Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Құқықтық сауаттылық-заман талабы
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
(Маңғыстау политехникалық колледжінің топ жетекшілерінің колледжішілік форумындағы тәрбие сағаты, Ақтау қаласы)
Бекешова Ш, Байесенова Г, Қосжанов А, Едигеева Б.
Тәрбие сағатының мақсаты:Студенттерге қылмыс ұғымын және түрлерін, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру; Студенттерге адамгершіліктің, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып құқықтық тәрбие беру;
Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, қанатты сөздер, интерактивті тақта және техниалық құралдар т.б.
Тәрбие сағатының әдісі: баяндау, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау технологиясы стратегиясының элементтері, театрландырылған көрініс, сұрақ – жауап, іздену, ойын элементтері және т.б
Тәрбие сағатының түрі: конференция сабақ
Тәрбие сағатының жүру-барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Тәрбие сағатының кезеңі.
III. Тәрбие сағатын қорытындылау.
Бекешова Шаттыгул: Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар мен студенттер және конференция қонақтары! Мемлекетіміздің Ата Заңымыздың 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демокартиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
I жүргізуші: Колледж бен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқығы мен міндетін білмей, басқаның құқығын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырамыз.
II жүргізуші:Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса, құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдиенетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.
I жүргізуші: Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол. Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
II жүргізуші: Салауатты мақсатың-өмір сүру.
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, бұзақылық-сенің жауың
Пайдасы сол-бұл жолдан аулақ жүру- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам басып адаспайық.
I жүргізуші: Бүгінгі конференциямызға келген қонақтарымызды таныстырып өтейін:
-
Маңғыстау газетінің тілшісі - Әжіғали Нұрасыл
-
Ішкі істер кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкері - Жаңбырбайұлы Айбек
-
Психолог - Қуанышпаева Баян
-
Әлеуметтанушы - Хысыметолла Мағжан
-
Қазақстан-Ақтау телеарнасының тілшісі – Адилханов Алмат
I жүргізуші: Осы орайда алғашқы сөзді колледжіміздің оқытушысы Байесенова Гүлнар Мүсірқызына береміз. Баяндама тақырыбы: «Құқық бұзушылыққа – мүлдем төзбеушілік»
II жүргізуші: Есенғали Бөкенбаев «Не жаман? Оқитын ЭНГМ 14-01с тобының студенті - Оңдабай Қази.
(1-көрініс көрсетіледі. Ауыл жастары түнгі 00:00 шамасында өлең айтып, ду-ду әнгіме айтып, шулап отыр.)
I жүргізуші: Құрметті конференцияға қатысушылар. Қазіргі көрсетіліп өткен көріністен қандай ой түйдіңіздер. Құқық бұзушылық болды ма?
Психолог: Ол бала біздің ауылдың тұрғыны бола тұра неге келіп бізбен амандаспайды? Менің соған жыным келді деген сияқты төбелес ұйымдастырғысы келген бала ойлауы мүмкін. Ал ол өтіп бара жатқан бала өз ойымен кетіп бара жатыр. Мүмкін байқамай да қалған шығар. Түнгі сағ 12:00 деп отырсыздар ғой. Менің ойымша төбелескісі келген бала кінәлі.
Ішкі істер кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкері: жас ұрпақтың ұрыс, төбелес сияқты қанды оқиғаларға деген қызығушылығы күннен – күнге үдеп барады. Бұл жерде инсидент орын ала жаздады. Ата-ана тарапынан қателік кетті. Балалар ізделген жоқ. Біріне-бірі бағынбаушылық, братсва деген ойлар, маған жасы кіші салемдесу керек, бағыну керек деген сияқты ой туындайды қазіргі балдарда. Өз көргендерін видеоға түсіріп отыр. Мұның заңбұзушылыққа жататынын білмейді олар. Ол бала да қылмысқа қатысты боп шыға келді. Себебі ол бала сол жерде болды ғой.
Қазақстан-Ақтау телеарнасының тілшісі:Дұрыс айтасыз инсектор мырза, Осындай тақырыптағы бейнероликтер қазір көбейіп кеткен. Балалар өз көздерімен көргендерін еш ойланбастан қалта телефондарына түсіре салады. Тіпті оқушылар, студенттер арасындағы төбелесті, дау-дамайды видеога түсіріп, пайда тауып жүргендер бар. Ютуп желісіне салып жібереді. Мен тараттым деп маңызды ақпарат салғанына мәз.
Психолог: Қазіргі ұрпақ төбелесті интернет желісі арқылы аргессияға толы фильмдерді және телехабарларды көп көргендіктен болып отыр. Олардың еттері үйреніп кеткен. Төбелестің арты қалай аяқталатынына назар салған да жоқ.
Маңғыстау газетінің тілшісі: Бұл балалар өз балаларымыз. Сондықтан оларды бұлай қараусыз жіберуге болмайды. Тәрбиені күшейтуіміз керек. Колледжде де, үйде де үнемі бақылауда болу керек. Беймезгіл жүрмеуі қаперге алыну керек.
Әлеуметтанушы: Бұл жерде әлі де болса, қоғамның, ата-ананың тәрбиесінің жетіспеушілігін байқаймыз. Ата-ана тарапынан қателік кетті. Түннің бір уағы болғанда баласын іздеу салған жоқ. Қазір әр баланың қалта телефоны бар, звандап іздеуге болады ғой. Төбелес деген аяқ астынан. Бұл балалар қайта тез ажырасып кетті. Барлығы дерлік агрессивный болса, арты қалай болар еді. Барлығы дерлік кәнілі? Түнде, бейуақытта жүрмей далада, үйде отырса мұндай жағдай болмас еді ғой.
(2-көрініс көрсетіледі. Кассадағы жағдай.)
I жүргізуші: Бұл көрініс туралы не айта аласыздар?
Ішкі істер кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкері: Бұлда құқық бұзушылық болып отыр. Қылмыс жасалуда. Ұрлық жасау-таза қылмыс. Бұл бала ешкім байқамаай қалды деп ойлады. Видеокамераға түсіп қалатынын білген жоқ. Жазаға тартылады.
Психолог:Үйдегі жағдай, жетіспеушілік бұл бааланы осындай күйге келтірген. Әйтпесе ол бала да біледі, бұлай жасамау керектігін. Бұған тіке жаза қолдана салып, өміріне балта шаппау ккерек. Түсіндіру керек. Кешіріммен қарау керек. Ескерту керек.
Маңғыстау газетінің тілшісі:Әрине мұндай жағдайлар көптеп кездеседі. Дегенмен де түсіністіпен қарау керек деп ойлаймын.
Қазақстан-Ақтау телеарнасының тілшісі: Ия, солай ғой бірақ бұл бала қазір ұсақ-түйек алады, ертен үлкен ұрлық жасамасына кім кепіл? Қайтару керек алған затын. Қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілу керек. Аз-маз штарф та төлену керек сияқты. Балаға сезііндіру керек. Бұлай жасамау керектігін.
Әлеуметтанушы:Баладұрыс емес қылық көрсетті. Бұл нәрсе қалаайды табылатынын білген жоқ. Бұл жерде мен айтайын дегенім, психологтармен көп жұмыс жасау керек. Шетелдік фильмдерді көріп отырсақ бала төбелесті ме, қылмыс жасады ма? Қоғамдық жұмыспен қамтылады.
Ситуациялық сұрақтар қойылады.
II
жүргізуші: 1)
14 және 16 жастағы екі жасөспірім кешке өз
аудандарында серуендеп жүріп, бірнеше телефон автоматтардың
трубкаларын жұлып алды. Ол тірліктері полиция нарядымен
тоқтатылды.
Сұрақ: кім және қандай тәртіппен оларды
жауапкершілікке тартады.
Психолог: Заң органдары болу керек.
Ішкі істер кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкері: қоғамдық мүлікті қиратқаны үшін тартылады.
I жүргізуші: Кішкентай баланың көшеде анасынан адасып қалғанын көрген сәттегі сенің жасайтын іс-әрекетің?...
II
жүргізуші: Топтық төбелес болып жатыр, ағасы інісін
байқап қалып (оны қатты
соққан):
- Әй, мұрынбоқтар, жаппай менің ініме
тиіскенді көрсетейін...Мә, саған, пәле...деп бір-екеуін соққыға
жықты. Сосын інісіне жүр үйге, жуынайық, былай- былай тұмсықтан
дұрыстап ұрмаймын ба ?-
дейді.
Осы маниатюра жөнінде сіз аға ретінде
өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
I
жүргізуші: Екі бала кездесті. Бір бала біреуіне күш
көрсетіп, «екінші рет айтылған ақшаны әкелмесең, мен саған
көрсетемін» - дейді. Оның үстіне ағасы келіп
қалды.
- Не үшін, -
деді?
- Біз анада күш сынастық, ол жеңілді, енді
ақша -200 теңге әкелуі керек
деді.
Ағасы - ол дұрыс екен, жеңілдің бе, төле
онда! Бар - бар жылтырат табаныңды – деді құйрығынан теуіп жіберді.
Осы ситуация жөнінде сіз ағасы болсаңыз не істер едіңіз?
Пікіріңіз?
II жүргізуші: Конференцияны қорытындылай келе, бүгінгі қаралған мәселелермен күнделікті өмірде ұшырасып жататындығымыз белгілі. Бірақ, «тәртіпке бағынған құл болмас» - деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай әр уақытта дұрыс жүріп, заңды бұзбау бәрімізге қойылатын талап.
I
жүргізуші: Тәртіпті бала-сүйініш, төбең бір көкке
жетеді.
Тәртіпсіз бала- күйініш, төмендеп басың
кетеді.
Ұрыншақ бала жаныңда: ұрыс пен керіс,
айқай-шу,
Ұстамды бала маңынан ұнамды қылық
байқайсың.
II
жүргізуші: Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат
жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да,
өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды
ұл-қызы болып өсейік.
«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ендеше тәрбие сабағымыздың
соңынды сендерге мынадай үндеу тастағым
келеді.
Үндеу
Жас жеткіншек!
Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай өзін сақтай алады.Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.
|
|
|
|

