Тәрбие сағаты
|
Тәрбие сағаты |
Құқық бұзушылықтың алдын алу |
|
|
Күні |
|
|
|
Сынып жетекші: |
|
|
|
Сынып: 9 А |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың мақсаты: |
- оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; - ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту; - оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру |
|
|
Ресімдеу |
Слайд,презентация |
|
|
Музыкалық және бейне көркемдеу |
интерактивті тақта, слайд, суреттер, бейнеролик |
|
|
Үлестірмелі материалдар |
Кластерлер |
|
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер |
Презентация |
|
|
Дайындыққа арналған әдебиет |
Интернет материалдары |
|
|
Сабақтың барысы |
||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) |
- Сәлеметсіңдер ме балалар! «Тәртіпке бас иген құл болмайды» Б.Момышұлы «Балам бол, басқа бол- бәріңе заң біреу» «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.» Ж. Баласағұн. «Миға шабуыл» - Құқық дегеніміз не? - Қанатты сөздердің мағынасын қалай түсінесің? - Құқық немен қорғалады? - Сендер өз құқықтарыңды білесіңдер ме? |
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. |
презентация |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ басы (13 мин) |
ІІ. Психологиялық дайындық Әрқайсымыз ортаға шеңбер құрып өз құқықтарымызды ортаға саламыз Құқық сөзін естігенде ойларыңа не келеді? Кластер құрастырамыз |
Оқушылар өз ойларын ортаға салады |
презентация
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ортасы (20 мин) |
Оқушыларды топқа бөлу І топ «Бейбітшілік» ІІ топ «Заңгерлер» - Құрметті оқушылар ! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қ.Р. - құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді енгізген. Адамның шыр етіп жерге түскен сәтінен бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз, яғни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз. Әрбір елдің басты құндылығы байлығы – адам . Бүгінгі пікір алмасу сабағымызда « Бейбітшілік », «Заңгерлер» топтары қатынасады. Сабағымыздың өту барысымен таныстырып өтейін: 1. «Тақырыпты қорғау» кезеңі 2. «Тікелей сұрақ» әр топқа 7 сұрақ 3. «Ой елегіне өткіз»кезеңі 4. Сергіту сәті 5. «Жағдаяттық сұрақтар» кезеңі 6. «Ойды аяқта» кезеңі (мақал-мәтелді аяқтау) 7. «Құқық қорғаушы сойлейді»кезеңі 1-кезең . Тақырыпты қорғау. Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша постер қорғап шығады. І топ «Бейбітшілік» Оқушы құқықтары ІІ топ «Заңгерлер» Оқушы міндеттері 2 - кезең. Сайысымыздың екінші бөлімі «Тікелей сұрақтар». Әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 7 сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді. І топ 1. Конституция сөзінің аудармасы қалай?(латынша, «құрылым» «өкілім») 2. Қ.Р Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы? (халық) 3. Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20- қарашада) 4. ҚР азаматтары еңбек етуге мендеттіме? (міндетті емес) 5. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша бөлімнен тұрады? (5 бөлім) 6. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік) 7. ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 ж 16 желтоқсан) ІІ топ 1. Құқық дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі) 2. Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам) 3. ҚР-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқығы бар? (ешкімнің) 4. ҚР «Бала құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж 8 тамыз) 5. ҚР валютасы қашан қолданысқа енді? (1993 жыл 15 қараша) 6. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ). 7. Қазақстан Республикациясының азаматтары қандай білім алуға міндетті?(орта) 3- кезең. «Ой елегінен өткіз»кезеңі Ойлан,артығы бар ма? Тапсаң,сызып таста. Берілген тапсырмадан артық сөз,ұғымдарды сызып,қателерді түзе. 1. Оқушы неге құқылы? Білім алуға,емделуге,демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға. 2. Оқушы неге міндетті? Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға,оқулықтарын таза ұстауға, үй тұрғызуға. Сергіту сәті: Жұмбақ слайд Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек, Ондайлар отаныма өте керек. Тәуке хан жазған екен заң жинағын, Тапсаңдар болғандарың асқан зерек. (Жеті жарғы) Мерекең құтты болсын ұстаздарым, Оқушы, келім – кетті бар достарым. Тәуелсіздік заңының қабылданған, Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық. (1991 жыл) Еліме білім керек, ғылым керек, Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып. Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін, Жазған екен болашаққа көзін тігіп. (Қазақстан – 2030) Жақсы ел шығарып заң игілікті, Депутат заң шығарып билік қыпты. Парламент палатасы нешеу екен, Таба алсаң бұл жауапты игі екен. (екі) 4- кезең . Жағдаяттарды шешу. Топқа әр түрлі жағдаяттар беріледі. 1-топ тапсырмасы. «Бейбітшілік» тобына 2. Екі дос Арман пен Айдос көп ақша табудың оңай жолы, дүкеннің кассасын жабар алдында тонау деп өзара әңгімелеседі. «Ол үшін қару керек», - дейдіАрман. «Тауып көрейік», - деп жауап береді Айдос. Содан кейін олар қаруды табу үшін ешқандай әрекет жасауға талпынбайды. Сұрақ: 1. Бұл қылмыс болып табыла ма? 2-топ тапсырмасы. «Заңгерлер» тобына 1. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Нұрланның ата-анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап қалдыратын кездері болады. Жиналыстарға мүлдем келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құрғақ уәде беріп шығарып салады. Бір жетіден соң жаңағы жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындауға ата-анасы салғырттық танытады. Сұрақтар: 1. Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар? 2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істередіңіз? 3. Ата-ананың бала алдындағы міндеттері қандай? 5- кезең. Ойды аяқта кезеңі (мақал-мәтелді аяқтау, түсінік беру). « Бейбітшілік » тобы 1. Ұрлық түбі - ... (қорлық) 2. Біреуге ор қазба - ...(өзің түсесің) 3.Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын) 4.Ұры бір түнде - бай, Бір күнде - ...(кедей) «Заңгерлер» тобы 1. Өтіріктің құйрығы - ...(бір – ақ тұтам) 2.Тура биде ...(туыс жоқ) 3.Туғанды биде ...(иман жоқ) 4.Қонақ келсе – құт, Қарақшы келсе - ...(жұт) 6-кезең. «Құқық қорғаушылар» сөйлейді. (Шешендік өнер). Тақырыптары: 1. «Кім құқығын пайдаланса, ол ешкімнің құқығын бұзбайды». 2. «Құқық барда - Отан бар». 3. «Заңды білу-заман талабы». 4. «Мен-болашақ заңгермін». 5. «Ата заңды құрметтейік» |
Оқушылар топқа бөлініп, сайыс кезеңдерімен танысады Оқушылар берілген тақырып бойынша постер қорғап шығады Әр топ өз сұрақтарына жауап береді Оқушылар өз ойларын ортаға салады Оқушылар жұмбақ өлеңдерді шешеді Берілген жағдаяттардың шешімдерін табады Мақалдың жалғасын табады Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөліседі |
Презентация Бейнеролик
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Таутай Мадина МухитқызыШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз Құқық бұзушылықтың алдын алу сынып сағаты
Тақырып бойынша 31 материал табылды
Құқық бұзушылықтың алдын алу сынып сағатыМатериал туралы қысқаша түсінік
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Материалдың қысқаша нұсқасы Тәрбие сағаты
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||













