ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Х.ӨЗБЕКҚАЛИЕВ МАҢҒЫСТАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары __________Асылбай Г.И
«___»_________ 2018 ж.
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: Құқықтық сауаттылықты көтеру және мемлекеттік заңсыз әрекетке жол бермеу
(Кездесу,пікірталас )
Өткізген:Тарих ғылымының магистрі
Жайлы Айғаным Хасанқызы
Өткізілетін топ: МЖГТ-16-01с
Ақтау – 2018 жыл
Тәрбие сағатының тақырыбы: Құқықтық сауаттылықты көтеру және мемлекеттік заңсыз әрекетке жол бермеу
Мақсаты:
-
Студенттердің құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
-
Студенттерді өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
-
Студенттердің бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
-
Құқықтық нормативтік актілерді орындай,құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке,елжандылыққа,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
-
Студенттердің ойлау,тыңдау,өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау
Міндеттер: Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықтық алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
Өтілу түрі: Кездесу,пікірталас
Көрнекілігі: White Board интерактивті тақтасы, ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция,
Жүру барысы:
І Психологиялық тренинг
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
ІІІ Сенің құқығым – менің құығым (Оқушы құқығы)
IV Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
V Қорытынды
Барысы: Оқытушы кіріспе сөзі:
Қазіргі заманда көптеген демократиялық мемлекеттер құқықтық мемлекет болуға ұмтылуда.Құқықтық мемлекет дегеніміз-жеке тұлғаның және бүкіл қоғамның құқықтарын қорғауды басты мақсат етіп қойған мемлекет.Бұл жерде адам,оның өмірі, құқығы және еркіндігі басты құндылық болып саналады.Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған.Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Республикамызда азамат өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие
Қазіргі заманда көптеген демократиялық мемлекеттер құқықтық мемлекет болуға ұмтылуда.Құқықтық мемлекет дегеніміз-жеке тұлғаның және бүкіл қоғамның құқықтарын қорғауды басты мақсат етіп қойған мемлекет.Бұл жерде адам,оның өмірі, құқығы және еркіндігі басты құндылық болып саналады.Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш реет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған.Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің АтаЗаңы – Конституция қорғайды. Республикамызда азама төзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып,міндеттер атқарады.Заңды аттамай тура жолмен жүріп еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.
Құқықтық сауаттылықты көтеру және мемлекеттік заңсыз әрекетке жол бермеу атты пікірталас тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
І Психологиялық тренинг
Пікірталасымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатынастарыңызды ізглендіру мақсатында тренинг дайындаған болатынмын.
Сіздерге екі акпарақша беріледі.Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.Ақпарақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қараноқаты бар. Осы суретте не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер.(бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек)
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар.Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз.Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты,ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайдыҚұқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент — нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар — нормативтік шешімдер қабылдайды.
19 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқабөлінеді.Табиғи Азаматтық құқық Экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқықБіздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
ІІІ. Сенің құқығың – менің құқығым.Бұл кезеңде студенттер өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып өтеді
1- студент 10 бап Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы
2- студент Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлеріненн қорғауды жүзеге асырады.
3 студент: 9-бап Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығыБала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.
4-студент: 12-бап Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ
5-студент:19 бап Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
6-студент: 30 бапАзаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
7 – студент: 19 бапӘрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
Өз құқықтарыңзды айтып өттіңіздер,қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек
(оқушылар өз міндеттерін айтады)
Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.
Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер,қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек
(оқушылар өз міндеттерін айтады)
IV.Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)
Кездесу тәрбие сағатымызға бүгінгі қонақтары Ақтау қаласының әділет басқарма басшысы Тилендиев Азат Жомартович пен бас маман Әбішова Сая Маратқызы
Өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
-
Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?
-
Қылмыстық кодекс дегеніміз не?
-
Қылмыстың белгілері қандай?
-
Кәмелетке толмағандарды қандай жағдайлард ажауапқа тартылады?
-
Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
-
Мектеп оқушыларына қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?
V.Қорытынды
Бүгінгі пікірталасымызға құқық қорғау қызметкері, мұғалімдер мен оқушылар бас қосуда. Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметтерге назар аудара отырып, прблемалық сұраққа жауап іздесек: Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?
Қысқа да тұжырымды ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
(студенттер өз пікірлерін ортаға салады)
Колледж бен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламау дың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.
Пайдаланған әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасы Конституциясына түсiнiктеме. Ғ.Сапарғалиев. Алматы, Жетi жарғы,1999ж.
2 Мемлекет және құқық негiздерi. Е. Баянов. Алматы,
Жеты жарғы 2001 ж.
3 Қазақстан мемлекеттi: хандық билiктен Президенттiк Республикаға дейiн. ЕК.Нұрпеисов, А.К.Котов.
Алматы, Жетi жарғы, 1996 ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Құқықтық сауаттылықты көтеру және мемлекеттік заңсыз әрекетке жол бермеу (Кездесу,пікірталас )

шағым қалдыра аласыз