сыйлайтындай гүлдің қандай қасиеті бар сонда? Бұл сұраққа адамзат
баласы сан ғасырлар бұрын жауап іздей бастаған. Олар әр гүл адамға
сыйлануы арқылы сан қилы мағынаны, түрлі ойды жеткізе алады деп
ойлаған. Гүлдер туралы сөз қозғап, аппақ гүлдер, ақ гүлдер туралы,
әдемі гүлдер туралы, гүлдердің түрлері мен гүлдердің аттары туралы
қызықты мәліметтер беріп кетейік. Гүлдер сыры туралы, гүлдер әлемі
туралы, қысқасы гүлдер туралы зор мағлұмат аласыз деген ойдамын.
Ал, ендеше, әлемнің әр түкпірінен сыр тартып көрейік:
Әр гүл әр елде түсі мен түріне қарай әр түрлі мағынаны береді.
Мысалы: шығыс халықтары мен гректер алқызыл түсті раушан
гүлін махаббаттың белгісі деп санаса, испандықтар махаббаттың
символын қызыл қалампыр гүлі деп санайды. Ресейде махаббаттың
символы ретінде қызыл қызғалдақ бекітілген де, ал қызыл раушан гүлі
келісім мен ымыраның белгісі, ал қызыл қалампыр гүлі болса
айырылысу белгісін білдірген. Жапон елінде тіптен бөлектеу, олар да
сары түсті гүлдер күн мен жақсы тілектің, сарғыш түсті гүлдер
басшылық пен күштің, көк және көгілдір түстер сенім мен сағыныштың,
күлгін түстер адал достық пен түсіністіктің, жасыл түсті гүлдер
бейбітшілік пен тыныштықтың, ал ақ түс азалы күннің мағынасын
бейнелеген. Бұған кереғар пікірде Ресйде сары түс азғындаушылық пен
айырылысудың, қызыл түс адал махаббаттың, жасыл сенімнің, көк
түс сенімділіктің, ақ түс адалдықтың, қара түс азалы күннің, қоңыр
түс қауіптің, сары түс абзалдықтың көрінісін береді. Біздің қазақ
халқының қазіргі махаббаттың символы деп қызыл раушан гүлін, қызыл
қызғалдақты сыйға беріп, ақ түсті адалдықтың, кіршіксіз тазалықтың
белгісі ретінде сыйға тартатынына қарап, біздің гүл түсіне деген
көзқарасымыз көршілес мемлекетке жақын екенін аңғарамыз. Және бір
ескере жүретініміз, мексикалық тұрғындар қызыл түсті гүлді өлімнің
белгісі ретінде қабылдайды, ал неміс халықтары болса, ақ түс пен
сары түстен құралған буманы азалы күннің белгісі деп санайды.
Ежелгі Рим мен Франция лала гүлін құрмет тұтып байлық пен барлықтың
белгісі ретінде қабылдап өздерінің теңгелері мен елтаңбаларына
суреттесе, Германияда бұл гүлді өздеріне қол салып өлгендер мен
қинап өлтірілгендердің бейітінің басында ерекше күшпен жақсы өсетін
гүл есебінде қабылдаса, Египеттіктер де бұл гүлмен өлген жас
қыздардың денесін көмкерген. Бразилия мен Мексикада да лала гүлін
сыйға алудан бас тартады. Ал, африкалық Кенияда жағдай мүлде басқа,
мұнда гүл тек қайғылы қазаға көңіл айтудың белгісі ретінде
беріледі.
Гүл дегеніміз не өзі? Гүл- табиғаттың сыйы. әр түрлі түстер
топтасқан жиынтық. Түс- қуат көзі секілді гүлдер де біздің
өмірімізге әсер етеді. Түс адамға күшті әсер етеді, тіпті ол- емдеу
қасиетіне ие. Біздер тұрмыстық заттар мен киімдерді таңдағанда сол
кездегі көңіл-күйімізге қарап түстерді таңдаймыз. Түстердің де
беретін мағынасы ір елде әр түрлі, қатып қалған қағида жоқ.
Ендігі кезек қандай түсті гүлдерді қандай топтағы адамдарға сыйға
тартуға болады деген сұраққа келеді. Бірінші;
Ақ түс-ақ түсті гүлдер көбінесе жастарға сыйланады. Бұл түстегі
гүлдер тазалықтың, шыншылдықтың, жаны таза қыздарға деген құрмет
белгісін білдіреді. Сонымен бірге ақ түс отбасын құру туралы
ұсынысты білдіреді деген де түсінік бар. Егер жас келіннің
қолындағы гүлдестені ақ түстен шоғырландырса, онда жас жұбайлардың
өмірлері ұзақ, бір-біріне деген сезім, құрметтері де ұзақ
болады.
Қызыл түс- тек қана махаббатың белгісі ретінде қолданылмайды, қызыл
раушаннан басқа қызыл қалампыр, қызыл лала, қызыл хризантема
гүлдері бар. Қызыл түсті гүлдер мықтылықты, билікті, бұла күшті
сипаттайды, сондықтан да бұл түстегі гүлдер мықты мінезді, билік
құмар, күш-жігері жоғары адамдарға сыйланады.
Ал қызыл гүлдер сыры. Ер адам сізге ал қызыл гүлдер сыйласа, бұл-
жағымды белгі. Бұл түстегі гүлдер нәзіктік пен бүршік жарып келе
жатырған махаббатты сипаттайды.
Сары түсті гүлдер сыры. Сүйіктісінен сары түсті гүл алған кейбір
бойжеткендер мұны келіспеушілік пен айырылысудың,
қайғы-мұңның белгісі деп түсінеді. Шындығында, бұрынғы замандарда
ер-азаматтар қыз-келіншектерге жақын арада сезімдерінің сөнетінін
білдіру мақсатында сары түсті гүлдерді сыйға тартқан. Қазіргі
заманда сары түсті гүлдердің бұрынғы мағынасы жойылған. Сары түс
қазір адамға байлық пен бақыт тілегенде ұсынылады. Сары гүлді
қуаныш пен жарқын көңілдің, батылдық пен мейірімділіктің негізінде
кез-келген адамға сыйға тарта аласыз. Сары лала гүлі мен сары каллы
гүлін дос құрбыларыңызға сыйға тартуға әбден болады.
Көк түсті гүлдерді құпиялылықтың мағынасы ретінде пайланады. Мұндай
түсті гүлдерді сырын білмейтін, жұмбақ дүниелі жандарға сыйға
тартады. Егер сіз сүйіктіңізге көк түсті гүлдер жиынтығын
сыйласаңыз адал махаббатыңыз бен таза пейіліңізді білдіре
аласыз.
Сарғыш түсті гүлдер мағынасы. Сарғыш түсті гүлді өзіңіздің жұмыс
бабындағы бастығыңызға құрмет белгісі ретінде сыйлай аласыз. Бұл
түс адамның тәкаппарлығы мен күш-жігерін мойындауды, ой-қабілеті
мен қарымының биіктігін білдіреді.
Күлгін түс- байланыстырушы түс. Қайғы-мұңды бейнелейді. Сонымен
бірге басымдық пен барлықты да бейнелейтін мағынасы бар.
Көгілдір түсті гүлдер тазалық, ұзақтық, шынайлықты білдіреді. Бұл
түсті гүлдерді жаны таза, пәк, сұлу мінезді адамдарға сыйға
тартады.
Жасыл түс-бейбітшілік, тыныштық. Жасыл түсті гүлдер көңілге
тыныштық алып келетін сезім
сыйлайды.
Кей кезде туған күн немесе мереке- мейрамдарда жақындарымызды құттықтауға гүл апарғымыз келеді да, бірақ таңдауға келгенде қиналып қалатын кездеріміз болып жатады. әр гүл- өзінше бір әлем, сан қилы мағына мен сан қиылы қуанышты күлкі сыйлайды. Сонымен, қандай гүл қандай мағынаға ие, тоқталып көрсек:
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер
Жайнар кезім келді деп.
Қанаттарың желбіреп,
Таңмен бірге оянып
Күн нұрына боянып
Көрік бердің далаға.
Т.
Молдағалиев.
Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Сол тұрғаның ұнайды,
Құлпырғаның ұнайды.
Ұқсап сәби балаға.
Т.
Молдағалиев
.
Үй гүлдерін отырғызу
Технология 5 сынып
Тақырыбы: Үй гүлдерін отырғызу
Мақсаты: Тақырып бойынша мағлұмат береміз
Білімділігі: Оқушылармен бірлесе отырып, үй гүлдерінің өсуі мен
баптау тәсілі жайлы әңгімелейміз.
Дамытушылығы: СТО бағдарламасы бойынша стратегияларды пайдалануда
ой - қабілеттілігін дамытамыз.
Тәрбиелілігі: Үй гүлдерін отырғызуда эстетикалық талғамға сай
ұқыптылыққа тәрбиелейміз.
Міндеті: Топырақ түрлерін таңдауда үй гүлдерін өсіру ерекшеліктерін
түсіндіреміз.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланылатын стратегия: «Суретпен жұмыс», «Көрнекілік», «Ұқсастық
пен даралық».
Сабақты байланыстыратын пән: Биология. Бейнелеу өнері. т. б.
Көрнекілік: Журналдар, суреттер, т. б.
Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Үйге тапсырманы тексереміз
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз
«Суретпен жұмыс» стратегиясы:
Оқушы өзіне ұнайтын гүлдердің суретін салады.
Не үшін салғандығы туралы әңгімелейді. Сипаттама береміз.
«Көрнекілік» стратегиясы:
Суреттер бойынша ойымызды анықтаймыз.
Ой сезімді бейнелейміз.
Ой сезімді қорғаймыз.
Мағынаны тану:
Үй гүлдерін өсіру – бөлмеге таза ауа әкеледі. Оттегіні шығарып,
көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп алады. Сонымен бірге бөлмені
әсемдеп, әдемілей түседі. Гүлдердің өсуі әрбір бөлмеге себепші және
өзіндік орны бар, жарық көп түсетін жерлерде тұрса гүл өте жақсы
өсіп, жайнап тұрады. Кейбір бөлме гүлдері күнді сүймейтін көлеңке
бетте орналасады.
Гүлдің өсуі топырақтың құнарлығына да байланысты. Қазіргі кезеңде
гүлді өсіретін дүңгіршектерде топырақтар сатылып жатады. Өйткені
гүлдердің арнайы топырақтары болмаса өсуі қиынға соғады.
Сарамандық жұмыс
Үй гүлдерін отырғызу
Мақсаты: Үй гүлдерін отырғызып үйренеміз
Қажетті жабдықтар: ыдысы, топырақ, қопсытқыш құралы, тас немесе
пенопласть, т. б.
Жұмыстың орындалу әдісі: (Гүлді отырғызғаннан кейін оқушылар
ойларына түйгендерін жазып шығады.)
«Ұқсастық пен даралық» стратегиясы:
● КАКТУС - Теледидар, компьютер алдында тұрады. Суды көп керек
етпейді.
● АЛОЭ - Денсаулыққа пайдалы. Суды көп керек етпейді.
● МАРАЛ МҮЙІЗІ - Жарықты жақсы көреді. Ас бөлмесінен басқа жерлерде
жақсы өседі.
● РОЗА ГҮЛІ - Қонақ келетін жерде, ашық алаңда өсіріледі.
● Кактус, алоэ, марал мүйіз, роза гүлі бұлардың барлығы бөлме
өсімдіктері. Адам организміне және бөлмеге қажет.
Ой қорыту: Әрбір оқушының түсініктеріне қосымша ақпараттар беру
арқылы сабақты бекітеміз.
Бағалау: Оқушы түсінігін, жұмысын бағалаймыз.
Үй тапсырмасы: Қажетті деректер жинақтау.
Жұмыс орнын жинастыру.
Тест сұрақтары. Тест сұрақтары.
1. Нарғызгүлінің отаны ? 1. Нарғызгүлінің отаны ?
а) Қазақстан ә) Мексика б) Қытай а) Қазақстан ә) Мексика б) Қытай
2. Нарғызгүлінің биіктігі неше см? 2. Нарғызгүлінің биіктігі неше см?
а) 30 – 50 см ә) 20 – 200 см б) 20 – 100 см а) 30 – 50 см ә) 20 – 200 см б) 20 – 100 см
3. Нарғызгүлі жылдың қай айларында гүлдейді. 3. Нарғызгүлі жылдың қай айларында гүлдейді.
а) Сәуір, шілде ә) наурыз, сәуір б) шілде, қазан а) Сәуір, шілде ә) наурыз, сәуір б) шілде, қазан
4. Түріне қарай бір түбі неше данаға дейін гүл жарады? 4. Түріне қарай бір түбі неше данаға дейін гүл жарады?
а) 10 - 25 ә) 30 – 50 б) 50 – 60 а) 10 - 25 ә) 30 – 50 б) 50 – 60
5. Табиғатта нарғызгүлінің қанша түрі бар? 5. Табиғатта нарғызгүлінің қанша түрі бар?
а) 100 ә) 24 б) 50 а) 100 ә) 24 б) 50

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
құмырадағы Нарғыз гүл

шағым қалдыра аласыз