Материалдар / Құқықтық тәрбие және ондағы нақыл сөздердің тәрбиелік маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құқықтық тәрбие және ондағы нақыл сөздердің тәрбиелік маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
құқық туралы мәлімет іздеген кез келген ұстазға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2021
405
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Құқықтық тәрбие және ондағы нақыл сөздердің тәрбиелік маңызы

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Құқықтық тәрбие дегеніміз не?

  2. Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары

  3. Жасөспірімдердің проблемаларын шешудегі құқықтық тәрбиенің рөлі

  4. Құқықтық тәрбие берудегі нақыл сөздердің тәрбиелік маңызы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер































Кіріспе

Көптеген ғасырлар бойы «адамзат» әр түрлі ғылым салалаларының басты обьектісі болып келеді, себебі ғылым мен адамзат бір бірімен тығыз байланыста келеді. Өз тарихын, мәдениетін, табиғи болмысын танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Адамның даму заңдары мен болмысының мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның дамуы үшін өте қажет.

Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше.

Құқықтық тәрбие – азаматтық тәрбиенің бір бөлігі, адамгершілік, азаматтық тәрбиесінің шектеуші, реттеуші түрі. Саяси-идеялық, отансүйгіштік, ұлтжандылық тәрбиелер азаматтық тәрбиенің негізгі бөліктері болса, сезім арқылы қалыптасса, құқықтық тәрбие сол сезімді реттеуші, шектеуші. Құқықтық тәрбие туралы педагог-ғалымдар Лихачев Б.Т., Харламов И.Ф., Керімов Л.К., т.б. 90 жылдардан кейін ғана жаза бастады. Құқықтық тәрбиенің көптеген тәрбие салаларындай мақсаты, міндеті, мазмұны, жүйесі, әдісі, құралы бар. Құқықтық тәрбиенің мазмұнын белгілеуде оның азаматтық, адамгершілік, құқықтық аспектілерін айқындауда А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский идеяларын басшылыққа аламыз. Қандай бір құқықтық тәрбие болмасын, егер белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, оқушылар ұжымдық жұмыстарға бар ынтасымен қатысса, соғұрлым алдыңғы буындардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құлықтарын қалыптастырады.

Оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский «қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқышлар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құлықтарына қалыптастырады» деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.




Негізгі бөлім

Құқықтық тәрбие дегеніміз не? Қоғам тәртіпке негізделіп, қалыптасып, өмір сүреді. Қоғамдағы тәртіп түрлі әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез-құлқын реттейтін қағидалардың әсерімен, яғни күшімен онатылады. Құқықтық нормаларды қолдану нәтижесінде құқықтық тәртіп орнығатыны, ал құқықтық нормалар негізінен заңнан нәр алып белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Еліміздің заңдарын сақтау, оған мойынсұну – жауапкершілікті, түсіністікті, заңдарды білуді және соған сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекеттерді үйлестіруді талап етеді. Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу.

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын, атсалысатын субьектілердің бірі – оқу орындары болып табылады. Оқу орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді. Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде – өскелең ұрпаққа тәрбие беру, оның мақсат-міндеттерін дұрыс түсінудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет – қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.

Құқықтық тәрбиенің негізгі мәніне келетін болсақ, ол – жас мемлекетіміздегі маңызды қатынастарды реттей отырып қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жағдай туғызып қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Нарық экономикасына байланысты тәрбиенің бұл саласы тереңірек зерттеуді қажет етеді. Жалпы ұстаздардың алдына қойылған мақсаттар: - жасөспірімдерді Республика заңдары мен құқықтық тәртіпті шексіз сыйлау рухында тәрбиелеу, мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде ат салысу, Отанды қорғауға, Әнұранын, рәміздерін, Президентті сыйлауға дайындау, еліміздің материалдық, рухани байлығын сақтап, оны молайтуға күш-жігерін жұмсайтын азаматтарды тәрбиелеу.

Құқықтық тәрбие мәселелері ұшан – теңіз. Ол қай қоғамда болмасын баршылық. Бүгінгі таңдағы ұстаздардың, ата-аналардың алдында тұрған міндеттерінің бірі – оқу-тәрбие жұмысының барлық құрамды салаларында құқықтық тәрбие беруге қызмет ету, оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырудың жауапкершілік сезімін көтерудің, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайтудың тиімді жолдары мен тәсілдерін қолдана білу.

Бала – біздің болашағымыз, балаға жақсы тәрбие беру, дамуына мүмкіндік беру, оларға қуаныш сыйлау және толық құқылы еркін тұлға етіп жетілдіру біздің міндетіміз. Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат – жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін еріксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу.

Құқықтық тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді. Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтық тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.

Құқықтық тәрбие – құқықтық жалпы білім беруде, құқықтық нигилизмді жеңуде, заңға сәйкес тәртіпте тұратын құқықтық мәдениет және құқықтық тәртіпті қалыптастыру процесі.

Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары. Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субьектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр. Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік бағдарламасынан және т.б. аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі міндеттерін адал атқаруды, құқықтарын дұрыс пайдалануды, заңға деген құрметті, қарым-қатынас ережесін сақтауды, құқық бұзушылармен күреске қатысуды қалыптастырады. Мақсаты – құқықтық мәдениетті, өз мінез-құлқы, айналасындағылардың әрекеттері мен құқық бұзушылықтары үшін азаматтық жауапкершілікті ұғынудың әлеуметтік-құқықтық нұсқамасын қалыптастыру.

Балалардың мінез-құлқының шамадан тыс ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішіндегі ең бастысы отбасы жағдайы болып есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман-жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да балалардың өнеге алып үлгі тұтары – ең алдымен өздерінің ата-аналары.

А.С.Макаренко: «Тәлім-тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады» деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан-жақты танып білу қажет.

Құқықтық тәрбие беру жұмысын жоспарлау кезінде балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Мәселен, төменгі сынып оқушыларына сөз бен іс арасындағы алшақтық тән – бұл олардың жас ерекшелігі. Олар өмірлік жағдайлардың сан алуандығына бағдарлануды енді ғана үйреніп жатыр. Бұл алшақтық көбінесе бала үнемі тыйым салуды сезінетін, бұлтарыссыз, ойланбай мойынсұнған талап бар жерде болады. Ол үлкендердің алдында жазадан қорыққанынан ойланбай-ақ бағынуға мәжбүр, ал әртүрлі жағдайларда ұтылу балаларға өзінің тар құқықтық ой-өрісін еңсеруге көмектеседі, қарым-қатынас және жағдайдан шығу тәжірибесін қалыптастырады. Жоғары сынып оқушылары өзін, ұжымдағы, қоғамдағы, айналасындағы өз орнын терең зерттеуге бейім. Олармен жұмыс барысында осы бейімділіктерін есепке алу керек және шығармашылық жұмысқа (ауызша журналдар, әртүрлі тренингтер және т.б.) зейінін аударту қажет. Адам мінезі, оны тәрбиелеу негіздері 5-6 жасқа дейін қаланады. Тәрбиенің бұл кезеңі отбасында өтеді, сондықтан ұстаздар құқық мәселлері үйде қалай талқыланатынын түсіндіруі қажет. Отбасында балаларға құқықтық тәрбие беру бойынша ата-аналармен ұйымдастыру жұмыстары: сауалнама жүргізу, ата-аналар жиналысын өткізу, оқушылармен және ата-аналармен жеке жұмыс жоспарын құру, ата-аналары моральдық-құқықтық қатынастарды бұзушылар болып табылатын, ал балалары жағымсыз үлгіде тәрбиеленіп жатқан нашар отбасыларды бақылауға алу.

Оқытушы жаңа заңдылықтармен танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа алып пайдалануды, оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану жолдарын, тәрбиенің әдістерін, түрлі формаларын біліп, жаңа технологияларды кеңінен қолданғаны жөн. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі. Құқықтық тәрбиені ұстаздар қауымы ата-аналармен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тәрбиенің өзге түрлерімен байланыстырып жүйелі жүргізер болса, нәтижелі болмақ.

Студенттердің бос уақытын мақсатсыз өткізулері көп жағдайда құқық бұзушылыққа әкеліп соғатыны белгілі. Осыған байланысты оқу орындарындағы құқықтық тәрбие – жастар арасындағы қақтығыс жағдайларды реттеу бойынша бейбіт түрде шешу жолдары бар екендігін түсіндіріп, тек құқықтық әлеуметтік диалогты дамыту бойынша, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Құқық бұзушылықты алдын алу проблемаларын талдау негізінде студенттер арасында сауалнама және студент жастардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және онымен күрес жүргізу, мемлекеттік заңнамалық актілерінің бағдарламасы бойынша талқылау жұмыстары, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жастарды тарту, құқықтық мәдениет пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік деңгейін арттырудағы құқықтық-түсіндіру және насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұруы қажет.

Жастарды діни сауаттылыққа тәрбиелеу, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің ұстанымдары туралы ақпарат беру және діни сенім негіздерін түсіндіру, діни экстремизм және терроризмнің алдын алудың өзекті мәселелері, діни радикализмнің туындауына ықпал жасайтын себептер мен жағдайларды анықтау, студенттер арасында діни экстремистік және этника аралық идеологиялық иммунитетін қалыптастыру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізу керек.

Жасөспірімдердің проблемаларын шешудегі құқықтық тәрбиенің рөлі. Тәуелсіз мемлекет ретінде елімізде көптеген өзгерістер болуда. Елдің ертеңі – жасөспірімдерге ғасырға лайықты тәрбие беру басты міндет болмақ. Елімізде жастарға құқықтық тәрбие беру барысы өз деңгейінде жүргізілсе, соғұрлым құқықтық білім алған жастарымыз мемлекетіміздің көркеюіне, дамуына үлес қоса алатын болады. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Заңдарға терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау – ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендігі, материалдық және рухани игіліктердің не екені жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.

Құқықтық тәрбие негізі отбасында жатыр. Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс-керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылар бар. Мұндай отбасында тәрбиеленген бала қылмысқа бір табан жақын тұрады.

Бүгінгі таңдағы білім алудағы қиындықтар, жастар ұйымының қызметін үйлестіретін бірегей орталықтың жоқтығы, жасөспірімдердің бос уақытының шамадан тыс молдығы, олардың арасында бақылаусыздық пен қараусыздықтың болуы, тағы басқа осы сияқты жағдайлар кәмелетке толмағандар қылмыстарының өсуіне негіз болып отыр. Әрине, қай қылмыстың алдын-алуда әуелі жалпы тәрбие, оның ішінде құқықтық тәрбие негізгі құрал болып табылады. Құқықтық тәрбие жастар мен жасөспірімдердің бойында құқықтық талаптар құрметтеу сезімін қалыптастырып, азаматтардың санасына құқық пен міндеттің бірлігін сезіндіреді, олардың өздерін дұрыс ұстап, әсіресе кәмелетке жасы толмағандар арасындағы қылмыстық әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік туғызады.

Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде – өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсаты – міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше.

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын, атсалысатын субьектілердің бірі – оқу орындары болып табылады. Оқу орында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық, т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұстаздарға үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді.

Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады.

А.С.Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпаған жөн.

Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларды құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.

Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселлерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дамытудың асыл міндеттерін атқарады.

Құқықтық тәрбие берудегі нақыл сөздердің тәрбиелік маңызы. Адамның құқықтық мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлық, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды, дегенмен қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ тәжірибесі мен қарым-қатынасы тәжірибесін негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнда қарастырғанымыз жөн. Жастарға құқықтық тәрбие беру жөніндегі билер өнегесінің маңызы зор. Әсіресе бүгінгі таңда жастар арасында өріс алған қылмыс пен бұзақылыққа тұсау болар құқықтық тәрбиені күшейту үшін, сан ғасырлық тарихы бар билер тәлім тәрбиесін оқу-тәрбие ісіне қолданудың нәтижесі зор болары сөзсіз. Қоғамда өмір сүруде әрбір жастар сол қоғамның іс әрекеті, межелері, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Құқықтық тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әдептілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді.

Құқықтық тәрбиеде қолданатын, ескеретін жай қазақ үшін заң – әдет, салт-дәстүрінің өзі моральдық құқық ретінде өмір сүрген. Сондықтан болашақ заңгерлер, педагогтар халықпен, оның ішінде жастармен құқықтық тәрбие жүргізілгенде өз халқының ғасырлар бойы жинаған құқықтық мәдениетін бойына сіңіре, оны бүгінгі талапқа сай кәсіби қызметінде пайдаланса, құқықтық тәрбиенің маңызы арта түседі. Бұл – жастарды құқыққа қарсы мінез-құлықтың қалыптасуындағы негізгі тәрбиелік жолы.

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады: - Балам, мынаны сындырып көрші. Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. – Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би: - Бұдан не түсіндің, балам? – дейді. Сонда Төле бала: - Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. – Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,-депті.

Қорытынды. Қорытындылай келгенде жасөспірімдердің қылмыстылығы мәселесі қазіргі кезде тек криминологтарды толғандыратын мәселе емес, бүкіл халқымызды толғандыратын мәселе екендігін айтқым келеді. Жұмысыңның адал жемісі – алдыңа келген көмекке мұқтаж және дәріс алған оқушының дұрыс тәрбиеленуімен, білім алуымен қатар азаматтық, адамгершілік тәрбиенің бір саласы – құқықтық тәрбиені қоса игеру болып саналады. XXІ ғасырдың лайықты азаматы етіп қалыптастыру ұстаздар мен ата-аналардан сындарлы жауапкершілікті талап етеді.

Құқықтық мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Бұған тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардың жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу маңызды. Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта оқу орындарынан, әсіресе, ұстаздар қауымынан құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.

Қазіргі заманғы тәрбиеші – ол саясаттың, нарықтық педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге, нарықтық қатынастың келу салдарын, жаңа үрдістерді педагогикалық мақсат ұстанымында бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің баламаларын салыстыруға, олардың ықтимал-ды мүмкіндіктерін болжауға қабілетті, талдау мен өзін-өзі басқару тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер.

Егеменді де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар – бүгінгі өрендер. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың атқарар әрекетінің түп тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Сондықтан қазіргі жағдайда жасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен күрес жүргізу мәселесі жалпы мемлекеттік деңгейде алған бағыттағы міндеттердің бірі болып табылады.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!