Құқықтық тәрбие берудегі
мектеп пен отбасының өзара әрекеті
Отбасының бала тәрбиесіндегі
басты міндеті – оның рухани өміріне, ізгі ойлары мен қылық
әрекеттеріне, көқарасының кеңеюіне, өзінің психикалық және тән
сұлулығын сезінуіне қамқорлық жасау.
Егер ата – ана баланың
көзқарасын кеңейтуге қамқорлық жасаса, балада танымдық қызығушылық,
жаңа білім алу қажеттілігі қалыптасады.
Отбасы баланың денсаулығына
жауапты. Ата- аналар баланың тамақтануына қамқорлық жасайды,
баланың белсенділігін жүзеге асыруға көмектеседі, шынықтырады,
спорттың әр түрімен таныстырады.
Осындай факторлар баланың
жұмыс қабілетін өсіреді, сергек, қуанышты күйде болуына ықпал
етеді. Сонымен қатар балаға деген мейірімділік баланың жалпы және
әлеуметтік дамуында өз нәтижесін береді.
Ата аналар балаға
құрдастарымен сөйлесуге мүмкіндік жасауы керек. Мектеп жасында
жақын дос, сырлас, көңіл жақындығы мәселесі шешіледі. Балаға
қажетті әлеуметтік байланыстарды басқа баланың ықпалынан қорқып,
тоқтатуға болмайды.
Бала өмірінің бұл кезеңінде
басқа адамды тұлға ретінде қабылдауға үйренеді, шыдамдылық, достық,
шынайы берілгендік, кейбір жағдайларда өзін қорғауды үйренеді. Ата
-аналар баладағы еркелік пен бұзақылықты және дөрекілікті ажырата
білуі тиіс.
Ата- аналар мен баланың
арасында келешегі жоқ қарым-қатынастың кең тараған түрі әке шешенің
баласының өз «менін» әдейі жоққа шығару ұстанымы болып табылады.
Оны шартты түрде «кемсіту қарым қатынасы» деп атайық. Бұл жағдайда
ата аналар баланы жекеменшігі ретінде қарап, өзінің тілектерімен
және көзқарастарымен өкім етеді, басқарады. Үлкендер тәрбиелі бала
оларға толық бағыну керек деп есептейді. Олар балаға дербес болуға,
кателік жасауға, өз пікірі болуына , қарсылық білдіруіне, күдікті
ұстанымға қарсы шығуына, таласуына жол берілмеуі керек деп
ойлайды.
Бұл әртүрлі түрде көрінуі
мүмкін, артық талап қою немесе толық тілектестік білдіру түрінде ,
бірақ ондай ата аналардың тәрбиелік ұстанымдарды біреу: «бала мен
оны қалай көруді қаласам, сондай болуы керек». Артық талап қоятын
тәрбиеде баланы сынау күшейіп, мадақтау, мақтау болмайды.
Жазалауды, оның ішінде күш қолдануды қолдана отырып, барынша қатал
болуға орын беріледі.
Кейде ата-аналар тарапынан
баланы төмендететін, арына тиетін, мысқылдау жағдайлары байқалады.
Ересектердің атаққұмарлығы балаларға беріледі. Баланың шынайы
мүмкіндіктерін есепке алмай олардан кез келген істе табысты болуды
талап етеді.
Кемсіту қарым қатынасы баланың
өз тілегін, бейімін елемеу, оның ішкі мәселесіне назар аудармауды
қамтиды. Тәрбиенің мұндай жағдайында рухани төмендету туындайды.
Бала тек өзіне ғана сене алады, оның сенімді тірегі үлкендердің
оған назар аударуы және қолдауы болмайды. Өмірдің мұндай жағдайы
сөзсіз жүйкеге артық салмақ түсіріп, жиі психологиялық кедергілер
туындауынам себеп болады. Бұл жағдайда кейбір балалар
жасқаншақтықпен , қадір қасиетін, сезімдерін бәсеңдетумен жауап
береді, басқалары шамдану, ашуға берілу, агрессия , қатыгездікті
көрсетеді. Тәрбиенің мұндай үлгісі баланың қалыпты әлеуметтік
үрдісін, оның қатарларының ұжымында және үлкендер арасында орынды
мінез- құлықты қалыптастыруды бұзады. ҚР «Баланың құқықтары туралы»
заңның 49-бабы баланың мінез құлқына әсер етудің ерекшеліктеріне
арналған. Онда «ата анасы және басқа заңды өкілдер ата аналық
құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық
денсаулығына, оның дамуына зиян келтіруге құқылы емес.Баланы
тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір қасиетіне менсінбей,
қатал, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс»екендігі
атап көрсетіледі.
Отбасы, мектеп, балалар мен
жасөспірімдер бірлестігі, көше , бұқаралық ақпарат құралдары тұлға
дамуында қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше тәрбиешілер тобын
құрайды.
Отбасы адамгершілік ,
инабаттылық құндылықтарына тәрбиелейді. Мектеп оңтайлы қылық, дұрыс
көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Балалар мен жеткіншектер ұйымдары
қарым қатынас жүйелерін ендіреді, ал көше болса, отбасы, мектеп,
әртүрлі бірлестік топтар бере алмағанның орнын толтырады. Бала осы
аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын
таңдайды, соның ықпал тәуелділігінде
болады.
Отбасы тәрбиесінде
қолданылатын қолданылатын басты әдістер – өнеге, үлгі, бірлескен
еңбек, іс- әрекет, әңгіме –сұхбат, қолдап қуаттау, баланы
қорғау.
Мектеп пен отбасы –балалық
және жасөспірім шақтағы тұлға әәлеуметтінуінің негізгі және тең
құқылы субьектілері. Отбасы мен мектептің қарым –қатынасы туралы
айтқан кезде бұлардың тәрбие ісінде өзара байланысы бірінОтбасы мен
мектептің қарым –қатынасы туралы айтқан кезде бұлардың тәрбие
ісінде өзара байланысы бірін- бірі толықтырып отыруы керек және
осылай әрекет еткенде ғана жағымды жетістіктерге жетуге
болады.
ҚР Конституциялық заңының 27-
бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің
қорғауында болады»деп атап көрсетілген. ҚР «Неке және отбасы
туралы» заңдары ҚР Конституциясына
негізделеді.
Бұл заң неке – отбасы
қатынсатарын , сондай ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін
белгілеп, реттейді, отбасының дамуын ҚР мемлекеттік әлеуметтік
саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен
мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Олай болса, ұрпақ тәрбиесі
орасан зор жауапкершілікті талап етеді. Дана халқымыз «Не ексең
,соны орасың»деген нақылын естен шығармағанымыз дұрыс
болар.