Материалдар / "Құқық - әділет пен парасат жолы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Құқық - әділет пен парасат жолы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік – оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, ойлау қабілетін дамыту. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
4210
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Адам құқығы күніне орай

"Құқық - әділет пен парасат жолы"

тақырыбындағы сұрақ-жауап кешінің

б а ғ д а р л а м а с ы

Мақсаты: Білімділік – оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, ойлау қабілетін дамыту. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.
Жүргізуші: Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады.
Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін колледжде отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің бар. Ол – сен білім алуға міндеттісің. Мына үлкен колледж, жарық та, кең, әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
Баяндама: «Адам және азамат құқықтары»

Оқитын:_________________________________________________________

Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы – құқықтық әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

Ең биік құндылықтардың бірі — адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің құқы жоқ. Келесі құндылық - адамға өмір сыйлаған адамның алдында бас ию. Туған жер, үй, отбасы құндылықтарынан адамның ары, абыройы нәр алып қоректеніп, еркіндікке талпынысы, патриоттық, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

XX ғасырдың соңында халықаралық топ алғашқы рет дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық құжаттар жасады.
"Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы" құжаттар тәрбиенің методологиясы мен теориясын, оның жаңартылған мақсат, мүдделерін қарастырады.
Балалар құқығы туралы халықаралық Конвенцияның 80 жылға жуық тарихы бар. Алғаш рет 1923 жылы "Балаларды құтқарудың Халықаралық одағы" деп аталатын мемлекеттік емес ұйым әлемдегі балалардың жай-күйі жайлы дабыл қағып, арнайы Декларация (мәлімдеме) жариялайды.
Конвенция қабылданғалы бергі уақыт ішінде көптеген елдерде балалар құқығын қорғау жұмысы жанданып, бірқатар оң істер атқарылуда. Экономикасы, халқының тұрмыс жағдайы нашар елдерге БҰҰ-ның ЮНИСЕФ - балалар қоры көп көмектесуде. Қор осы елдердегі балалардың денсаулығын жақсартуға, білім алуына, басқа да әр түрлі шаралар өткізуіне қаржылай, заттай жәрдемін беріп келеді.

Десек те, әлемдегі елдердің бірқатарында балалар құқығын қорғау мәселесі әлі де оң шешімін таппай отыр. Кейбір елдердің экономикасының нашарлығы, экологиялық ахуал балалардың білім алуына, денсаулығына, қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіріп,оларды қайыршылық күйге душар етуде. Мысалы, қазір әлемде 130 миллиондай бала мектепке бармайды. Олардың үштен бірі қыздар.

Жер бетінде жыл сайын әр түрлі аурудан 12 миллиондай бала көз жұмады. Кейбір елдерде әрбір төртінші бала жарық дүниеде бес күн де тұрмайды екен. Олардың көбі - ішерге асы, киерге киімі жоқ тұрмысы нашар отбасыларында өмірге келген нәрестелер.

Қазіргі кезде әлемде 250 миллиондай бала күндіз-түні жұмыс істейді. Күнкөріс қамы үшін ауыр жұмыстарға жүгілетін балалардың жағдайын айтудың өзі ауыр. Сондай-ақ, жыл сайын бір миллиондай бала контрабанданың құрбаны болып, өз елінде немесе шет елдерге сатылады.
Ал ересектердің жұмсауымен әр түрлі қылмысқа барып, ешқандай қорғаусыз ауыр жаза алып, түрмелерде күн кешіп жатқан балалар қаншама?!.

Міне, Балалар құқығы туралы Халықаралық Конвенцияның ең басты міндеті - осындай келеңсіз жағдайлармен күресу, елімізде өмірге келіп, күн кешіп жатқан балаларды бағып-қағуға, оқытуға, денсаулығын қорғауға, өзіне қызмет ететін толыққанды азамат жасап шығаруға үндеу, керек болған жағдайда мәжбүр ету болып табылады. Конвенция бала құқығын қорғап, оны өмір сүруге, дамытуға, қорғауға және қоғамның өміріне белсене қатысуға бағыттайды.
Видео ролик: "Адам құқығы"

I бөлім

«Кім көп біледі?»

1.Қоғам деген не?     (Саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі)

2.Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)

3.Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесіз? (Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады)

4.Құқықтық мәдениет деген не? (Қоғамдағы әрекет етуші заң негіздерін білу оған құрметпен қарау, содан үлгі алу, бұл құқықтық сана және құқықтық мінез — құлық)

5.Деклорация деген не? (Деклорация – хабарлау. Мемлекеттік саясаттың, правоның, халықаралық қарым – қатынастың принциптерін саналы түрде салтанатты түрде жариялайтын документ)

6.Құқықтық норма дегеніміз не? (Қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданатын әлеуметтік ережелердің бірі. Құқықтық нормаларға неғұрлым әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады)

  II бөлім

«Менің құқығым және міндетім»

Адам құқығының жалпыға ортақ Деклорациясында «Әрбір адамның құқығы мен қатар міндеті де бар» делінген.

1. Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай-ақ міндет екенін қалай түсінесің? (Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ, олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек)

2. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу – ата-ананың құқығы ғана емес сонымен қосаолардың міндеті дейміз, неге? (Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету – ата-аналардың міндеті. Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу – ата-ананың міндеті)

3. «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» (Конститутцияның 27 бабы) дейді, қалай түсіндіресің? (Баланың адамгершілік парызы – қартайған әке-шешесіне қамқорлық жасау. Адамның ата-анадан басқа жақын ешкімі жоқ. Бала ата-анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға, адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс, оларды асырауға міндетті)

4.Оқушы ретінде қандай міндеттері білуге тиіссің? (Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)

III бөлім

«Сөздік турнир»

Берілеген мәліметке нақты атауын беру.

1.Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі.(Азамат)

2.Барлық мемлекетте өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан мойындап, қамқорлық жасау.(Деклорация)

3.Жалпы тәртіптік шара.(Заң)

4.Бала құқығы жөнінде халықаралық шарт.(Конвенция)

5.Мемлекеттердің арасындағы өзара көмек туралы шарт, келісім.(Пакт)

6.Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі.(Конституция)

7.Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қарайтын халықаралық ұйым.(БҰҰ)

8.Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең қымбат нәрсе не?  (Бостандық)

  IV бөлім

"Пікірталас"
- Адамға не қымбат? – Өмір
15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
29 бап. 1. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы.

Қорытынды:
Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».

















I бөлім

«Кім көп біледі?»

1.Қоғам деген не?     (Саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде бірігуі)

2.Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)

3.Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесіз? (Мемлекетте тұрақты түрде тұратын азамат заң бойынша Қазақстан мемлекетінің азаматы бола алады)

4.Құқықтық мәдениет деген не? (Қоғамдағы әрекет етуші заң негіздерін білу оған құрметпен қарау, содан үлгі алу, бұл құқықтық сана және құқықтық мінез — құлық)

5.Деклорация деген не? (Деклорация – хабарлау. Мемлекеттік саясаттың, правоның, халықаралық қарым – қатынастың принциптерін саналы түрде салтанатты түрде жариялайтын документ)

6.Құқықтық норма дегеніміз не? (Қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданатын әлеуметтік ережелердің бірі. Құқықтық нормаларға неғұрлым әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады)

  II бөлім

«Менің құқығым және міндетім»

Адам құқығының жалпыға ортақ Деклорациясында «Әрбір адамның құқығы мен қатар міндеті де бар» делінген.

1. Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай-ақ міндет екенін қалай түсінесің? (Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ, олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек)

2. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу – ата-ананың құқығы ғана емес сонымен қосаолардың міндеті дейміз, неге? (Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету – ата-аналардың міндеті. Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу – ата-ананың міндеті)

3. «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» (Конститутцияның 27 бабы) дейді, қалай түсіндіресің? (Баланың адамгершілік парызы – қартайған әке-шешесіне қамқорлық жасау. Адамның ата-анадан басқа жақын ешкімі жоқ. Бала ата-анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға, адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс, оларды асырауға міндетті)

4.Оқушы ретінде қандай міндеттері білуге тиіссің? (Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)

III бөлім

«Сөздік турнир»

Берілеген мәліметке нақты атауын беру.

1.Заң бойынша Қазақстан мемлекетінің бір мүшесі.(Азамат)

2.Барлық мемлекетте өз азаматтарының азаматтығын мемлекет тарапынан мойындап, қамқорлық жасау.(Деклорация)

3.Жалпы тәртіптік шара.(Заң)

4.Бала құқығы жөнінде халықаралық шарт.(Конвенция)

5.Мемлекеттердің арасындағы өзара көмек туралы шарт, келісім.(Пакт)

6.Бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі.(Конституция)

7.Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қарайтын халықаралық ұйым.(БҰҰ)

8.Әрбір адам басқа адамдармен тең және еркін. Адамдарға өмірдегі ең қымбат нәрсе не?  (Бостандық)

  IV бөлім

"Пікірталас"
- Адамға не қымбат? – Өмір
15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
29 бап. 1. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы.























Баяндама: «Адам және азамат құқықтары»

Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы – құқықтық әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы – құқықтық әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Ең биік құндылықтардың бірі — адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің құқы жоқ. Келесі құндылық - адамға өмір сыйлаған адамның алдында бас ию. Туған жер, үй, отбасы құндылықтарынан адамның ары, абыройы нәр алып қоректеніп, еркіндікке талпынысы, патриоттық, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
XX ғасырдың соңында халықаралық топ алғашқы рет дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық құжаттар жасады.
"Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы" құжаттар тәрбиенің методологиясы мен теориясын, оның жаңартылған мақсат, мүдделерін қарастырады.
Балалар құқығы туралы халықаралық Конвенцияның 80 жылға жуық тарихы бар. Алғаш рет 1923 жылы "Балаларды құтқарудың Халықаралық одағы" деп аталатын мемлекеттік емес ұйым әлемдегі балалардың жай-күйі жайлы дабыл қағып, арнайы Декларация (мәлімдеме) жариялайды.
Конвенция қабылданғалы бергі уақыт ішінде көптеген елдерде балалар құқығын қорғау жұмысы жанданып, бірқатар оң істер атқарылуда. Экономикасы, халқының тұрмыс жағдайы нашар елдерге БҰҰ-ның ЮНИСЕФ - балалар қоры көп көмектесуде. Қор осы елдердегі балалардың денсаулығын жақсартуға, білім алуына, басқа да әр түрлі шаралар өткізуіне қаржылай, заттай жәрдемін беріп келеді.
Десек те, әлемдегі елдердің бірқатарында балалар құқығын қорғау мәселесі әлі де оң шешімін таппай отыр. Кейбір елдердің экономикасының нашарлығы, экологиялық ахуал балалардың білім алуына, денсаулығына, қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіріп,оларды қайыршылық күйге душар етуде. Мысалы, қазір әлемде 130 миллиондай бала мектепке бармайды. Олардың үштен бірі қыздар.
Жер бетінде жыл сайын әр түрлі аурудан 12 миллиондай бала көз жұмады. Кейбір елдерде әрбір төртінші бала жарық дүниеде бес күн де тұрмайды екен. Олардың көбі - ішерге асы, киерге киімі жоқ тұрмысы нашар отбасыларында өмірге келген нәрестелер.
Қазіргі кезде әлемде 250 миллиондай бала күндіз-түні жұмыс істейді. Күнкөріс қамы үшін ауыр жұмыстарға жүгілетін балалардың жағдайын айтудың өзі ауыр. Сондай-ақ, жыл сайын бір миллиондай бала контрабанданың құрбаны болып, өз елінде немесе шет елдерге сатылады.
Ал ересектердің жұмсауымен әр түрлі қылмысқа барып, ешқандай қорғаусыз ауыр жаза алып, түрмелерде күн кешіп жатқан балалар қаншама?!.
Міне, Балалар құқығы туралы Халықаралық Конвенцияның ең басты міндеті - осындай келеңсіз жағдайлармен күресу, елімізде өмірге келіп, күн кешіп жатқан балаларды бағып-қағуға, оқытуға, денсаулығын қорғауға, өзіне қызмет ететін толыққанды азамат жасап шығаруға үндеу, керек болған жағдайда мәжбүр ету болып табылады. Конвенция бала құқығын қорғап, оны өмір сүруге, дамытуға, қорғауға және қоғамның өміріне белсене қатысуға бағыттайды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!