Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚҰНАНБАЙДЫҢ АБАЙҒА БЕРГЕН МІНІ ЖƏНЕ АБАЙДЫҢ ЖАУАБЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚҰНАНБАЙДЫҢ АБАЙҒА БЕРГЕН МІНІ ЖƏНЕ АБАЙДЫҢ ЖАУАБЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚҰНАНБАЙДЫҢ АБАЙҒА БЕРГЕН МІНІ ЖƏНЕ АБАЙДЫҢ ЖАУАБЫ
— Ең әуелі арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың, өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың, бұлдай білмейсің, көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жайлайды. Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа, досша, қасқа қасша қырың жоқ, ішінде жатқан сыр ұшығы жоқ, жұрт бастайтын адам ондай болмайды, басына ел үйірілмейді. Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің! -дейді.

Сонда Абайдың әкесі Құнанбайға жауабы:

— Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам. Ең әуелі жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсызға, кәрі-жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «Айт» десе өргізіп, «Шайт» десе жусататын болған. Бертін келе ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып «Шөк» десең аңырып барып қана бұрылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе соны көруге шыдаған, жанын аямаған. Қар төсеніп, мұз жастанған. Етегін төсек, жанын жастық қылған бақташы ғана баға алады. Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар кісі ғана бағады. . . Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзің үшін де дүниенің ең асылы білім-өнер. Сол өнер орыста. Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма? Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет болмас. . . Деп сөзін аяқтайды. (М.Əуезов)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.08.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12