2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік»

«Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» сынып сағаты
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбие сағаты

«Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік»

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік»

Сабақтың мақсаты:

оқушыларға құқықтық білім беру, құқық бойынша білгендерін қайталап еске түсіру, құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын азаматты қалыптастыру.

Апта дәйек сөзі

Жаңашылдық – заман талабы

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.





Компьютер

















Сабақ басы (3 мин)












«Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды

385 - хадис Мұхамбет Пайғамбар (с.ғ.с.)


Қолыңда болса бір билік,

Қарғаға залым болмаңыз.

Алдыңа келсе бітпес дау,

Әділін айтып қорғаңыз.

Төле би


ҚР - ң Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Конституция латынның «constitutio» сөзінен шыққан «құрылым» деген мағына береді. Еліміздің Конституциясы - адамның құқықтары, бостандықтары, қадір - қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы. ҚР Конституциясы 1993ж 28 қаңтарда, кейін 1995ж 30 тамызда қабылданды. Заңды парламент шығарады. ҚР Конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады. Ал бала құқығы туралы конвенция 1989 ж 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. Екі бөлім 54 баптан тұрады.


І бөлім

7 – бап.

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

ІІ бөлім.

27 - бап.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға міндетті.

30 - бап.

1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

2. Азаматтың мемлекеттік оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

34 - бап.

2. Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті.

36 - бап.

1. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

38 - бап.

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

14 - бап.

1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

15 - бап.

1. Әркімнің өмір сүруге құқы бар.

2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.

29 - бап.

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.

79 - бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.

1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:

Айыппұл;

Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

Қоғамдық жұмыстарға тарту;

Түзеу жұмыстары;

Қамау

Бас бостандығынан айыру болып табылады.

Оқушылар жаңа ақпаратты тыңдайды, жадында сақтап отырады, сұрақтарға жауап береді

Презентация


Ортасы (5 мин)


«Жалғасын тап»

1. Ұрлық түбі -...

2. Біреуге ор қазба -...

3. Заңның құрығы...

4. Өтіріктің құйрығы...

5. Тура биде...

6. Туғанды биде...

7. Қолыңмен істегенді -...


Қағидалар ойыны

1. Қазақстан Республикасын кім басқарады? /Президент/

2. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кімдер шығарады? /парламент/

3. Балаларға қамқорлық көрсету кімдердің қасиетті борышы? /ата - ана/

4. Балалардың не алуға конституциялық құқығы бар? /білім/

5. ҚР - да бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? /1989 ж 20 қараша/

6. Конституция сөзінің аудармасы /құрылым/

7. Конституция қашан қабылданды? /1995ж 30 тамыз/


Құқықтық тәртіп - бұл мемлекет пен қоғамның нормаларын, ережелерін және заңдарын сақтаудың жиынтығы. Құқықтық тәртіптің мақсаты - қоғамдық тәртіпті қорғау және дамыту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Құқықтық тәртіптің негізгі принциптері - заңдылық, адамгершілік, әділеттілік және демократия. Құқықтық тәртіптің сақталуы - қоғамның міндеті, ол әрбір азаматтың жауапкершілігін талап етеді.


Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың маңызы

Құқықтық тәртіп - қоғамдағы тәртіптің ең маңызды бөлігі болып табылады. Әлеуметтік жауапкершілік - жеке адамдардың қоғамға деген жауапкершілігі. Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың маңызы - қоғамда тәртіп пен тұрақтылықты сақтау. Бұл тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру арқылы біз қоғамдағы өмір сапасын жақсартамыз.


Қорытынды. Бүгінгі сабақта біз құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығы туралы сөйлестік. Сабақ барысында біз бір-бірімізбен пікір алмастық, топпен жұмыс істедік және өз ойларымызды ортаға салдық.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді


Презентация


Рефлексия


Бір-бір бетке қатысушы балалардың аты-жөні жазылады. Сол бетке кез келген бала сол балаға тілектерін және не сыйлайтынын мысалы: «Қанат мен саған үлкен бақыт сыйлаймын немесе саған ашық мінез сыйлаймын!» деп жазуы керек.

Оқушылар бір-біріне тілектер жазады.


Соңы

(1 мин)






Қорытынды

Сабақты қорытындылау

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады, өз ойларын жеткізеді.







Жариялаған:
Карина
23 Ақпан 2025
84
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі