Материалдар / «Құрақ көрпе құраудың маңызы»

«Құрақ көрпе құраудың маңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, оқушыларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Тақырыбы: «Құрақ көрпе құраудың маңызы» Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, оқушыларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.


Мақсаты: Халқымыздың салт-дәстүрлерінің бірі құрақ көрпе құраудың маңыздылығы туралы түсініп, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, және оны бойыма сіңіру болып табылады.


Міндеттер:

-Құрақ көрпе құрау туралы үйрену;

- Салт-дәстүрлерімізді дәріптей отырып өмірде пайдалану;

- Ата – бабамыздан қалған асыл қасиеттерді қастерлеу;


Ғылыми жұмыстың мазмұны:

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Қорытынды


Болжам: Ата – бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрлерімізді зерттей отырып, оның ерекшеліктерін, тәрбиелік мәнін, асыл қасиеттерін жете түсіне алады.


Қорытынды: Дәстүріміздің бірі құрақ құраудың бала тәрбиесіне өте маңызы зор екенін білу, өмірде пайдаға асыру.Кейінгі ұрпаққа дәстүрімізді дәріптеу.



Аннотация




Айтмағанбет Балнұр «Құрақ көрпе құраудың маңызы» деп аталатын тақырып бойынша зерттеді. Зерттеу бөлімінде сан ғасырлық тарихы бар салт – дәстүріміздің бірі құрақ құраудың түрлерін білді, оның бала тәрбиесіндегі алар орны ерекше маңызды екендігін түсінді.Адам бойындағы адамгершіліктің үлкені өзінің дәстүрін білу екендігін ұғынды.



















Кіріспе бөлім

«Құрақ көрпе – отбасындағы береке-бірліктің белгісі», - дейді.Құрақ көрпе тегін көрпе емес. Мән-мағынасы жағынан көңіл бөлінеді. Жаңадан отау тігіп, үй болып жатқан жастарға қыз жасауымен бірге келеді. Өйткені, құрақ көрпе қиық матадан біріктіріліп тігілетіндектен үй болып жатқан жастарға бір басы екеу, екі басы үшеу болып бір-бірін жеткізіп, үй болып құралып кетсін деген мағынада тігіледі екен. Бұл да бір біздің ерекше көңіл бөлетін салт-дәстүріміз болып саналады.














Негізгі бөлім


Құрақ–төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені Құрақ немесе Құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық Құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.

Бұрындары қазақтың ісмер қыз-келіншектері мата қиындыларынан көрпе-көпшікке көздің жауын алардай құрамыс тыс тіккен. Әдетте көрпе-көпшіктің қырық құрақ тысында сан алуан сәнді түс керемет Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті ма­те­риал­ды таңдап алады. Олар­­дың тү­рі-түсі, матасына қа­рай сұ­рып­тай­ды. Мата ішін­де бар­қыт, жі­бек, сиса, сәтен кесінділері же­­ке-же­ке бө­лі­не­ді. Содан соң түр­­лі ма­та қиындыларын үй­лес­­ті­ріп, қиыс­ты­рып, тігу басталады.

Құрақ көрпе – дүрия, батсайы, торғын, шағи, шәлі, жібек, сәтен, атлас, т.б матадан жасалып, сырты кестеленеді. Тұтыну қажетіне қарай қалың, жұқа, үлкен, кіші етіп жасаса, дәулетіне сай арзан, қымбат материалдан дайындайды, соған сай бала көрпе, шәлі көрпе, төсеніш көрпе, жүн, қалың, атлас көрпе деген түрлері болады. Ал енді түрлі геометриялық пішіндегі мата қиындыларынан әшекей, өрнекпен құралып жасалған түрін құрақ көрпе деп атайды. Осы сипаттама беріліп отырған көрпе түрі – құрақ көрпе. Құрақ көрпенің беті қызыл және көк түсті көп сатылы фигуралармен өрнектелген. Сол фигуралар көрпе ұзындығы бойынша бой түзеген жолақтар симметриалы орналасқан. Көрпе шеті жасыл түсті велюрдан жіңішке жолақталып тігілген. Ал, астары түрлі-түсті мақта матадан тігілген.

Оны қалың тоқымалардың қиықтарынан да, жібек маталардың құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ көрпелер жұмсақ болады. Қалың тоқымалардың қиықтарынан тігілген құрақ көрпенің ені жіңішкілеу, ұзындығы екі метрдей үлгіде келеді. Бұл көрпені сегіз шаршы етіп топтастырған оңды. Әр шаршы жеке құрастырылып, оларды қиықша үшбұрыш түрінде бір-бірімен жымдастырып тігеді, астары жұқа жүн матадан жасалады, екі арасына синтетикалық синтепон матасы салынады. Ал енді жібек құрақты жұмсақ көрпені екі адам жамылатындай етіп, ашық түсті жібек маталардың құрақтарынан құрастырады. Бұл көрпеде құрақтар текше түрінде тігіледі. Оның ең оңай тәсілі дойбының тақтасындай етіп құрау. Жібек құрақ көрпенің шетіне тұтас материалдан белдеу жүргізеді. Астары мақта матасынан тігіліп, көрпенің ортасына синтепон салынады.
Құрақ көрпелердің бір шаршысын бөліп алып, оны орындыққа көрпеше етіп жабуға да болады.
Құрақ көрпе тегін көрпе емес. Мән-мағынасы жағынан көңіл бөлінеді. Жаңадан отау тігіп, үй болып жатқан жастарға қыз жасауымен бірге келеді. Өйткені, құрақ көрпе қиық матадан біріктіріліп тігілетіндектен үй болып жатқан жастарға бір басы екеу, екі басы үшеу болып бір-бірін жеткізіп, үй болып құралып кетсін деген мағынада тігіледі екен. Бұл да бір біздің ерекше көңіл бөлетін салт-дәстүріміз болып саналады.

Қорытынды бөлім

Ұлтымыздың дәстүр, ата-бабадан келе жатқан салт-сана, ана уызымен жүрегім мен жадыма тоқылған өнеге – менің өмір жолымды айқындайтыны анық. Халқымыздың дәстүрлерін үйреніп, оны дәріптеу менің парызым. Ана тіліміз мәртебелі мемлекеттік тіл деңгейіне көтерілген кезде ата –бабамның ғасырлар бойы інжу-маржандай жинаған асыл қазынасы, салт- дәстүрлері ел игілігіне, халық қызметіне жарап жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Мен бұл жұмысымды әрі қарай да зерттей беремін.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1.Ұлан газеттері

2.Мөлдір бұлақ журналы 2005 № 3

3.Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл Алматы «Санат» 1994ж

4.Айгөлек журналдары

5.Мектептен тыс жұмыстар журналы 2010 № 3


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жас зерттеушілірдің шағын ғылыми академиясы








Фестиваль «Ғасырлар бойғы салт-дәстүрлер»


Секция: Этномәдениеттану

Тақырыбы: Құрақ көрпе құраудың маңыздылығы








Орындаушы: Айтмағанбет Балнұр 2 - сынып,

4 орта мектеп, Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы, Көктас ауылы

Жетекшісі: Хуатай Сайрагуль

бастауыш сынып мұғалімі № 4 орта мектеп



Қарағанды – 2017 жыл

4 орта мектептің 2 сынып оқушысы

Айтмағанбет Балнұр

Құрақ көрпе құраудың маңызы

тақырыбына жазған ғылыми зерттеу жұмысына





Рецензия



2 сынып оқушысы Айтмағанбет Балнұр және сынып жетекшісі Хуатай Сайрагуль жазып, зерттеген ғылыми жұмысы құрылымы, мазмұны жағынан талапқа сай жазылған.

Қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі құрақ көрпе құраудың түрлеріне, оның тәрбиелік маңыздылығына, дәстүрімізді өз бойына сіңіруге ерекше тоқталған.

Бұл ғылыми жұмыс көп ізденіспен, талапқа сай жазылған. Балнұр көптеген материалдарды пайдаланып, көрпелер құраған және суреттер жинақтаған.

Баланың зерттеушілік қабілеті айқын көрінеді. Бұл жұмыс сәтті қорғап шығуға лайықты.



Рецензия беруші бастауыш сынып мұғалімі: Хуатай С.
















ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Хуатай Сайрагуль
17 Қаңтар 2018
1517
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі