Құқықтық нормалар және оның түрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құқықтық нормалар және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Баларга арналагн
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құқықтық нормалар, оның түрлері

Жоспар:


  1. Құқық және құқықтық нормалар ұғымы. Құқықтық нормалар функциясы

  2. Құқықтық нормалар түрлері

1 – сұрақ. Құқық ұғымы. Құқықтық нормалар және оның түрлері

Құқық - мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы.

Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:

біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;

екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады Құқық саласы өзінің пәні мен құқықтық реттеу әдістеріне ие. Құқық нормалары арқылы реттелетін біртектес қоғамдық қатынастар құқықтық реттеу пәні болып табылады.

Құқықтық нормалар - құқықтың білдірілу нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа да мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы (заң, жарлық, қаулы) міндетті тәртіп.

Біртекті қатынастарды реттеп, құқық саласын құрайтын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық және т.б.) құқық нормасының жиынтығы.

Құқық нормалары жалпыға міндетті күшке ие, жауапкершілікті бұзған жағдайда, субъектілерге заңдық құқықтар мен міндеттерді беруді қарастырады. Құқықтық нормалардың белгілері:

1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.

2. Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.

3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.

4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтық реттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер. Құқықтық реттеудің негізгі әдістері:

  • Имперактивті (тегеуірінді түрде) тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;

  • Диспозитивті әдіс рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандыққ пен теңдікке негізделген тараптардың тең құқықты әдісі

Құқықтық реттеудің қосымша әдістері:

  • Көтермелейтін әдіс құрметтеуге лайықты іс әрекет үшін марапаттау әдісі;

  • Ұсынылатын мемлекет пен қоғам үшін лайықты мінез құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.

Құқық нормалары өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға және құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым құқық жүйесі деп аталады.

Құқық жүйесінің басты саласы конститутциялық құқық. Конституциялық құқық мынадай мәселелерді:

Қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;

Мемлекеттік билік пен жергілікті өзін өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;

Адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды.

Конситуциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді:

  • міндеттеу әдісі;

  • тыйым салу әдісі;

  • ерік беру әдісі;

  • мойындау әдісі.

Конституциялық құқық түрлері:

  • Конституция;

  • конституциялық заңдар;

  • әдеттегі(жай) заңдар;

  • президенттің нормативті жарлықтары;

  • үкімет қаулылары;

  • халықаралық келісімшарт;

  • басқа да құқықтық нормативтік актілер.

Құқық нормалары - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың, барлық азаматтардың мемлекет белгілеген және ризалығын берген орындалуы міндетті мінез-құлық ережелері. Ережелерді жүзеге асыру сендіру тәсілімен ғана емес, мемлекеттің мәжбүр ету күшімен де қамтамасыз етіледі.Оларға, мейлінше, маңызды қарым-қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей мемлекеттік-өкіметтік бұйрықтар жатады. Құқықтың үстем нормасы ретінде Конституция қоғамдық қатынастарды, Республиканың қоғамдық құрылысы мен саясатының негіздерін баянды етеді, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, мемлекеттің мақсаттары мен ұйымдастыру принциптерін белгілеуді қамтиды.Құқық субьектілерінің нақтырақ шеңберіндегі қоғамдық қарым-қатынастар құқықтың салалық нормаларымен реттеліп отырады.Мысалы, Еңбек Кодексі жұмыскерлер және кәсіпорын, мекемелер әкімшіліктері арасында еңбек процесі барысында қалыптасатын қатынастарды тәртіпке келтіреді.

Жеке тәртіп жағдайындағы өкімет бұйрықтарына қарағанда құқық нормалары белгілі бір адамға арналмайды. Қылмыстық Кодекстің 308-бабына сәйкес билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, яғни лауазымды адамның құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кететін және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы –жетекшілер мен лауазымды тұлғалардың беймәлім тобына арналады да, жалпы сипатқа ие болады. Құқықтың осы нормасына негізделген сот үкімі қылмыс жасаған нақты адамға арналған жағдайда жеке болып келеді. Құқық нормасының бір ерекшілігі онда қоғамдық қатынастардың нақты қатысушысына нені орындау керектігі немесе неден қалыс қалу қажеттігі мазмұндалады, бұның нәтижесінен туындайтын оның мінез-құлқының шектері мен аумақтары белгіленеді. Олар ұдайы әрекет үстінде болып, кез-келген сәтте және әлденеше қайталанып, қолданылуы мүмкін.

Құқықтық нормалардың құрылымы-оның құрылысы, гипотеза, диспозиция және санкция деген құрама бөліктері.

Құқықтық норманың гипотезасы –нормада көрсетілген мінез-құлық ережелерінің күшіне енуіне байланысты орынның, уақыттың немесе оқиғаның жағдайларында қолданылатын белгілі бір шарт. Мәселе, мұра қалдырушы өлген күні, ал оны өлді деп жариялағанда –соттың шешімінде көрсетілген күн мұраның айтылған уақыты деп танылады.

Диспозиция –құқытық нормаларының негізгі бөлігі болып табылады. Онда мінез-құлық ережелері сипатталып, анықталады. Құқық пен оған қатысушылардың реттелетін құқықтық нормалары қатынастарының міндеттері белгіленеді. Мәселен, АК-тің 268-бабында:«Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау ақша төлеу және т.б.сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерінің орындалуын талап етуге құқылы.Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті» делінген.

Санкция –құқықтық норманың қорытынды бөлігі, диспозициядағы әрекетті жасағаны үшін немесе әрекетсіздігі үшін жауапкершілік өлшеміне ие. Бұл мінез-құлық ережесін сақтамаудан немесе құқық нормасы белгілеген шектен шығып кетуден болатын салдар.

Санкциялар (қылмыстық-құқықтық, әкімшілік, тәртіптік, мүліктік) қылмыстар, әкімшілік жазықтылық, азаматтық құқық қарым-қатынасындағы субьектілердің тәртіптік, мүліктік және оларға байланысты мүліктік емес қарым-қатынасы үшін қолданылады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі