Құндылыққа негізделген тәрбие беруде Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романынының рөлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құндылыққа негізделген тәрбие беруде Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романынының рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде: Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе екеніне тоқталып, «Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал» екенін айтып, отаншылдық және мемлекетшілдік қасиет әр баланың бойынан табылуы қажет екенін атап көрсеткен еді. Бүгінгі уақытта әлемдік аралас-құралас күшейіп, жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүние жүзі халықтары өздерінің ұлттық төлтумалылығын сақтап қалуға, патриоттық сезімдерін шыңдай түсуге айрықша көңіл бөлуде, осыған байланысты білім мен тәрбие беру мәселелерінде жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқытуға ерекше мән берілуде. Ұлттық сана мен ұлттық рух қалыптастырып, сол арқылы ұлтқа, еліне қызмет ету адам парасатының ізгі өлшемдерінің бірі екендігін бүгінгі жас ұрпаққа білгізу – білім саласында еңбек етіп жүрген әр ұстаздың парызы. Ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балқаш қаласы

«Бауыржан Момышұлы атындағы

жалпы білім беру мектебі»

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Айтқұлова Гүлшара Серікқызы















Бағыты: Бүгінгі білім беру: тұлғаны құндылықтарға бағыттап оқыту

Тақырыбы:

Құндылыққа негізделген тәрбие беруде Бауыржан Момышұлының

«Ұшқан ұя» романынының рөлі































Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде: Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе екеніне тоқталып, «Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал» екенін айтып, отаншылдық және мемлекетшілдік қасиет әр баланың бойынан табылуы қажет екенін атап көрсеткен еді. Бүгінгі уақытта әлемдік аралас-құралас күшейіп, жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүние  жүзі халықтары өздерінің ұлттық төлтумалылығын сақтап қалуға, патриоттық сезімдерін шыңдай түсуге айрықша көңіл бөлуде, осыған байланысты білім мен тәрбие беру мәселелерінде жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқытуға ерекше мән берілуде. Ұлттық сана мен ұлттық рух қалыптастырып, сол арқылы ұлтқа, еліне қызмет ету адам парасатының ізгі өлшемдерінің бірі екендігін бүгінгі жас ұрпаққа білгізу – білім саласында еңбек етіп жүрген әр ұстаздың парызы.

  Ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.  Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.[1,273б.]

  Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар–белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.  Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.  Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.

 Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:

-белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

  • -индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;

  • -өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

  • -шыдамдылық: әр түрлі пікірледі қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау;

Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушының болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілеп, саралай білуі үшін оларға берілетін білім өзегінде. Қазіргі жаһандану заманындағы әдебиетті оқытудың мақсаты – ана тілін құрметтеу, еліміздің тарихын жетік білу, әдет-ғұрпымыздың, салт-дәстүріміздің сан қырлылығын игеру, шешендік өнердің алуан түрлі сипаттары арқылы оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, ұлттық сана-сезімін ояту, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыру болып айқындалады.

Сыныптан тыс көркем шығармаларды оқуға қызықтыру оқушыларға от тілді, орақ ауызды шешендердің сөз үлгілеріне еліктетіп ой айтуға үйрету, өз тәжірибесіне сүйене отырып ой түйіндеулерін жасау, жеке ой қорытындыларын жүйелеуге тілдік қорын молайтып, ана тіліне деген құрметін арттыра түседі.

Әр баланың жас ерекшелігіне қарай ұлттық әдебиетіміз арқылы ұлттық құндылықтарды сіңіру, қалыпты кітапты оқытып мазмұндатқаннан көрі, қызыға, көңілге тоқып, өзі ізденіп, сүйіп оқитындай түрлі амал-тәсілдер, қызықы шағын жобалар ұйымдастыру арқылы іске асса онда оқушы жадында сақталып, жүрек түкпіріне терең бойлап, шығарма арқылы ұлттық дәстүр мен жалпыадамзаттық құндылықтар бір-бірімен түйісіп, оларды тілдік талғампаздыққа үйретері сөзсіз.

Осы орайда оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды насихаттау барысында Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» романынын оқыту, мазмұнын талдаудағы әрбір салт –дәстүрге тоқталу арқылы жас ұрпақтың бойына асыл қазынамызды сіңірту болып табылады. Роман арқылы халықтың болмысы, дәстүрі көрсетіледі. Кейбір ұлттық құндылықтарымызды оқушылардың біле бермейтіні анық. Сондықтан «Ұшқан ұя» романы ұлттық санамызға ой - түрткі болсын деген мақсатпен шығарманы негізге ала отырып, оқушылармен жұмыс жүргізу, оларды ойлантудың тиімді екендігін көрсетеді.

Мақала мақсаты : «Ұшқан ұя» повесіндегі Б.Момышұлына әсер еткен ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу, шығарманың өн бойындағы құндылықтарды, мәселен: мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқa байланысты жазушының көзқарасы мен ой тұжырымдары және ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету.

Мақаланың өзектілігі:

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» романын оқып, талдау арқылы әрбір салт –дәстүрге тоқталу, оқушы бойына асыл қазынамызды сіңіртіп, оқушыны автордың сөздік қоры, суреттеуіне назар аудардып, ұлт болашағының керегесін кеңейту.

Бауыржан Момышұлының  әрбір шығармасы беттері парақталып, ашылып жатқан кітап тәрізді. «Баукең туралы еңбек жазу – ерлік. Оған ақылшы аға болу –ерлік. Оған қорықпай соңына еріп, іні болу –ерлік. Ал, сол ерлікті әділ бағалай білу –үлкен ерлік» - дейді жазушы Қасым Қайсенов. Оның ұлттық дәстүрдің озығын жаңғырту әсіресе «Ұшқан ұя» повесі арқылы әкелгенін көреміз. «Ұшқан ұя» болашақ ұрпақ дамуына қажет өз ұлттық топырағыңнан ажырасақ, құнарсыз жердегі тырбиып өскен көктей боласың, ұлттық жан дүниең жұтандайды деген идеяны көтеріп тұр.  «Ұшқан ұяның» негізгі арқауы – әрбір  адамның рухани анасы іспеттес ұлттық дәстүрлерден қол үзбеу. Халқымыздың ұлттық дәстүрі арқылы болашақ ұрпағын тәрбиелеуде мектеп оқушыларына Б.Момышұлының «Ұшқан ұясын»  оқытудың маңызы зор.

Білім беру  бағдарламасы бойынша 8-сыныпта жазушы  Б.Момышұлының «Ұшқан ұя»  повесі берілген.

«Ұшқан ұя»  повесін сыныптан тыс та оқытып, талдау жұмыстарын тереңірек жүргізсе де болады. Себебі халықтық , ұлттық тәрбиеге сусындап өскен Бауыржан Момышұлының ар мен намысты биік ұстаған тұғырлы тұлғасы «Ұшқан ұя» романында терең танылады.

Оқушыларға ұсынылған тапсырмалар бірегейі:

1-тапсырма. Шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдаңыз. Заманауи тұрғыда салыстыру жасаңыз.  

Шығарма үзіндісі

Салыстырмалы талдау

Біздің апаларымыз алма, алқоры алғаннан

гөрі, сол құрғыр айна, тарақ, ине-жіп алғанды пайда көреді. Тек әкем Момыш қана бала құмарлығын түсінетін еді. Әке-шешесі ақша бермей, бұртиып тұрған балалардың бәрін қаз-қатар тізіп қояды да бақалшыға:

- Әй, сарт, өрігіңнен бір қадақ, мейізіңнен

бір қадақ, мәмпәсиіңнен бір қадақ тарт, -

дейді. Соның бәрін тепе-тең бәрімізге бөліп береді.


Менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі құлағымда.


Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.

- Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол.

- Мен Момыштың ұлымын.

- Момыш кімнің баласы?

- Момыш – Имаштың баласы.

Осылай жеті атаға дейін жетелеп отырып санататын. Сонан соң менің жеті атаға дейінгі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.


Дескриптор 

- шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдайды; 

- заманауи тұрғыда салыстыру жасайды;   

- материалдық, рухани құндылықтарға баға береді.  

2-тапсырма.«Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы тапсырмаларды орындаңыз.

Үзінді

Үзінді жайлы тұжырымдама

1.


  1. Шығармадан   Қызтумас әжесінің бесік жырын   тауып, тұжырымдама жасаңыз

  2.  Бесік жырының мәні қандай?

  3.  Ертегі мен бесік жыры туралы жазушының көзқарасын  тауып, тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде ойыңызбен байланыстырыңыз.

  4. Балалық шақ туралы ойын тұжырымдаңыз.

 Дескриптор:

-ертегі, бесік жыры туралы көзқарасын білдіреді;

-шығармадағы ұлттық құндылықтар туралы көзқарасын білдіреді.

 3-тапсырма. «Ұшқан ұя» мен «Отан отбасынан басталады» бөлімдерін композициялық құрылысына талдау жасаңыз.

 4-тапсырма. «Сыртқы және ішкі шеңбер бойымен әңгімелеу» арқылы бірнеше сұрақтардың жауабын ортаға салып талқылайды.

1-сұрақ: Қалай ойлайсың,  Қызтумас әжесінің бесік жырын айту себебі неде?

2-сұрақ:   Қызтумас әжесінің мейірімі төгілу себебі неде?

3-сұрақ: Отбасы өнегесінің бала тәрбиесіндегі орны қандай?

Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді.

 5-тапсырма.1. Үзінді арқылы кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тілдік көріністі жұбыңызбен бірге талдаңыз. 

«Әкем маған ата-тегіміздің  аты-жөнін үйретуші еді.  

- Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол.   

- Мен Момыштың ұлымын. 

- Момыш кімнің баласы? 

- Момыш – Имаштың баласы. 

     Осылай жеті атаға дейін жетелеп отырып санататын. Сонан соң менің жеті атаға дейінгі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген» Берілген үзіндіде автор бейнесі қалай көрінді? Шығармада көтерілген мәселе, тілдік қолданыс, кейіпкерлердің ішкі сезімі, оқиға көріністері арқылы анықтап, талдаңыз.  

Дескриптор : 

- кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тілдік көріністі  ажыратады; 

- автор бейнесін талдайды; 

- өзіндік көзқарасын жеткізеді.

6-тапсырма.«Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы тапсырмаларды орындаңыз.

Үзінді

Үзінді жайлы тұжырымдама

1.

 

2.

 

 

  1. Шығармадан  ұлттық салт-дәстүр туралы айтылатын шумақ үзінділерін тауып, тұжырымдама жасаңыз

  2.  Қазақ халқының этнографиясы жазылған үзіндіге тұжырымдама жазыңыз.

  3. Ұлттық құндылықтардың   бірі ұлттық киім-кешек атаулары мен ыдыстары кездесетін  үзіндіні анықтап, тұжырымдама жасаңыз.

Дескриптор:

шығармадағы  ұлттық салт-дәстүр бойынша көзқарасын білдіреді;

шығармадағы  этнографияға көзқарасын білдіреді;

шығармадағы ұлттық құндылықтар  бірі ұлттық киім атаулары кездесетін үзіндіні анықтайды.

7-тапсырма. Әңгімеден  көненің көзіндей салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз қазақтың  болмысымен астасып жатқанын байқаңдар. Құндылықтармен сусындаған қазақ баласының бейнесін жасаңдар.

Дескриптор:

-қазақ баласының бейнесін жасайды.

Сондай-ақ сыныптан тыс «Ұшқан ұя» романы мазмұны бойынша сайыс ұйымдастырса да болады.

Қорытындылай келе Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романындағы әрбір салт –дәстүрге тоқталу қазақпын деген жас ұрпақтың бойына асыл қазынамызды сіңіртіп, ұлт болашағының керегесін кеңейту болып табылады. Роман арқылы халықтың болмысы, дәстүрі көрсетіледі. Кейбір ұлттық құндылықтарымызды оқушылардың біле бермейтіні анық сондықтан бұл шығараны оқыту,ұлттық құндылықтарымызды оқушы бойына сіңіруге таптырмас қазына деп білемін.

Халық даналығында «Ерім дейтін елің болмаса, елім дейтін ерің қайдан шықсын» деген нақыл сөз бар. Қазіргі жаңа ұрпақ бабалар бастаған ерлікті, айбындықты алға апаруы керек. Себебі, асқан ерлік, ізгі тәрбие осы өнегеден, ұлттық асыл дәстүрден туады. Ер азамат сонда ғана елге қорған бола алады. Өмірдің бұл заңдылығы ешқашан ұмытылмақ емес. Бұл Бауыржан Момышұлының сөзі, жастарға қалдырған мұра сөзі.

Б. Момышұлының шығармаларының құндылығы бүгінгі таңда баға жетпес мұра болып табылады. Себебі, жастарды, жаңа ұрпақты сергек және өз ісіне сенетін, кедергілерден қорықпайтын, оның қандайын болсада да жеңе білетін күрескерлік рухта тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты талабы.














Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Момышұлы Б.Ұшқан ұя. 1 том. Алматы, «Өнер» 2008 ж.

2. Қазақ әдебиеті. Р.Зайкенова С.Ч.Тұрсынғалиева Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Астана «Арман-ПВ» баспасы 2018 жыл

4. Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.

5. 3.С.Кенжахметұлы. «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті». Алматы кітап баспасы, 2010 жыл

6.С.Кенжеахметұлы. «Қазақ халқының сат-дәстүрлері».Алматы кітап баспасы, 2010 жыл






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.05.2025
206
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі