Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

«Құрақ құрау»

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып қыз балаларына арналған құрақтан көрпелер тігу үлгілері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Құрақ құрау»

Сабақтың мақсаты: құрақ құрап үйрену

Міндеттер: мата қиындыларынан құрақ құрауды үйрету; «құрақтарды» түстері бойынша таңдауға, қимаүлгіні пайдаланып бөлшектерді пішуге, сондай – ақ құрақ бұйымдарын жасағанда пішімдерді бір блокқа біріктіре білуге үйрету.

Дамытушылық: құрақ құрау тарихынан мәлімет беру; сызба бойынша құрақ бұйымдарының пішім бөлшектерін дұрыс және дәл біріктіру.

Тәрбиелік: эстетикалық талғамға, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу, жасалып жатқан жұмысқа шығармашылықпен қарауға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі:

  • Суретті түсіндірмелі (әңгімелесу,сурақ-жауап,дидактикалық материалдармен жұмыс, үлгілерді көрсету);

  • Интерактивті тақтамен жұмыс;

  • Іздестіру, зерттеу әдісі;


Сабақтың жабдығы:

  • Тігін машиналары;

  • Құрал – саймандар (инелер, жіптер, қайшы, сызғыштар, борлар);

  • Материалдар (түрлі түстегі және әртүрлі өлшемдегі мата қиындылары, түрлі түсті сызба);

  • Пішім қима үлгілері;

  • Алты секторлы түстер шеңберлі кестесі;

  • Нұсқаулық карталар;

  • Дайын бұйымдардың үлгілері (майлықтар, ұстағыш, панно, жамылғыш);

  • «Құрақтық пластика» үйірмеге қатысатын оқушылар жасаған суреттер көрмесі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру

ІІІ. Бағалау



Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Сендер түстердің қандай негізгі қасиеттерін білесіңдер?

2. Түстермен жұмыс жасауда түстік шеңбердің рөлі қандай?

3. «Түстерді араластыру кеңестігі» дегенде нені түсінесіңдер?

Техника қауіпсіздігі ережелерін қайталаймыз:

  • Оқушылардың жұмыс орындарын қарап шығу;

  • Жұмыс орындарын ұйымдастыру;

  • Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау;

  • Жұмыс сапасы, өздік жұмыс;

  • Технологиялық құжаттарды қолданудың дұрыстығы;







IV. Сабақты қорытындылау.

Бүгін сендер не үйрендіңдер?

Сендердің араларыңда кім мектептегі «Құрақ» техникасы үйірмесіне жазылғысы және «Құрақ тігіншісі» болып жұмыс істеп көргісі келеді?

V. Жұмыс орнын ретке келтіру.

Зертханадық жұмыс

Құрақ құрау

Қажетті құрал – жабдықтар мен материалдар: пішуге арналған кілемше, дөңгелекше кескіш, тігінші сантимерлік таспасы, тігінші тікбұрышы, қайшы, түйрегіш, мақта мата, мақта жіп, көшіргіш дөңгелекше, құрғақ желім.

Құрақты пішу. Мата жиектерін қию. Матаға лекалоны қойып өңдеуге қосымша қалдырып, қажет көлемде қиықтарды пішу.

Тігу техникасы. Бөлшектерді сырып тігу кезінде өңдеуге арналған қосымшаны естен шығармау қажет. Бұл үшін арнайы сызғышты пайдаланады. 1 см-ге 5-6 инешаншымнан келуі керек. Тізбекше етіп тігу уақытты, жіпті үнемдейді. Қиық қабаттарын дәл әкелу үшін түйрегіштерді пайдаланады. Түйрегіштерді тігістерге көлденең түйрейді. Оны тігім жүргізгенде, тігін машинасы табанына жақындағанда алады.

Құрақты құрап болғаннан кейін бұйымды сырудың, қабудың қажеті бар ма, әлде жоқ па, соны анықтап алу керек. Ашық өрнекті немесе ірі ашық гүлді маталарды қарапайым инешаншымдармен сырып тігеді. Бірыңғай түсті маталарға күрделі өрнекті сырып тігу болады.

Жұмыс барысы

1. Бұйымды түзу сызық бойымен немесе көлденеңінен инешаншымдар жасап тігу. Сызықты алдын ала белгілеп алуға болады.

2. Құрақтардың шеттерін қию (мысалы, 0,5 см)

3. Тігімдерді кез келген бағытта жүргізіп, өзіндік инешаншымдар жасау.

4. Суға тас лақтырғанда пайда болатын дөңгелектер сияқты доға тәрізді эхом – мотив инешаншымдарын қайталау.

5. Стипплинг – үзбей сырып тігу.

Бұйым шеттерін оның түсіне үйлестіріліп немесе қарсыластық түсте алынған қосарланған жиектемемен тіккен дұрыс. Жиектеменің түсін мұқият таңдау керек.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
859
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12